Ысмайылұлы Мырзаш 1904 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Мыңшұқыр ауылында зиялы отбасында дүниеге келген. Әкесі діни білімді болып, ауылдың имамы болған. Өз аузынан есіткендердің айтуынша бірінші революциясына алдында туылғанмын деп айтып отырар екен. Бабамыз Ысмайыл ата отбасында Ислам діні қағидаларын күшті ұстаған, тағы шебер кісі болған. Өзі мылтық жасаған екен. Әрбір жұмысты тиянақты орындаулары немерелері мен шөберелеріне өткен болса керек.Исмайыл ұлы Мырзаш атамызға октябрь революциясына кейнгі коммунисттердің мемлекет басына келіп қуғын сүргін саясаты өз әсерін тигізген.Ержеткен кезінде Түркістан медресесінде оқыған. Кейіннен коммунисттер медресесін жаптырған, куәлік ала алмай қалған. Ал ауқатты бай баларының сауатын ашып күн кешірген. Сауатсыз белсенділердің жоспарсыз және білімсіз тірлігі арқасында жиып алынған үй жануарлардың көп бөлігі жол жөнекей қырылған деседі. Ашаршылық құрбанына айналмау максатында, Ташкент облысы, Пскент ауданы, Ақтөбе ауылындағы туыстарын іздеп барады. Соларды жағалап сол жақта жасап қалады.Кейіннен Ташкент қаласындағы еркектер педагогика техникумына түсіп, 1937 жылы мұғалімдік курсын бітірген. Ақтөбе ауылында 14 мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды. Сол кездегі әлемде болып жатқан озбалықтар кеңес одағы аумағында күшті болған. Терең білімі жоқ мемлекет белсенділері халыққа көп қиындықтар туғызған. Әділетсіздіктер, көптеген жалалар әсеріне шыдай алмай жұмыс орындарын бірнеше рет ауыстыруға тура келген.Отызыншы жылдардағы жазалау саясатының салдары Ысмайылұлы Мырзаш атамызға тиген. Жаланың арқасында соғыс қарсаңында бірнеше жылға сотталады. Ақталып Қызыл Армияға жазылып, Мырзаш атамыз армияға барады. Қызмет кезінде ішкі істер құрамына енеді. Соғыс басталып кетеді. Бір әнгімесінде Кавказ халықтарын көшіруге қатысқанын айтады. Жолда көп қиындық көріп, суыққа тоңып қайтыс болғандарда болды. Оларға деген бауырмашылдық, қолдан келгенше көмекті аямадық дейді.1966 жылы Өзбекістан ССР ағартушысы төс белгісімен марапатталған. 1967 жылы зейнеткерлікке шыққан. Халық арасында үлкен абыройға ие болған. Ол кісінің өмірлік жолы қазіргі ұрпаққа өте үлкен тәрбие өнеге болды. 1994 жылы 7 ноябрде тоқсан жеті жасында дүниеден озды. Ол кісінің өмірлік жолы қазіргі ұрпаққа өте үлкен тәрбие, өнеге болады. Жастарды рухани байлығы мол, қанағатшыл және бауырмашыл болып қалыптасуына улкен септігін тигізеді. Соғыстан кейін анамыз Раушанмен тұрмыс құрып 9 перзент көрді, үшеуі жастай шетінеп кетеді, қалғаны 6 пензент.