ҚҰРБАНӘЛІ НӘЛІБАЕВ (1928-2002)

Құрбанәлі Нәлібаев – Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылының тумасы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық кезеңінде Өзбекстанның Ташкент облысы Пскент ауданы Ақтөбе ауылына қоныс аударған.Өзбекстанның қаржы саласында «Еңбек ардагері» атанған, 1992 жылы Өзбекстан Республикасында Қазақ Ұлттық мәдени орталығының құрылуында қаржылай көмегімен белсенділік танытқан ұлтжанды азамат.Қ.Нәлібаев 1968-1980 жылдары Ташкент мемлекеттік медициналық институтының, 1980-1982 жылдары Өзбек КСР денсаулық сақтау министрлігінің бас бухгалтері болып жұмыс істеген.1982 жылдан 1998 жылға дейін Ташкент мемлекеттік политехникалық институтының бас бухгалтері болған.Өмір жолында нағашы болып келетін Өзбекстандағы әкімшілік-шаруашылық басшылардың бірнеше легін тәрбиелеп, қанат қақтырған «Главкаршистепстрой» трестін көп жыл басқарған қазақ ұлтының бетке ұстар азаматы тама руынан шыққан Сұлтан Шегебаевпен таныс болатын. Өзбекстан Республикасының алғашқы президенті И.А.Каримов Қашқадария облысы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде жүрген кезінде С.Шегебаевтан өмірлік тәжірибені үйренгенін кейіндеу жылы лебізбен білдіріп жүрді.Өзбекстанның негізгі байлығы да, мақтанышы да мақта есептеледі. Еңбегі ауыр мақта шаруашылығын Мырзашөл сынды жаңа игерілген жерлерде ұйымдастыруда аты танымал болған қазақ ұлтының тағы бір асыл ұлы Социалистік Еңбек Ері Қынабек Үкібаев (1913-1993 ж.ж.).Бұл кісі саңғыл руына күйеу бала болып келетін, сол себепті бұл кісіні Құрбанәлі Нәлібаев жезде деп танып, соңғы күніне дейін таяу араласты. 1949-1952 жылдар аралығында Қ.Үкібаев Сырдария облысы Гүлстан аудандық атқару комитеті төрағасы болып қызмет атқарды. 1952-1962 жылдары Гүлістан, Ташкент облысының Бостандық аудандарының партия комитеттерінің бірінші хатшысы болды.Есімі елге танымал Қ.Үкібаев бірнеше рет Өзбекстан Жоғары кеңесінің депутаттығына сайланған. Соғыс және еңбек ардагері Қ.Үкібаевтың есімімен Сырдария облысының Ақ алтын ауданындағы бір шаруашылық аталған.Құрбанәлі Нәлібаев 4 ұл және 1 қыз тәрбиеледі.Үлкен ұлы Мұхамедәлі – Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласында кеме дәрігері.Екінші ұлы Әліжан – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәрігер.Қызы Гүлнара – Швецияның Гётеборг қаласында тіс дәрігері.Үшінші ұлы Бақтияр – Ташкент қаласында «Өзбекнефтьгаз» трестінде инженер.Төртінші ұлы Керімқұл – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: