Жаманқара батыр

Жаманқара батыр Саңғыл бидің Есенкелді деген атасынан тарайды. Кезінде ол өз замандастарын бетіне қаратпаған дүлей батыр екен. Ешкімнен беті қайтып көрмепті. Бірақ Самай атадан тараған Дүйсенбі датқамен жүлдызы қарсы болыпты. Негізінен екеуі де «Саңғыл би» ұрпағы. Бірақ екеуінің басы бір қазанда піспейтін болыпты. Бірінің отырған жеріне бірі кірмейтін көрінеді. Дегенмен екеуі бірін-бірі ләм-мим деп жамандамайды екен. Көкшенің құмында Жаманқараның көңі, Жаманқараның жұғысы, Жаманқараның артезианы деген жерлер бар. Тауда Жаманқараның жайлауы деген жер де бар. Бұл кісінің жаз жайлауы қарт Қаратау болса, қыстауы көкшенің құмы болып, емін-еркін өмір сүрген адам. 1923 жылдары 73 жасында қайтыс болған. Жаманқара батыр 12 өрме бұзау тіс қамшысын қолынан тастамай, белінен қылышын шешпей, найзасын үйдің белдеуіне сүйеп, аты күндіз-түні ерттеулі дайын отырады екен. Ол өзінің сарбаздарын да солай үйретіп тәрбиелейді. Егер сәл «қиқу» шығып, дабыл көтерілсе әп-сәтте жуынгерлері де, өзі де дайын. Үнемі сақ, үнемі жауға дайын болып тұрады екен. Сондықтан болар, тіпті барымташылар да елдің шетіне жоламай, аулақ жүретін болыпты.Бірде Жаманқара батыр құмдағы көңінде отырса Дүйсенбі датқа қайтыс болыпты. Екеуінің бір-біріне деген көзқарасын жақсы білетін біреу батырға жағымпазданайын деді ме, жоқ болмаса аяқ астынан үлкен бір олжа таба қояйын деді ме, батырдың ауылына «Сүйінші! Сүйінші» деп шауып келіпті. Сонда Жаманқара батыр жатқан орнынан түрегеп, шөкелеп отырып:- Шақыр анау өлімге сүйінші сұраған сүмелекті! – депті түсі қап-қара болып түтігіп. Жаңағы сүйінші сұраған жігітті ертіп кіреді. Оған Жаманқара батыр:- Әлгінде не дедің, бері жақындап айтшы?! – дейді. Сүйінші сұраған жігіт:– Батыр еке, жауыңыз өлді, енді сізге қарсы келер ешкім жоқ! – деп мүләймси бергенде қолындағы 12 өрме бүзаутіс қамшымен қақ бастан жон арқаны ала тартып жібергенде хабаршы етпетінен түсіп, аузынан қара қан ағып, табанда жан тәсілім етіпті. Сонда батыр:- Дүйсенбі менің бауырым емес пе еді. Өлімге сүйінші сұраған әумесер немені әкетіндер! — депті де орнынан түрып, бүкіл ел-жұртымен Сызғанда, Ақтасты бұлақтың басында отырған Дүйсенбі датқаның ауылына қозы көш жерден «Бауырымдап» ат қойыпты. «Бауырым-ай, бауырым-ай!» «Қара балтамай, қара балтамай» деп жоқтаған батырды көріп, ел еңірепті. Жиналған жұрт күңіреніп тұрып: «Енді Саңғылда мұндай, мұндай үл туар ма?!» деген екен.Сол Жаманқара батыр өзінің қаржысын жүмсап қырық қысырақ айдатып, Дүйсенбінің мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің жанына апарып жерлетіпті. Алғашқыда тенерал Куропаткин Түркістанға жерлеуге рүқсат етпепті. Сонда Жаманқара батыр сауыт-сайманы киіп, генералдың алдына кіріп барғанда, генерал орнынан атып тұрып, қағазға қалай қол қойғанын өзі де білмей қалыпты. Кейін қасындағылары: «Тақсыр, қалай ұшып тұрдыңыз, қалай тез қол қойып бердіңіз?» дегенде, генерал:- Сұсы жаман екен, екі бетінің түгі тікірейіп, көзінен от шашып тұр екен, не істегенімді, не дегенімді өзім де білмей қалдым. Мұндай да қырғыз болады екен-ау!.. “ деп мойындапты.Міне тірісінде бет көрместей дүрдіараз болып жүрген ағайынды екеуін өлім осылай татуластырған екен. Кейін елге қайтқан соң бүкіл Теріскей елі Жаманқара батырға келіп, көңіл айтыпты.Жаманқара батыр артынан кұран оқытып, ас берген екен. Кейін туыстары «Батыр, тіріңізде екеуіңіз дүрдараз болып жүрдіңіз. Ол өлгенде сонша қүрмет көрсетіп, қабырғаңыз қайысып, қайғырып, тіпті Әзірет Сұлтанға апарып жерлеттіңіз. Бүл ісіңізге түсіне алмадық» дегенде, Жаманқара ей сендер не білесіңдер, Маңғытай — Саңғылға теңдік әперген Дүйсенбі ғой!.. Ол бір кесіп түсетін қара балтам емес пе еді, мен оны, ол мені арқа тұтатын едік. Мен не істесем де артымда жоқтаушым, Дүйсенбім бар деп істеуші едім, ал ол қайда барып батыл сөйлесе де бүкіл қару-жарағыммен мен тұратын едім артында… Мен тұрғанда ол еш уақытта ешкімнен айылын жиған емес. Маған сенетін еді ғой. Саңғылда енді ондай датқа, ондай үл туар ма екен?! – деп қамығыпты.Жаманқара батыр сонымен бірге намысқой болыпты. Бірде оның қүлағына Жүніс төре айтыпты деген сөз жетеді. Бір үлкен жиында Жүніс төре Маңғытай мен Саңғылдың жүнін жығып, сөзден жеңу үшін «Сендердің Құрымбай датқа бастаған 40 жігітіңнің басы менің атам Кенесарының қанжығасында кеткен» депті. Ол жерде төреге қарсы ешкім батыл жауап бере алмапты. Бұл сөз Жаманқара батырдың қүлағына жетеді. Ашуға мінген батыр дереу сарбаздарын ертіп, төренің ауылын шабуға келеді. Елдің үлкен-кішісі түгел алдынан шығып: «Ойбай, батыр, қан төге көрме! Оның үстіне Жүніс төре ауылда жоқ. Түркістан асып кеткен. Оның қолы ұзын, патша әскерін соңыңа салып, мына жатқан еліңе тыныштық бермес. Бізді тыңдасаң өзін күтіп алып, өзімен сөйлес!» депті. Осы уәж сөзге тоқтаған Жаманқара батыр Торланның асуында Жүніс төрені күтіп жатады. 10-15 күн дегенде Жүніс төре де оралады. Ауылы қазіргі Құмкентте екен. Жан-жағынан шабуылдаған қарулы жасақ қойсын ба, 15-20 адаммен келе жатқан Жүніс төрені аттан аударып алып, қасындағыларын шешіндіріп, тегіс дүрелеп: «Сендер жүре беріңдер.жЖазықтарың жоқ, менің жұмысым Жүніс төреде!» дейді де бір жалшысы мен төрені алып қалады. Жүніс төреге: «Сенің атаң Кенесарыны бір емес Қоқан ханынан үш рет құтқарған Құрымбай датқаны қалай бауыздаттың, оған дәлелің бар ма?! Ол мына Созақтың әкімі сарт Бабақүл қожа емес пе еді, 40 жігітімен бауыздалған. Ал, Құрымбай датқа қан қысымы көтеріліп, өз ажалынан қайтыс болған. Сен шын төре болсаң қорлыққа шыдамай өліп кетерсің деп шешіндіріп, әбден дүре соғып, құрым киізге орап, арт жағына сиырдың жапасын жағып, түйеге теңдеп, жалшысына жетектетіп жіберіпті.Содан Жүніс төре қарап жатпай, оязға арыз беріп Жаманқараны жазалауды, ақысын алып беруді сұранады. Ояз билерді шақырып, Жаманқарадан жауап алады. Жаманқара батыр: «Кінәмді мойныма қойып, не істегенімді көзбе-көз айтсын» депті. Ояз екеуін беттестіргенде Жүніс төре артыма дүре соқтысиырдың жапасын жақты деп айта алмапты. Сонда Жаманқара батыр:- Бұл жала жауып, менің намысыма тиді. Ат-тон айыбын төлесін! Әйтпесе, мен бәрін айтамын! – депті. Намыстанған төре Жаманқараны әрмен қарай сөйлетпей, батырды бүкіл әулетімен, билерді қоса шақырып, ат-тон айыбын төлеген екен.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: