Есен би (датқа) Ағысай атаның Көшек атасынан тарайды. Есен өз заманында өте алғыр, қара тілді шешен адам екен. Әділдігін айтатын болған, оның алдына халық әділдік сұрап келетін. Дау-жанжалды әділ шешіп отырған. Сонысымен ол би атанған. Ертеректе Есен атамыз Түркістан маңында қоныстанған екен. Қаратаудың күнгей бетіндегі Қотырбұүлақ өзенінің бойында отырады. Жаз жайлауы – Қаратау, қыста Сыр бойына барып, Шошқакөл маңын қыстайды екен. Сол замандарда Қоқан хандығы билеп тұрса керек. Қоқан хандығы атақты ел билейтін адамдарды жинап, «датқа» мәртебесін беріп, ел билеуге араластырады. Сондай атақты онсыз да елге беделі де, билігі де бар Есен атамызға да береді. Есен би ел аралап жүріп дау-дамайды, күрделі мәселелерді шешуге қатысады. Елде болғаннан гөрі сыртта көбірек жүреді екен.Ағысайда болып өтті Есен датқа,Белгілі болған екен қалың жұртқа.Баласы исі қазақ пір тұтатын,Көнбейтін ешбір зорлық қиянатқа, – деп атақты шежіре қария, өлеңдетіп айтып отыратын. Сол Есен атамыз алыс бір үлкен жиынға кетеді. Елде інісі Жанақ қалады. Жанақ атамыз тентектеу болса керек. Бір күні Түркістанның үлкен базарында жанжал шығып, базардағы сарттар басымдық көрсетсе керек. Бүған ашуланған Жанақ атамыз Қотырбүлақ өзенін буып, Ихан даласына қарай жайып жібереді. Ол кезде Қотырбұлақ өзені Түркістанды жарып өтіп, Сырға қүяды екен. Қазіргідей ол кезде Арыс-Түркістан каналы жоқ. Түркістан маңындағы ел сол Қотырбүлақ суына егіс егіп, әрі ауыз суға пайдаланып отырған ғой. Ел су бармаған соң егісі қурап, ауыз судан тарыға бастайды. Халық бірнеше дүркін Жанақ атамызға адамдар жібереді. Өзі бірбет тентектеу атамыз кейбіреуін сабатып та жібереді. Халық Әзірет Сұлтанныңың қожаларына барады. Әзірет Сұлтанның қожалары келіп:- Жанақ, суды жібер. Сарттарға өкпелеп халықты қырасың ба? Егісі қурап барады, ауыз судан да тарықты. Әзіреттің шөптері де шөлдеді.Сонда Жанақ атамыз:- Халқыңның егісі қураса, Сырдан су шығарып алсын, су керек болса құдық қазып алсын, кептерің шөлдесі қанаты бар құс қой, ұшып келіп ішеді-де! — деген екен.Ары айтып, бері айтып, еш көндіре алмаған соң сол қожалар былай деп теріс бата берген екен.Қолының сыртымен:- Есен – Жанақ, қатын-балаң болсын талақ, жүз үйге жетпе, жүз үйге жетсең, келесі күзге жетпе! — деп орнынан тұра бергенде бір кісі етегін басып қалған екен. Есен атамыз елге келсе, алдынан осы сөз шығады ғой. Сонда Есен би көп ойланыпты. Келесі күні барлық үлкен-кішіні шақырып алып:- Әзіреттің қожаларының қарғысына ұшырадық қой, Жанақ бұл тентектігіңді қоймасаң, түбі жақсы болмаспыз. Бұл жер енді бізге қоныс болмас, ата-мекенге, елге – теріскейге көшеміз. Ертең үйді жығыңдар, бүгін бөгетті бұзып, суды жіберіңдер. Мен Арыстанбабқа барып, зиярат етіп келейін. Жарықтық әулиелердің әулиесі ғой, бір шарапаты тиіп қалар, – деп, Арыстанбабқа түнейді. ТүндеАрыстанбаб әулие түсіне кіріп:- Үлкен бабаң қарғыс алып барғаныңды жақтыра қоймас. Қаратаудың арғы бетінде ең үлкені Өрісті ата – әулие бар. Шарапаты тисе, соның шарапаты тиер, қарғыс 100 жылда күшін жояды, елу жылда – ел жаңа, – депті. Сол күні келе елді бір күнде көшіріп, теріскейдегі Өрісті ата әулиенің жанына келіп, құрбандық шалып қоныстанады. Есен би атамыздың сүйегі сол Өрісті ата әулиенің жанында жатыр. Басына қойған ақ тасы сініңкіреп кетіпті. Сол Есен атамыз елді қашан атқа мініп жүруге жарамай қалғанша билеп келіпті. Датқалықты да өзі еркімен Құрымбайға бата беріпберген екен.Есен Би атамыз туралы мынадай аңыз өлең бар:Ағысбайда алты би,Сартылдайды Саты би.- Көтере сөйлейді Қоке би,Көзін жұмады Есен би.Билікте, дауда барлық билер айтысып-тартысып мәселенің түйінін айтарда Есен би атамызға қарайтын көрінеді. Сонда Есен атамыз көзін жұмып отырып, шешімін бір-екі ауыз сөзбен айтады екен.Есен би атамыз Құрымбайдың еті тірі, сөз сөйлей алатын жігіт екенін танып, батасын беріп, датқалықты берейін деп үш рет шақыртыпты.Сонда Құрымбай:- Жәке! Үйде өлмелі әке-шешем бар, інілерім, балаларым жас, қол да қысқа, – деп кедейлігін айтып, келмеген себебін айтыпты. Сонда Есен би:- Шырағым, менің батам бір жігітке қырық жыл азық болатынын білмедің бе? Саған қырық жыл ырызық несібе емес пе еді, – депті.Құрымбай:- Батаңызды алып, сеніміңізден шыға алмаймын ба деп тартыншақтағаным рас еді, – депті.Есен би:- Қане, жай қолыңды, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, ел намысын қорғайтын, намысты қолдан бермейтін, осы елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жағаңнан қол, артыңнан сөз кетпесін, құлағың тесік, көкірегің ашық болсын, елді жарлы-жақыбай демей, бірдей көретін бол. Бірақ кейін менің өз ұрпағымның біреуіне батаңды беріп кетерсің, — деген екен.Бірақ Құрымбай бата беретіндей емес, кенеттен Арқада жүріп, қан қысымынан қайтыс болғаннан соң, Есен биге берген уәдесін орындай алмаған. Ал одан кейінгі ұрпағы қолдан билікті бере салғысы келмеген ғой. Кейінгі ұрпағы Қожамжар, Назар билер және елдің көріпкел көзі ашыққариялары айтып отырады екен. Осы беріге дейін Қозмолдақ пен Сызғанның арасында Өрісті атадағы Есен бидің басы мен Құрымбайдың Сызғандағы сағанасында ұшып-қоныпжүрген ақ кептері болады екен. Кеңес өкіметі орнаған соң сол кептер көрінбей кетіпті. Сол Есен би атамыздан көп ұрпақ тарап, одан бүкіл елге танымал атақты, дарынды адамдар шықты. Қожамжар шешен, Бапыш күйші, Назар би, атақты, бүкіл қазаққа аты белгілі шертпе күйдің шеберіТөлеген Момбеков, суырып салма айтыс ақыны Қайдау ақын, жазба ақын-сал сері Жәнібек Момбек ұлы, т.б. Асан қария осы әңгімені айта отырып:- Сол қожалардың қарғысы жойылып, қазір Жанақ атаның ұрпағы 30 үйден енді астық, депотыратын. Қазір ол кісінің жасы 80-нен асып кетті.Ескерту: Бұл әңгіме бұрынғы өткен көнекөз қариялардан, ел аузынан және де солЖанақ атадан тарайтын Асан Дәрімбайұлы қариядан жазылып алынды.
- Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999