Құрметті ағайындар, алдағы сенбі және жексенбі күндерінен бастап қазақ радиосынан Алпамыс батыр, Саңғыл би, Алатау батыр, Құлыншақ ақын туралы хабарлар циклі беріле бастайды. Барлығы бес хабар. Оның ішінде екеуі Құлыншақ ақын туралы. Хабарлар сенбі күні Шалқар радиосынан сағат 10.20-да және жексенбі күні Қазақ радиосынан 14.00-де беріліп отырады. Хабарлардың авторы танымал журналист, Қазақ радиосының ардагері, Құрмет орденінің иегері Қошан Мұстафаұлы деген азамат екенін еске саламын.