Батырқұлов Мекем Батырқұлұлы (1927-1973)

Батырқұлов Мекем Батырқұлұлы 1927 жылы Ташкент облысы , Піскент ауданы, Ақтөбе аулында дүниеге келген. Әкесі Батықұл араб тілінде өте білімді, өзеннің суын теріс ағызатын өте мықты ауыл молдасы болған.Мекем ата ауыл мектебінің жетінші сыныбын бітіріп, 1942 жылы Ташкент қаласындағы К. Маркс атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, сол жылдан бастап өзі оқыған мектепте мұғалім болып жұмыс жолын бастаған.1948 жылы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1952 жылы бітіріп шықты. Сол жылдан өмірінің соңына дейін (1952-1973) мектеп директоры қызметінде болды.Көптеген қызмет қайраткерлерін, ғылым кандидаттарын және ғылым докторларын тәрбиелеп шығарды. Соның ішінде академик Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлын, Шымкент қаласында екі рет әкім, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Қазақстан су ресурстары комитетінің төрағасы болған Орманов Анарбек Онғарұлы, Өзбекістан Республикасы химия өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған Әжібеков Қанапия Жәнібекұлы және медицина ғылымының докторы А. Яссавий атындағы университетінің профессоры Жумашев Сейдулла Нұрақұлын атап өтуге болады.Батырқұлов Мекем қазақ тілі мен әдебиеті және тарих саласында көптеген бүкілодақтық және республикалық маныздағы конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеген, ғылыми жұмыстар жариялаған.1956-1973 жылдары аралығында Саңғыл шежіресін жалғастырып жазған.Посмотреть статистикуОхват публикации: 0НравитсяКомментироватьПоделиться

One thought on “Батырқұлов Мекем Батырқұлұлы (1927-1973)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: