Қоңырат руының бір атасы Саңғылдың Ағысай деген атасынан заманында тапқыр, дана сөздерімен даңқы шыққан әрі би, әрі шешен Қожамжар Балқұға, деген кісі өткен. ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген. «(қожамжар айтқан» деген сөздерімен Оңтүстік Қазақстанның күнгейі мен теріскейін жайлаған елдің құйма-құлақ, қариялары бертінге дейін айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қожамжар әулетінен ақын, жыршы, әнші дарындылар көп шыққан. Солардың ішінен белгілі Бапыш күйші, Қайдау ақын, Назар би есімдері өз өлкесінде кеңінен танымал болған. Ақындық, жолын үстамаса да, төрт аяғы тең жорға өлеңнің неше алуанын шығарған Жәнібек, шертпе күйдің шебері Төлеген Момбеков те осы Қожамжар шешеннің үрім-бұтағы. Аталған өнер иелерінің әрқайсысы жеке әңгіменің тақырыбы болар еді…Ұлы жүз Текей датқа Қожамжар шешеннің даңқын естіп, сәлем берейін, әрі сынап сөз таластырып көрейін деп іздеп келеді. Келсе Қожамжар аулында жоқ екен. Созақта диірменшіде апарып тастаған бидайы бар екен. Балалары Назар, Бапыш, Қайдау жастау екен. Соған өзі кетіпті. Қожамжардың анау айтар малы да болмаса керек. Он-он бес шақты ешкісі бар екен. Әйелі нашарлау, сиықсыздау кісі екен. Қожамжар келгенше Текей датқа екі-үш күн күтіп қалады. Қожамжардың әйелі мал сойғызып кісі күтейін демейді. Қожамжар келген соң мал сойып қонақ асы береді. Әңгіме дүкен үстінде көп әңгіме айтылады. Сонда Қожамжар:- Ер егіз, еңбекте жалғыз – дегеніміз не дейді. Текей біраз ойланып барып «Ер егіз болады дегеніміз мына Қарабүлақ пен Балдысуда ел билеп, атағы асып тұрған ағалы-інілі Ахмет пен Бейсембай болар» – депті. Датқаның ойы қысқалығын білген Қожамжар: – Олай емес, Текей. Атадан алтау туса да, бір жалғыздық бар, ет жақыны болса да, әр адамның тағдыры әр басқа. Ер жігіттің алғаны жақсы болып, келген қонағын риза қылып аттандырса, атағы шығады, еліне елеулі, халқына қалаулы болады, Ісі оңға басады. Ердің егіз болмағы осы… Сөзден жеңілген Текей өздері келгенде Қожамжардың әйелінің күте қоймағанын, жаңағы бір «Ер егіз» деген әңгімесінен үстайын деген мақсатпен, қазан-ошақ жақта жүрген әйеліне қарап: Қожаеке! Ошағыңыз қисық екен ғой» – депті. Қожамжар да әйелі туралы айтып отырғанын түсіне қойып: «Ошағым қисық болса да түтіні түзу» – деген екен. Сонда 10-14-16-ға келіп, еті тірі боп өсіп келе жатқан балаларын айтқан екен. Текей датқа сөзден жеңіліп, кетерінде Қожамжарға иығындағы шапанын жауып, батасын алған екен.2.Қозмолдақ – Сызған жеріндегі Оспан бай деген кісі бірде Қожамжардан: «Иман дегеніміз не?» деп сұрапты. Сонда Қожамжар:Ағаштың иманы – шот,Үйдің иманы – от,Сөздің иманы – шын,Судың иманы – шым,Тастың иманы – құм,Жіптің иманы — ным,Үйдің иманы – сыр,Беттің иманы – нұр, – деген екен.3.- «Кәріліктің, жарлылықтың, жалғыздықтың емі не?» – деген сүраққа Қожамжар: «Кәріліктің емі – өлу, жарлылықтың емі – жампоздық, жалғыздықтың емі – дастархан» – дей келіп, сөзін былайша жалғастырыпты:Басың ауырса, бақсыға бар,Басыңа іс түссе жақсыға бар,Қарның ашса байға бар,Ішің пысса тойға бар.Жарлылықтан құтылам десең,- Таяқ ал да қойға бар…4.Қожамжар айтқан» деген мынандай да сөздер сақталған:Балапан торғай баудан дейді,Шешен жігіт даудан дейді,Залым жігіт жаудан дейді,Залым адам елден дейді,Ақ шағала көлден дейді,Қыран бүркіт түзден дейді.Жақсы тазы із іздейді,Өсекшіл әйел сөз іздейді.Қатты соққан дауылды,Көлдегі жатқан сал біледі.Жақсы адамның қадірінЖақыны емес жат біледі.Базардағы нарықтыҚазақ емес, сарт біледі.Қаратаудың теріскейіндегі ең көрікті жері Қозмолдақтың жоғарғы тау жағындағы Қойбағар деген жерінде түрган Тұрған бай деген кісі қос диірмен жүргізіп, қос қатын алып 500-дей әппақ ақ қой үстаған, кос өгіз соқасымен, қос нарын жұмсап отырады екен. Бірде Тұрғанбай: – Қожаеке! Қос диірмен жүргізіп отырмын, қос өгізіммен, қос соқаммен елдің әжетін шығарып отырмын, қос нарымды жұмсап үстап отырмын, маған тең келетін кім бар? – деп шалқып отырыпты. Сонда Қожамжар: – Сен құдайдың бергеніне масаттандың, қүдайдың бергеніне шүкір қылмадың. Бүл айтып отырғаның асылық. Қос диірменіңді көктемде тасқын су алады, қос қатының шешектен өледі, қос нарың маңқа шығып өледі, қос өгізің көктемде соқа тарта алмай аусылдан өледі, ақтылы қойың қыс қатты болып, бір тал шөп таба алмай, өз жүнін өзі жұлып жеп аштан қырылады, үйір-үйір жылқың боранда ығып, қалғанын ұры әкетіп, өзің мына қос төбеде қалқайып жалғыз қаласың, балаң мал іздеймін деп боранға үсіп өледі, – депті. Қожамжардың айтқаны келер жылы дәл солай болады.5Бірде Қожамжар малдың дауымен Арқаға, Қара Қази деген кісіге барыпты. Қара Қази сөз мәніне түсінген соң, даудың билігін айтуды ертеңге қалдырады. Таңертең сол елдің бір адамы келіп, бұл жолы жеңе алмайтын болдыңыз себебі ұрылар Қазиға түнде бір түйе әкеліп берді деп хабарлайды. Бірінші сөзді алған Қожамжар Қазиға: «Сіз дауды менің жолыммен шешесіз» дейді. Қази: «Әлбетте, шариғат жолымен шешемін» — деп жауап береді. Сонда Қожамжар: «Бүл сөзіңіз дұрыс екен, бірақ сіздің шариғатыңыз түнде түйеге мініп жүргенін көріп едім» – депті. Жасырын алдым деген парасының әшкере болып қалғанын білген Қази билікті Қожамжардың пайдасына шешкен көрінеді.6Созақ кентіне Қазан қаласынан келген Мұқай деген иман (ұлты татар) мешіт, медіресе ашып, халықты мұсылмандық жолына үгіттейді. Қарапайым жұртты табындырып, пір атанады. Дінге сенушілерді «Тәуеже» дегенге үйретеді. Тіпті кейбір аңқау кісілер үйін, бала-шағасын тастап, әлгі молданың қасына еріп жүретін болған. Бір жолы Мұқай мағзүм Қожамжардан: «Мен туралы ел не айтады» деп сыр тартады. Молданың аңқау елге арамза болғанын сырттай біліп, сынап жүрген Қожамжар: «Егер сіз әулие болсаңыз, әулиелердің ірісі боларсыз, ал егер адамдарды өз жолынан тайдыратын сайтан болсаңыз сол сайтанның ең үлкен перісі боларсыз» деген екен.7Бір отырыста жиналған жұрттың «Не жаман» деген сүрағына Қожамжар:Есерсоқ туған үл жаман,Парақор болса би жаман.Шер тарқатпаған күй жаман,Сөз асылын ұқпаған ми жаман, – деп жауап«Адам өмірінде неден қорқуы керек» – деп сұрағандарға Қожамжардың берген жауабы:Құлақтанған күннен қорық,Қыстың қалған бір күнінен қорық.Ұйқыда шапқан жаудан қорық,Әділдігін таппаған даудан қорық,Кежеге тамырлы ерден қорық.Ашық күнгі дауылдан қорық,Қасында жүрген жауыңнан қорық.(Бұл өте ұзақ екен, бірақ есте сақталмаған).“Ақылды мен ақылсыздың парқы туралы Қожакең: Ақылсыз адамға өмір сүру оңай, өйткені ол ешнәрсеге күйінбейді. Ал ақылды кісі әрбір ақылсыздың істеген ісіне көңіл бөліп, өзінен-өзі шерлі болады. Сондықтан кейде ақылдың көп болуы да зиян» — деген екен.8Қожамжар әңгімені үшке бөлген екен:1. Ой-өріс2. Ақыл-кеңес3. Көкейтесті1. Ой өрісіне — Ел қамын жеген атақты билер, шешендер,болыстар, датқалармен әңгімелескен, кеңескен, ой бөліскен,vкелелі кеңестерге қатысып, ел тағдырын шешкен әңгімелерін жатқызған.2. Ақыл-кеңеске — Сәлем бере келген ел адамдарымен, бата сұрай келген, көкірегі ояу, көзі ашық ел билеуге араласып жүрген, талапты жастармен, ел басқарып жүрген датқа, би-болыстармен болған әңгімелерін жатқызған.3. Көкейтестіге — Күнделікті өмірде кездесіп жататын ел арасындағы, ауыл-аймақ, ағайын арасындағы болып жатқан мәселелерге байланысты айтылған әңгімелерін жатқызған.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362• https://sangyl.site/226-2/