ҚАЛҚАДА ЕЛДІКТІҢ ТУЫН КӨТЕРУ

50 мың отбасылы Теле тайпасын бағындырып, қатарына қосып алу және Батыс Вэй патшалығымен оңды қарым-қатынас орнату туған жерді қайтаруды мұрат тұтқан Боджман қаған күнқұраттарының алдынан жаңа мүмкіндіктер ашты. Ол жужандарға қарсы ашық күреске ниеттенген теле жұрты қатарынан жауынгерлік қабілеті барларды дереу іріктеп алып, солардан жасақталған жаңа түменді таудың арғы бетінде құпия түрде әскери өнерге машықтырып, жауынгерлік тәртіпке баули бастады.
Енді Боджман қағанға жужандарға қарсы соғыс ашудың алғышартын дайындау қажет еді. Ол үшін Жужан патшасы Анахуанның ордасына елші жіберіп, оның қызын өзіне әйелдікке айттырады. Қағанның жужан ханшасына «ынтызарлығы» әкесінің шамына қатты тисе керек. Құндар елінің жужандарға темір қорытып берген кездерін алға тартқан Анахуан соны қағанның бетіне салық қыла сөйлеп, бүй депті: «Әй, сен, маған темір қорытып беретін құлым емес пе едің? Өз жөніңді білмей, менің қызымды айттыруға қалай дәтің барды?
Қаған одан басқаша жауап күтпеген де еді. Бұл оқиғадан кейін жәбірленуші кейпіне түскен Боджман қаған үшін жужандарға қарсы соғыс ашуға сылтау табылды. Енді ол Батыс Вэй патшасы Вэн-димен келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында оның қызы Чанлені мол жасау-жабдығымен әйелдікке алады, сөйтіп, жужандарға қарсы әскери одақ осы құдалықпен бекітіледі. Енді Анахуан ордасына тосын шабуыл жасаудың қолайлы уақытын белгілеу ғана қалып еді…
Тарихқа қарасақ, қоңыраттардың Жужан патшалығын талқандап, Қалқада елдіктің туын көтеру арманы 552 жылдың қысында жүзеге асыпты.
ОҢҒАР. 04-01-2023.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

%d bloggers like this: