Түрік қағанаты

Түрік қағанаты атымен елдігін қайта тіктеген Күн елінің ұрпақтары Боджман қағанға Ел хан атағын берді. Бұл атаудың астарында не мән бар еді? Соған үңілсек, 93 жылдың ең қатал, айбынды да қасіретті күндеріне ойша оралады екенбіз. Үстіміздегі екі мың жылдықтың басынан бермен ыдырау кезеңін бастан кешкен Оғыз хан ұрпақтары өздері үшін қатерлі кездің жақындап қалғанын сезгендей еді. Оғыз ханның өзі осыдан үш ғасыр бұрын алғашқы жорығында-ақ тізе бүктіріп, өз елі қатарына қосқан дунху-татарлары Қытайдан қолдау көріп, Сәнби атымен қарсы айбат шеге бастаған. Олардың Сүйініш ханы теріскейдегі Саян қырғыздарымен сөз байласқаны да белгілі еді. Бұл кездері қытайлар Хун деп атайтын Күн елінің бірқатар рулары батысқа қарай жөңкілген болатын. Олардың маңдай алды бөліктері Гун атымен Еуропаға да әйгілене бастаған кез бұл. Елдің аталар дәстүріне адал аз ғана бөлігі өздерінің соңғы ханы Ел ханның айналасына топтасып, атамекені – Қалқа даласына шоғырланып, қорғануға бекінген болатын. Тоқсаныншы жылдың басында теріскейден қырғыз иналы бастаған қалың әскер Қалқа даласына кіріп келе жатты. Сүйініш хан (қытайша аты Сюань) бастаған сәнби татарлары қытай жағына ойысқан Күн елінің дүниеқұмар, сатымсақ рубасылары бастаған сарбаздарымен бірге шығыс пен түстіктен ат қойған. Күш тең емес, дұшпандар жағы бірнеше есе басымдыққа ие еді, сонда да болса елді қорғауға бекенген Күн елінің жауынгерлері атқа қонды.. Тарихқа қарайық: “Северный шаньюй Юлю (Елхан) оказался в кольце врвгов; с юга нажималы южные хунны: к которым перебегали его поданные, на востоке свирепствовали сяньби, на севере снова поднялись динлины (қырғыздар). Поражение было неминуемо, катастрофа неибежна, но Юлю (Елхан) с мужеством отчаяния продолжал борьбу. … Юлю шаньюй потерпел полное поражение, он был захвачен врагами, которые содрали с него кожу. Сяньби не развивали успеха: расправившись с врагом, они ушли обратно. …В следующем году против Хунну ополчилась сама природа. Через Халху прошла саранча, и к бедствиям войны прибавился голод”. Осылайша қыл үстінде тұрған елге Қытай елі 93 жылы атты әскерін жұмсап, толық қырғынға ұшыратады. Қытай тарихында былай деп жазылады: “Юйчугянь был последним северным шаньюем из рода Модэ (Оғыз хан). На основании этого китайские историки считали 93 год концом хунского государства”. Міне Елханның ұлы Қиян ханзаданың тірі қалған азғантай ұрпақты бастап, Ергене Қон тау аңғарына барып, пана табуы осы жыл болатын. Тарих пен шежірелерді ұштастыра қарап, осы шындықты сіздердің назарларыңызға ұсындық. Елхан бабамыз жан беріп алысса да, сақтай алмаған елін оның ұрпақтары араға төрт жүз елу жыл салып, Боджман қаған тұсында қайтадан қалпына келтіріпті. Тарихи әділеттікті қалпына келтірген Боджман қағанға Күн елінің соңғы ержүрек басшысы Елханның атын беру жөні содан екен. ОҢҒАР. 23-12-2022 ж.

Бір кісінің егіз ұлдарындай болған екі халықтың арасындағы ең алғашқы соғыстардың бірі Оғыз хан патшалығының ең бірінші жылында, яғни үстіміздегі жыл санауға дейінгі 209 жылы орын елған еді. Ел басшылығына енді ғана келген Оғыз ханды сынап көру, егер талабына көнбеген жағдайда басып алуды ойластырған, сол кездері Дунху атанған татардың әккі билеушісі елшісінің алғашқы екі сапарында Оғыздың шашасына шаң жұқтырмаған тұлпары мен сұлу жарын сұратқан дейді. Айналасындағыларды таң қалдырған Оғыз хан көршінің екі қалауын да орындап жіберіпті. Себебі көршінің теріс пиғылын түсінген Оғыз ханға әскерін ұрысқа даярлау үшін уақыт керек еді. Көршінің елшісі үшінші келісінде арада жатқан сары жазықты сұратыпты. Әскерін даярлап үлгерген Оғыз ханның күткені де осы еді. “Жер-мемлекеттің негізі, жерсіз ел болмайды! Біз енді ұрысамыз!”, деп ұрандатады Оғыз хан саңқылдап. Әбілғазы былай дейді: “Оғыз хан татарларға шабуыл жасады. татар ханы көп әскермен оған қарсы тұра алмады. Оғыз жеңді. Оғыз хан әскерінің қолына көп олжа түсті”. Бұл оқиға біздің дәуірімізден 209 жыл ілгері орын алғанын жоғарыда айттық. Арадан ғасырлар өтсе де, Оғыз ханның “Жер – мемлекеттің негізі, жерсіз ел болмайды”, деген қанатты сөзі әулеттің ұраны болып қалған екен. Тағы да Әбілғазы айтқандай, Күн елі араға 450 жыл салып, атамекенін қайтарып алғанымен шектелмей, бұл кезде Жужан аталған татар елінің қауіпін толық еңсеру үшін оларға қарсы әскери қимылды ары қарай дамытады. Ел ханы атанған Боджман қаған 552 жылдың аяғында дүниеден өткен соң оның тағына ие болған үлкен ұлы Қозұқ-Құл қаған (қытайлар бұл есімді Исиги Коло деп атаған. Қоз деген сөз ыстық деген мағынаға ие екенін ескеріп, Исиги деп, Құл дегенді Колоға шендестіріпті. Божбан шежіресіндегі Қожағұл осы, дейді Орынбай Бекжан) қайтадан бас көтерген жужандарды Лайшан тауы бөктеріндегі ұрыста күйретеді. Тарихта Исиги Коло жұмбақ жағдайда кешікпей көз жұмғаны айтылады. Таққа Исиги Колоның ұлы Шету емес (бұл божбан шежіресіндегі Шекен), інісі Мәукін (тарихта Мұған хан) қаған отырады. Тарихта бұл билеуші “қатал да рақымсыз, батыл да ақылды және соғыстан өзге ешнәрсе ойламайтын еді”, деп сипатталады. Сол айтқандай, Мұған қаған жужандарды күйрете жеңіп, оларды қытайдың Ци патшалығына қуып тығады. Айта кетейік, Қытай мемлекеті ол кездері Ци және Батыс Вэй деген екі патшалықтан тұратын. Жужандардың Ци патшалығына қашып баруы, бұлар Батыс Вэй патшалығына қарсы өзара одақтас болатын. Дей тұрғанмен жұмыс істеуге дағдыланбаған жужандар циліктердің ішінде ұрлық пен қарақшылық жасай бастайды да, одақтас елге сиыса алмай, 555 жылы Ци императоры оларды өз жерінен түзге қарай қуып жібереді. Осы сәтті пайдаланған Мұған хан қолы Дыншуцзи бастаған жужан қолын соққыға алады. Барар жері қалмаған жужан әскерінің қалдықтары Батыс Вэй патшалығын паналамақ болады. Түркілермен одақтас болған бұл патшалық үш мың жужан әскерилерін байлап-матап, елшісінің қарамағына береді. Түрік елшісі ересек жужандардың бастарын шаптырып, бала-шағалары мен әйелдерді құлдыққа айдап кетеді. Сонымен, бір кездері Күн елін қырғынға ұшыратып, жеріне иелік еткен, әр дәуірлерде дунху, сәнби, жужан атымен тарихқа мәлім болған бұл ел құрып бітеді де, Мұған ханның Күнқұрат елі далалықтағы елдердің жеке билеушісіне айналады. Жужандар бұдан былайғы жерде татар (сазайын тартар) деген атқа ие болады. Үлкен тарихымыздың бір парасы осы еді. ОҢҒАР. 23-12-2022 ж.

Ал енді тарихымызға келсек, Мұған ханның тұсында Түрік қағанатының шекарасы шығыста Кореядан басталып, батысы Қырым мен Босфор бұғазына барып тірелгенін көрер едік. Батыс өңірлерін игеруге Боджман қағанның інісі “Асыл Істенмән жабғы” (Көктің ұлы) мол үлес қосқаны тарихи деректерден аңғарылады. Түркілер Иранмен одақтасып, эфталиттерді талқандағанын және оны екі ел – Иран мен Қағанат арасында бөліске салынғаны мәлім болады. Қағанаттың дамуына зор еңбек сіңірген Мұған ханның 572 ж. қайтыс болып, орнына Тобо хан (божбан шежіресінде Тоқпақ делінеді) отырады. Ал 576 ж. Істенмән өмірден өтеді. Мұған хан мен Істенмән жабғы қағанатқа дәуірлік үлес қосқан тарихи тұлғалар болатын. Тобо хан дәуірінде қағанатқа Византия елшілігі келгені, елшілікті қабылдау рәсімі тарихта кеңінен көрініс тапқанын көрдік. Оны елшілік құрамында келген Менандр деген егжей-тегжейлі жазыпты. Соны оқырмандар назарына ұсынайық. “…Олар түсте әдемілеп ауқаттанды және ұзақ күнді сол шатырда той-томалақпен өткізді. шатыр алуан-түрлі оқа-зермен оймышталған жібек матадан тігілген еді. Олар шарап ішіп шаттанысты, бірақ шарабы біздердікі секілді жүзімнен жасалатын шарап емес. Олардың ішетін сусыны да тағылардың белгісіз сусыны. Келесі күні олар (ұрымдықтар) кешегі сияқты жібектен жасалып, әртүрлі әшекейленген басқа бір шатырға апарылды. Мұнда олардың әртүрлі әулиелері қойылған екен. Дизауыл (Істемихан) саф алтыннан құйылған тақта отырды. Осынау үйдің дәл ортасында алтын ыдыс-аяқтар мен бүріккіштер, кеспектер бар, олары да алтыннан. Олар тағы да ауқатқа бас қойды, қажетті кептерін ішімдік үстінде айтып, сырласып біткесін, жөн-жөнімен тарқасты. Келесі күні олар басқа бір кең бөлмеге кірді, мұнда алтынмен апталған ұстындар, сол сияқты төрт алтын тауыс тіреп тұрған алтындалған төсек болатын. Бөлме алдындағы кең алаңға ұзыннан ұзақ етіп арбалар тізіліп қойылған. Олардың үстінде көптеген күміс бұйымдар, аяқ-табақтар мен себеттер, әртүрлі мақұлықтардың күмістен жасалған бейнелері бартұғын. Бұлардың бізде жасалған бұйымдардан ешбір кемдігі жоқ еді. Түркі жұрты бегінің жиһаз-мүлкі міне осындай еді”. Әлемнің жартысына иелік еткен түркі жұрты билеушілері мекенінің нақты иелеріне келсек, үш шатырдың екіншісі алтын тақта жайғасқан Істеми жабғы екені көрініп тұр. Бірінші жіне үшінші шатырлар Тобо ханның өзі мен оның көмекшісі болған, гректер Арсила деп атаған божбан шежіресіндегі ханның інісі Бекарыстанға тән болған деп тарихта жобаланады. Бұл ұлы Түрік қағанатың дәуірлеу кезеңінің шыңы болатын. ОҢҒАР. 24-12-2022 ж.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: