Бөрте шене (Боджман қаған)

Бөрте шененің (Боджман қаған) алдында Күн елінің ұрпақтары ғасырлар бойы армандаған, аталары аманаттаған Қалқа даласын жужандардан қайтарып алу міндеті тұрды. Ол міндетке қол жеткізу үшін қытайдың Батыс вэй патшалығымен жолға қойылған қарым-қатынасты ұлғайту, жужандарға өшігулі телелерден қосымша жасақ құрып, оларды жаттықтыру жұмыстарын атқару үшін уақыт керек еді. Құпиялықты сақтау үшін Боджман қаған әскери ойындарды тау ішінде өткізіп жатты. Батыс Вэй патшалығымен Жужан билігіне қарсы толық түсіністік орнады. Шешуші уақыт жақындаған сәтте Боджман қаған арнайы елші жіберіп, Жужан елінің билеушісі Анахуанның қызын әйелдікке сұратады. Әрине Боджман астамсыған Анахуанның қызын бермейтінін білсе де, болашақ жорықтың қарсаңында ежелгі жауынгерлік дәстүрге сай, оның алдынан өткенді жөн көрген. Солай болды да! “Күні кеше ғана маған темір беріп тұрған құлдарым емес пе едіңдер сендер? Менің қызымды сұрауға қалай дәтің барды ?!” деген кемсітулі жауап алған Боджман қағанның алдынан адамгершілік тұрғыда да жауласуға жол ашылды. Одақтастық келісімді алға тартқан Боджман енді Батыс Вэй патшасының қызы Чан Лені әйелдікке алады. Қалқа даласын қайтарып алу жорығын жүзеге асыру үшін қыс кезі қолайлы деп табылады. Жужан билігінің айналасында күзет қызметі ғана қалып, әскерилер үйлеріне қайтқан кез бұл. Осы қолайлы сәтті пайдаланып, 552 жылдың қысында төтеннен ат қойған Боджман қаған қолы ешқандай адам шығынысыз Жужан ордасының шаңырағын ортасына түсіреді. Қарсылық көрсетуге мұршасы келмеген Анахуан күйіктен өзіне қол жұмсайды. Баласы циліктерге (қырғыздарға) қарай қашып құтылады. Осылайша 552 жылдың қысында бабалар мекені – Қалқа даласын қайтарып алған күнқұраттар Түрік қағанаты атымен мемлекеттіктің шаңырағын көтереді. Бөрі ененің алтын басы кестеленген көк туы көк аспанда желбірейді. Боджман қағанға Елхан атағы беріледі. Күн елінің соңғы ханының есімі Ел хан екенін жадында сақтаған ұрпақтары осылайша тарихи әділдікті қалпына келтіреді. Рашид ад-Динде да, Әбілғазы шежіресінде де қоңыраттардың Түрік қағанатының бастауында тұрғаны нақты жазылған. Біз тек ол шежірелерді тарихи оқиғалар туралы деректермен қабыстырдық. ОҢҒАР. 21-12-2022.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: