Қазақ қоңыраттарының Оғыз хан дәуірінен Шыңғыс хан дәуіріне дейінгі тарихи тамыры, сондай-ақ Шыңғыс ханның дүниеге келуі мен басқан іздері Қалқа өңірімен байланысты. Тарихшылардың Шыңғыс ханды Халха монғолы дейтіні сондықтан. Ал енді кейінгі кезде кейбір тарихшылар “Халха моңғолы” дегенді тунгустармен, тағы басқа бөтен жұрттармен байланыстырғысы келетінін де көріп жүрміз. Бұнда елді Шыңғыс ханның шынайы тарихынан айырып, оны Бұқтырма маңында немесе Жетісуда тудыру әрекеті жатқаны аңғарылады. Сондықтан деректерді оқығанда оның астарына үңіліп қарау керек. Қарақорым қаласы туралы да адастырулар көптеп кездеседі. Тарихқа қарасақ, ол қала ұйғырларға тән болған және 758 жылы тарихта көрініс тапқан. Ол қаланы Үгедей қағанның астана қылғаны, ол жерде ұйғырлар мекендейтіні, мешіттер бар екені Рубрук пен Карпини жазбаларында бар. Ал Бұқтырма су қоймасының маңында ұйғырлардың мекендегені туралы дерек кездеспейді. Сайып келгенде, біздің ғылыми деректерді негізге алып жазған дүниелерімізді газеттерде жарияланған мақалаларымыз бен әлеуметтік желідегі сөздерімізден хабардар қарсы жақ қолдарынан келгенше ойдан құрастырған өз версияларын елдің санасына тықпылаумен әуре. ОҢҒАР. 27-12-2022.