Армысыздар, қазақ қоңыраттары! Қалқа моңғолдары туралы видеороликке байланысты өз пікірімді білдірейін. Қалқа жерінде қазақ қоңыраттарының аталары осыдан үш мың екі жүз жыл бұрын өзінің мемлекеттігін құрғаны туралы қытай тарихшысы Сыма Цянь, француз Дегинь, румдық Кордье жазып қалдырған. Л. Гумилев өзінің “Хунну” деген кітабында хун деген ежелгі тайпаның көшпелі мал шаруашылығы жағдайымен оңтүстіктен қоныс аударып келгені, қытай дереккөздерінде олар туралы үстіміздегі екі мың жылдықтан 1764 жыл бұрын, яғни дәл қазіргі кезден 3800 жылдай ілгері жазыла бастағанын баяндайды. Халха жерінде мемлекеттігін құрған тайпаның сол өңірдегі ақырғы жылдары туралы Л.Гумилев былай дейді: “В следущем году против Хунну ополчилась сама природа, через Халху прошла саранча, и к бедствиям войны прибавился голод”. Сонымен татар, қырғыз, қытайдың біріккен қуатының қырғынына ұшырап, 93 жылы Қиян ханзады мен оның туысы Нүкіздің әулеті Ергене қон тау аңғарына кетеді. Ол жерде 450 жыл тіршілік етіп, мал шаруашылығымен қатар темір өндірісімен шұғылданады. Бұл туралы Бичуриннің, т.б. шетел зерттеушілерінің еңбектерінде нақты айтылатынын өткен жолы да сіздерге хабарлаған болатынмын. 552 жылдың қысында Қалқа жерін қайтарып алып, Түрік қағанатының туын тігеді. Қоңыраттар мемлекетінен қалған “Орхон” тас ескерткіштері де, олардың қатарында Алып елетміш, Күлтегін ескерткіштері, т.б. Халха өңірінде екені ешкімге құпия емес. Шыңғыс хан дәуіріне келсек, сол уақыттағы дереккөзде “Қалқа өзенінің Бұйра көліне құятын сағасында көп малды Қоңырат деген ел бар” екені жазылған. Шыңғыс хан өзі құрған “Алты Алаш” елі ордасын Қалқа өзенінің батыс жағасында тіккені “Алтын шежіреде” жазылған. Демек, қазақ қоңыраттары үшін Қалқа даласы қасиетті мекен болған. Құбылай хан Қытайды бағындырып, ордасын Ханбалыққа (бүгінгі Пекин) көшірсе де, тамыз айында Қалқа даласына келіп, он мың боз бие байлатып, соның қымызын қоңыраттармен бірге ішетіні туралы италиялық жиһанкез Марко Полодан қалған дерек бар. Шыңғыс хан кіші ұлы Төлеге қара шаңырақ ретімен Қалқа даласын еншілеп бергенін кім білмейді? Шынайы тарихымызды танығысы келген жандар осы айтылғандарға мән беруі керек. Бұл шындықты теріс айналдырып жүргендердің шынайы тарихшы емес екенін немесе қасақана бұрмалаумен әуестенетін, көңіл бөлуге арзымайтын біреулер екенін біле жүрейік, ағайын! ОҢҒАР. 16-01-2023 ж.