Құдайкұлов Анарбай Құдайкұлұлы 1951 жылы , 12 мамырда Ташкент облысты, Піскент ауданы, Ақтөбе ауылында туылған. Ақтөбе ауылындағы Ленинизм атындағы 14-орта мектепті бітірген. 1968-1973 жылдары Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің механика мамандығы бойынша бітірді. 1973-1974 жылдары Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің механика-математика факультеті «Газовая и волновая» кафедрасында стажировкада, ал 1975-1977 жылдары аспирантурада болды. 1978 жылы физика-математика кандидаты атағын алды. 1978-1983 жылдары Өзбекістан ғылым академиясының кибернетика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1983-1985 жылдары Новосибирск академгородоктағы гидродинамика ғылыми-зерттеу институтында докторантурада болды. 1986 жылы физика-математика ғылым докторы дәрежесін алды. 1987-1997 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Батыс Қазақстан бойынша вице-президенті қызметін атқарған. 1998 жылдан бастап ғылым академиясының механика, акпараттық және есептеу технологиялары ғылыми зерттеу институттарында зертхана менгерушісі лауазымдарында жұмыс істеп келеді. 7- ғылым докторы, 25-ғылым кандидаты жане 3-PHD докторын дайындады. 5- томдық монографиясы Англияда ағылшын тілінде басылып шықты. 1-кітабы Москвада, ал 9-кітабы Қазакстанда шықты. 200-ден артық ғылыми жұмыстары журналдарда басылып шықты. Оның 33-данасы дамыған елдердін ғылыми журналдарында басылды. Германия,Франция,Түркия ,Россия жане Қытай мемлекеттерінің университеттерінде лекция оқыды. Үш ұл жане екі қыз перзенттері және немерелері бар.2014 жылы (5-12 қаңтар) физика-математика ғылымдарының докторы, Ақпараттық технологиялар факультеті есептеу техникасы кафедрасының профессоры Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлы Шыңжаң (Қытай 大学) университетінің (Үрімжі) ақпараттық технологиялар институтында дәріс оқыды. ШУАР, Қытай «Өндіріс есептерін шешудің алгоритмдері мен әдістерін және қолданбалы бағдарламалық кешендерін құру» тақырыбында, өндірістік тапсырмаларға арналған алгоритмдер, әдістер, бағдарламалық жасақтаманы атап өтті. Құдайқұлы технологиядағы негізгі мәселелерді ғылыми тұрғыдан түсінуге қосқан елеулі үлесі үшін, Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Бүкіләлемдік мұнай инженерлері қоғамының толық мүшесі атанды. Қатты механика және геомеханика саласындағы белгілі ғалым. 110-нан астам ғылыми мақалалардың және 9 монографияның, оның ішінде 2 монографияның Англияда авторы. Академик Ж.С. Ержанов атындағы алтын медальмен марапатталды.