Қоңырат тайпасы

Ауызекі шежіре деректері бойынша Қоңырат тайпасы 32 атаға тарайды. Оның отызы өз ұлдары да, ал екеуі: Емен мен Семен өз баласы есебінде санаған құлдары. Ел жаугершілік заманға тап болып Қоңыраттың балалары алыс-алыс жерлерге шашырап кетеді. Осылайша Қоңыраттар Қазақстан және Ориа Азиы жеріндегі түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып, қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының құрамына кіріп, сіңісіп кетеді. Нағанай бек сол отыз екі атаның біреуі. Бір кезекті шапқынның кезінде Нағанай жаудан ығысып аяқ асынан көшіп кетеді. Оның бір баласы (есімі Орынби) жоғалған малдарын іздеп кеткен екен, қайтып келсе ел орнында жоқ. Қазіргі Қазақстандағы Қоңырат руы Орынбиден өрбиді. Орынби Әзіреті Түркістанға барып, үйлі-жайлы болып, одан Мелдеби туады. Мелдеби ержетіп, Түркістанда елшілік, билік қызметін атқарған. Мелдебидің бірінші әйелі Құндыз (кей жерде Орынбибі деп жазылып жүр) ұзақ уақыт ұл бала көтермейді. Елмен бірге көшіп кеткен Орынбидің баласы Жығалы Жиделі-Байсын жерінде ерте қайтыс болады. Одан Құлшығаш, Қожахмет (тиекті Қаракөсе) екі ұл жас қалып, анасы Жезбикені әмеңгерлікпен Мелдеби алып, соның қолында өседі. (Жалмұханбетов Қ. Ғасырлар белесі. Астана.2010. 278 б.). Мелдебидің Жезбикеден дүниеге келген ұлкен ұлының атын Тәңірберді қояды. Ол одан кейін бәйбішесі Құндыздан дүниеге келген ұлдың атын Құдайберді қояды. Тәңірбердіден Абатқұл, Жабатқұл және Қара деген үш ұл дүниеге келген. (Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі. Алматы. 2007. 386 б.) Тәңірбердінің үлкен ұлы Абатқұлдан тараған аталарды Алғи деп атайды. Сондықтан «Алғи аға баласы» деген ұғым қалыптасқан, үйткені ол Мелдебидің алғашқы немересі. . Жабатқұлдың үлкен ұлы Мұхамметəлібидің (Мəмбетəліби) балалары ержетіп, малы да, жаны да көбейіп, бай болған. Сонда ол: «Құдайға шүкір, оразды (құтты, берекелді) болдым!» — деп айтып отырады екен. Осыны есіткен ел оны «Оразкелді» атап кетіпті дейді. Жабатқұлдың келесі баласы Қарашабейімбет (Қараменді). Қарамендінің Қаракөсе атану себебі Сырдария бойында, тоғай арасында жолбарыс пайда болып, малға, бірлі-жарым адамдарға тыныштық бермеген соң, «оны өлтіруге кім барады» дегенде, «мен барамын, мысықтан да кісі қорқа ма екен» дегенді айтып жолбарысты өлтірген екен деседі. Өзі қара торы, əрі көсе болғандықтан, Қаракөсе атаныпты. Жабатқұлдың келесі әйелінен төрт ұл дүниеге келеді: Бойыс, Боқыс, Тайыс, Көккөз. Үш баладан: Бойыс, Боқыс, Тайыс тараған ұрпақтарды қосып Байлар-Жандар деп атау қалыптасқан. Көккөзден Тоқболат тарайды. Сонымен Тәңірбердіден тараған аталар: 1.Алғи, 2.Оразгелді, 3.Қаракөсе, 4.Байлар-Жандар, 5.Тоқболат. Тәңірберді Мелдебидің ағасы Жығалы бұл дүниеден өткеннен кейін жеңгелей алған Жезбике әжемізден туған. Жығалының екі баласы: Құлшығаш және Қоахмет (Қаракөсе) аналары Жезбикемен еріп келген. Жығалы мырзаның баласы Қожахметтен (Қаракөседен) — Əлібек деген ұл, Қарашаш деген қыз туған. Қожахмет бойжеткен соң Қарашашты Жəнібек ханға ұзатыпты. Жəнібек хан Қарашаштың некепұлы үшін Қожахметке «Байқарағай» деген жерді мөрлеп тегін беріпті жəне Əлібекке аттың алтын тиекті шідерін сыйлапты. Осыған орай Əлібек — «алтын тиекті Əлібек» атанып, кейін ел онан өрбіген ұрпақтарды «Тиекті» атап кетіпті. Ауызекі және жазба түрінде Жезбике әжемізден дүниеге (Жығалыдан және Мелдебиден) келген аталарды жинақтап Қоңырат тайпасының «Көктің ұлы тармағы» деп атайды. Олар келесі аталар: 1.Құлшығаш, 2.Қожахмет ( Тиекті Қаракөсе), 3.Алғи, 4.Оразгелді, 5. Қарашабейімбет (Қаракөсе), 6.Байлар-Жандар, 7.Тоқболат. Құндыз әжемізден туған бала Құдайбердіден тараған төрт атаны: Сүйініш (Шүйінші), Мақы, Сопы, Досымқұл қосып «Көтенші» деп атау қалыптасып кеткен. Құдайбердінің үлкен ұлы Сүйініш өте реңді, сұлу адам болған екен. Сондықтан оны «бозжан (реңді)» деп атауға байланысты оның лақап аты Божбан болып қалыптасып кеткен. Божбан сегіз ата. Құдайбердінің екінші баласы Мақыдан Қарақұдайберді дүниеге келген. Қарақұдайбердінің алты баласы болған. Олар: Жаулыбай, Аманбай, Сүйінбай, Сүттібай, Аққошқар, Байқошқар. Жаулыбайдан екі бала: 1.Қоңыр және Жаманбай, Жаманбайдан 2.Қылбелбеу және 3.Құрбан, Аманбайдан 4.Қожамберді (Құйысқансыз), Сүйінбайдан 5.Алтый және 6.Қырғызәлі, Сүттібайдан 7.Қараша және 8.Қаракөкірек, Аққошқардан Ақмырза одан 9.Ақболат және 10.Қайрақ, Байқошқардан 11.Борай және 12.Жиенбет аталары өсіп – өнген. Қоңыр Хивада білім алған, кезінде Түркістан аймағында сопылықты таратуға еңбегі сіңген кісі болуына байланысты «Сопы» деген дәреже атты қосып, Қоңыр Сопы деп атау қалыптасқан. Қоңыр жастай жетім қалған немере інілері Борай және Жиенбеттің елін тауып, аяқтарына тұруға қамқорлық етеді. Ағасының қамқорлығына риза болған екі інісі Қоңырға жылқы сойып, қанына қолдарын батырып мәңгілік бауыр болуды ұсынады. Ағайынды үшеуі он жетінші ғасырда қасиетті Түркістан аймағының географиялық ортасы Иқансуда ұрпақтарына «бірлікті» аманатқа тапсырып осылайша баталасқан. Оған қазір алты ғасыр болды. Сондықтан Қоңыр-Борай-Жиенбеттен тараған ұрпақтарды қосып «Үш ата» деп атайды.«Үш атадан» кімде-кім «бірлікті» бұзып, қыз алысып, бөліну туралы әңгіме шығарса қарғысқа ұшырайды. Жаманбай XVI екінші жартысында атышулы батыр атанған. Сондықтан Қарақұдайбердіден тараған он екі ата «Жаманбай» атын ұран еткен.Осыған байланысты он екі атаны қосып «Жаманбай тобы (Жаманбай)» деп атау қалыптасқан.Құдайбердінің үшінші баласы Сүпіден Мүлкаман дүниеге келген. Мүлкаманнан екі ұл бала: Бәйімбет және Сарықұл дүниеге келген. Бәйімбеттен Маңғытай дүниеге келген. Бәйімбет ерте қайтыс болып кетуіне байланысты інісі Сарықұл жеңгесін әменгерлікпен алып, ол әйелінен Саңғыл дүниеге келеді. Сондықтан ол екеуін қосарлап: Маңғытай – Саңғыл деп атау қалыптасқан. Қазақтың салты бойынша екі ағайындыны қосарлап айту қалыптасқан. Жасы үлкені барлық уақытта алдында айтылады. Мысалы: Көктіңұлы- Көтенші. Құдайбердінің төртінші баласы Досымқұлдан Есқара (Досқара), одан Сүйініш батыр дүниеге келеді. Сүйініш батырды Бұқар әмірі шақырып қызмет берген екен. Ол сол жерде екінші әйел алып, әйелі екі қабат кезінде қайтыс болып кетеді. Шешесі баласының атын Мәметек қояды. Одан өрбіген ұрпақты Жетімдер деп атау қалыптасқан. Жалпы Жетімдерді Сары-Сапар деп екі топқа бөліп айту қалыптасқан. Құдайбердіден тараған аталарды «Көтенші» деп атау қалыптасқан. Көтенші алты атаға: Бес ата және Жаманбай тобына бөлінеді. Бұлай аталу себебі келесіде. Көне көз шежіре қариялар айтуы бойынша Құдайберді (Көтенші) балалары арасында бәйге, күрес, айтыс және басқа сайыстар болғанда Мақыдан тарағандар өздерінің ішіндегі ең жарамдысы Жаманбайдың атын ұран еткен. Құдайбердінің қалған үш баласы: Сүйініш, Сопы, Досымқұл алғашқы кезде аз тарауына байланысты олар: «Қашанғы осы Мақы балаларының бірлігіне төзе береміз, бізде үш атадан тарағандар өз алдымызға ұран тастап елдігімізді білдірейік те»- деп уағдаласып Досымқұлдан (Жетімдер) тараған бір ауылда жиналады. Ол кезеңде Маңғытай өз алдына Саңғылдан бөлініп аталып жүрген кезі екен. Үш атадан тарағандар: «Әр ата атынан қазанға қойдың басын салып, солар піскен соң баталасайық» – деп келіседі. Қазанға әр атаның атынан салған бастар піскен кезде қазанды ашса, онда бес бас болып шығады. Жетімдерлер нағашыларына тартып әзілқой болған, сол атадан тарағандар бесінші қойдың басын әзілдеп салып жіберген деген болжам бар. Уәдеге сәйкес бес бас бісіп қойған соң, Досымқұлдан тарағандар: «басқаларыңа қарағанда біз көптеуміз және де біздің ауылда отырсыздар, сондықтан біз Сары және Сапар екі ата болып қосылайық» дейді. Амалдары жоқ, уәдеге сәйкес бас бісіріліп қойылған, сондықтан осы уәжге тақталып Құдайбердінің үш баласынын: Сүйініші, Сопы, Досымқұл тараған аталар осы жерде 1.Божбан, 2.Маңғытай, 3.Саңғыл, Жетімдер: 4.Сапар және 5.Сары – бес ата болып баталысып ұрандарымыз «Бес ата» болсын деп келіседі. Содан бері Құдайбердіден тараған Көтенші аталарын екі топқа бөліп: Бес ата – Жаманбай деп атайды. Жаманбай тобы (он екі ата) Бес атаның ішіне кірмейді. Көбіне мұны білмегендер Бес атаға толтыру үшін Жаманбайды да соның ішіне қосып қояды. Сонымен қазіргі Қазақстандағы Қоңырат тайпасы екі бөліктен: жеті ата Көктіңұлы және алты ата Көтеншіден құралады. Бұл екі бірлестікті әйгілі ғалым В.Радлов «Жеті ата Көктің ұлы, алты ата Көктің құсы» деп атау себебі осыдан.Көктіңұлының жеті аталары: 1.Құлшығаш, 2.Қожахмет (Тиекті Қаракөсе), 3.Алғи, 4.Оразгелді, 5. Қарашабейімбет (Қаракөсе), 6.Байлар-Жандар, 7.Тоқболат. Көтеншінің Бес ата тобы: 1.Божбан, 2.Маңғытай, 3.Саңғыл, Жетімдерден 4. Сары және 5. Сапар.Көтеншінің Жаманбай тобы: 1.Қоңыр, 2.Қылбелбеу, 3.Құрбан, 4.Қожамберді (Құйысқансыз), 5.Алтый, 6.Қырғызәлі, 7.Қараша, 8.Қаракөкірек, 9.Ақболат, 10.Қайрақ, 11.Борай және 12.Жиенбет. Қоңырдан жеті ата: Қожа, Нияз, Тағай, Әлдекей, Қангелді, Дәуіті, Төлебай; Борайдан төрт ата: Елтүзер (Қөшаман), Жантүзер (Нұркей), Жолболды, Құлболды; Жиенбет батырдан жеті ата: Тәңірберді, Көшей, Кенжеғұл, Айтқұл, Асан, Боқанай, Қармыс ұрпақтары өсіп-өнген. Осылайша «Үш атадан» қазіргі кезде он сегіз ата өсіп-өніп отыр. Шежіреші Жанәділ болысұлы Шаһизинда +7 701 827 21 80 23.01.2021 ж.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: