Ысқақ Құлыншақұлы

Ысқақ Құлыншақұлы 1880 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылында дүниеге келген айтыс ақыны. Ескіше сауаты болған. Әкесі Құлыншақ ақынның жолын қуып, талай рет айтысқа түскен, терме, жыр айтқан. Өлеңді әуелде домбыраға, кейіннен қылқобызға қосылып айтатын болған. Ысқақтың жиын-тойларда әріптес қыз-келіншектермен айтысының көбі ұмытылған. Оның шығармаларынан 1906 жылы Әулиеата жерінде Ошақты руынан шыққан ақын қыз Қадишамен айтысы сақталған. Бұл айтыс 1942 жылы шыққан «Айтыс» жинағында, 1965 жылы шыққан «Айтыс» кітабының 1-томында басылды.ҚАДИША ҚЫЗБЕН АЙТЫСЫАтақты Құлыншақ ақынның баласы Ысқақтың Әулиеата жағында болып, сондағы Қадиша қызбен, еліне келіп, қалай айтысқанын баяндағаны:Жақсылар, құлақ салып тыңда мұны,Пенденің білінбейді өткен күні.Сейіл ғып, Әулиеата шаһар бардық,Кешегі қойдың қысы өткен жылы.Құлыншақ – бастығымыз – Мұқан молда,Бір жерге қостас болдық өңшең жорға.Көтеріліп тұз-дәміміз шыққаннан соң,Тигізбей алып жүрді қолдан-қолға.Арғында Байысбайдың үйіне кеп,Тамашаға жиналды қаншама көп.Қадишаны ап келді айтысуға,Аузына қарап тұрсам, өлеңге еп.Ысқақ:Жүрсіз бе аман-есен, қиғаш қастар,Қара көз, қызыл жүзді, сүмбіл шаштар?Шығыпсыз жақсы күнді құрмет етіп,Айттарың құтты болсын, замандастар!Сіздердің біздер ашық түрлеріңе,Салт түзеп салтанатпен сіздерменен.Шырақтар, орайластық сіздерменен,Жүруші ем ынтық болып бір көруге.Тұрғанда қайтайын деп өзі келді,Көзіме көрінбеп ең ілгеріде.Бар болса жақсы сөзің, сөйлей отыр,Бал шекер құмарым бар тілдеріңе.Қадиша:Көрген соң түсті көзім түріңізге,Шалқып қал дәуренің бар күніңізде.Тамаша болса болсын, замандасым,Біріміз кез келгенде бірімізге.Айтыңыз сіздің-дағы құтты болсын,Кез болмас дәйімі айттың күні бізге.Бар болса жақсы сөзің, сөйлей отыр,Ынтықпыз біз де сіздің тіліңізге.Ысқақ:Отырмын сөйлейін деп ыңғайланып,Деп тұрмын жарылқады құдай нағып?Шырақтар, көргеннен соң бойларыңды,Бұл жерде Ысқақ ақын тұр ойланып.Қыздармен қалайын деп бір тіл қатып,Көрген соң тұра қалдым шыр айналып.Сөйлейік екі ақын шер тарқатып,Келмейді өтсе жалған бір айналып.Қадиша:Кез қылып ұлы күнді құдайымыз,Сіздерге нәсіп болды шырайымыз.Табылмай еш уақытта жүруші еді,Өзіңдей сөзге теңдес жұбайымыз.Ысқақ:Сөз тыңда құлақ салып жөнді кісі,Табылды сөзіме сөз жөн-дұрысы.Қол артсам сіздей жанға, арманым не,Білетін жақсы-жаман кем-ді кісі.Болса да қайдан тауып түссе қолға,Сарп қылып сіздей жанға зерді кісі,Құдайым жарылқа деп мен отырмын,Өзіңде жарылқаудың ендігісі.Қадиша:Пендені кім жарылқар пенде болса,Тентектің ісі қисық жөнде болса.Жақсының тұқымына әркім тәліп,Реті қатарынан кем де болса.Үстінде алтын тұғыр тұйғындайсыз,Тұғырсыз жараспайды жерге қонса.Жан құрбым, жарылқар ем сендей жасты,Реті жарылқаудың менде болса!Ысқақ:Бұл жарлық, Қадиша қыз, өзіңізден,Тыңдасаң құлақ салып сөзімізден.Жайымды айттырмай-ақ білмейсіз бе,Осындай орайласқан кезімізден?Меңзесең ақ тұйғынға бұл құрбыңды,Өз айтқан көңілім ырза сөзіңізден!Суретің ұқсап бейне қоңыр қазға,Көріндіңіз сіз де біздің көзімізге.Бір қонсам, тұйғын десең, тұғырыңа,Еш арман қалмас еді көңілімізден!Қадиша:Мен сіздің сөзіңізге болдым ырза,Жігітсің шешен туған өлең-жырға.Заты едің бір жүйріктің озып жүрген,Қатардан озып сен де шықтың қырға.Десеңіз алтын тұғыр бұл құрбыңды,Отырмын сізді меңзеп ақ тұйғынға,Қонарсыз самғай ұшып шырқап шыңға!Ысқақ:Алтындай сөзіңіз бар қаяуы жоқ,Ысқақта олай десең, аяну жоқ.Тұйғын деп қолға алуға ыңғайлансаң,Ысқақтың тоқталуға аялы жоқ.Қадиша:Пәкізе бір жігітсің сөзің жібек,Атаңыз әркімдерден озған үдеп.Қатардан өзіңіз де озып жүрсіз,Болмайды сөзіңізді ешкім мінеп.«Тең – теңге, тезек – қапқа» деген сөз бар,Барасың біз тұрғанда кімнен тілеп?Келерсің аяғыңды аңдап басып,Жүрмесін шешем қуып қарғап-сілеп.Ысқақ:Біз мейман салып тұрған сізге салмақ,Қоймаған күннен бұрын орын қамдап.Ауылың, үйі-жайың қайсы жерде,Қалайын жобасын айт жөнін аңдап?Қыздардың қатарында мерген едім,Атушы едім не тотысын топтан таңдап.Басынан шешеңнің де кешкен шығар,Қумайды, қуанбаса, бізді қарғап.Есебін бір шешеңнің табасын ғой,Болмаса сыпайыгерлік тілін жалдап.Қадиша:Ат шабар, біздің ауыл, көшесінде,Жасыңыз жиырманың нешесінде?Сол жердегі дарбазадан күтер едім,Алмадың өзің бұрын еш есіңе.Ауылға айтқанменен келмейсің ғой,Мақтанып мен сүйттім деп есесін де.Ысқақ:Мен келдім биыл жиырма алты жасқа,Баласың қатарыңнан порымың басқа.Шешеңді тоқтатудың қамын ойла,Бармасам сонда маған кінә таста!Жайыңды жағдайыңмен айтып қойшы,Сонан соң мен де ырзамын ықылысқа.Сөз болса сыпайыгерлік бұл айтқаның,Деп қойған ауыл жаққа қадам баспа!Қадиша:Сөзіңе айтқаныңмен мен күмәндә,Жұмысы бағзылардың деп гүмән де.Қаншама сендірерлік қып айтқанмен,Ұқсайсың өз бойыңа сенбегенге.Ауылға айтқанменен келмейсің де,Мал іздеп кетесің ғой елден елге.Ысқақ:Мал іздеп мен де жүрмін елден елге,Малсыздың қолы жетпес сермегенге.Мал берсем жетектетіп қолыңыздан,Ұстатар әкеңіз де бер дегенге.Сөзіңді өзің теріс айналдырсаң,Қалайша бос қалам мен жүрмей жөнге?Қадиша:Құдеке-ау, көзің қызыл, түсің сары,Әлден-ақ жасың жетпей бопсың кәрі,Аузың үлкен, мұрның мен көзің қызыл,Үш пұлдық басарың бар кімге дәрі.Екі мың, бір мың түгіл, ділдә берсең,Қосылмас Қадишаның ынтымағы.Әзірше жоғары боп сөйлер сөзге,Әкеңнің сыйланып жүр аруағы.Алмас еді ешкім сені қой бағуға,Болмаса қызыл тілің өнер алды.Ақынның кімді бай ғып тойғызады,Тіленіп өлеңменен алған малы?Ысқақ:Сөзіңе қарсы жауап ойлап қалдым,Бір мойын сендей қара сойдақтардың.Кеспелтек сендей қара қыздар түгіл,Төсінде аппақ қыздың ойнақтадым.Бір мың сом елден жинап әкеп берсем,Әкеңнің қойғызарсың қой баққанын.Мал берсем аяғыма бас ұрарсың,Онан да «сіз, біз» десіп ойнап қалғын.Қадиша:Құдеке, мініңді айтсам түнерерсің,Өлеңменен күнде жұрттан тіленерсің.«Әркімнің көңілі өзіне патша» деген,Несіне осы түрмен шіренесің?Екі мың, бір мың түгіл, ділдә берсең,Қандай жан саған еріп жүре берсін?«Мынаның күйеуіне қарашы!» деп,Сыртымнан көрген халық күле берсін.Бергенше мені саған малға қиып,Аштан-ақ әке-шешем өле берсін!Ысқақ:Ошақты болады екен руларың,Жігіттің таңдайсың ба сұлуларын?Сұлу боп дым тамбаса тұрар ма еді,Айрықша көп рудан жылуларың?Баласы шойқы айғырдың көп болады,Көбейер маған тисең құлындарың.Балаңның киім, тонын түзей алмай,Айтар ең «қайтемін – деп – мұның бәрін?»Күте алмай өз бойыңды кіржамбыз боп,Бұрқырап тұрар еді бұрымдарың.Бір байдың ажарына тиемін деп,Үй-ішің тәуір көрдің қырылғанын,Деген сөз қызды дұшпан рас екен,Сұмдық қой мына айтқан ырымдарың!Әкеңді шешеңменен қарғамай-ақМаған-ақ жақсы емес пе жығылғаның?Қадиша:«Түңілме түсі игіден» деген өрнек,Ізденіп жақсыларға әркім ермек.Қызарып жетпістегі шалдар ұқсап,Сөйлейсің барған сайын өрлеп-өрлеп.Далаға көкіректі көп кересің,«Қыздарға қырындауға ептімін» деп.Қыздарда өзің теңді қыз бар шығар,Солардың жүргенсіз де бірін емдеп.Ер тұқым көбеймегі емес сенен,Аз берсе, көп берсе де құда бермек!Әкеңнің жиған малын шашпа байғұс,Келгенде жетпіс жасқа қылып еңбек.Мерт болып қалып жүрме, Ысқақ ақын,Қолыңды аспандағы айға сермеп.Әрмен жүр, маңайыма жақындама,Айтасың не бетіңмен «маған ер» деп?Ысқақ:Сіз бенен біз мұнан соң таныспалық,Осындай орайлас боп жарыспалық.Әуелгі сөзің, құрбым, тәуір еді,Аяғы бара жатыр шалыстанып.Сөйлейсің не сөз айтсаң іліп-шалып,Орынсыз шамырқанып, намыстанып.Біреуге сенің әкең қойшы боп жүр,Әр айға ақысына үш сом алып.Қой бағып ақысына жейді талқан,Көрген жоқ өмірінде құрбан шалып.Әкеңнен әкем артық, өзім Ысқақ,Қадиша, ойламайсың мұны нағып?Өзіңнен он есе артық қатыным бар,Отырмын «кәйтемін – деп – сені де алып?»Қадиша:Көрген соң түсті көзім сыяғыңа,Адамсың әлде қандай саналы да.Далаға көкіректі көтересің,Бойыңа мұнша мақтау сыяды ма?Тұқымды сенен туған өсірмей-ақ,Бір жерге бәрін өртеп жияды да!Көргенше саған тиіп зауық сапа,Нәпсіні ер қылмай-ақ тияды да.Аузымды не қыласың бақпағанда,Қалам да сөзіне сөз таппағанда.Байғұс-ау, сен қалайсың, мен қалаймын,Болып па жаяу жолдас атты адамға?Әкеңнің өлең жазған өкпесіне,Кәсібін құдай берген етпесін бе?Әкеңді сенің ешкім шақырмайды,Келген соң өзі қаңғып «кет» десін бе?Көрейін мін айтыссаң мін айтысып,Жарармын мен де саған шектесуге.Қой баққан Әзіреті Мұса, Шопан ата,Сөзіңе қарсы жауап қылайық та.Мұхаммет Қадишада малай болған,Ендеше, Мұхамедті тарт айыпқа!Екеуміз сыйласқандай адам едік,Айтар сөз бір-бірімізге ылайық па?Мендағы саған әлі болмай құмар,Әзелде жақсы-жаман жазған шығар.Алар ең қойшы қызын тисе саған,Байғұс-ау, тимейді ғой қылсаң да зар!«Ет сасып аспандағы кетті» деген,Мысықтың жете алмаған кебі шығар.Қолданып олай-бұлай ақылың болса,Ер болсаң тоқталарсың сөзге тұрар.Ысқақ:Қадиша мына сөзің өзіңе сор,Ер басын әйелдікпен етесің қор.«Әйелден басы алтын, бақыр басты, –депті ғой, – ер кісі артық» бұрынғы жол.Баласын «аппағым» деп сүйер едің,Ер тапсаң мен сияқты өнері мол.«Бәйгі алмас байтал шауып» деген сөз бар,Қасарысып қарысып аттасаң да.Бір сөзбен иба қылсаң не қылады,Ұят деп ар жағына сақтасаң да?Қадиша, алам дейсің қатты сынға,Болған соң шашың ұзын, ақылың қысқа.Ілгері өтіп кеткен бір өсектіКөрсетпе кеміттім деп қылып нұсқа.Аса артық болмаса да сөзім сенен,Әкемді жүйрік, халық, шешен деген.Осындай халқына әзір болып тұрса,Бірдей ме дәрежесі қойшыменен?Мұхаммед, Қадишаны мысал қылма,Шықпайсың бұл сөзіңмен әзір қырға!Өзіңе қыз Қадиша күнде сауда,Шығасың бір сом берсе дайын бауға.Біреулер олай қуып, бірі былай,Алады талай сәуірік омырауға.Қадиша, сен тигенмен аларым жоқ,Желікпеге сен сияқты алаңым жоқ.Қояйын жылы орныңнан суытпай-ақ,Сақтайтын сені апарып базарым жоқ!* * *Ысқақ ақынның айтыс аяқталғаннан соңғы жайды баян қылғаны:Ал сонда жұрттың бәрі күле берді,Күлген соң қыз Қадиша жүдеді енді.Қыздың бір-екі ағасы келді-дағы,Жетектеп қарындасын жүре берді.Ал сонда айттым қыздың ағасына,«Ақылың жетпеді ме шамасына?Айтқаны қыз-жігіттің әзіл сөз ғой,Түспейді есті жігіт арасына!Қайыр қош, замандастар, барасың да!(Құлыншақ ақынның немере інісі Жазықбайдың баласы Ерманның қызы Құлқан Ерманқызының айтуынан 1986 жылдың 28 қазаны күні жазылып алынған).

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: