Бегалы би Қоңыраттың Саңғыл руының Ағысай деген атасынан тараған. 1847 жылы Созақ ауданындағы Қозмолдақ ауылында дүниеге келген. Бегалы бидің ата-тегі Қоңырат -Мүлкаман – Сарықұл – Саңғыл би – Ағысай-Көсе-Шақай -Атан- Ерубай -Үсен-Күлен – Бегалы би боп тарайды. Бегалы би өз қарамағындағы әр атадан әр рудан құралған елдердің ынтымағына, күш – жігерін жұмсаған азамат. Бегалы әкесі Күлен қайтыс болып ас бәйге беремін деп, туыстарын жекжаттарын, игі жақсыларды жинап, кеңес кылады. Сонда інілері ас пен бәйгені мен беремін деп байлык таластырады. Сонда Бегалы би ағайындарына: “Бөлінгенді бөрі жейді, айырылығанды аю жейді” деген бірлесейік” – дейді. Бұл ас бәйгенің аты “Қос бәйге болсын” дейді. Сол ұсынысты Ташмет Қажы Кұптай, Досыбай қажы және Көлбай би де өз елдерінің аттарынан куаттады. Сол жылы тамыз айында Бегалы бидің “Қос бәйгесі” өтеді, оның бәйгеге Кұрған жартағының орны Ибатада әлі бар. “Қос бәйгеде” ақындар Молда Мұса, Зұлпықар Балғабайұлы, Майлықожа, Кұлыншақ пен Нұралы жырау катысты. Аламан бәйгеден Бегалы бидің Шұбар айғыры мен Досыбай қажының “Тарта шап” дейтін қызыл аты, үзеңгі қағысып қатар келеді.Баба – ата жерінде Бегалы биді Есжан, Досжан Деген жігіттер жесір дауына шақырады. Дауластар жиналып жігітіміз теңін тауып алып келді деп Саңғылдар жағы жеңістік бермейді. Сол маңдағы Бегалы бидің туыстары Саңғылдар шақырып мейман етеді. Екі күннен кейін ел жиналады. Бұл Сүлгетайлар мен Саңғылдар арасындағы шиеленіскен жесір дауы екен.”Тең-теңімен, тезек қабымен, теңін тапса тегін бер деген. Жігітіміз теңін тауып әкелді,-деп жеңістік бермейді Саңғылдар жағы. Сүлгетайдың жігітін шақырып, қане, жігітім, сен не дейсің? – дейді, сонда жігіт: “Мен не дейін келіншегім төркініме барам деп кетті. Іздеп барсам,Саңғыл жігіттері алып қашып кетіпті. Артынан қуып барып ем, олар мені сабап, қуып жіберді. Таяқ жеп, елге кайттым”. Істің анық-қанығына әбден көзі жеткен Бегалы би: “Сүгетай келіні өзіне қайтарылсын. Саңғыл ағайын, сендердікі зорлық. Айыпты сендер төлейсіңдер”,-деп кесіп айтады. Бегалы бидің қара қылды қақ жара әділ сейлегеніне тәнті болып: “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иманжоқ,- деген екен.