Көктің ұлы, түрік қағанаты

Қағанаттың таққа отырған бесінші ханы Шету қаған Қытай императорына жазған хатында өзін «Көктен жаратылған ұлы Түрік, аспан астындағылардың данасы әрі ардақтысы Көктің Ұлы Шету қаған…», деп атайды. Кейбір азаматтардың тарихқа Бумын қаған деп енген кісінің атын Боджман қаған деп оқылуынан шошып отырғанын ескеріп, оның ұрпағы болып келетін Шету қаған өзін Көктің Ұлы деп атағанына көңіл бөлуін қалар едік. Бұндай жағдайда Көтенші-бәйбішеден туған, Көктің Ұлы – тоқалдан туған деген сөз тарихпен ұштаспайтыны байқалады. Қазақ қоңыраттарының түп негізі бір әулеттен—Құндар елінің соңғы ханы Елханның ұлы Қияннан бастау алатыны анықталады. Түрік қағанатының билеушілері нақ сол Қиянның әулетінен екені тарихтан көрінеді. Ал енді қарақалпақ қоңыраттарының түп негізі оның туысы, бірақ хандар әулетіне жатпайтын Нүкізден екені айқын. Қаласының аты Нүкіз екені, көне руларының бірі Қият та осыны көрсетіп тұр. Олар өз шежіресін Қара деген кісіден тарқатуында да мән бар. Олар өздерін қара халықтан тарқатады, хандар әулетіненбіз деп дауласпайды. Алайда қарақалпақ қоңыраттарының атасы Нүкіз Ергене Қонға біздің ержүрек аталарымызбен бірге кіргені шежірелерде жазылған. Шыңғыс ханның анасы мен бәйбішесі қарақалпақ қоңыраттарынан екен. Жекжат-жұрағаттық жағынан бізге жақын болғанымен, олармен арамыздың алыс-жақындығын ажырата білуіміз керек. Сопылардың шығарып берген Нұғдай туралы аңыз-шежіресінің қазақ қоңыраттарына ешқандай қатысы жоқ екенін ол кісінің балғалы руынан екені анық дәйектейді. Тарихқа сабырмен қарасақ, Алпамыс батырды дүниеге әкелген Батыс түрік қағанатының хандары арқа сүйеген негізгі бұқара жиделі-байсындықтар болған, оның қатарында қарақалпақ қоңыраттары да болуы мүмкін деп болжар едік. Ал билеуші хандары қазақ қоңыраттары екен. Байсын қоңыраттарының Алпомиш жырында бұл жөнінде айғақтық деректер мол. Алпамыстың кіндік ханы тамған жер Қаратау өңірі дейтін дерек шындыққа толық сай келеді. ОҢҒАР. 31-12-2022 ж.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: