Қайырлы таң, ағайын! Нағанай би туралы филология ғылымыныің кандидаты Жарылғап Бейсенбайұлы деген азаматтың зерттеу еңбегімен біз де танысып едік. Алайда ол өз зерттеуінде Үргеніш сапары туралы көсіле жазғанымен, Қазақ қоңыраттары мен Қарақалпақ қоңыраттарын туыстыратын тұшымды дәлел келтіре алмапты. Нағанай бидің мазарының орны осы болар деп жобалап, Беруни маңындғы ескі қорымда орын тепкен Шейх Аббас Уәли кесенесі маңындағы биіктеу бір үймеден топырақ алғанын жазады. Бірақ ол үйменің Нұғдай беклербегі сағанасының орны екенін дәлелдейтін бірде-бір дәлел келтіре алмайды. Сонда бұл не қылған ғылыми экспедиция деп таң қаласыз. Нұғдай сияқты атақты тұлғаға арнап тұрғылған кесене орны екенін дәлелдейтін құлпытасты айтпағанда, әулиелі кесене орыны екенін айақтайтын бір күйген қыш та көрмепті бұл “ғылыми экспедиция” (!?). Бізді сталиншіл тарихшы-акадамик В.Бартольдтың осы маңға 1929 ж. арнайы келіп, “Хорезм тарихы бойынша жаңа дереккөз” деген мақала жазғаны тіксінтіп еді. Ол былай депті: “Хиуаның қоңырат хандарының бабасы, Өзбек ханның замандасы Нуғдай хан (Мунистің жазуынша Нағадай би) болған еді. Ол көне Қият қаласында дүниеден озып, шейх Аббас Уәли мазары жанындағы өзі салдырған кесенеде жерленген”. Өз кесенесін сондай ықпалды болған кісі жергілікті материалдан – шикі қыштан салдырмаса керек қой. Күйген қыш қандай су тасқыны болса да ери қоймайды. Осы айтылғандардың бәрі осылай көңілге күдік ұялатады. Бартольдтың Нұғдай хан деп әспеттеуінде де саяси тапсырыстың сасық иісі мүңкитін сияқты. Сол ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Сталиннің жеке нұсқауымен сол өңірде малдарын бағып жүрген араттардың негізінде Моңғолия мемлекеті құрылып, Шыңғыс ханды орыс тарихшылары соларға еншілегенін біз неге ескермеуіміз керек? Қазақ қоңыраттары үшін жалған тарих жасап беру үшін тасталған қармаққа ұқсас дүниеге тап келгендейміз мына Жарылқап Бейсенбайұлы мақаласы арқылы. “Ғылыми экспедиция” мүшелері біліп-білмей елді сталиншіл Бартольд салған қораға қайтадан айдап кіргізу әрекетін жасапты. Ал енді қарақалпақтарға келсек, оларды өз тарихын білмейтін надан халық деп кім айтады? Олар өздерін Нұғдайдан тарқатпаса да, ол кісінің қарақалпақ қоңыраты екенін, ОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛҒАЛЫ РУЫНЫҢ ТУМАСЫ ЕКЕНІН ЖАЗАДЫ. Жарылқап мырза Нағанай биді қазақтың қайсы руына жататынын көрсете ала ма? Жарылқапта ондай дерек жоқ. Ауызша ел ішіне таратылған шежіреде айтылатындай, Нағанайдың кіндігінен шыққан екен делінетін Жығалы мырза, Орынби, Мелдеби туралы да дерек келтіре алмайды. Нағадайдың отыз ұлы мен екі құлы астындағы қоңыр түсті аттар туралы да ешнәрсе айтпайды. Ол тек Нағанайдың төрт сопы ұлдары туралы деректер келтіреді. Ол адамның қазақ қоңыраттары мекеніне келгені туралы да деректер келтіре алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде түсінгеніміз, академик Бартольдтің тікелей қатысуымен дүниеге келген “Нұғдай хан” туралы ертегі Қазақ қоңыраттарын тарихынан адастыру мақсатын көздейді екен. Ол жалған аңыз молда-қожалар арқылы қараңғы Қазақ қоңыраттары арасына мақсатты түрде, қасақана таратылған деген қорытындыға келдік. Қарақалпақтар ішінде Нұғдайға арнап тұрғызылған ескерткіш жоқ, жерленген орны да намәлім. Нүкістегі музейде де мәліметтер бар деген дерек айтылмайды. Жетісайлық бір топ кәсіпкер Нағанай биге атап Үргеніште ескерткіш тұрғызбақ болып, учаске сұраса, келісім бермепті. Ол дегеніңіз тарихқа жауапкершілікпен қараудың көрінісі ғой. Біздегі жағдайды көріп отырмыз: ол адамның бізге қатысты жері нақты дәлелденбесе де, халықтан 40 миллион теңге жинап, ескерткіш тұрғыздық. Ақшаны желге шашқанмен бірдей тірлік болды бұл. Сол қаржыға үйсіз-күйсіздерге арнап үйлер тұрғызғанда сауабы әлдеқайда зор болар еді. Қоңырат елінің басшысымын деген жалған атаққа малданған Қанжігіт мырзаның елді қандай тығырыққа тірегенін көріп отырсыздар. Енді ол адам демократиялық негізде Қоңырат елінің Төбе биі лауазымына сайланған Бауыржан Оңғарбаевтың жолын кесу үшін екі полковник пен бір прокурорды пайдаланып, астыртын жұмыс жүргізуде. Бұл адамға қандай дауа бар? Үргеніште Қоңыр сопыға арнап халықаралық ғылыми конференция өткіздік дейді. Оған қатысып қайтқан Барлыбай мырза ол шарадан ешқандай ғылыми негіз көре алмағанын айтып келді. Түймедейді түйедей етіп көрсететін әрекеті баяғы. Қоңырат мырзалар! Жалған әңгімелерге тоятын уақыт жетті ғой. Шынайы тарихымызды жасауға толағай үлесін қосып келе жатқан Бауыржан Оңғарбаев сынды азаматымызды қолдап, жалған, жүрек айнытатын сасық әңгіме қоздыратындарды арамыздан аластайық! Сіздерге деген құрметпен: ОҢҒАР. 19-12-2022 ж.