Дүйсенбі би

Дүйсенбі Сауранбайұлы 1849–1920 жылдары өмір сүрген қазақтың дуалы ауыз шешен-биі. Ол Санғыл бидің Самай батыр ұрпағынан («Қазақтың 100 би-шешендері» деген кітаптың 341-бетінде Дүйсенбінің туған ауылын дұрыс көрсетпеген).Дүйсенбі қазіргі Қозмолдақ-Сызған жерінде Ақтастыбүлақ басында туып, сол Ақтастыбүлақ басында 71 жасында дүние салады. Ол – атақты Құрымбай датқаның немересі. Құрымбай бабасы да, әкесі Сауранбай да кезінде Қоқан билеп тұрған заманда датқа болған адамдар.Дүйсенбі ержетіп, ел билігіне араласа бастаған кезде датқалық жойылып, оның орнына болыс сайлана бастаған кез еді. Міне осы түста Дүйсенбі өз ауылына әуелі болыс, кейін би болған. Дүйсенбі би (болыс) айтты деген сөздер ел арасында аз емес. Оны енді жинақтаудамыз.Арыс өзенінің Сырдарияға қүяр сағасында «Шытты» деген бұрыннан жайлап келген Манғытай елінің мекен жайы болатын. Мал өсіруге қолайлы осы қоныс жайылымды көрші отырған Төре, Қожа ауылының әкім, болыстары зорлық жасап, күш көрсетіп, тартып алмақ болады. Арадағы жанжал, дау, керіс үзаққа созылып, Манғытай елінің адамдары Қоқан бектеріне шағынады. Одан түк шықпайды Төрелер мен қожалар оларды өздеріне қаратып қойған еді.Сонда бір қария:- Алыстағы Ұлыққа барып не қыласындар, мына өзіміздің Дүйсенбі болыс тұрған жоқ па, ол әрі ағайын емес пе? Соған барып шағыныңдар, — депті. Олар адам жіберіп, болған жағдайларды айтып, Дүйсенбі биді шақыртып алдырады. Отырар төбенің басында үлкен жиын болып, билік басталады. Төрелердің сөз сөйлер әкімі:- Манғытай бай ел, жайлау-қонысы жеткілікті, жерден таршылық көріп жүрген Төрелер мен Қожаларға Шыттыны берсін, – дейді. Сонда Дүйсенбі би қамшысын алдына тастап:- «Төренің жері болмайды, елі болады. Қожаның жүрты болмайды, мұрты (муриті) болады. Шытты – Маңғытайдың ата-бабасынан келе жатқан жері. Оны жаулассам да, хандассам да ешкімге бермеймін, – деп қамшымен алдындағы бостекті тартып-тартып жібереді. Көзі қанталап кеткен Дүйсенбі биге қожа да, төрелер де уәж айта алмай мойындапты.*****Ертеректе Сауранбай датқа болып тұрғанда үлықтар елге салық салады. Салықты басқа аталар шаңырақ санын азайтып, әрі кедейліктерін айтып, түрлі сылтаумен азғантай үлестерін алып, «Маңғытай, Санғыл бай ел ғой, малы көп, соларға қалсын» – деп, құмалақты Маңғытай-Саңғылға итере салады екен. Оған табиғатында жуас, әрі момын Сауранбай атамыз:- Құдайға шүкір, дәулетіміз жетеді, – деп қалғанын алып жүре береді екен. Содан Сауранбай датқа қайтыс болып, оның орнына Дүйсенбі датқа болады. Сол Дүйсенбі енді датқа салық бөлуге қатысады. Сонда салық бөлуге келген басқа жақтың билері бұрынғы әдетін істемек болып, тағы да шаңырақ сандарын азайтып айтып, малдарының аз екенін сылтау ете бастағанда Дүйсенбі би көлденең киіп кетіп:- «Шаңырағын жасырып, кедейліктерін бетіне түтып, қулық жасап салықтан қашқанда, басқа елдің табанақы,“Маңдай терінің не жазығы бар. Сарт қүсап, түлкі бұланға салғанша неге шындарынды айтпайсыңдар. Менің тиісті шаңырағым мынау, төлейтін салығым мынау, “ деп, өз тиістісін алып, қалған құмалақты өздеріне қарай итере салыпты. Дүйсенбінің өткірлігіне қайран қалған ұлықтародан кейінгі салық қүмалақтарын бірінші Дүйсенбіге береті болыпты. Сол кезден бастап Маңғытай — Саңғыл жөнсіз салықтан босап, теңдігін алған екен. Ол туралы мынандай өлең бар:Дүйсенбі ісің кетпес елге кеткен,Бес ата Жаманбайға түгел жеткен.Дүйсеке, сен болыс боп шыққаннан соңТеңдікке бұл Саңғылдың қол жеткен.Дүйсеке, сенде арман жоқАлаштың ұлы ат қосса.Жарыстан атың қалған жоқ.Өле-өлгенше ел жұртыңҚызметіңнен талған жоқБес таққа кірді сүйегің.Сызғанда Дүйсенбі датқаның ат қазығы деген үлкен дәу ағаш әлі бар.Бұл әңгімені Дүйсенбі бидің немересі Дүкенбайұлы Әділ қариядан естіп едік. Ол кісі 1996 жылы қайтыс болды.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: