Шыңғыс хан, ДНК,

Қайырлы күн, ағайын! Кеше біз айтқан Шыңғыс хан әулеті мен қазақ қоңыраттарының ДНК сы туралы деректер біз үшін құпия емес, бұрыннан мәлім еді. Біз үшін бұл жерде маңыздысы комиссияның құрамы болатын. Генетиктердің қатарындағы Жақсылық Сабитов деген қазақ қоңыраттарына анық тілектес емес, тарихымызды Нағанайдан қайыруға бейім екені байқалатын. Зерттеушілер құрамы үлкен болғандықтан да мұғыл дәрлегиндердің қан құрамы қазақ қоңыраттарымен сәйкестігі анықтап айтылды және үйсіндермен жуықтамайтыны көрсетіп берілген. Рашид ад-Дин аудармашылары мұғыл-дәрлегиндердің қатарына нирунды жатқызғысы келмегенімен, шын мәнінде олар Шыңғыс ханның аталарымен туыстығында күмән жоқ. Ол нұрдан жаралған әулет дегенді білдіреді. Нұрдан жаралған әулеттің анасы Қоралас руынан болса, Қоралас руы Қоңыраттың “алтын көзеден” тарайтын Тұсбодаудан делінеді, ал әкесі Дүбін Баянға келсек, оның түп негізі Қияннан екені айтылады. Аңызда нұрдан жаралған делінетін үш ұлдың да түп негізі Қоңыраттың “алтын көзеден” тараған ұлдарымен сәйкеседі. Нирундардың атасы да, анасы да Мұғул дарлегиннен шығады екен. Шыңғыс ханның аталары тарайтын Қоралас руы Тұсбұдаудан екені де мәлім. Сайып келгенде бұл әулеттің Мұғул дарлегыннан екенінде ешқандай күман қалмайды. Мұғул дарлегын мен қазақ қоңыраттарының қан құрамы, яғни ДНК-сы 86 пайыздық мөлшермен сәйкес екені мәлім. Сондықтан Шыңғыс қағанның өзіміздің атамыз екендігінде ешқандай күмән болмауы тиіс. Ал кіші әкесі Меңгіду қиян Бардан батырдың ұлы екені мәлім. Ол Қоңырат тайпасының биі болған адам, Есукей баһадүрдің ағасы болып келеді екен. Шыңғыс ханның ең сенімді кісісі осы кіші әкесі болған Есукейдің Некүн тайшы, Дәрітай кенже деген бауырлары және олардан тарайтын ұрпақтар Шыңғыс ханға адал қызмет етпегені де мәлім. Меңгіду қиян деген кісіні Шыңғыс ханның кіші әкесі, қоңыраттың биі дедік қой. Ол шежіреміздегі Мелде бимен сәйкеседі.

Шын мәнінде біз үшін қоңыраттар туралы “Бұл қауым Ергене қонға кеткен сол екі адамнан тарайды”, деп Рашид ад-Дин шежіресінде жазылуының өзі жеткілікті десек те болады. Бұл сөзінде шежіреші Қиян ханзада мен оның ағайыны Нүкізді меңзеп отырғаны түсінікті. Қиян ханзада Хұн дәуірінің ұлы билеушісі Оғыз ханның тікелей ұрпағы ғой. Хандық дәстүрдің Оғыз ханнан бастау алып, Шыңғыс ханға тірелетінін осы қосымша деректердің негізінде көріп отырмыз. Оғыз хан – қоңыраттардың түпкі атасы деп Шәкәрімдей дана, ғұлама текке жазбаса керек.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: