ҚЫТАЙДАҒЫ ҚОҢЫРАТТАР

Қазақ шежіресі бойынша Қоңырат руының ұраны – Алатау. Таңбасы – босаға(п) таңба. Қоңырат өз ішінен Көктіңұлы және Көтенші деп екіге бөлінеді. Қоңырат деген сөз қоңыр түсті атты білдірмейді. Қоңырат – “Қоңыр -(қ)он оғұр”. Ғұнның өз аталуы Қоңыр болған. Қоңырат атауы Ғұндар деген мағынада. Т, Ат – бұл жерде көпше. Қоңыраттың Көктіңұлы және Көтенші деп бөлінуіне келсек, Көктіңұлы – Ғұн патшаларының әулеттік рулары. Көтенші – қараша халық, басқа ру деген мағынаны үстейді. Қоңырат – бір рудың ғана аты емес. Атамзаманда менің де, сіздің де руыңыз, мемлекетіміз осылай аталған.Көктің ұлы: Байлар, Жандар, Қаракөсе, Оразкелді, Қарасирақ, Тоқболат, Құлшығаш, Алғи қатарлы руларға бөлінеді. Көтенші: Саңғыл, Сүйімбай, Сүттібай, Аққошқар, Аманбай, Жаманбай, Божбан, Жетімдер, Маңғытай, Ноғай, Жауғашты, Тіней қатарлы руларға бөлінеді.Қоңырат руының ең шоғырлы қоныстанған жері – Өзбекстан(Жиделі Байсын). Өзбекстандағы Қоңыраттар Өзбек, Қарақалпақ, Қазақ ұлттарының құрамына кіріп кең тараған. Екінші шоғырлы қоныстанған жері – еліміздің Түркістан облысы. Қоңырат руы Түркістан облысындағы Дулат,Сіргелі руларымен қатар облыстағы ең басты үш рудың бірі саналады.Қоңыраттар Қызылорда облысының шығысындағы Жаңақорған ауданында да тұрады. Қытайдағы Қоңыраттар: Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысының Үйсінтауының(Кетпен) бауырындағы, Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы Шапшал ауданында мың үйлі, 5 мыңнан астам Қоңырат тұрса, Текес, Өр-Текес, Қорғас, Құлжа қатарлы жерлерде шашыранды Қоңыраттар бірнеше мыңнан асады. Олардың көбі 1760жылдары шығыс өңірлерге қоныстанған Керей, Найман руларына ілесе көшіп тұрақтап қалған.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: