ЫСҚАҚТЫҢ САРАҢ БАЙДЫ СЫНАУЫ

Құлыншақ ақынның ұлы Ысқақ пен Жеңсікбай дейтін кісі Арқадан Қаратауға қайтар жолда Мойынқұмдағы бір ауылға қонбақшы болады. Ерте көктемнің кезі. Маңайды қою тұман тұмшалайды. Аттары да шаршап, жүрісін баяулата бастайды. Діттеген ауылдары қоныс аударып кетіпті. Шаршап-шалдығып жүріп басқа бір ауылдың үстінен түседі. Бірақ үй иесі бай сараңдық жасап, бұларға жылы қабақ көрсетпейді. Бұлардың келгенін көрген ауыл жастары осы үйге тартады. Келе «Сіздер қонақкәде өлең айтасыздар», – дейді. Бұдан олар ат-тонын ала қашады. Әлгілер одан сайын қоймай: «Онда ұзын арқан әкеліп, сіздерді түтінге бұлап, тұншықтырып, қызықтарыңызды көреміз», – деп, жігіттер мен қыз-келіншектер тұс-тұстан бас салады. Сонда Ысқақ: «Жігіттер, тұра тұрыңдар, мен бір базына айтайын», – деп тоқтатып алады да:Баласы Құлыншақтың атым Ысқақ,Тауды жайлап жүреміз құмда қыстап.Арқадан арып-ашқан жолаушымыз,Жеңсікбай жолымызды келді бастап.Байеке, басты көтер, болса сана,Бәйгеде жүйрік озар, шығып дара.Қазақта қонақжайлық салтымыз барБайеке алды-артыңды ойлап қара.Шық бермес Шығайбай да өткен бұрын,Естіген де шығарсыз оның жырын.Аңыз боп халық аузында қалды аты,Түк бермес сараң еді деген оның, –дей бергенде, манадан теріс қарап отырған бай жігіттеріне: «Бұларды жай жолаушы ма десем, түбінде тегін кісілер емес екен. Мал сойыңдар, құрметтеп, қонақасы беріңдер!» – дейді.Ертеңіне бай: «Мұны ешкімге айта көрмеңдер», – деп Ысқақ пен Жеңсікбайға ат мінгізіп, шапан жауыпты.ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ Шығармаларынан үзінді, Орынбек Жолдыбай (жалғасы бар)• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: