Алаш тарихи зерттеу орталығының жетекшісі академик Хайрулла Ғабжалилов “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” деген еңбегінде былай деп жазады: “Рашид ад-Дин, Әбілғазының жазбалары бйынша Қоңырат тайпасының сол кездегі рулық құрылымының кестесін келтіре кетейік. Ергене қоннан шығып келгендер қатарында 18 ата Қият тайпасы болды. Солардың ішінде Нүкүз, Еңкірес (Икирас), Қоңырат, Елқонұт, Құрлас, Елшікі (Елжигин), Қоңқұлттар аталып өтеді. Бұлардың барлығыContinue reading “Алаш, Қоңырат, Шыңғысхан”
Author Archives: Sangyl
Қалқа, монғол, қоңырат
Армысыздар, қазақ қоңыраттары! Қалқа моңғолдары туралы видеороликке байланысты өз пікірімді білдірейін. Қалқа жерінде қазақ қоңыраттарының аталары осыдан үш мың екі жүз жыл бұрын өзінің мемлекеттігін құрғаны туралы қытай тарихшысы Сыма Цянь, француз Дегинь, румдық Кордье жазып қалдырған. Л. Гумилев өзінің “Хунну” деген кітабында хун деген ежелгі тайпаның көшпелі мал шаруашылығы жағдайымен оңтүстіктен қоныс аударып келгені,Continue reading “Қалқа, монғол, қоңырат”
Шыңғыс хан, ДНК,
Қайырлы күн, ағайын! Кеше біз айтқан Шыңғыс хан әулеті мен қазақ қоңыраттарының ДНК сы туралы деректер біз үшін құпия емес, бұрыннан мәлім еді. Біз үшін бұл жерде маңыздысы комиссияның құрамы болатын. Генетиктердің қатарындағы Жақсылық Сабитов деген қазақ қоңыраттарына анық тілектес емес, тарихымызды Нағанайдан қайыруға бейім екені байқалатын. Зерттеушілер құрамы үлкен болғандықтан да мұғыл дәрлегиндердің қанContinue reading “Шыңғыс хан, ДНК,”
ҚАЛҚАДА ЕЛДІКТІҢ ТУЫН КӨТЕРУ
50 мың отбасылы Теле тайпасын бағындырып, қатарына қосып алу және Батыс Вэй патшалығымен оңды қарым-қатынас орнату туған жерді қайтаруды мұрат тұтқан Боджман қаған күнқұраттарының алдынан жаңа мүмкіндіктер ашты. Ол жужандарға қарсы ашық күреске ниеттенген теле жұрты қатарынан жауынгерлік қабілеті барларды дереу іріктеп алып, солардан жасақталған жаңа түменді таудың арғы бетінде құпия түрде әскери өнерге машықтырып,Continue reading “ҚАЛҚАДА ЕЛДІКТІҢ ТУЫН КӨТЕРУ”
Шежірелік деректер
Шежірелік деректерде 93 жылғы қырғыннан соң ханның кіші ұлы Қиян мен оның немере туысы Нүкіз келіншектерімен жұртқа қашып келген төрт түлік малдың түр-түрін айдап, Ергене Қон тау аңғарына көтеріліп кеткені айтылады. Бұны тек екі отбасы ғана деп түсінбеу керек. Қиян ханзады өзінің хандар әулетін бастап шықса, сондай-ақ олардың қатарында бұл әулетке адалдығын сақтаған, солардың әріContinue reading “Шежірелік деректер”
Көктің ұлы, түрік қағанаты
Қағанаттың таққа отырған бесінші ханы Шету қаған Қытай императорына жазған хатында өзін «Көктен жаратылған ұлы Түрік, аспан астындағылардың данасы әрі ардақтысы Көктің Ұлы Шету қаған…», деп атайды. Кейбір азаматтардың тарихқа Бумын қаған деп енген кісінің атын Боджман қаған деп оқылуынан шошып отырғанын ескеріп, оның ұрпағы болып келетін Шету қаған өзін Көктің Ұлы деп атағанына көңілContinue reading “Көктің ұлы, түрік қағанаты”
Түрік қағанаты тарихы
Түрік қағанаты дәуіріндегі тарихымызға келсек, Мұған хан мен Тобо хан билігі кезеңінде елдің кемелденіп, Қытай сияқты алыпты ықтырған сәттерін көрер едік. Тобо ханның: “Тек оңтүстіктегі екі балам-Чжоу мен Ци бізге бағынышты болып тұрса, бізге кедейшіліктен қорқудың керегі жоқ”, – дейді екен. Олардың әрқайсысы жылма-жыл 100 мың тай мақта-жібек кездемелерін ұсынып, оның негізгі бөлігін Бұқар саудагерлеріContinue reading “Түрік қағанаты тарихы”
Қазақ қоңыраттары
Қазақ қоңыраттарының Оғыз хан дәуірінен Шыңғыс хан дәуіріне дейінгі тарихи тамыры, сондай-ақ Шыңғыс ханның дүниеге келуі мен басқан іздері Қалқа өңірімен байланысты. Тарихшылардың Шыңғыс ханды Халха монғолы дейтіні сондықтан. Ал енді кейінгі кезде кейбір тарихшылар “Халха моңғолы” дегенді тунгустармен, тағы басқа бөтен жұрттармен байланыстырғысы келетінін де көріп жүрміз. Бұнда елді Шыңғыс ханның шынайы тарихынан айырып,Continue reading “Қазақ қоңыраттары”
Түрік қағанаты
Түрік қағанаты атымен елдігін қайта тіктеген Күн елінің ұрпақтары Боджман қағанға Ел хан атағын берді. Бұл атаудың астарында не мән бар еді? Соған үңілсек, 93 жылдың ең қатал, айбынды да қасіретті күндеріне ойша оралады екенбіз. Үстіміздегі екі мың жылдықтың басынан бермен ыдырау кезеңін бастан кешкен Оғыз хан ұрпақтары өздері үшін қатерлі кездің жақындап қалғанын сезгендейContinue reading “Түрік қағанаты”
Бөрте шене (Боджман қаған)
Бөрте шененің (Боджман қаған) алдында Күн елінің ұрпақтары ғасырлар бойы армандаған, аталары аманаттаған Қалқа даласын жужандардан қайтарып алу міндеті тұрды. Ол міндетке қол жеткізу үшін қытайдың Батыс вэй патшалығымен жолға қойылған қарым-қатынасты ұлғайту, жужандарға өшігулі телелерден қосымша жасақ құрып, оларды жаттықтыру жұмыстарын атқару үшін уақыт керек еді. Құпиялықты сақтау үшін Боджман қаған әскери ойындарды тауContinue reading “Бөрте шене (Боджман қаған)”