Аймахан көкеміз туралы естеліктер – 1

Аймахан көкеміз менің әкеммен құрдас. Бұл кісілердің құрдастары ауылда көп болды. Пірімбетов Аймахан, Шүйкебаев Махаш, Пошанов Шайық, Бекенов Керімбай, Көшербаев Ібінәби, Тілеген тағы басқа кісілер болды.

Менің көкем, Оспанов Жұбандық соғыстан келген соң совхозда шопан болып еңбек етті, «Еңбек қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. 1976 жылы аудандық атқару комитетінің шешімімен (РайИсполком) 412 Москвич көлігін мінгізіп, құрметті демалысқа шығарып салды.

Осы құрдастарының ішінде Аймахан көкеміз аудандық деңгейде жауапты қызметтер атқарды. Колхоз бастығы, селолық советтің председателі, ферма меңгерушісі болды.

Бұл кісінің ерекшелігі (Аймахан көкемнің) әзілқой, табан астынан бірдеңе ойлап табуға шебер еді. Бұл кісі зейнеткерлікке шығар алдында совхозда гидротехник болып жұмыс істеді. Үйі Саржазда тұрады, совхоз орталығына атпен келетін еді де, атын біздің үйге қалдырып өзі конторға кететін. Бірде үйге келсе біздің Жалғас пен Олжас апамның қасында жылап отыр екен (бастауышта оқитын кіштентай кездері ғой). Көкеміз апамнан сұрапты мына екеуі неге ренжіп жылап отыр деп. Апам магазинге велосипед келіпті соны алып бер деп жатыр депті. Сөйтсе Аймахан көкеміз табан астынан бірдеңе ойлап табатын шеберлігімен басындағы тұмағын бір жаққа, үстіндегі куфайкасын бір жаққа лақтырып жіберіп, ойбай-ойбай бұл екеуіне велосипед әперсең маған да әпер деп полды қамшымен тоқпақтап, сабалап, өкіріп жылап қоя беріпті.

Жалғас пен Олжас қорыққандарынан үйден қашып, қораға тығылып қалыпты. Апам «о, қу майқарын» (ол кісіні құрдастары майқарын дейтін) балаларымның жүрегін ұшырасың құры деп балаларын іздеп шығыпты, сөйтсе екеуі қорада көкем жаман жылайды екен деп тығылып отыр дейді.

Алдағы уақытта, әруақтары риза болсын деген ниетпен осы көкелеріміздің әзілдерін, қызықты оқиғаларын жазбақшымын.

Жұбандықұлы Әмзе

11.04.2021

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: