Орта жүз Қоңырат ішіндегі Саңғыл руынан шыққан белгілі билердің бірі Нарбек Қонтайүлының (1835-1927) тапқыр шешендігі, әділдігі, біліктілігі жайында оның туып, өскен өлкесі Оңтүстік. Қазақстанда, соның ішінде әсіресе Түркістан, Қаратау өңірінде қызықты, ғибратты әңгімелер көп кездеседі…Өзімен үзеңгілес, замандас Керімбек би бірде Нарбектен: «Нареке, мен білмеймін бе, әлде ұмыттым ба, осы сіздің аталарыңызда датқа болған, даңқы шыққандар бар ма» деп сұрайды. Керімбектің «мен датқа баласымын, ал сенің ата- бабаларың қарапайым адамдар, сондықтан менімен теңесе алмайсың» дегісі келіп тұрғанын сезген алғыр, ақылды Нарбек: «Кереке, мен ата-бабамың басын өңгеріп жүргенім жоқ, атамның басын өзгелермен теңгеріп жүрмін» деген екен. Нарбекті қапыда сөзбен ұтамын ба деп ойлаған Керімбек уәжден тосылып қалса керек.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999