Самай батыр

Аңыз бойынша, көнекөз қариялардың айтуынша, Самай батыр өте ірі адам болса керек. Өзінің жорыққа мінетін дәу қаракер аты болыпты, басқа ат көтере алмайды екен. Қаратаудың теріскейінде, Көкшеқұмның жиегінде Қанжуған деген бұлақ бар. Кішкене ғана бұлақ. Соныңтау жағы көлбей жатқан Қаратау аңғарына дейін керіліп жатқан кер дала. Міне осы даланы Қанжуған даласы деп атайды. Жаңағы Қанжуған даласында қырғын-жойқын сондай бір шайқас болса керек. Осындай шайқаста қашқан жаудың бір бөлігін Қаратаудың Қарақуыс аңғарына қуыптығады. Жан-жақта бүкіл таудың басында садақ Ұстаған қалың әскер тұрады. Жау да осал емес. Аман қалудың бір-ақ жолы бар, ол жекпе-жек. Міне амал-айла ойлаған жау қазіргі «Шерен» деген үлкен ойпат сазға келгенде жаудың Шеренбек деген қолбасшысы, әрі батыры ат ойнатып – «жекпе-жек, жекпе-жек» – деп шығады. Ол кезде Самай батырдың жасы 70-ті алқымдапқалған кезі болса керек. Самай батыр да тосылып қалады. Міне, осы кезде жасы 17-18-дегі жас батыр інісі Есенгелді (Қошқар) Самай батырдың алдына келіп, бата сұрайды. Сонда Самай батыр:- Есенкелді, тентегім-ау, сен әлі он екіде бір гүлің ашылмаған жассың ғой. Соғыстың тәртібін білмейсің бе? Бұндай соғыста жекпе-жекке әшейін жәй батыр шықса, сен шығар едің. Ол бір елдің, бір әскердің қолбасшысы емес пе? Басшы немесе қолбасшы жекпе-жекке шақырса, қолбасшы шығу керек. Қолбасшыны басқа батырмен жекпе- жекке шығармайды. Оның үстіне сен үйленбегенсің. Сенен ұрпақ қалу керек, – деп көнбейді.Үлкен дөңгелек сазға Шеренбек ат ойнатып шығады. Бар “қаруын асынып оған қарсы Самай батыр да шығады. Тіпті асықпай, жайбарақат сәлемдесуге бара жатқан адам құсап жүре береді. Шеренбек те оңай, осал адам емес екен. Найзасын ақырып кеп үмтылады. Найзасын дарытпай қағып жібереді. Екінші келгенде Самай батыр найзасымен қаққанда екі найза да қақ бөлінеді. Екеуі қылышқа қол салады, бірнеше шайқастан соң қылыш та сынады. Содан гүрзіге кезек келеді. Ол кезде гүрзімен кезек ұрады екен. Бірінші Шеренбек ұрғанда Самай батырдың аты шайқалып кетеді. Екінші кезекте Самай батыр ақырын кеп ұрғанда Шеренбекті ат-матымен ұшырып түсіреді. Сол жерде Шеренбектің басын алады. (Сол көзден бастап ол жер «Шеренбектің басын алған жер» – деп аталып, кейін жай әшейін «Шерен» деп аталады. Шеренбектің басын алғаннан кейін атын олжалап Самай батыр әскеріне қарай келеді. Сол кезде күн батып, қасқарайған уақыт, ол кездегі соғыстың тәртібі бойынша екі жақ та тоқтап, өліктерін жинап әкетеді екен. Сол мерзімде бір-біріне тимейтін әскери заң бар. Шеп құрып енді таң ата қырып саламыз деп жатса, азанда бүкіл «Қара-қуыс» аңғарын алып жатқан қалың қалмақтан бір де бір қалмақ жоқ, сөйтсе қазір «Қалмақтың асуы» деп аталатын жерден бір түнде жол салып қиын жерден аттарының тұяғына киіз байпақ кигізіп, жолға үш бұрышты үшкір темір шашып, асудан асып, қашып кетіпті. Ол жерде бұрын асу болмаған екен. Содан артынан қуа-куа қазіргі Зайсан (жайсан) көліне дейін барыпты дейді. Содан алты айға дейін хабар болмайды. Әскердің Жайсан көлінде жатқанын есітіп бұл жақтан керуен жібереді. Сөйтсе сол кезде елдегі қалған тоқалы ұл туады. Керуен Жайсан көліне дейін үш ай жүріп барады. Барған соң Самай батырдың әскерін сұрастырып жүріп табады. Елдің амандығын сүрап, үй-ішін де сұрайды. Сонда елден барғандар:- О, Батыр, тоқалыңыз ұл туды, сүйінші! -дейді.Сонда Самай батыр:- Атын кім қойдыңдар? – дейді ғой. Елден барғандар:- «Тұяқ» қойдық, – депті.Сонда батыр:- Өй, әттеген-ай! – деген екен. Соның ертеңіне қырғын-жойқын соғыс болып, сол соғыста Самай батыр қайтыс болады. Самай батырдың тоқалдан туған Түяқ деген баласын әйелдер атай алмай Бақай деп кетеді. Бақай-саңғылдар содан тарайды. Барған керуендер 6 ай жүріп, жеткізіп әкесіСанғылдың қасына жерлепті дейді. Сол Самай батырдан Маман, Қаракісі, Тімет, Жімет, Мырзабек, Түяқ, деген үрпақ тарайды.Кейбір шежіреші қариялардың айтуынша, Маман мен Қаракісі бір адам дейді. Ондағысы Маман қара адам болуы керек. Ал шежіреде Маманнан тарайтындар онша көп кездеспейді. Көп ғасырдан бері ұрпақтары күнкөріс, т.б. себептермен Өзбекстан, Түркменстан, Ресей жеріне қоныс аударып, сонда тұрып жатқанға ұқсайды.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999

Leave a comment