«Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар». Мұхамеджан Тынышбайұлы

Орта жүз

1220 жыл шамасында бұрынғы қырғыз жерінің, Яғни Сарыарқаның күншығысы мен оңтүстігі арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып көшіп жүрді. Одан кейінгі кезде Әз-Тәуке ханның тұсында ол жақты қалмақ жеңіп алып, қазақ ауғанда және араласып кетті. 1723 жылы қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырындыда» тіпті былығып араласты. Содан соң, керей мен найман қайта келіп, Қытай жеріне кіргенде және араласты. Осы күнде орта жүз қазақтары Лепсі, Қапал ояздарында, Жетісу облысында, Семей, Ақмола облыстарында түгел бар. Сырдария, Торғай облыстарында бір бөлігі бар. Қытайға қараған Қызғай, Байжігіттер бар. Орысқа қарағанның ең күншығыс бетінде керейдің көбі бар. Мұнан соң орта жүздің әртүрлі руларын өз алдына бөліп жазамын.

Қоңырат

Қоңырат басында орта жүзде болған. Рәшиддин мен Әбілғазы хан сөзінше: Қоңырат Оразған нәсілінен Дүрілген деген тайпаның Жұрлық мергеннің баласы қоңырат деген кісінің нәсілінен. Радловтың сөзінше Қоңырат екі атаның баласы – Көк,Көтенші деген. Левшиннің сөзінше: Байлар, Жандар. Оразкенті, Құлшығаш, Боштан, Тоқболат, Жаманбай, Қаракесе, Жетім, Сансыз, Құят. Менің ойымша, осы жетім дегендер біздің тоқал арғын. Сұмдықтан -Саржетім деген баласының нәсілі болар. Оның себебі: Саржетім Шақшақтың шақшағы кіші жүзде бар. Жетім дегені жоқ. Қытай жазушысы Юан-Шу-Ми-Ши сөзінше бұрынғы заманда ункурлар яғни, Қоңырат Халке өзінің Бабиор көліне құйған арада жүрді. Бұлардың да көбі өзбекке қосылып, өзбекатанған. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»

Қоңырат

Монғол тарихшысы Сана-Сесеннің айтуынша қоңыраттар «Ұлы моңғолдар» тобының «Көк моңғол» тармағына кірген көрінеді. Шамасы бұл жердегі «көк» сөзі Шыңғыс ханның Керей Он-ханға жазған хатында Қоңырат, Қатағандарды “көк табанды тырналар” деп атағаны тұрғысында түсінілсе керек. Бірақ, «көктің» тағы бір «аспан» деген мағынасы да бар. Бұған қоңыраттардың ішінде «Көктің ұлы» деген тармақ кездесетіні де дәлел. Бұл қоңыраттар да өзататегін Шыңғысхан көктен түскен нұрдан жаралыпты-мыс деген аңызға ұқсас жайдан тарқататынын байқатса керек. Қоңыраттардың текті жұрт қатарында саналатындығында Шыңғыс ханның тек анасы на емес, атақты ұлдары Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлелердің шешесі Бөрте бәйбішенің де Қоңырат қызы екендігі дәлел бола алады. Қоңыраттардың әміршісі Меңлеке 13-тегі жетім бала Темучинді әкесіз қалдырмай, оның шешесіне үйленеді. Кейіннен Шыңғыс ханның шаңырағында Меңлекенің жұрттың бәрінен жоғары отыруы осыған қатысты болса керек. Шыңғыс ханның алғашқы қимыл көрсете бастауынан-ақ қоңыраттар, оның жағына шығып, барлық жорықтарына қатысты. 1220 жылы Нишапурға шабуыл кезінде Шыңғыс ханның қызына үйленген Тоқұшар қоңырат қаза тапты, оның әйелі күйеуі өлген соң қаланы қамауды одан әрі жалғастырып, басып алғаннан кейін бүкіл тұрғындарын қыруға бұйрық берді. Біздің қоңыраттардың бабалары Жошының балаларының үлесіне тиген 4000 жасақтың қатарына кірген еді. Шамасы қоңыраттар Шайбақ ханның қол астына (Көк орда) кіріп, Сырдарияның төменгі ағысына қоныстанған сияқты. 1360 жылы Қоңырат Хұсайын сопы Хорезмді биледі. Алтын Орданың бағыныштысы бола тұра, өзін елдің жеке әміршісіндей сезінеді. 1371 жылы Хиуаны Темір басып алды да, сол қорғаныс кезінде Хусайын сопы қаза тапты. Оны інісі Жүсіп сопы алмастырып, Темірмен бітімге келді. Темір кеткенннен кейін, ол әмірге қарсы екенін білдірді. 1379 жылы Темір Хорезмді тағы талады да, Жүсіп бірінші шайқаста қаза тапты. 1420 жылы қоңыраттар Еділдің төменгі ағысында пайда болды. Мұнда қоңыраттың жетекшісі Хайдар мырза әуелі Ұлы Мұхамедті қолдап жүріп, кейіннен Кіші Мұхамедтің қол астына ауысты және Ұлы Мұхамед орыс қаласы Белевке қашқан соңғы шайқасқа қатысты. Хайдар мырзадан 3 түмен (80000 адам) қоңырат әскері болды. Оның көмегі арқасында Тоқтамыстың немересі Сеид Ахмед Қырымда таққа отырды. Хайдар мырза өлгеннен кейін қоңыраттардың көп бөлігі Еділге қайтып, сол жерден Әбілхайырға (Жошы ұрпағы, Дешті Қыпшақ ханы) келіп қосылған сияқты. Қазіргі қырымдық қоңыраттар – сонда 1449 жылдан кейін қалған қоңыраттардың тұқымы. «Шейбани наманың» авторы Мұхамед Салық Түркістанды басып алған кезде Мұхамед Шейбаниде көп қоңырат болғанын айтады. Бұған қарағанда, қоңыраттар Бұқараның солтүстік-батыс жағындағы жерлерді жайлағанға ұқсайды. 1533 жылы Қоңырат батырлары Хафиз бен Күнтуар Әбілғазының айтуынша Хорезмге жорыққа аттанып, қолға түсті. Хорезм ханы Дінмұхамедтен ажал табады. 1690жылы Қоңырат Мұхамед Би Балхты биледі. 1702 жылы Сұбанқұл хан қайтыс болғаннан кейін Бұқарада: бірі – Мұхамед би бастаған Қоңырат, екінші Мұхамед Рақым би (Марайым) бастаған Маңғыт партиясы құрылды. Ол екеуінің жауласуы маңғыттардың жеңісімен аяқталды. Марайымнан жеңілгеннен кейін қоңыраттар Шығыс Бұқараға, Үргенішке және Сыр бойындағы қазақтарға қарай ығысты. 1800жылдардың басында Үргеніште қоңырат Елтүзер Инак өзін хан деп жариялап, оның әулетінің билігі 1919 жылы ғана құлады. Қазақ қоңыраттарының мекені 1723 жылы Сырдариядан батысқа қарай болды да, жоңғарлардың шабуылынан көп зардап шеге қойған жоқ. Олар 1725-1726 және кейінгі 1750-1758 жылдарына соғыс қимылдарына қатыса қоймаған сықылды. Өйткені, Қоңыраттар Сырдарияның оң жағына 1760 жылдар шамасындағана өткен еді. ҚСЭ қосымша: ғалымдар «Қоңыратты ежелгі Қият тайпасының ұрпағы немесе қияттармен тектес Олхонут, Хонхират руынан шыққан және ежелден моңғол бірлестігінің құрамында болды деп есептейді. Келе-келе Шыңғыс ханға бағынып, ХІІІ ғасырда монғолдардың батысқа жасаған жойқын жорығына қатысты. Осы тарихи оқиғаға байланысты Қоңыраттардың едәуір тобы Қазақстан мен Орта Азияға тұрақтап, қоныс тепті… Хиуа хандығының негізін салып, кейінірек қарақалпақ халқының құрамына енді… Ш. Уәлихановтың жазуынша қоңырат елі, 19 ғасырдың басында Қаратау, Талас, Ташкент, Бұқара, Қоқан маңына ауысты. Сөйтіп Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз халықтарының құрамынаеніп, сіңісіп кетті…Қоңырат – Көтенші, Көктің ұлы деген екі бірлестікке бөлінеді. Көтеншіден – Саңғыл, Сүйімбай, Сүттібай, Аққошқар, Аманбай, Жаманбай; Көктіңұлынан- Байлар, Жандар, Оразкелді, Қарасирақ, Тоқболат, Құлшығаш, Алғи рулары тарайды. (6-том, 601-б.). Қазақстандағы қоңыраттар Ташкентке іргелес аудандарда Өзбекстан шекарасынан Жаңақорғанға дейінгі Сырдың екі бетінде, сондай-ақ, Созақ, Түркістан, Бөген, Арыс аудандарында қоныстанған. Көтенші – Құдайбердінің (Қарақұдайберді деп те аталады) лақап аты. Шежіре деректі бойынша Көтеншіден – Саңғыл (одан Маңғытай, Ағысай, Нұрсай, Самай, Бақай, Қошқар, Қаракемпір, Тиес), Сүйімбай (Борай, Жиембет), Сүттібай (Қырғызәлі, Алтый), Аққошқар (Қараша, Көкірек), Байқошқар (Ақболат, Қайрақ), Аманбай (Құйысқансыз) және Жаманбай (Қоңырсопы, Құрман, Жауқашты, Шоқпарлы, Ноғай, Қира) деген аталар тараған. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Құдайберді өзінің озбырлығы үшін Көтенші»атанған. Саңғылдан тарайтын Маңғытай өз алдына ру дәрежесіне дейін жетіп, басқа туыстары түгел соған қосылады да, Маңғытай- “Саңғыл” атанады. Көтеншіге бұлардан басқа Бекберді, Малай, Есалы, Досалы, Мәмік (Сапар, Қатаған, Соқыр, Қосым, Жайма) және Сүркиік – Киікші (Сары, Саббас, Құба, Жәдік) ұрпағы «Жетімдер» деген ортақ атпен кірген. Сегіз ата Божбан ұрпағы да Көтенші құрамына кіреді». (6-том, 50-б.). «Саңғыл – Маңғытай, Ағысай, Самай, Нұрсай, Қошқар, Қаракемпір, Тиес деген аталарға бөлінеді…» (10-том, 23-б.). Маңғытайдан – Ерімбет, (Қабырға, Сауыт), Шүпіш (Андас, Орынбет, Әйімбет, Отырас), Көшімбет, Тума. 4 «Жаманбай- Көтеншіден тараған бес рудың (Жетімдер, Жаманбай, Божбан, Саңғыл, Маңғытай) бірі. Жаманбай – Қоңыршұнақ, Жиембет, Борай, Құйысқансыз, Ақболат, Қайрақ, Қараша, Жанай, Алтый, Киікші, Қырғызәлі, Кекеш, Жары, Сасық, Тіней, Көтен, Ноғай, Жауғашты, Шоқпарлы, Қира деген аталарға бөлінеді» (4-том, 247-6.). «Тіней – Көтенші тармағынан тараған ата. Құрамынан өрбіген 6 ағайынның (Киікші, Жартыбас, Жары, Сасық, Көтен) бірі. Тінейден – Майлыбай, Меңлібай, Өте, Ажаң аталары өрбиді» (2-том, 263-б.). «Ноғай – Жаманбайдан тараған ру. Одан – Сатыбалды, Тоқас, Шахан аталары тарайды» (8-том, 392- б.). «Жетімдер құрамына Есалы, Досалы, Мәмітек, Сапар, Соқыр, Қосым, Жайме, Сары, Саббас, Құба, Жәдік ұрпақтары кіреді». Бұлардың ішінде өскені Сары мен Сапар рулары болғандықтан Жетімдер ұрпағын Сары, Сапар деп екіге бөле де береді. Шежіре аңызы бойынша алғашқыда Сүркиік дейтін жетім баланың ұрпақтары – Сары, Саббас, Құба, Жәдік – қана жетімдер атанған, кейіннен оған жоғарыда көрсетілген басқа туыстары қосылып кеткен» (4-том, 430-б.). Сарыдан – Құба, Тебей, Қосай, Барақ, Ерсімбет, Сұлу, Құл, Бөгенбай, Кенжеқара, Қора, Беген, Қара аталары өсіп-өнген (10- том, 35-6). «Божбаннан – Ұржық, Жұмық, Қожағұл, Жәукім, Итемген, Құлым, Бекарыстан, Тоқпақ дейтін сегіз ата тарайды. Көтеншіден тараған Сары, Сапар, Маңғытай, Саңғылмен бірігіп «Бес Божбан» атанған» (2-том, 371-б.).М. Тынышбайұлы өзінің шежіре-кестесінде Қоңыратты – Көтенші, Көктің ұлы деп бөліп, Көтеншіден – Жаманбай, Жетімдер, Божбанды таратқан. Жаманбайдан- Саңғыл, Жиембай, Майлыбай, Ноғай, Киікші, Құйысқансыз, Сүттібай, Жары, Сасық аталарын бөліп, Саңғылды – Маңғытай және басқалары. Майлыбайды – Құрман, Қылбелбеу, Қоңыршұнақ, Көтен, Сүттібайды – Борай, Жиенбай, Ақболат, Қайрақ деп бөледі. Жетімдердің Сары, Сапар руларына және Божбанды Жаманбай ұрпағы қысым жасаған екен. Содан кейін оларға Саңғыл мен оның ұлы Маңғытай ара түсіп, бәрі бірігіп, «Бес ата» деп аталған көрінеді дейді. Әдетте, Байлар -Жандар қосарланып айтылады (2-том,91-б). М. Мұқанов өз зерттеуінде Қоңыраттың Жаманбай (Қараша, Жанай, Ақболат, Қайрақ, Алтый, Қырғызәлі), Аманбай (Арыстан, Дүрет, Қазтуған, Бердалы), Жетімдер (Сапар, Сары), Божбан (Көзағұл, Жәукім, Итемген, Құлым, Бекарыстан, Тоқпақ), Саңғыл (Маңғытай, Ақпай, Нұрбай, Самай, Боқай, Қаратілес, Қошқар, Қаракемпір, Тиес), Байлар, Жандар, Құлшығаш руларына бөлетінін көрсетеді (1 974,64-б.).

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: