Қайырлы таң, ағайын! Нағанай би туралы филология ғылымыныің кандидаты Жарылғап Бейсенбайұлы деген азаматтың зерттеу еңбегімен біз де танысып едік. Алайда ол өз зерттеуінде Үргеніш сапары туралы көсіле жазғанымен, Қазақ қоңыраттары мен Қарақалпақ қоңыраттарын туыстыратын тұшымды дәлел келтіре алмапты. Нағанай бидің мазарының орны осы болар деп жобалап, Беруни маңындғы ескі қорымда орын тепкен Шейх Аббас Уәли кесенесі маңындағы биіктеу бір үймеден топырақ алғанын жазады. Бірақ ол үйменің Нұғдай беклербегі сағанасының орны екенін дәлелдейтін бірде-бір дәлел келтіре алмайды. Сонда бұл не қылған ғылыми экспедиция деп таң қаласыз. Нұғдай сияқты атақты тұлғаға арнап тұрғылған кесене орны екенін дәлелдейтін құлпытасты айтпағанда, әулиелі кесене орыны екенін айақтайтын бір күйген қыш та көрмепті бұл “ғылыми экспедиция” (!?). Бізді сталиншіл тарихшы-акадамик В.Бартольдтың осы маңға 1929 ж. арнайы келіп, “Хорезм тарихы бойынша жаңа дереккөз” деген мақала жазғаны тіксінтіп еді. Ол былай депті: “Хиуаның қоңырат хандарының бабасы, Өзбек ханның замандасы Нуғдай хан (Мунистің жазуынша Нағадай би) болған еді. Ол көне Қият қаласында дүниеден озып, шейх Аббас Уәли мазары жанындағы өзі салдырған кесенеде жерленген”. Өз кесенесін сондай ықпалды болған кісі жергілікті материалдан – шикі қыштан салдырмаса керек қой. Күйген қыш қандай су тасқыны болса да ери қоймайды. Осы айтылғандардың бәрі осылай көңілге күдік ұялатады. Бартольдтың Нұғдай хан деп әспеттеуінде де саяси тапсырыстың сасық иісі мүңкитін сияқты. Сол ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Сталиннің жеке нұсқауымен сол өңірде малдарын бағып жүрген араттардың негізінде Моңғолия мемлекеті құрылып, Шыңғыс ханды орыс тарихшылары соларға еншілегенін біз неге ескермеуіміз керек? Қазақ қоңыраттары үшін жалған тарих жасап беру үшін тасталған қармаққа ұқсас дүниеге тап келгендейміз мына Жарылқап Бейсенбайұлы мақаласы арқылы. “Ғылыми экспедиция” мүшелері біліп-білмей елді сталиншіл Бартольд салған қораға қайтадан айдап кіргізу әрекетін жасапты. Ал енді қарақалпақтарға келсек, оларды өз тарихын білмейтін надан халық деп кім айтады? Олар өздерін Нұғдайдан тарқатпаса да, ол кісінің қарақалпақ қоңыраты екенін, ОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛҒАЛЫ РУЫНЫҢ ТУМАСЫ ЕКЕНІН ЖАЗАДЫ. Жарылқап мырза Нағанай биді қазақтың қайсы руына жататынын көрсете ала ма? Жарылқапта ондай дерек жоқ. Ауызша ел ішіне таратылған шежіреде айтылатындай, Нағанайдың кіндігінен шыққан екен делінетін Жығалы мырза, Орынби, Мелдеби туралы да дерек келтіре алмайды. Нағадайдың отыз ұлы мен екі құлы астындағы қоңыр түсті аттар туралы да ешнәрсе айтпайды. Ол тек Нағанайдың төрт сопы ұлдары туралы деректер келтіреді. Ол адамның қазақ қоңыраттары мекеніне келгені туралы да деректер келтіре алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде түсінгеніміз, академик Бартольдтің тікелей қатысуымен дүниеге келген “Нұғдай хан” туралы ертегі Қазақ қоңыраттарын тарихынан адастыру мақсатын көздейді екен. Ол жалған аңыз молда-қожалар арқылы қараңғы Қазақ қоңыраттары арасына мақсатты түрде, қасақана таратылған деген қорытындыға келдік. Қарақалпақтар ішінде Нұғдайға арнап тұрғызылған ескерткіш жоқ, жерленген орны да намәлім. Нүкістегі музейде де мәліметтер бар деген дерек айтылмайды. Жетісайлық бір топ кәсіпкер Нағанай биге атап Үргеніште ескерткіш тұрғызбақ болып, учаске сұраса, келісім бермепті. Ол дегеніңіз тарихқа жауапкершілікпен қараудың көрінісі ғой. Біздегі жағдайды көріп отырмыз: ол адамның бізге қатысты жері нақты дәлелденбесе де, халықтан 40 миллион теңге жинап, ескерткіш тұрғыздық. Ақшаны желге шашқанмен бірдей тірлік болды бұл. Сол қаржыға үйсіз-күйсіздерге арнап үйлер тұрғызғанда сауабы әлдеқайда зор болар еді. Қоңырат елінің басшысымын деген жалған атаққа малданған Қанжігіт мырзаның елді қандай тығырыққа тірегенін көріп отырсыздар. Енді ол адам демократиялық негізде Қоңырат елінің Төбе биі лауазымына сайланған Бауыржан Оңғарбаевтың жолын кесу үшін екі полковник пен бір прокурорды пайдаланып, астыртын жұмыс жүргізуде. Бұл адамға қандай дауа бар? Үргеніште Қоңыр сопыға арнап халықаралық ғылыми конференция өткіздік дейді. Оған қатысып қайтқан Барлыбай мырза ол шарадан ешқандай ғылыми негіз көре алмағанын айтып келді. Түймедейді түйедей етіп көрсететін әрекеті баяғы. Қоңырат мырзалар! Жалған әңгімелерге тоятын уақыт жетті ғой. Шынайы тарихымызды жасауға толағай үлесін қосып келе жатқан Бауыржан Оңғарбаев сынды азаматымызды қолдап, жалған, жүрек айнытатын сасық әңгіме қоздыратындарды арамыздан аластайық! Сіздерге деген құрметпен: ОҢҒАР. 19-12-2022 ж.
Чингисхан, КОНРАТ
Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Т.Омарбеков пен Г.Б.Хабижанова “Исторические истоки средневековых конратов” деген мақаласы туралы. В статье анализируется с научной позиции история и генеалогия конратов (олхонутов), одного из древних тюркских племен, населявших в средние века монгольское плато. Авторы путем сравнительного анализа сопоставляя древние исторические источники с генеалогией, впервые определяют их логическую взаимосвязь. “Вместе с тем, таким образом, определяется генетическая взаимосвязь средневековых КОНРАТОВ, происходящих от древнего рода Қият, с родом Қиян, от которого позднее берет свое начоло род Чингисхана”.
Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – ғаламат күш иесі. Қазақтың атын тұңғыш рет әлем жұртына танытқан осы бір таудай құбылыс баба тарихынан бізге жеткен алып баһадүрлер туралы әңгімені растай түсуі үшін арнайы жіберілгендей көрінеді, кейде. Шындығын да, ежелгі қазақ батырларының тау тұлғалық алып қасиеті туралы кейбір аңыз боп жеткен әңгімеге сеніңкіремей «қазекемнің асырып жіберетіні бар» дейміз. Алайда күні кеше, яғни 1948 жылы ғана өмірден өткен Қажымұқанның алып тұлғасы ондай аңыз әңгіменің ешқайсысы да ақиқаттан алыс еместігін айғақтай түседі.
Өмірдегі Қажымұқан қандай еді?
Жақында Астананың батыс беткейіндегі Қажымұқан ауылында даңқты балуанға арналып, ас берілген еді. Асқа алыстан арнайы ат терлетіп, солтүстік өңірден келген, ұлты татар жігіт ағасының әңгімесі Қажымұқанның батырлығы, балуандығынан бөлек, азаматтық игілікті істерін, жомарттығын да паш ететін шежіре болып шықты. «Ағайынымыз Сейфулла атты татар осы өңірде кішкене күнінде Қажымұқанмен тел өскен достарының бірі болған екен. Өзі де Қажымұқан секілді жастайынан жетім қалып, тіпті кейбір шақтарда байға бірге жалға жүрген көрінеді. Содан Қажымұқан балуан болып, шетел асып кеткеннен кейін бірер заман өткен соң, қайтадан осы Қызылжар жәрмеңкесінде көріссе керек-ті. Сонда атағы дардай Қажымұқан өзінің татар досын бірден танып, жөн сұрасыпты. Досының үй-күйі жоқ, жалшылықпен күн кешіп жүргенін естіген Қажымұқан қалтасынан санап, ақшасын түгел төлеп, қаланың қақ ортасынан бір үлкен үй сатып әперген екен. Мұндай жомарттықты қалай ұмытуға болады?» – дейді әңгімешіл ағамыз. Ол үй әлі де Қызылжарда тұрған болуы керек.
Кинодағы Қажымұқан
Кезінде «Қажымұқан» фильмі арқылы жұртшылыққа танымал болған балуанның рөлін сомдаған, бүгінде «Қажымұқан» қоғамдық қорының төрағасы Леухан Бекболат ағамызды да осы астан кездестірдік. Әңгімеге де тарттық. «1983 жылы Лениншіл жас газетіне «Қажымұқан кім болады?» деген мақала шыққан болатын. Сол мақалада балуан бабамыздың рөлін сомдауға қатысты конкурс жарияланғаны жазылыпты. Жас шамасы, бойы, түр әлпеті туралы біршама талаптар көрсетіліпті. Мен ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Достық совхозында механизатор болып істейтінмін. Жасым – 30-да. Газеттен конкурсты оқып, соған ниеттендім. Конкурс талабы бойынша салмағы мен бойы көрсетіліпті, сосын күрестен хабары бар жігіттер шақырылатындығы жазылыпты», – дейді «кинодағы Қажымұқан». Сөйтіп, «Қажымұқан кім боладының?» арқасында газеттен жауап алып, ауылда жүрген механизатор Алматыда өтетін үлкен конкурстың ортасына топ ете түседі. Республика бойынша 210 жігіт қатысқан конкурстың іріктеуі 3,5 ай шамасында өткен екен. «Спортшылардың арасында Еуропа чемпиондары, еліміздің біріншіліктерін бермей жүрген жігіттер де баршылық болатын. Әйткенмен, комиссия ойда-жоқта мені таңдады. Сосын 1984 жылы кино толық түсіп бітіп, 1985 жылы бүкіләлемдік студенттердің фестивалінде Мәскеуде алғаш рет тұсауы кесілді. Одан кейінгі жылдары шетелдерде өткен фестивальдардың барлығына қатыстым», – дейді Л. Бекболат. Оның айтуынша, іріктеу комиссиясы балуанның жас кезіндегі, яғни алғаш чемпион атанған кезіндегі дене бітімнің Қажымұқанға ұқсаған сымбаттылығымен қоса, «күш атасының» бет-әлпетіне көбірек назар аударылған екен. Сөйтіп, конкурсты жариялаушы қазақтың дарынды кинорежиссерлерінің бірі Сұлтанахмет Қожықов, өзінің «Қыз Жібек» фильмінен кейін араға 12 жыл салып, осы «Қажымұқанға» кіріседі. Осы тұста Қажымұқанның да тұлғалық сипаты есімізге түседі. Кейбір деректерге қарасақ, Қажымұқанның 75 жасындағы дене бітімі, тұлғасы: таза салмағы – 174 кг, бойы – 195 сантиметр (өз айтуы бойынша күресіп жүргендегі салмағы – 215 кг, бойы 200 сантиметр болған). Бұл турасында газетіміздің алдыңғы сандарында толық жазылған еді. Осыны ойға алып: «Балуанмен тұлғалық ұқсастығыңыз қаншалықты сәйкесті?» деп сұраймыз. «Әрине, 30 жас – нағыз орда бұзар кезім. Десе де мен актер емеспін, Қажымұқандай алпауыт тұлғалы да емеспін. Бойым, салмағым өз қатарластарымның алдында болғанымен, Қажыатаға жету қайда?! Дегенмен кино түсіруге таңдағанда 85 пайыз портреттік сәйкестікке алдымен көңіл бөлінді. Яғни бет-әлпетімнің 85 пайызы Қажымұқанға ұқсастығына назар аударылды. Негізі, ол кезде бойым – 185, салмағым 85 келі болған-ды», – дейді ол. Леухан ағамыз да спорттан алшақ туған жан емес екен. Қазақша күрестен республика чемпионатын екі дүркін жеңіп алған, еркін күрестен спорт шебері. Бұл киноға түскенге дейінгі дәрежесі. «Қажымұқаннан» басқа киноға түскен емеспін. Шешем егде тартқан еді, бала-шаға да жас болды. Айтпақшы, сол киноға түскен жылы ұлды болып, атын Қажымұқан қойғанмын. Ал киноға келсем, біршама шақыртулар алғаныммен, бас тарттым. Бір жағынан, мал-жан, бала-шағаны бағу міндет болса, екінші жағынан, Қажымұқаннан кейін одан төмен рөлді ойнауға зауқым болмады», – дейді Л. Бекболат.
Қалай десек те, Қажымұқан – қазақ балуандарының рухани бренді. Ендеше балуанның толық тұлғасын, бейнесін, өмірін жете зерттеп білу – ұрпаққа керек өнеге.
Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді : 03 маусым 2011, 10:10 – жаңалықтар Alashainasy.kz
Есқара Тоқтасынұлы, ТІЛМАШ, хикаят (жалғасы)
Еркінбек Ақынбеков рухына, Ояз тілмашы,фольклор жинаушы, автономия сұрап,Ташкент көтерілісіне қатысқаны үшін 1918 жылы Түркістанда атылған
«Атшабар!Атшабар!» деп айқайды салған дәйекші қызыл байрағымен сөреге шықты. Үстіне шынатақтай бала мінген бес жүз атты ортада. Қисапсыз халық.Дәулетті бозқасқа құдайы шалады, садақа атайды; кедейден ат қосушы бірлі- жарым, Құдайына сиынады.Бір мезет өрекпіген дабыс қағылып, құйрық- жалын түйіп,жмитып, он- оннан қосақтап айдап бергенде, әлемтапырық үн ылдиға тоғаны бұзылған тасқындай ала жөнеді. Сексен шақырым- төрт бекетке аттың аты жетпек.Бұл- айдау, озу- қайтар жол.
…Ат жөнегенімен иесінің жамбасы жер иіскемеді: тамақ батпай,жер- көкке симай жүйкесі жұқарса, ат қоспаған елдің үйреншікті «анау озады», «мынау озадысы» тағы көңіл көншітпей, тойхананың кешкі ойындарын күтісті.
Шай үсті тілмашқа: «Жұмеке,Есенжол келіп тұр?» деді. «Кірмей ме?». «Кірмеді». Торыны жетектеген жігіттің солбырайып тұрысы тілмашқа ұнамады. «Тыныштық па,досым?». «Ағатай,әңгіме бар? -деп жігіт оңашаға меңзеп.-Ағатай,торыны алмаймын». «Е,неге?Болмайды,силадым дедім!». «Ағатай, торы бізге лайық емес?!». «Ол не дегенің?». «Бізге жараспайды… Және болыс ұрлатып алады?!». Тілмаш ішінен әдеттегіше «Ғаж…жап?!- деді таңданып.- Ия,майып қылуы тағы ықтимал». «Көкеңнің ақылы болар?». «Оларға айтпағам». Тілмаштың ойы шартарапты шарлай: «Есенжол, сен ана қызды жақсы көремісің?» деді. «Торыны жүз жылқыға бермеп едіңіз,обал емеспе?!». Кенет тілмашқа тұтқиылдан керемет ой сарт етіп,тұлабойы шымырлап, ішінен: «Құдайдың құдіреті?! Ризамын,Алла! Ризамын,Алла! –деді құлшынып. -Атқұмар Баймұрат болысқа торыны сыйласа, әкесі тіріліп келгендей қуанбайды ма?!Төбесі көкке жетіп, Есенжолға кедейінің қызын өзі жетектеп әкеп қоспайды ма?! Торы үшін тіптен туған қызына қолқа салса болыстың келісуі кәдік, бірақ тілмаш өйтпейді- жанды жерін ауыртпайды. Иә,сондайда жетімдер мен алшын- жағалбайлы арасы жайланады, мұнан былай қалың қоңыратпен құда- жегжаттығы араласады. Жақсылық жалпаққа жайылып, төрт құбыла татулыққа кенелмек! «Жұманторы» тағы біреудің абыройын асырып,қуанышқа бөлейді. Бақыт деген сол шығар?! Ғаж…жап?!». Тілмаш «Бір жоқты, бір жоқ табады» деген қазағының даналығына қайран. «Есенжол мені күт,киінейін, болысқа дәп қазір барамыз. Шыныңды айтшы, ана қыз …қалай?». «Ағатай,қыз болса болды емеспе?!». Есенжолдың кейінгі сөзі тілмаштың жадында тұрақтап, торыны жетектеп болыстың үйіне жеткенше сейілмеді. «Рас- ау, бишара кедейдің күні құрысын: ешкінің жүнінен қап шалбар, шидем шекпен киіп,арқасын бит жеп-төсек қайда-түйенің жабуын жамылып жатады. Азанда,кешке бай жеген еттің сорпасына ұн шайып ішіп,таба нанды қойнына салып қойға кетеді; кешке бір-ақ оралады. Сүйтіп,бишара қара халықтың орта жасы қырық- елуден аспайды. Бірсыпырасы қалыңмалы жоғынан отыз,қырыққа дейін үйлене алмайды. «Айналайын жігіттен,қатқан көнді жібіткен…» дегендей талайының жесірмен өмір өткеретіні қанша…».
Әйелді қазір Жұманәлі әрқалай топшылайды. Ашықтықпен, қалың малмен, алып қашып та үйленудің ешқайсына шли қарсылығы жоқ. Отбасыдағы татулық тәрбиеден туындайды.Көңіл күйге сай сезім алдамшы да, отан, отбасын құру- мағыналы, тиянақты құрылым; ендеше сезімді дізгіндеп,ғұмыр алдындағы парыз – міндетпен өмір сүру- бала сүю,ағайын- туыспен аралас,той- томалақ, қарт әке- шешеңе,ата- енеге қарау,дүниеден өтсе арулап шығарып салу мың есе маңызды. Махаббат төсекте.Ата- бабамыз жар салмай- ақ,жақсы жерден қыз алып,жақсы жерге қыз беріп өсіп- өнген.Тағдырыңды ақылы тапшы ұрғашының таңдауына- айнымалы сезімге салу әбестік. Қарапайым оқымаған қазақ Есенжол соған ықыласты. Жұманәлі тәтті сезімді бастан кешсе, ата- баба жолын бұзбауы себепті Алланың нығметі деп білген.Кіші әйелі ізетті жан,қыз көруге үшінші рет барып,аттанарда ғана көзін ашып,үйге оралғанша Жұманәлінің көңілі аспан астына симап еді…
(Ойдан ой туып,тілмаштың қиялы ұзады. Ілгері ілімдар арасында «Әйел адам ба?» деген талас туғаны белгілі. Әлбетте-өзгеше жаратылыс. Ата- бабаларымыз қыз баласын қаршадайынан міндетіне сай тәрбиелеп өсіп- өнген; қазір батыста табиғи орнынан айырып, оқуда,өндіріс-мекемелерде- нәпсіқұмар ер адамдар ортасында- еңбекке жегіп жатыр. Нәті бос, егесіз әйел- бишара; адамзат қоғамына қатер. Жұманәлінің елдегі бәйбішесі «Ер азамат- сен аман болшы?» деп бетінен сүйіп, шығарып салады.Екіншісі шәр көргеннен соң ілеуде «Бүйтейік» деп қалады; Жұманәлінің назарынан- орны есіне түсіп- жанарын жасырады…Шеттегі айну, әлі күнге – ХХ ғасырдың басы көшпенді ел- аңқылдаған қазаққа жетсе апаттай тимек. Қазағым? Әйелдің бас жібінен айырылып қалма!).
Тілмаш алда,торыны жетектеген Есенжол соңында. Есалы жетімдер әулеті қиырдан шалып, етек- жеңін жиып қомақталып, тырсияды. «Оу,датқаның тұқымы,Түркістанды ұстаған қалың жетімдер? Құдалар? Ассалаумағалейкөм?- Тілмаштың баяғы жылы шырайы. -Болысекең қайда,болысекең?». Есалы тобының шүйіркелесер ыңғайы жоқ. Болыстың елпілдемесі белгілі; тілмаш жүдә шамданбай,кішірейіп ішке кірді. «Болысеке? Қазақтың жаманы жаттың жақсысынан артық.Көзімнің қарашығындай торы атымды сізге сыйға тартуға келдік!».Келдік деп Есенжолды қосып айтты. Болыс әзіл- шынын болжай тілмашқа қадалды. «Қыз беріп, қыз алысқан қоңырат деген елміз,оның ішінде Бес- Ата, Жаманбайымыз. Шын ниетім! –Болыстың жүзінен күмән қашпағасын, манағы уәжін қосты.-Үкімет ісіндегі адаммын,болысеке?! Торының қызығын бұдан былай сіз көріңіз? Әлі жас мал,дөненге келесі жылы шығады». «Қанша адам сат дегенде сатпап еді, мұнысы несі?»деген сықылды болыстың саусағы оқыстан діріл қағып, қобалжиды. «Болысеке,шын ниетім?!». «Не тілейсің? Тегін болмайды?» деді болыс жадырай. «Тегін болысеке, тегін. Бірақ…келе жатып Есенжол айтып қалды,-деп серігін меңзеді,- шай қойып жүрген қыздарыңызды жақтырып…». «Қыз жетеді.Қанша қыз керек?». Болыс ширақ бой жазды.Аяқ астынан жалтақ қаққан Есенжолға: «Ия,балам?» деді тілмаш. «Ағам бар, менің бұрын үйленгенім ұят?».Болыс: «Қам жеме балам,ағаңа да табамыз» деді.Үй іші нұрға толып кетті.
***
Бұл күні ат қоспаған долбаршыл ел күндегіден жай жатты. «Сендерге сол Жақып жайлы естіген әңгімемді айтайын.Ілгеріде әлдекей қоңыршұнақтың біреуі Жақып інілерін ертіп,он екі қарыс қазан алуға Түркістанға барады. Он екі теңге дейді сарт. Қарысына төлейін бе, несіне төлеймін? Қарысына төле. Жақып шырағым, қарыстай қойшы? Он екі қарысы тоғыз қарыс болады. Сонда қолын майлап келген бе деп сарт таңдай қаққан екен… Сол Жақып тоқсанға келгенде Айша сұлуды әпереді. Әзілкештер Айша сұлуға бірдеңеңіз бар ма деп сұраса, қу тілді Жақып қасыңда жалын атып Айша сұлу жатқанда қайтіп шыдайсың, тоқішектей бірдеңе болады дейді екен. Сол Жақыптан бір бала туды.Шал қайтқанда қоңыршұнақтар Айша сұлуға таласып, өліп қала жаздады. Кейінгі тиген қайнысынан бір бала, бір қыз бар. Е, бұл күнде олардан қаншама үрім- бұтақ тарап кетті». «Шалдың да шалы бар. Уыздай келіншекті шалға қосатын болды. Түн ортасы әйелдер келіншекті шалдың қойнына салды.Әлденуақ шал ту пәтшағар,болмады ғой деп үстінен түскенде, сыртта аңдыған қатындар кәрі қақпас,қумаңдай, алжыдың- ау інің мен балаң алатын қатынды алам деп, к… қарамайсыңба деді». «Түге, шалды жамандауға ұстасың?! Менің сексеннің сеңгіріндегі бабам Теңгеш сұлуды жүз жетпіс бес жылқыға алғанда досым сен қандайсың, сенің сүйгенің- мен деп еңбектеп шымылдыққа кіріп кетіпті.Таң атқанша болыпты.Кейінше жиырма бес жасқа жасардым, қытығым оянды. Ыстығы мол екен депті. Оны әкем айтатын. Денені өлтіретін суық қой».
«Манағы сөзді аяқтатпады, бөліп жіберді, – деді қара тақиялы кісі.- Амалсыздан жол жүріп, Еділбай тапкерге апарып көрсеттім.Атың семіз екен. Бір бейбақ шауып – шауып келіп, пәлен күн қазыққа байлап қойыпты. Ішінің қазысы іріп, майы аяғына түсіпті. Енді ат қылам десең, ішінің ыстығын сыртқа шығар. Қауыс шығып қалды, азанымен қауыстың суына сауырынан сал, сосын төрт кесе бидай беріп байла деді. Айтқанын кып ем,жануармен кейін талай салым салдық». «Бейсен- аңқылдақ, ақкөңіл ғой. Байғұстың Қошқорғандағы көкпары жақсы өтті.Аттан адам құламады. Әбдуәлі? Сөжерге апарған аттарың ат емес, әшейін қарасын көбейткен өңшең жыланқабырға. Аттың арты қобыздың шанағындай дөңгелек болса?! Сунақ Нұрекенің Үкіағын көрдің, қандай,ә? Іші тартылып келген. Бәйгешіл, көкпаршыл ат сондай болады». «Келе жатқан екі атты сына дегенде, Нұреке тапкер біреуі шалбарым болса да ыстаным жоқ,біреуі ыстаным болса да шалбарым жоқ деп келеді депті». «Жәнібек жиембеттің биесінің аяқтары жақсы, бірақ тұғыр – басы келте, тәшеке, кішкене бие. Құлыны жақсы тумайды». «Әй, бала, құйма?Болды. Шай- шалдың қожайыны деген, түнімен сыртқа жүгіртеді». «Әбеке?Не дейд,Жұманәлі тілмаш торысын Баймұрат болысқа сыйлады дей ме?Тегіні рас па?Қалай?». «Рас, Сәке. Жұманторы есалының желісінде байлаулы тұр.Болыстың қуанышында шек жоқ,жұрт құтты болсын айтысады».
***
Бәйге аттары Отырабаттағы Қосетек-төбеге жетпей, Шошқакөлді айнала намазшам қарлығып, балалар аттың үстінде қалғып, құлап қала бергесін (алагеуімнен ерте оянғаны, сексен шақырым жүргені бар), дәйекшілер сол жерде ұйықтатып алуға ұйғарды. Ертеңіне олар күн шыға оянған. Оразасын шала- пыла ашып,апыл- ғұпыл атқа мінсін.Ол кезде Қосетек- төбенің басындағы қауым: «Нағып кешікті?Енді кешке дейін Ибатаға жете алмайды?!» деп жанығып тұрған.Шыдамсыз біреу: «Ө, жиын қылған енеңді…?!» дегенде, қасындағы: «Сен сорлы екі адамның басын қосып ауқат бере алмайсың.Оңай іс пе?!» деп әлігіні қамшымен жосыта тартып,етпетінен түсірді. Ұзамай бәйге аттары келіп, бас құрай, керілген арқанды босатып жіберді. Патырлата шапқан ат соңынан шаң лап етіп, жер қайыстырған алып дүрмек шығысқа қарата қойып кетті.
***
Түске таяу кешелер палуан күрес,аударыспақ өткен жерге дәйекші айыр інгенді жетелеп әкеліп,байлап қойды.Ұршықбас сияқты күміс,тай- тұяқ жамбыны жарқыратып жұртқа жағалата көрсетті. Тізеден шұңқыр қазып,он екі қарыс қазанға быламық қайнатып, суытып, ішіне жамбыны салды.Сүйтіп: «Осы жамбыны тыржалаңаштанып, аузымен тістеп алған әйелге осы айыр інген беріледі» деді. Төңірек гуу етті. Қанша ләпермен олай- былай қолқа сап жүгірсін, талапкер ұшпай төңірек сопиып тұрды.Содан бірқанша уақыт өтіп, сый тойханаға қайтарда бір кемпір ортаға шығып: «Менің жалғыз балам бар, осыны алғым келіп тұр. Шыққан жеріңді көргің келсе көре ғой?!» деп шешіне бастасын.Құлақ тұндыра шу лап етіп, «Ойбай,апа! Шешінбей- ақ ала қойыңыз?!» деп дәйекші жолын бөгеді.
Айыр інген соған тиіп, гу- гу ентігін баса,ел шетіне жау тигендей қайта дүрлікті: көз ұшынан бұйраланып, сұйқыл топ- бәйге атының шаңы көрінген.
***
Отыз бір күнге ұласқан мерекенің шарықтау шегі таяды; алаулап, шартақ қағылған Кеңқорық- төбеге,әйтеуір көз жетер биік іздеп өкпесін ала жүгірген жамағаттың дабырына, атын уақтылы ұстамай жалшысына жекірген байдың,кісінеген ат,ақырған тамам есек дауысы қосылды; озғындаған атты бұрын көру- мәртебе,талас; қораштың бойына,бойшаңның есек-аты жоғына пұшайман жеген жер; қуаныш, жөңкіліс, сапырылыс,әлемтапырық сәт.Қозыкөш жерде біріншіден сексеніншіге дейінгі келген аттылы баланың тақиясын қағуға дәйекшілер желпінеді. Елерген көп: «Кім?Кім?» деседі.
Жалғыз қараны күткен жамағат ауқымды шаңды аңдай:
-Бір кіді болды.Бұл несі?- деді.
Ат қосқан жуанның жетектеуші, қамшылаушы сияқты адамы болады: қыздырмаласқан қиқумен топ адам екі баланың атын үзеңгілігінен, құйрығынан қарашыға сүйреп келеді.Жеңістен үмітті ел көпе- көрнеу алалықтан күйіп-пісіп, қамшысын сығымдаса; ат қоспағанға ол жағы бәрібір- пәруайсыздыққа қайта жадырап,иығы селкілдеп күледі.
Бәйгеге кешеуілдеп жеткен баяғы төменнің тапкері «Құдай жарылқап жел таудан соқпай тұр, бас жүлденің бірі тиіп қалар?!» деп тұрғанда, арсыздар қарақасқасының бетін бұрып, кейіндетіп, үстіндегі бала қапталдан жылап келе жатты.Нұрекенің «Үкіаяғым үш бекетке дейін Қазанғаптың үзеңгісіне бастығып, беріде шаң қаптырады,ал Қазанғап пен Шайтанкөк құйымшағын кеміріп, шартаққа әзер жетеді» дегені расқа айналған сияқты. Иқаннан өтерменде бірнеше аттың басы жоқ боп шықты. Ер- тоқымы,үстінде баласы жоқ. «Шартаққа бұрын жеткізсе болды» деп, болдырған атының басын кесіп әкеле жатқандар бар екен. Дәйекші оларды әр жерден теріп жүр.
-Көкежан- ау?-Тілмаштың қасына сонадайдан елбірей, есік пен төрдей құла аттағы Көбелек болыс таяды.-Төбеңде жауыз жат,алдыңда тұншыққан қараңғы елің- қайтіп жақсы адам болмақсың?Кайтіп?
– Шыдау керек шығар?!
– Қайтіп шыдайсың?
– Өйткені сіз жақсы адамсыз.
-Жақсы адам екеніңді тіріде надан біліп пе,жат бағалап па?!Неге шыдауым керек?
– Шыдайтын себебіңіз сіз жақсы адамсыз.
– Намыс ше? Текті адам қалай шыдайды?
– Міне бұл өте- мөте ауыр сұрақ?!
Тасқараңғы көлдегі шері толқып- көзі жасаураған Көбелек болыс тілмашқа бейне әкесіне ұқсап кетіп, олар бір- бірін ат үстінен қатты- қатты қысып құшақтасты…
***
…Бәйге аттары ұрандатып қарақшыдан өтіп жатыр.
– «Алатау!».
– «Мүлкеман!»
– «Барқы!».
– «Досай!».
– «Қозыбақ!».
– «Қияқ!».
– «Жауқашар- Байқозы!».
Жүлдегер аттың егесі,ләпермені-ағайын туысы,құда- жегжаты,күллі тілеулесі мәре- сәре; қауым- қауымымен құттықтауға асық.
…Біруақта өкпе тұстан салдыртқан топ аттыдан төрт бала еңіреп жетіп:
-Көке?Қазанғаптан кейін едік, бізді Кәдірбек байдың адамдары айдалаға жетектеп әкетті.Ұрды,әзер құтылдық?!- деп екі иінінен дем алады.
Кей наразы топ қамшы бұлғасқанымен, тойханаға тақай мөнтекейленіп қалады. Атының шоқтығы биік іріден жалғыз дөңгелек жүз Нарбек би таяп, сыбырлай: «Кәдеке? Нәмәрттік жасама,Үш Жүздің баласынан үят?!-деп еді,бай датқаның баласы екенін алдыға салып,додырая: «Майда- шүйде? Қапталыма қолың жетпейді!» деді. Нарбек би атын кілт омыраулатып, саңқылдай:
– Сен әкеңнің басын өңгеріп жүрсің,
Мен атымның басын сенімен теңгеріп жүрмін.
Қылышқа бергісіз ара бар,
Ханға бергісіз қара бар,
Сол қараның сөздері.
Хан сөзіне барабар!-деді қамшысын білеп.
Қызығы: олар әріге бармай,екі жаққа тарап кетті…
Нұреке- дөңгелек жүз,көк сәлде киіп жүретін сыпайы,пішіні келісті адам, шәкірті ноғай Кәрібай тапкер екеуі жолдан арыған аттарға қарасады. Сауыры ақкөбік, жын тастап,талтырақтаған аттардың мұрнына қамшы сабын тығып жібергенде қара қан дірдектейді. Еділбай,Бейімбет тапкерлер аттардың аузына қарбыз тығып жатыр; жан тапсырған атқа қарай көзіне жас үйіріледі.
Бәйгеге қосылған аттың соңы түс ауа жетті.Бірталай жауыздық тіркелді: жеті атқа пышақ салған,үш аттың басын кесіп әкелген,қырық екі атты шылбырынан сүйреп әлдеқайда апарып тастап кешеуілдеткен; отыз төрт ат болдырып жолдан шыққан.Жануар жеті ат зорығып өліпті.
Арық көп, әр судың арнасы бөлек: жүлде кәдесін жүргізуге ас тамашасы жалғасты.Бағанадан Көңқарға атында төңіректі шартақ биігінен бақылаған тойхана басшысы Ысаға, жасы үлкен Бегалы би:«Біздің тілек шырағым- әділдік!» десе, Мақұлбек бай: «Бәйгеден адам ренішті қайтпасын,жарыстан шеттетілгенге де қой өңгертемін» дейді.
Қарақшыдан ең соңғы ат өтісімен Ыса дәйекшілерді оңаша үйге шақырды. Түркістан бәйгесінде «Бес-Ата (екі ата жетімдер,бір -бір атадан маңғытай- саңғыл, қоңыршұнақ, божбан),Жаманбай (Қоңырсопы, Борай, Жиенбет) деп бөлінеді.Қожа- сунақ бөлек ата.Бүгінгі тойда Жүзге айырмақ. Жүлде: алғашқы жиырмалыққа ілінген әрбір аттың сыйы жүз қойдан, не мың сомнан. Ол екіге жарылады -бірі ат иесіне,бірі Жүзге. Жүзге тиесіліні боса- болмаса аты шауып, топ бұзбағанымен сол елдің шынжыр балақ-шұбар төс жуаны қанжығаламақ. «Қосбәйгеде» сексенінші келген аттың өзі сыйға жылқы жетектемек. Кедей- кепшік пен әйелдер бұған араласпайды. Кіші Жүзден төрт ат қосылып,баяғы түркпеннің бәйгесінен қайтқан кісінің қарақасқасы ірі жүлдеге ілінген сияқты.
Тілмаш қоңыр атта тайпалтқан Қалиды байқап кідірген.
-Жұмеке,әнеукүнгі әңгіме есімнен кетпейді,-деді миығынан күліп.- Дүмбілез дедің-ау?
– Біздің қорда жаман сөз жоқ.
– Солай естілген екен. Мен кіммін, шыныңды айтшы?
– Білмедім.
– Жұмеке,өтінемін?
– Өкпелерсің тағы?
– Оллаһи,өкпелемеймін.
-Кедейден шығып болыстыққа таласқан Әубәкір деген кісі- шешен адам.Бір қайқы бас биге: «О,төстік тартпасы тартылмаған,шешеңді…?!» депті.Жұрт биге сол сөзден жеңілдіңіз бе демей ме?!Сонда би: «Қайтемін, ол менің мінімді тап басып айтып тұр» деген екен.Әнеукүні ішімнен «Тегіңде олқы соғатын жерің бар- ау?!» дегенім рас.Өзің айтпақшы дүние- байлық араның ашылса- шыңырау апан,түссең шығу қиын.Жуан т…м деп өткен өмір- зая?! Оқыған адам- тұп-тура шойынжолдағы көмірмен,сексеуілмен жүріп, вагон сүйрейтін парауыз!
-Рахмет,Жұмеке?!Ырзамын.Төбенің басындағы сөзіңді жүз толғанып ойланамын-…Қали аз- кем мүдіріп, сөзін сабақтады.-Сен де менің кей пікірімді ескерерсің?
Тілмаш оның «жымық құлағының» жараспайтынына қынжылған күйі қалды.
***
…Бәйге бөлінер ақ боз үйге томырылған қалыңнан әзірге қадау- қадау:
-Кәдірбектен-ақ зәрезеп болдық!Түзден ат қосқан ел түңіліп кетпесін?!Атын сүйрер оларда адам жоқ па?!
– Қараулыққа жол берме! – деген ашулы дауыстар естіледі.
-Ө, жеті атаңды…! -деп оған Кәдірбек бай түтігеді.-Сырдың қамысында аяғы кержағал шиебөрі болады, азғын.Көбейсе мал жейді. Сол сияқты,өңшең шірік!
-Байеке? Таспа,таспа!
Ұзамай Кәдірбек байдың аты,тағы он үш ат бас жүлдеден қағылды дегенді ести, тісін басқан жұрт: «Әне, сазаң!» деп үлгермеді бай: «Әй,қайдасың,түге?Қыр!Жой!» деп жігіттеріне бұйырсын.Қым- қиғаш төбелес басталып кетті.Көктемдегі бәйгеде дауды басамын деп таяқ тие жаздаған Жұманәлі тілмаш:
-Тоқта, жамағат!Тоқта! -деп атын тебініп, ортаға қайта ұмтылды.
Ұзамай Ыса болыстың гүрілдеген жуан даусымен тойхананың алдын ала даярлаған жуан жұдырық жігіттері бір шеттен лап қойып (жас Ханжігіттің қосыла кеткенін байқап, оның құмар ойынға айналуына тілмаштың жаны ашып тұрды), сабалас іркіліп,әстін- әстін аяғы балағатқа ұласып, әрқайсын қақпайлаумен ұзатып әкетті.Лезде алты адамның басы жарылыпты, талайдың қамшы осқан арқасы тілім- тілім, мұрны даладай.
Жүлдегер желқабыз сексен аттың тізімі жария болды.Бас жүлде- алғашқы жиырмаға: Кәрібайдың «Шаппайбері»,Нұрекенің «Үкіаяғы»,Кіші жүзден келген қарақасқа ат, Мәделі қожаның қызылы, Қыздарбектің «Қарақұлағы», Маржанкүлдің «Қазанғабы», Досыбай бидің қарақасқасы, саңғыл Құланбай байдың «Қызылқасқасы», тарақты Шілменбеттің құла аты,тама Сыздықтың сұр аты,Еділбайдың «Шайтанкөгі»,Керімбек әжінің бурылы, қоңырсопы Дінәсілдің күреңі ілікті…
Бас жүлдеден қағыла тұра Кәдірбек бай бие жетелеп қайтып бара жатты.
Ханжігіт ұшырай тілмаш: «Балам, жанжалға неге араластың? Жассың, есерсоқтың біреуі жарақаттап кетсе қайтесің?» деді. «Ағатай,сізден сұрайын деп едім, кетерінде шәрпристапты, серігін көрдіңіз бе?». «Иә», «Жағы қандай екен?!». Бала біртүрлі жмиып барады. Жұманәлі «Бала неге күліп барады?!» деп ойлады да қойды;Баймұрат болысқа «Торы ат тосырқаса бақ қайтуы кәдік,шабандозыңыз Есенжол болып қала берсін?!» деп ескертуге ойы бөлініп тұрған.
Есқара Тоқтасынұлы, ТІЛМАШ, хикаят (жалғасы)
Еркінбек Ақынбеков рухына, Ояз тілмашы,фольклор жинаушы, автономия сұрап,Ташкент көтерілісіне қатысқаны үшін 1918 жылы Түркістанда атылған.———————–«Дәукен момын ғой, үш жылдан асты, үйін әлі сап бітетін емес. Әкесі Мәлік – шабандоз, адуын адам еді. Әкем айтатын, Мәлік көкпарда мойны қатты атынан қаймығып, шаппай отырады. Ойда – жоқта Қожан шабандоз жақындаса, атымның мойнын сындырып берші дейді. Қожан іле жармасып, доданы сүйретіп келе жатқанда кенет шаң бұрқ етіп, біраз атты құлап, үйме – жүйме боп қалады. Сүйтсе, Мәліктің атының мойны үзіліп кетіпті. Оны есіттіруге келген құрдастары атыңыз шейіт болды, аумин! Сындырып бер дедің, Қожан сындырып берді,риза шығарсың деп қағытыпты. Өзі әзілге бай кісі- Мәлік әттеген- ай, атымның мойнын сындырып бер дегенді аузыма кім салып еді депті».«Уа,бүгінгі көкпарды айт- айтсаң!Жұманторы ат қой,шіркін?! Ақпан бел, тірсекті, доданы кешіп барады.Артынан ат жеткізбейді.Тұяғын бұрап тастағанда анадай жерге топырақ атады, қуамын деп сонысынан- ақ өліп қала жаздадым». «Жағалбайлының шабандозы мен Бураханның тартысын күтіп едім?». «Былтырғыны айтамын.Көкпар мұрыннан құлаған.Өлсек жібермейміз дедік. Қазан қайнап тұрса, тура соның буынша кеп ұрдық бүйірден. Біраз ат оманға жығылды. Бір ат оманнан сүзіліп шыққанда көкпары түсіп кетердей- тұғын, бүйірден жұлып әкеттім. Шұбарым дегдеуге іліге әй бассын! Түйдегімізбен қақпайлап әкеп салдық». «Рас, сол атың Қарашықтағы көкпарда жараған-тұғын, жүні түскен киіктей жылтырайтын». «Әлтеннің шұбары жақсы мал еді,көкпарда өңшең бабайқорғандық лаппа әркімге мінгізіп шапқызып, ықпақыл қып тастады». «Айт- айтпа, бабайқорғандық ат мәнісін біледі. Бірақ сол сунақтардың жаман тұмағы ғана қазақнамайт, қалғаны сарт іспеттес». «Сәке, жорғаңыздың денесіне аяғы келте. Біздің ат шаңына ілістірмейді». «Атты сартоқым құнанында көкпарға үйретпесең бестісінде бас білмей кетеді».«Әбу, тойханадан айт? Көз тиген бала қалай?». «Нашар дейді». «Бишара өліп қалмаса болды?!». «Бәрін айт та, бірін айт;бүгін Жұманторыны мініп шапқан жағалбайлының шабандоз жігітін айт?!Олардан шабандоз шығады деп кім ойлапты?!». «Көкпаршыл ат үйренбейді,іштен біліп туады.Жетімдер Қуандық шабандоз Жұманторыны адамнан ақылды мал екен депті».***Тілмаш Жұманәлі Арыстанбеков сәскеде айтыс өтетін үйге жайнаңдай басып келе жатты….Ол кеше Ханжігітті ертіп,божбан Көбелек болысқа,Ыса болысқа,Нарбек биге, Құлтастың Сыздығына, қоңыр-жиембет Жанәділ болысқа жолығып, ақылдасып, жетімдердің қазіргі ірілері- шоқтастықтың үйіне соқты. «Ассалаумағалейкөм,құдалар?!» деп жүзінен нұр шашып кіргенде, Ханжігіт суырыла:… Қоқанды сұрап өтті қара Барқы,Би болған әулетімен тегіс жалпы,Кешегі Байұзақ датқа,Ер Телқожа,Кетпеген қай жерлерге оның даңқы…,-деген Құлыншақ шайыр,- деп қоштап, жарқ етті.Жасының үлкендігіне қарамай Телқожа батырдың баласы Рүстем би,Керімбек әжі өре түрегеп, құшағын айқара ашты.Тілмашты тыңдай: «Құрымбай датқаның інісі Дүйсенбі датқа ағасынан кем соқпады: көреген екен,үш саңғылдың баласын орысша оқытып,міне, қазір сенің дәрпің Түркістан асып,үйезге мәшһүр. Тонның ішкі бауындай жегжаттығымыз бір төбе. Елің ірі, Құланбай,Нарбек би- адамның қолы жетпейтін биіктер. Нарбек би алты баласын алысқа оқытыпты дейді, үлкені- патшаның генералы-Өзбекстанды,Қамбарбегі Тәжікстанды сұрап тұр дейді. Тәңір тілеуін берсін?! Иә шырағым,Құсатадағы ол сөзден хабардармыз. Ағайын дегенмен атасы басқа, жайдан- жай ақылгөйсу ұят еді,енді сен келдің, сөйлесеміз. Шақырғасын солай қарата жүргелі отырмыз, жуасытар уәж табамыз. Азғантай алшын- жағалбайлы момын ел, Қалкөз дүрдің аруағы риза болсын?!» деді. «Көнбесе ше?». «Көнеді. Қиқаңдасаң тура өсжерде Жұманәлі тілмаш билер ортасына салмақшы; дүлдүл маңғытай-Шойынбет биді шақырмақ дейміз. Қой оған бара қоймас,кейін қайдам әзірге қазақ үлкеннің сөзіне тоқтайды». Бойын қуаныш билеген тілмаш «Жақсының алды- көпір» деп ел ағаларын үстін- үстін құшақтай, Ханжігіт тағы серпіліп: «Сегіз жүз алпыс төртінші жылы Черняев Түркістанды алғанда Қоқан әскері Иқанға қарай шегінеді, сонда жалғыз өзі кейін қарата шауып, қым- қиғаш атыста орыстың әписерін желкесінен жымқыра жұлып ап, өңгеріп әкелген- жетімдер Телқожа батырдың еліне сәлем!…Битабар мен Байұзақ,Бегзада еді елдегі,Алашқа салған салқынын…Үргеніште қалды сүйегі,Телқожадай алпының,-деп Молла Мұсадан өлеңдеткенде, қариялар: «Жақсыдан туған жақсы, әкең Бұланбай- адамгершілікке пір кісі. Атаңа рахмет!» деп жапырыла риза болысты….Тілмаштың көңілінің «шеңгел де сорпалығы» есалы жағының басылғанын естігеннен еді. Жеңілген жақта не дегенмен дық қалады,ол бір майдан Баймұрат болысты аяды.Оқыған қазақ Қалидың ғана ақиқат нәрсені қарлықтырмақ бүрсүгінгі сөзіне көңілі күпті. Ішінен:«Ана жақта боса- болмаса алшын- жағалбайлы шат шығар?!» деп ойлауы мұң, төтеннен «Жұмеке?» деген дауысты естіді.Қараса, жылдамтата басқан Қали. «Кімді айтсаң сол келеді. Ғаж…жап?!». «Ассалаумағлейкөм! -Қали бүгін жайраңдап қолын қысады.-Жеңдің, жеңдің Жұмеке?!Көзің айтады- өкпелісің,бірақ сені сыйлаймын. Орыс әйелің ажырасып, түнеукүні Петрборына тайғанын, баласымен оқығасын ояз сені іштартарын да білемін. Әйткенімен тіс жарған емен. Қоқанның кезінде датқа болғанның баласы қазір болыс; маған ақы төлейді,сөзін сөйлеуім содан.Әлімсақтан тірліктің тірегі- ақша. Қытайға киіктің мүйізін сатып, жағдайымды оңдадым. Қазір дайраның тоғайында бес жүзге жуық сиыр,тайыншам бар. Сен одан- дағы…». Тілмаш ішінен: «Бұл адам менің жанымды ауыртты. Алла,күш- жігер бере гөр?» деді. «Қалеке,орысқа нан болып тұрмыз,әйтпесе біз үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шығыс халқы,мұсылман халқымыз; не көрінді жатқа үйленіп?! Екі әйелім де қазақ». «Қалай?». «Ағам қаза тауып, жеңгемді әмеңгерлік жолымен алғанмын. Ол жиырма төртте, мен он сегізде едім.Одан үш ұл, бір қызым бар.Оқудан келгесін қыздай алған әйелімнен бір ұл, бір қыз.Аллаға шүкір,әкемді тыңдағаннан жақсымын, жолым ашылып сала берді.- Тілмаш азырақ мүдірді.-Дүние турасында…Өкімет адамына дүниеқоңыздық жараспайды, ол қалай еліне өнегелі сөз айтпақ?! Құдайға шүкір, жалақыма қанағат.Інім,балдарым,елім бар». «Әркімнің құмарлығы- иә қуанышы, иә соры,Жұмеке?!». «Қалай- қалай?-деді тілмаш.-Қызық екен.Ондайда азырақ әңгімелесейікші өзі?». Кеңқорық- төбеге өрлей тілмаш сөйледі:«Қоқан кеше қазақ жерінің түстігіне өзбегін топтап әкеп орналастырды,орыс бүкіл терістік, шығыстан қамал соғып- құрсаулап,мияуқата қоршады. Жат ел ұйымшыл, ашқарақ.Атамекенінде қазақ құлдың күнін кешпесе деп келешегіне торығамын?Не үшін оқыдық?!». «Жұмеке, болатын нәрсе болады?!Қашан аспаннан Мәді түскенше ешнәрсе өзгермейді,күштінің нашарды басынуы басынған. Жақсы еркекті ақымақ қатыны, байды ақымақ баласы қартайтады,жаман еркек жақсы әйелін сорлатады. Жаман патша халқын аздырады.Алла Тағала бәрін қиюластырып, адам баласын- пендені ұзақ өмір сүрмейтін етіп қойған». Тілмаш биіктен алқапқа жайбарақат көз салады.«Қайсарлығым құмарлықтан емес,білімнен. Сен екеуміз қазақпыз.Нағып қазақ етіп жаратты?Тіліміз,діліміз ортақ?». Тілмаш ойламаған жерден қалтасынан уыстай алтын теңге алып, жоғары лақтырып – қағып ойнай бастай, Қалидың көзі бадырайып,тұтыға: «Е…е…Осал емессің ғой?» деді… «Күн сайын үй- үйді аралап, әңгімеге құлақ түремін.-Тілмаш жайбарақат қалпы ойын сабақтады.-Кілең орта шаруа ел.Кедей- кепшік аз, ат қарауылдайды, үй тігеді. Ресейді Еуропамен салыстырсаң қалық ел,кедей ел.Империялық пиғыл санасына титтейінен сіңіріледі, мұжығының өзі әппербақан.Ай сайын болыстар қазақты зарлатып «түтінпұл», «шөппұл» жинайды,дастарханға салып бөледі,патша ағзамға жібереді.Күндердің күні патша салықты қанағат етпей қазақтың малына ауыз салса ше?Ықтимал ғой?Ондайда малмен күнелткен қазақ аштан қырылады». Қали ішінен: «Е,бұл жусауы бөтен адам екен?!» деп немқұрайды тыңдайды. «Не үшін оқытты?Не үшін оқыдық? Әділхан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша кішкентай дербестік- автономия тимей қазақ қорлықтан арылмайды.Досым,сенің күйбең тірлігіңе қарным ашады. Бізге қосыл?». «Қарайгөр,бұл мені айналдырады…». «Қалеке? Қазақта сұмпайы, cұмырай, сілімтік,сумақай, жалмауыз, арамы, жағымпаз, тасыраң, мүттәйім, қытымыр, дүниеқоңыз, қанішер, көксоққан, бейхая,қарау, қисық,тойымсыз, әулекі, айлакер, жымысқы, тасбауыр,жауыз, көрсеқызар, дарақы,көкдолы, құлқыны жаман, сыбайластық дегендей жүздеген жаман сөз бар.Қайдан шыққан деп ойлайсың?». «Қайдан шыққаны бар ма,халық керек болғасын шығарған?!». «Тамаша жауап!Әлбетте керек болғасын! Шығарған себебі… Отарлықта, құлдықта-сергелдеңде нешеме ғасырды бастан кешіп, жаман заманда жаман адам мен жамандық асқындап, содан пайда болған.Міне,Қали мырза,өсжерде жалпы қазақ түгілім біз- оқыған аңғармас мәніс жатыр.Құлағың салшы? Егерде қазақ тәуелсіз мемлекет болып,жұрты өркениетті елдерше темірдей тәртіппен,баянды ғұмыр кешсе;Үш Жүздің биі қазақтың руларын таластырмай тең ұстаса зорлық -зомбылық,алдау- арбау жойылар еді; сүйтіп,қолданбағасын жаман сөз тіл қорымыздан өзінен өзі түсіп қалар еді!Адамды бас терісінен танимыз, әнеугідей көптің іші болыстың қара бөрікті, қойтыбастау туысы ғана емес, Ханжігіт айтпақшы бәдікайкөш жаман сөзді оқыған сен де аузыңа алмас едің?! –Тілмаш күлімсіреп қарайды. – Жаман сөз ұмытылса адам тазарады. Досым, малпоқы мыңның тірлігін жасама?! Қу дүние көздің құрты,сол үшін адам сатылады, сатады; адамдық қалыптан алыстап,күнәға батады. Семіздік малға жарасады,саған беймарал өмір сүруге отыз тайыншаң аздық етпейді, өміртата қып күн көресің. Келешек- ілім- білімде, қазағың оқыған мен оқымағанның арасы аспанмен жердей деген. Ұрпаққа өнеге,тұтқа болып,белсеніп өмір сүрейік! Қашан ғани заман орнатқанша білімді, намысты қазақ айқаста өмір сүруге керек!». Қалидың санасында: «Мұнан былай қалай өмір сүрсем?Қай жолды таңдасам?» деген ілгергі бір сауал қиырдан көлбең қаққан. «Оқыған қазақ әзірге саусақпен санарлық,менің сөзім тікенек болса кешір?!». «Айтпақшы Жұмеке?-деді.- Қасыңдағы Бұланбайдың дау алғыш баласы қайда?» деді. «Білмедім». «Айтайын. Таныс құмарпаздан естігем. Түркістанда серіктерімен шайханада отырса,Ханжігіт қызылкүрең жорғасымен тайпалтып өтіп бара жатады. Мынау- Бұланбай байдың алпысында көрген жалғыз баласы. Құмарға үйретсек,бірдеңе түсіп тұрады деп былтырдан айналдырады екен. Болатын-ақ бала еді.Е, Түркістанның шәрі- пайда- зарары тең- алабөтен тіршілік, кірсең екі айдасын желімдей жабысып босатпайды.Әнеу шеткергі үйлерден ізде,олар думанды жерден қалмайды, Ал жақсы, сүйт Жұмеке, жоқты іздеме,ертеңді қамда?! Өмір деген екеумізден озық мың жақсы шиырлап, дым таппаған жол». Тілмаш кейістікпен ішінен: «Дүмбілез» деген сияқтанды,бірақ «Бұның түзген шарасын Баймұрат болыс екеуінің қайдан біле қойғанын» сұрауға батпады.«Жанымды тағы ауыртты?!». Алға басуға тілмаштың аяғы ауыр тартады.Ақыры сұрастырып келіп жабықтан қараса, шынымен рас,Ханжігіт ересектер ортасында карта соғады. «Шотал!Шотал» дейді әлдеқайсы.***«Әбеке,тойхана жаңалығынан соқ?». «Сәке?- Шашын ұстарамен жаңа алдырған, жуан мұрт тоқтамады.-Осы Әби туралы әңгіме көп, ол адам бүгінде қайда тұрады? Қазақ па, өзбек пе?».«Е, ол тиесілі жерінде қазақ, өзбек, қыпшақ, арғын боп жүре береді. Құсатада тұрады, ана дирменнің түбінде. Жұматай бишара осы Әбидің қылығын жыр ғып айтушы еді. Әйелі өлгесін, ауылға қыз алам деп келе беріпті. Қу жігіттер Жұматайға қыздың киімін кигізіп, көкірегіне томпайтып мақта тығып, Әбиге силас жақсы ағайын едің, жақсы қызымыз бар, соны саған берейік дейді. Көрсет дегесін анадайдан есікті бір ашып қана көрсетеді.Жұматай – қыз келбетті, сүйкімді- тін. Әбидің есі кеткесін, қулар жолын істе дейді. Елі ауқатты ел,малымен, китімен келеді. Бәрі әбден ішіп – жеп жатады. Жұматайды шақырып, сені түнде Әбидің атының артына мінгестіреміз. Жыңғылдың ішіндегі жалғызаяқ жолмен өтерде түсе қалып қаш, атымен қуа алмайды деп құлағына құйып қояды. Жұматай артынан түссем аты теуіп жібере ме деп қорқып келе жаттым. Әлденуақ бұрылып, емшегімнен ұстайын деп қолымен сипалап, жоғарылай бергенде сыпырылып тұра қаштым, ол айқайлап қалды дейтін. Әби азанымен қыздан айырылып қалдым деп келгенде, баяғы қулар ө енеңді…саған қайта – қайта беретін қыз қайда,артыңа мінгестіріп жіберген қыздан айырылып- бұл қай мазағың деп сабап- сабап жібереді. Жұматай бишара осы оқиғаны кейін Әбидің көзінше айтып, екеуі күліп отыратын».«Әбеке,тойхана жаңалығынан соқ?». «Қоймадың ғой…Кешегі қызықтың үлкені- Аза- бәйге болды емеспе?!». «Әлбетте!Әлбетте! Ханқожа құданың атасына мың рахмет!Әйтпесе қайсыңның құдаң Үш Жүздің басы қосылған жер мұншалықты ойсан тірлік жасайды?! Шүленгір мырза екен. Бәйге жақсы өтті». «Жиырма шақырым тез екен.Әне дегесін төбеге жүгіріп шықсам, қаптап келе жатқан ат. Озған көк ат Кіші Жүзден болды. Сары аттың егесін естімедім,қайдан екен?».«Мәделі қожаның аты.Үшінші өзіміздің Тарташап». «Аздап арамдық болған.Орта жолда екі- үш атты былайға сүйрепті,кейін білдік.Жытқырдың көбі аза- бәйгені өсжерде есітіп,анау- мынау ұйыстыруға үлгермеген.Ертең көресің?!». «Тағы не есітіп,не қойдың?». «Еділбай тапкер Маржанкүлдің Қазанғап торысын тамашалап,шырағым бас бәйгеден айырылдың- ау депті. Еділбай ұзасымен Маржанкүл тапкер атыңның ішінде кепкен тезек бар деді, қане, шаптырып алып, тұтам қамыс жегізейік дейді. Айтқандай Қазанқап содан кейін жынын ытқытып тастапты».***Айтыс үйінің төңірегі тұппа шаптыққан дода – арасат халық: тілмаш ошарылады. «Еу,не болды?». «Мырза?Халық Құлыншақты көрейік, айтысын тыңдайық деп сегіз қанат үйді төрт рет жығып, төрт рет тікті». «Жүдә айтыстырмады ма?». «Бағана шарпысқан.Екі- үш ауыз өлеңнен асырмай итермелеп,үйді құлатып,ақындарды басып қала берді. Таптайтын түрі бар».Кейі күледі,кейі ашулы. «Айтысқан кім?». «Құлыншаққа қарсы Кіші Жүз,Арал жақтан Барақат деген ақынды шығарды.Жақсы айтыс боп жатыр еді». «Ақындар үйге кірсін!- Кенет Ыса болыстың маңғаз даусы естіліп, шу сап тиылды.- Киіз,көрпеше далаға салынып,сыртта айтыссын!». Демде қалың ел қақ жарылып, үйдегі киіз,көрпеше сыртқа салынды,тұс- тұстан қолтықтап Құлыншақ,Барақат ақынды алып келді. Толық кісі Барақат:Отыр міне қасымда Байұзағым,Жайынбайым,Бұлар тірі тұрғанда тайынбайым,Басым сотты болмаса дым қылмайсын,Аман- есен тұрғанда Абылайым,-деп мүдіре,мына беттен Құлыншақ іліп әкетті:Қойшыманның әкесі балық сүзген,Тері тоны келмейді иір тізден,Торы шолақ байталға жайдақ мініп,Сұм ауқатын елтіп жүр біздің елден,-дегенде жұрт дуу етіп, ортаға лап қойып,ақындар көрінбей кетті. «Болды! Болды!Құлыншақ жеңді!». «Қой, айтыссын дә?». «Несін айтады?! Сөзінің парқына қарасай?! Бағанадан құр мақтан, уәж жоқ!». «Құлыншақ жеңді!». «Ағайын?Беркімбай болыс сөйлесін?Датқаның баласы сөйлесін?». Ұзын бойлы, келісті кісі оқшауланып: «Жарандар мен Құлыншақ ақынға су жаңа күміс қамшы,сусар бөрік тартамын, астымдағы атақты бозжорғамды мінгіземін!» деді. «Бәрекелді!Жігіт екенсің!». Құлыншақты ортаға алып шықты. «Көке, абыройыңыз арта берсін!». Жұрт лап етіп, қошамет көрсетті. «Жамағат? Менің өтінішім бар?- деді біреу ойда- жоқта жұлқынып.-Құлыншақ ақын бір шумаққа тоғыз атты сыйдырып көрсінші?».Ақын иегін ширақ көтеріп, шамасы жеті санағандай ойланып:- Үштөбе,Жартытөбе,Шолаққорған,Бабата,Балдысумен,Балаторлан,Ауылым Қанжуғанды өрлей көшіп,Қарасу басып барып,Созақ қонған, -деді саңқылдай. «Жаса!Жаса!», «Бәрекелді!». «Паһ,шіркін?!».***«Мергенбай ілгері жыршысын ертіп жаңа елге барғанда қасына елеусіз жігітті ертеді екен.Он сегіз жыр білемін,қайсын айтайын дегенде, әлігі жігіт оның бәрін қайтеміз,бізге өзіміздің Қыз-Жібек, Қобыландыны айтсаң болады деп жыршы білетін екі жырдан айырылмай, қасарып отырып алады екен.Шырағым, сол айтқанға ұқсамасын?!». «Онда ермек болсын, Дайрабай- Шақабайдың әңгімесін айтайын?». «Айт?». «Дайрабай қартайған шағыңда жігіттер, кім болсаң ол бол, қу деген атты жаныстыра көрме дейді екен. Жасырақ кезі екен. Бір бай құздан арқар атып, өліп – талып әзер жетіп е құлжам, жатырмысың десе, бұрын барып, құлжаның үстіне шөп үйіп, астына тығылған Дайрабай басқа салғасын жатпағанда қайтем дейді. Жапандүзде зәресі ұшқан бай артына қарамай қаша жөнеледі. Ауылына жетіп, бейсенбіде бозқасқа құдайы шалады. Жұрт етін жеп, сорпасына қанысымен Дайрабай мұртын ширатып оны айтқан мен едім деп көпшіліктің шек- сілесін қатырыпты».«Оның басқа әңгімесі бар. Дайрабай молдаға сіз кімнен қорқасыз деп сұрайды. Молда Құдайдың құдіретінен өзге ештеңеден қорқпаймын депті. Келер жылы молда аманат молаға келіп, мал сойып, құран оқып жатқанда, сексеуілдің шырпысынан үйген шошаймасының астынан кебінді біреу шыға келіп, молданы бас салады. Жұрт атты- атына, есекті – есігіне мініп, тым –тырақай безіп кетеді. Молаға ертерек келіп, тығылып жатқан кебінді аруақ- Дайрабай, молданы умаждап, қапыста айырылып қалғансиды. Молда еліне аҺылап -уҺілеп жетіп, бұрын – соңды бұндай іс болған жоқ еді деп құран оқытады. Сонда әлдеқайсы бұны қылса Дайрабай қылады дейді. Оны өлтірейік деседі. Молда тимеңіз,бәрі тілімнен. Баяғыда Құдайдан өзгеден қорықпаймын деп едім, алдыма келтірді деп кешірім етіпті».«Әй,Әбеке, палуан күрестің аяғы немен бітті?». «Божбан Жайықбай жеңіп кетті». «Қалай?Үшеуді топ еткізгесін анабір гүржигеннің түрінен шошып, адам шықпай тұрған?!». «Көбелек болыс Жайықбай деген інісін алып келген екен,намыс қоя ма,сабаз шыдамай жетіп барды. Дәу шыркөбелек айналдырғанда, жұрт тынды деп көзін жұмып қалған.Бірақ жерге қоя бергенде Жайықбай жамбасқа салып, атып ұрсын. Орта бойлы демесең,екі иығы екі тауды тіреген жалпақ жігіт екен, кейінгі ұстасқанның ешқайсын шақ келтірмеді». «Божбандар тойлап жатыр десей?!Тағы не әңгіме?Атшабар күн таяды, ел құпияланып, сыбырға көшіп,өңге жақындаса тарс қоя- қойып,ыммен тілдесіп,ұзақ сөз,күлкі жағымсыз естіліп, төрт құбыла қауіпті сезіп,ұшуға қомдаған құстай ішін тартты! Не есітіп,не білдің?». «Әбдіғаппардың бәйгеге қоспақшы бурылын ұрлап кетті!» деді біреу. «Естідік.Қалай болды өзі?». «Үйде- тұғымыз.Көзіміз жаңа ілінген. Ат кетті!Ат кетті! деген ащы дауыстан атқып шықтық. Ұста да ұста! Ұмытыл да ұмтыл! Жайдақ атқа мініп мен қуайын. Беталды шаптық.Түрт те қаш түн, қайдан ұстайсың?! Салбырап оралдық.Қарауылы екеу еді, не қара басқанын?!». «Ол- әккі ұры. Ерін қапқа салып арқалап келіп, мініп кетті де». «Бұл- Байдалы ұры,меніңше.Не соның адамы!». «Түркістан төңірегінде жаннан безген біреу болмаса оны жан қумайды». «Өсжерде адамы бар дә?». «Әбдіғаппар қан сиіп ауырып қалды». «Байдың құйрығын үш кескенде тамтығы қалады.Онысы несі?!».«Ат тұсағанда жібек белбаумен тұсайды екен; қайтып келгенде,әлігі жібек белбауды шешуге ерініп, пышақпен қияды екен деп еститінбіз». «Жұрт Байдалыны- кедей аулын асырайтын мәрт ұры дейді». «Жігіттер мұны ас дейді,жақсы сөз- жарым ырыс.Қане,Әбеке, сен сөйлеші?».«Бағана Еділбай тапкерге келген атым, келмесе шошқа қуған атым; аузын үріп, сирағын сыпырған аулымыздың жалғызы еді деп бейтаныс жігіт бәйгекерін тосты.Тапкер оған секие қарап, жиренді сипай сүбелікке тигенде қолын тартып алды; екінші мәрте қи түсеріне тигенде қолын тағы жұлып алды.Атқа қарамай биссмилла, мынау Құдайбергеннің Шұбарының тұқымы ғой деп көзі тостағандай болды. Түркпеннің ұрысына ұрлатып еді, жарықтық ұрпағын топырағына силап үлгерген екен деді. Абдырап, сосын кекілін уыстай, маңдайынан сүйді. Жүйріктіктің сүбелікте, жақта, қи түсерінде нендей белгісі бар деп сұрап едім, сүбелікте жүйрік аттың құйрығы таз, жүні тықыр,өзі қатты,қи тастарының аумағы, екі жақ сүйегінің арасы кең болады деді». «Паһ,шіркін?!».(жалғасы бар)
ҚҰРБАНӘЛІ НӘЛІБАЕВ (1928-2002)
Құрбанәлі Нәлібаев – Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылының тумасы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық кезеңінде Өзбекстанның Ташкент облысы Пскент ауданы Ақтөбе ауылына қоныс аударған.Өзбекстанның қаржы саласында «Еңбек ардагері» атанған, 1992 жылы Өзбекстан Республикасында Қазақ Ұлттық мәдени орталығының құрылуында қаржылай көмегімен белсенділік танытқан ұлтжанды азамат.Қ.Нәлібаев 1968-1980 жылдары Ташкент мемлекеттік медициналық институтының, 1980-1982 жылдары Өзбек КСР денсаулық сақтау министрлігінің бас бухгалтері болып жұмыс істеген.1982 жылдан 1998 жылға дейін Ташкент мемлекеттік политехникалық институтының бас бухгалтері болған.Өмір жолында нағашы болып келетін Өзбекстандағы әкімшілік-шаруашылық басшылардың бірнеше легін тәрбиелеп, қанат қақтырған «Главкаршистепстрой» трестін көп жыл басқарған қазақ ұлтының бетке ұстар азаматы тама руынан шыққан Сұлтан Шегебаевпен таныс болатын. Өзбекстан Республикасының алғашқы президенті И.А.Каримов Қашқадария облысы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде жүрген кезінде С.Шегебаевтан өмірлік тәжірибені үйренгенін кейіндеу жылы лебізбен білдіріп жүрді.Өзбекстанның негізгі байлығы да, мақтанышы да мақта есептеледі. Еңбегі ауыр мақта шаруашылығын Мырзашөл сынды жаңа игерілген жерлерде ұйымдастыруда аты танымал болған қазақ ұлтының тағы бір асыл ұлы Социалистік Еңбек Ері Қынабек Үкібаев (1913-1993 ж.ж.).Бұл кісі саңғыл руына күйеу бала болып келетін, сол себепті бұл кісіні Құрбанәлі Нәлібаев жезде деп танып, соңғы күніне дейін таяу араласты. 1949-1952 жылдар аралығында Қ.Үкібаев Сырдария облысы Гүлстан аудандық атқару комитеті төрағасы болып қызмет атқарды. 1952-1962 жылдары Гүлістан, Ташкент облысының Бостандық аудандарының партия комитеттерінің бірінші хатшысы болды.Есімі елге танымал Қ.Үкібаев бірнеше рет Өзбекстан Жоғары кеңесінің депутаттығына сайланған. Соғыс және еңбек ардагері Қ.Үкібаевтың есімімен Сырдария облысының Ақ алтын ауданындағы бір шаруашылық аталған.Құрбанәлі Нәлібаев 4 ұл және 1 қыз тәрбиеледі.Үлкен ұлы Мұхамедәлі – Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласында кеме дәрігері.Екінші ұлы Әліжан – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәрігер.Қызы Гүлнара – Швецияның Гётеборг қаласында тіс дәрігері.Үшінші ұлы Бақтияр – Ташкент қаласында «Өзбекнефтьгаз» трестінде инженер.Төртінші ұлы Керімқұл – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Садықұлов Аманбай
1928 жылы Ташкент облысы Пскент ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Ташкент қаласындағы бухгалтерия курсына оқуға түсіп сол жылы бітірген. Содан Пскент ауданында құрылыс бөлімінде бухгалтер, бас бухгалтер қызметін атқарған. 1970-1993 жылдары Пскент совхозының 5-бөлімінде есеп бухгалтері қызметін атқарған. Төрт ұл, төрт қызды тәрбиелеп, жоғары білім иелері етіп өсірді.Аманбай атамыз шежірені ілгеріден жинап жүрген. Кейін інісі жалғастырды.
Ысмайылұлы Мырзаш (Мырзахмет)
Ысмайылұлы Мырзаш 1904 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Мыңшұқыр ауылында зиялы отбасында дүниеге келген. Әкесі діни білімді болып, ауылдың имамы болған. Өз аузынан есіткендердің айтуынша бірінші революциясына алдында туылғанмын деп айтып отырар екен. Бабамыз Ысмайыл ата отбасында Ислам діні қағидаларын күшті ұстаған, тағы шебер кісі болған. Өзі мылтық жасаған екен. Әрбір жұмысты тиянақты орындаулары немерелері мен шөберелеріне өткен болса керек.Исмайыл ұлы Мырзаш атамызға октябрь революциясына кейнгі коммунисттердің мемлекет басына келіп қуғын сүргін саясаты өз әсерін тигізген.Ержеткен кезінде Түркістан медресесінде оқыған. Кейіннен коммунисттер медресесін жаптырған, куәлік ала алмай қалған. Ал ауқатты бай баларының сауатын ашып күн кешірген. Сауатсыз белсенділердің жоспарсыз және білімсіз тірлігі арқасында жиып алынған үй жануарлардың көп бөлігі жол жөнекей қырылған деседі. Ашаршылық құрбанына айналмау максатында, Ташкент облысы, Пскент ауданы, Ақтөбе ауылындағы туыстарын іздеп барады. Соларды жағалап сол жақта жасап қалады.Кейіннен Ташкент қаласындағы еркектер педагогика техникумына түсіп, 1937 жылы мұғалімдік курсын бітірген. Ақтөбе ауылында 14 мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды. Сол кездегі әлемде болып жатқан озбалықтар кеңес одағы аумағында күшті болған. Терең білімі жоқ мемлекет белсенділері халыққа көп қиындықтар туғызған. Әділетсіздіктер, көптеген жалалар әсеріне шыдай алмай жұмыс орындарын бірнеше рет ауыстыруға тура келген.Отызыншы жылдардағы жазалау саясатының салдары Ысмайылұлы Мырзаш атамызға тиген. Жаланың арқасында соғыс қарсаңында бірнеше жылға сотталады. Ақталып Қызыл Армияға жазылып, Мырзаш атамыз армияға барады. Қызмет кезінде ішкі істер құрамына енеді. Соғыс басталып кетеді. Бір әнгімесінде Кавказ халықтарын көшіруге қатысқанын айтады. Жолда көп қиындық көріп, суыққа тоңып қайтыс болғандарда болды. Оларға деген бауырмашылдық, қолдан келгенше көмекті аямадық дейді.1966 жылы Өзбекістан ССР ағартушысы төс белгісімен марапатталған. 1967 жылы зейнеткерлікке шыққан. Халық арасында үлкен абыройға ие болған. Ол кісінің өмірлік жолы қазіргі ұрпаққа өте үлкен тәрбие өнеге болды. 1994 жылы 7 ноябрде тоқсан жеті жасында дүниеден озды. Ол кісінің өмірлік жолы қазіргі ұрпаққа өте үлкен тәрбие, өнеге болады. Жастарды рухани байлығы мол, қанағатшыл және бауырмашыл болып қалыптасуына улкен септігін тигізеді. Соғыстан кейін анамыз Раушанмен тұрмыс құрып 9 перзент көрді, үшеуі жастай шетінеп кетеді, қалғаны 6 пензент.
Батырқұлов Мекем Батырқұлұлы (1927-1973)
Батырқұлов Мекем Батырқұлұлы 1927 жылы Ташкент облысы , Піскент ауданы, Ақтөбе аулында дүниеге келген. Әкесі Батықұл араб тілінде өте білімді, өзеннің суын теріс ағызатын өте мықты ауыл молдасы болған.Мекем ата ауыл мектебінің жетінші сыныбын бітіріп, 1942 жылы Ташкент қаласындағы К. Маркс атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, сол жылдан бастап өзі оқыған мектепте мұғалім болып жұмыс жолын бастаған.1948 жылы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1952 жылы бітіріп шықты. Сол жылдан өмірінің соңына дейін (1952-1973) мектеп директоры қызметінде болды.Көптеген қызмет қайраткерлерін, ғылым кандидаттарын және ғылым докторларын тәрбиелеп шығарды. Соның ішінде академик Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлын, Шымкент қаласында екі рет әкім, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Қазақстан су ресурстары комитетінің төрағасы болған Орманов Анарбек Онғарұлы, Өзбекістан Республикасы химия өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған Әжібеков Қанапия Жәнібекұлы және медицина ғылымының докторы А. Яссавий атындағы университетінің профессоры Жумашев Сейдулла Нұрақұлын атап өтуге болады.Батырқұлов Мекем қазақ тілі мен әдебиеті және тарих саласында көптеген бүкілодақтық және республикалық маныздағы конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеген, ғылыми жұмыстар жариялаған.1956-1973 жылдары аралығында Саңғыл шежіресін жалғастырып жазған.Посмотреть статистикуОхват публикации: 0НравитсяКомментироватьПоделиться
ЕЛ СҮЙГЕН ЕКІ ЖҮЙРІКТІҢ БІРІ
Бар едік екі жүйрік құдай берген…МайлықожаЕсте жоқ ескі замандардан бермен қарай бірде үзіліп, бірде тізіліп жалғасып келе жатқан рухани қазына-байлығымыздың өмір жасы қаншама ғасырларды құшағына алып жатыр. Араб тілді Әбу Насыр әл-Фараби, көне түркі тілдес Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқарилар, жаңа түркі тілінде тұңғыш сыршыл жырлар жаратқан Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгнеки, Рауанди Хорезмилер дамытқан өлең өнері бертінде, әсіресе ХІХ ғасырдың бірінші жарымында бастау алып, екінші жарымында мықтап ірге тепкен қуатты да құдыретті күнгейлік ақындық мектеппен ұштасып жатыр. Ерлік, елдік жыршылары Мәделіқожа, Құлыншақ, Майлықожа, Молда Мұса (Мұсабек), Нұралы, Ергөбек сынды еңбектері ел көңілінде мәңгілік жатталып қалған майталман ақындар шығармашылығымен ерекшеленетін бұл ақындық мектептің негізгі белгілері қайсы, жазу мәнерлері қандай дегенге келсек, біз мыналарды байқар едік.Біріншіден, күнгейлік ақындар мектебі заманының саяси-әлеуметтік мәселелеріне жедел үн қосып отырумен бірге, байыпты бұқарашылдық бағыт ұстанды. Сөйтіп, әлеуметтік, философиялық, табиғат, махаббат лирикаларымен қатар сықақ, мысал сипатындағы шығармаларды да дүниеге келтірді. Бұл ретте жоғары адамгершілік ереже-қағидаларды орнықтыруды көздеген көркем де терең мағыналы терме-толғаулар айрықша орын алды. Сондай-ақ аталған ақындық мектеп өкілдері батырлық-қаһармандық, ғашықтық жырларды өздерінше өңдеп, қайта жырлап, кеңінен насихаттау ісінде қыруар тірлік тындырды. Әрі-беріден кейін олардың көркем қара сөзбен баяндалуына күллі қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш болып негіз қалады. Нәзирашылдық, яғни басқа әдебиеттерде толғанған тақырыптарды өзінше өңдеп жазу әдісімен шығармалар жаратуға негіз салып, үнді, парсы, араб жұрттары әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқырмандарына таныстырды. Орта Азия халықтары әдебиеттерінен, атап айтқанда, өзбек әдебиетінен алғашқы аудармалар жасады. Осындай сан қырлы қызметті ақындарымыз ауызша да, суырыпсалма және жазбаша мәнер-тәсілдермен де өздерінің шығармашылығында шама-шарқына қарай біреуі көп, екіншісі аз мөлшерде жүзеге асырған.Атақ-даңқы өзінің көзі тірісінде-ақ алыс-алыс аймақтарды аралап кеткен Құлыншақ Кемелұлы, жоғарыда айтқанымыздай, осынау күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі болды. Кейінірек ол кісінің есімімен республика жұртшылығы алғаш рет Жамбыл атамыздың жырлары арқылы танысты. Атақты Бақтыбай ақынмен танысу барысында өзі өнеге алып, үлгі тұтынған ұстаз ақындары Майкөт, Құлмамбеттер қатарында күнгейлік екі ақынның – Майлықожа мен Құлыншақ есімдерін ерекше ілтипатпен атап, Жәкең:Майлықожа, ҚұлыншақПірім еді бас ұрған,Айтқандары нұсқа еді,Сөзі жаралған асылдан, –деген-ді.Кейін келе іздестіріп қарағанымызда, Құлыншаққа қатысты бірталай байыпты баға өз өлкеміздің ақын-жыршылары тарапынан да берілгеніне көз жетті. Мысалы, Құлыншақпен айтысында Майлықожа өз замандасын «бағы қалың, аузының қыдыры бар, аты озған ақын, елдегі құдай берген екі жүйріктің бірі, өлеңнің дүрі» деп бағалаған болса, ақын Молда Мұса (Мұсабек):Көтеншіде Құлыншақ өлеңші еді,Шу дегенде суырылып жөнеуші еді.Қарсыласып бетпе-бет айтысқандаЕш адамнан жеңілдім демеуші еді, –деп, оның ақындық-айтыскерлік өнеріне өзінің әдебиет сыншысы сипатындағы қабілет-қарымын аңғартатын «Ақын деп сыртымыздан әркім қанық» атты өлеңінде тәнтілік танытады.Сол сияқты ақын қызметі тағы бір шәкірті, дастаншыл жырау Сұлтанбек Аққожаев, Жамбыл, Қызылорда облыстарының ел-жұртына әйгілі арқалы ақын Кенжеқожа Құлмырзаевтар тарапынан да таңдана, талдана жырлағанын жақсы білеміз. Бұған ақын бабамыздың өзі жайында асқақ та болса ақиқат айтылған:Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды,Жалғанда жаннан айыл жия алмайды, –деген арынды баға-баламасын қосыңыз.Біздің қолымызда, жалпы қазақ совет әдебиеттану мамандары қарамағында Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер мөлшері, оның сақталып қалған әдеби мұра мөлшері тым тапшы. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын, 1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабымызда ол кісі жайында тақұл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де, міне, осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақал-ды. Исекеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Мекке сапарына кетіп, содан қайтар жолда, 1901 жылы қағына тиген қатты дертке ұшырап қайтыс болған делінген-ді. Бірақ кейінгі кезде Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібай «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» деген кітабында (1967) және біздің мәліметті ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген-кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол «Қазақ совет энциклопедиясында (жетінші том, 31-бет, 1975) жарияланып та жіберілді. Ақынның 150 жылдық мүшелтой мерекесі, міне, осы соңғы дерекке негізделіп өткізілді. Алайда мұнда мынадай бір маңызды мәселеге назар аудара кетпеске болмайды. Жоғарыда есімдері аталған беделді де білікті зерттеушілеріміз, шамасы Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден көрінеу қашқақтап, ол кісінің қайтыс болған жерін жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты күйетін араб шөлі деп жатпастан, ақиқаттан саналы түрде аттап өтіп, Созақ ауданының «Жартытөбе» кеңшарының жері деп көрсетіп жіберген.Ал біз ғылымда ең әуелі ақықтай аппақ ақиқат қымбаттығын, мұның қаламгер шығармашылығын дұрыс тануға көп септігі тиерін ескергеніміз жөн деп білеміз. Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы, ХVІІІ-ХІХ ғғ.», Р. Бердібайдың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары» аталған көпшілік жинақтағы «Құлыншақ Кемелұлы» зерттеулерінде баяндалатын өмірбаян деректері, сайып келгенде, Сұлтанбек Аққожаевтың өлеңмен баяндалған мәліметтерінің аясындағы нәрселер. Солай болғандықтан да біз бұл жерде Сұлтекеңнің ол куәліктерін толық дерлік келтіре кеткенді жөн санаймыз:Әкесі Құлыншақтың Кемел еді,Немере сүйген екен, шөберені.Алты ұлы алты ауыл боп жүре берді –Пендеге мұнан артық не береді?Құлыншақ – алтауының ең кенжесі,Дарыған он бірінде өлең енді.Түсінде ақ сақалды кісі болыпБеріпті өлеңменен көгенді енді.Әкесі «Шөже ақыннан бата әкел» деп,Үш тоғыз дүниемен жібереді.Шөженің ақ батасын алып қайтты –Адамзат дұғаменен көгереді.Келген соң киіндіріп, атын беріп,Баланы еркіменен қоя берді.Күнде той, күнде жиын (тамаша ғып),Күңірентіп жіберді жүрген жерді.Өзінің уақытында болған ер де:«Құлыншақ», «Құлыншақ» боп жүре берді.Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі,Керегенің жаңғыртқан көгінде енді.«Еш ақын Құлыншақтай болмас-ау» деп,Адамдар аңыз ғыпты со күндегі.Өлеңі көгенменен қабат бітіп,«Құлыншақ», «Құлыншақ» боп жүре берді.Келгенше жиырмаға тоқтай алмай,Сейіл ғып аралады төменгі елді.Арғын, найман, қыпшақ, тама, табын,Сарыарқа сары дала, сары белді.Айтайын уақытында болған ерді –Ел берген дүниенің арқасындаМекке мен көріп қайтты Мединені.Мұндағы өмірбаян мәліметтеріне қосымшалап ақын еңбектерін жинастыруда елеулі еңбек етіп жүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Ырысқұл Ырысжановтың елдегі көне көз қариялардан (негізінен Сұлтанбек Аққожаевтан) жазып алған кейбір деректерін де келтіре кеткен орынды: Құлыншақ ақын екі рет, алғашқыда Ұлжанға, ол қайтыс болған соң Алтынқызға үйленеді. Ол шешемізді қартайған шағында өз көзімізбен көрдік. Қапсағай денелі, қара кісі еді, ол кісі кейінірек қайтыс болды. Құлыншақтың ұлдары Әкбар, Ысқақ, Сатай ақын болған, бірақ олардан ұрпақ қалмаған. Төртінші ұлы Исаханға ақындық өнер қонбаған. «Өлең керек пе, көген керек пе» дегенде «ешқайсысы керек емес» деген.Исаханның екі иығы бүлкілдеп, көздері қызарып жүретін, орта бойлы, қызыл шырайлы кісі еді, ол 1977 жылы 81 жасында қайтыс болды… Құлыншақтың баласы Ысқақ (1880-1919) жас кезінде қозы жайып жүреді. Бір күні әкесіне келіп, қолындағы таяғын домбыра етіп, «мен де жиын-тойға барсам, жақсы-жаманды көрсе қайтеді?» деп, есік алдында босағада отырып өлең айтады. Сонда әкесі Құлыншақ мырс-мырс етіп мұртынан күліп, Ысқақтың өтінішін қабыл алып, Түркістан базарынан киім-кешек алдырып, жиын-тойға қасына ертіп жүретін болған… Құлыншақ ақын алысқа жолаушылап жүрер алдында үлкен кесек қантты балғамен майдалап, ауылдағы балаларға үлестіріп береді екен: «Қарақтарым, біреуіңе менің ақындық өнерім қонар ма екен?…» – деп. Құлыншақ алыста жолаушылап жүрген кезде (Мекке сапарынан қайтар жолында – Ә.О.) қатты ауырады. Жүруге шамасы келмей жатқанда қасындағы жолдасы Шорнақбай дегенге «маған қалам, дәптер тауып әкел, өлеңмен елге хат жазайын» дейді, бірақ ол ешнәрсе тауып әкеле алмаған».Ырсекеңнің дәптерінен ақынның сөз өнеріне деген айрықша ілтипатын, оның арттағылар тарапынан жалғастырылуына ерекше қамқор пейілмен қарағанын, ол кісінің өмір жолының туған жерден жырақта үзілгенін байқаймыз. Бұдан бір-екі жыл бұрын Қызылқұм ауданындағы халық ағарту ісі ардагерлерінің бірі Шернияз Шорабеков жаздырып, «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған:Адамзат келер, келер – жүзге келер,Пендені үйде өлсе де түзге көмер.Құдая иманымды саламат қыл,Ағайын қайда бізді іздеп келер? –деген өзекті өртерлік сөздер сол заманда Шорнақбай арқылы ел-жұртқа жеткен ең соңғы сәлем болуы да ықтимал.Шығармашылық қызметіне келер болсақ, қолдағы әдеби мұраларының мөлшері, түбірі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негізгі-негізгі үш қыры барын бажайлар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының белгісіндей философиялық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа құрылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлеңдерге ұсталығы да, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік. Ал енді ақынның ең алымды шәкірттерінің бірі болып, дүниежүзілік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге ақын Ғали Орманов пен профессор Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естеліктеріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылдық-жыраулық болғанын да байқаймыз.Аталған естеліктің екеуі де Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастаната» жинағының 139 және 260 беттерінде келтірілген. Әуелі Ғали Ормановтың «Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым» атты күнделік жазбасына зер салалық: «20 июнь, 1939. Қопабай және бір-екі туысы келді. Қопабайға айтты Жамбыл: «Екеуміз ертеде Арысқа, Түркістанға барғанымыз есіңде ме? Майлықожа, Құлыншақ ақындардан «Шора батыр», «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлық» қиссаларын тыңдап, қайтарда атымызды ұрлатып жаяу қалғанымыз, ел болып ат мінгізіп қайтарып еді. Ой, ол да бір қызық күндер екен ғой», – деп, жас кезін еске алды. Ғалекеңнің мына бір куәнамасы да растаған үстіне растай түседі: «Ертеде сенің аулыңда болғанмын, – деп басталған Жәкең әңгімесін қаз-қалпында алға тартады Бейсекең. – Ол жиырма бес жасар кезім еді. О, шіркін дүние, балалық-ай! Түркістанды қоныстап қалған Нұртаза есімді ағайын бар еді. Соның үйіне түстім. Оңтүстік ақындарын көрейін деген көңілде арман бар. Әсіресе Шәді төреге жолықсам деймін. Үйіне іздеп барып едік, ол кісі үйінде болмай шықты. Әзірет сұлтанды аралап көрдік. Екі-үш күннен кейін Түркістандағы бір тойда Майлықожа, Балқы Базарға кездесіп, думанда бірге болдық. Сол жолы Құлыншақтан «Шора батырды» тыңдап, үйрендім. Ертеңіне Базармен айтысып қалдым. Айтыс аяғы бәдікке айналып бара жатыр еді, жұрт екеумізді қой-қойлап аяғында әзер тоқтатты. Майлықожа: «Балам, сенікі жөн, тоқта енді», – деп арқамнан қақты. Мен сол сапар Майлықожаны ұстаз тұтып қайттым».Міне, бұлардан байқап отырғанымыздай, қазақ эпос жырларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі болған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек еткен тұлғаның бірі Құлыншақ атамыз екен. Өкіндіретіні – әзірге ол кісі жырлады деген не батырлық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қолға түспей келе жатқандығы. Атап айтқанда, «Шора батырдың» Майлықожа, Молда Мұса (Мұсабек), «Алпамыстың», берідегі Әбдірайым Байтұрсынов, «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлықтардың» Жүсіпқожа Шайхысламұлы жырлайтын нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайынды нұсқаны білмейміз. Жәкең жаттап алып айтқан «Шора батырының» нұсқасы отызыншы-қырқыншы жылдары қағаз бетіне түсіп, замананың зәйілімен жарық көрмей келген болса, оның жөні бір басқа.Жоғарыда айтқанымыздай, ақын шығармашылығының басты-басты үш қырының біреуі, біреуі болса да бірегейі – табиғаттың, адам өмірі мен тіршілігінің мән-мазмұнына түбегейлі ой жіберіп, кенеулі пікірлер сабақтайтын философиялық сипаттағы өлеңдері мен қысқа-қысқа терме толғамдары болып табылады. Мұндай шығармалар қатарына «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Енесі жүдеп, нашарлап», «Адамзат келер, келер – жүзге келер», «Дария білмес иттің сарығанын» атты туындыларын жатқызуға болады.Осылардың ішінде айрықша бөлек, ерекше оқшау тұрғаны «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» өлеңі. Мұнда дүние, яғни адам өмірі халқымыздың «қасқалдақтың қанындай» деп келетін мәтел сөзіне баламалай алынып, қамысты терең көлдің қолға оңайлықпен түсе қоймайтын қасқалдығына ұқсатып бағаланады. Сөйтеді-дағы, өткендегі қазақ ақындарының баршасына тән тәсілмен, адам өмірінің кезең-кезеңді кездеріне – балалық, балиғат, егделік, сексен, жүз жастағы қарттық шақтарға сипаттамалар беріледі. Бұлай еткенде адамның сәбилік, балалық шағы өмірдің бастамасы есепті қабылданса, сәбидің өсе келе балиғат жасына жетуі тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңатын адам баласы үшін бар бейнеттің басталған тұсы, ал балиғат жасынан асқан соң келетін орта жас егделікке аяқ басу деп түсіндіріледі. Қойыны суық қара жердің хабар лебі есе бастаған сексен жастан соңғы тоқсан, жүз – еңсесі түскен адам кейпінде елестетіледі. Осылай етіп оқырман ойын сан саққа жүгіртіп, әр қиянға бір салатын ақынның мақсатты түйіні жоғары адамгершілік,парасатты сана асқарына қарай жетелейді:Біреуге «берем», дегін, «алам» деме,Біреудің адал наны алып жеме, –дей отырып, адамның артында ұмтылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды.Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида-ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғауында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда әдеттегі тіршілік қарекетінен, қала берді, табиғат дамуының барысындағы өзгерістерден туатын жағдаяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өрелі қорытындыларға дейін биіктеуді байқаймыз. Мысалы:Басшысы нашар жолығып,Ынтымақ кетсе – ел ғаріп, –секілді сөздер халықтар, әсіресе қазақ халқының тарихи тағдырына тікелей тән қорытынды дер едік. Аталған терме-толғамда бұлардан басқа да, кестесі келісті ойлар көп кездеседі. Мәселен, енесі жүдеп, нашарлаған жағдайдағы төлдің, ауадан жауынның жоқтығынан от шықпай қалатын жердің, көк алалы жылқысыз бетегелі белдің, қатарынан кем тартып қуаты кеткен ердің, қазіргі Арал теңізінің қасіретті тағдырын еске салатын қаңқылдап ұшқан қаз-үйрексіз айдынды шалқар көлдің ғаріптігі туралы толғамдар осындай.Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысына беріліп отыратын сипаттама-мінездемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қалады. Және олар, бір сүйсінерлігі, ақын өнеріне қойылар қоғам алдындағы жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, кемерлі ойдан шығар келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның арақатынасы да елеусіз қалмайды. «Енесі жүдеп, нашарлаптағы»:Өлеңдетіп, әндеткен,Айналаны сәндеткен, –өнер иесі ақынның қолындағы:Жастайынан көсілген,Он саусақ ойнап секірген, –ақ домбыра қандай әрекет-қимыл келісімін тапқан? Алайда, ақиық ақынның жастық уақыты артта қалып, қуат-күші қайтып ғаріптік халге түскені өкінішті.Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қарымының қандайлық екенін тек философиялық толғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы арнау өлеңдері – «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің Рысқұлбек, бұлғақтаған», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп аталатын дүниелері деп білген дұрыс. Бұларда шайырдың бұлтартпай ұстанғанр басты бағыты – бұқарашылдық. Мысалы, «Мазақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Айтпақшы, бұл жерде айта кетерлік бір жағдай – Құлекең шығармашылығын зерттеушілерден Рахманқұл Бердібаев, жанашырлардан композитор Жанғали Меймандосовтар тарапынан жалпы Көлбай болысқа арналған өлеңдердің бәрін Құлыншақ ақынға тели сөйлеудің дұрыстыққа келе бермейтіндігі. Өз кезінің есті, елеулі азаматы болған Көлбай болыс бейнесі Майлықожа ақынның әлеуметтік мазмұндағы бір емес, бірнеше өлеңінде («Иірген тақыр жерге қойдай болдық», «Көлеке, байлық – балпаң, жоқтық – жалтаң», «пеленше үйдеді, түгенше бүйдедімен» қорытынды шығара салулары орынды болмай жүр. Шындығына келгенде, Көлбайға қатысты Құлыншақ шығарған өлең деп «Мазақ қылма, Көлбайымды» атаған мақұл. Кезінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттері жариялаған:Аулыңа келген жыршыныМазақ қылма, Көлбайым,Мазақ қылсаң Көлбайым –Сенің әкең ЖұмабайШылбырдан өлген кісі еді,Кетерсің болып сондайын, –деп келетін шығарма күллі билік иелеріне зілді ескертпе болып шыққан.Алғыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұмдық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» атты өлеңі жағалай жатқан қалың жұртқа жаманат келтіретін жағымсыз қылықты шенеп-мінеуімен құнды:Алты күшік болыпты алты тоқты,Әркім әуес қылады қолда жоқты,Ит сатқанның ауылы атанарсың –Ендігәрі жемеңіз мұндай б…ты.Сондай-ақ «Әңгімесін естісең…» сықағанда сөйлеген сөзіне құлақ қойған адам жаһаннан асқан ғұлама көріп қалатын, бірақ істеген ісіне қарағанда күнәға белден батып жүрген, күндіз сопысынғанмен кешке қарай құнты-пейілі бұзылып шыға келетін дін қызметшісінің сырты жылтыр, іші қылтыр бет-бейнесі көз алдымыздан өтсе, әкесінің қазасы кезінде шығарылған «Алпыс бір жанның атасы» атты аза жырының ақын бұрын әке арқасында жағасы жайлау боп емін-еркін өмір сүріп келген өз басының дағдарысты қалпына сын айтарлық та қуат табыды. Оның:Тоқсанға жасы келгенше,Ажалы жетіп өлгеншеМойнында еді ботасы, –деген әрі жеңіл, әрі шарасыз дағдарыс рәуішті сөздерінің күні бүгінге дейін мән-маңызы жойыла қойды деп айта алмас едік. Есейген шағында да әке-шешеге салмақ артқан осы іспетті тағдыр иелері әлі күнге дейін арамызда жетіп-артылып жатқан жоқ па? Өмір шындығынан туған өлеңнің осылай өміршең келетіні хақ.Құлекеңнің әдеби мұрасының үшінші қырын құрайтын айтыс өнерінен бізге жеткен бірден-бір шығармасы – өз замандасы Майлықожа ақынмен айтысы. Одан аңғарылатын ең бір қымбат қасиет – елі сүйген екі ақынның да бір-біріне деген керемет күшті сыйластық сезімдері, бір-бірінің дарын қуаттарына ешбір шек келтірмейтіндігі. Мұның қаншама айшықты мысалдарын Майлықожаның Құлыншаққа, Құлыншақтың Майлықожаға берген мінездемелерінен айқын аңғарғандаймыз. Мысалы, Майлыекеңнің Құлекеңе арнап айтқан «Менімен кім айтысар сенен өңге», «Ақын ең бағың қалың, озған атың», «Бар едік екі жүйрік құдай берген», «Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің», «Бар едік екі ақын мақтап жүрген», «Аузыңның қыдыры бар кісі едің», сондай-ақ Құлекеңнің Майлыекеңді марапаттайтын «Қара дауыл өлеңге дүрсің, қожам», «Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз», «Қосылдық екі жүйрік сайымызға», «Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік», «Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд» дегендері қандай.Әрине, сөз салымына қарай қыза-қыза келіп, өзара жамандасып та қалатын кездері бар. «Мен сендей өтірік айтып өңдемеймін», «Түз арамы екенсің, арам қожа», «Қаңғырған бір шағылдың кедей иті», «Мен күміс, сен мыспенен жанаспаймын», «Қақырықтай аз қожа, не сөзің бар?», «Құлыншақ пақыр», «Қазақы сен бір ақын ылықпа ақыл», «Қожеке екенсіз ғой ақылсыз жан», «Құлыншақ, сен бір арсыз ақын ба едің?», «Кереметің қожа боп жоқ қой маза», «Қараңдар шайтан пірдің мазасына», «Есі шыққан есірік, есер қожам» сияқты сөз қағысуларды зілсіз қабылдап, «тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі» мағынасында ұққанымыз лазым.Айтыс аңғартар екінші бір жәйт – екі ақынның да қоңторғай қал-ахуалдары, қожантомпай дәулет иелері екендігі. Мұны Майлы қожа «Олжамыз құдай берсе, мол болсын да», «Туғаныңа айт, жолымды мықтап қылсын», «Құлыншақ, несін алдым сен кедейдің», Құлыншақтың «Жалғасқаным бекер ме дүние-зерден?» дейтін уәждері-ақ танытып тұрғандай.Майлықожа да, Құлыншақ та өздерінің күнкөрісі Қыр мен Сырдағы жағалай жатқан ел-жұртқа тікелей тәуелді екенін түсініп қана қоймайды, өздерін сол ел-жұртқа барынша қарыздар, міндеткер өнер иелері деп ұғады. Әуелінде айтысудан бой тартып, қашқалақтай сөйлеген қарсыласына Құлекеңнің:Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд,Бозбала бір-бірімен ойлас ұсайд.Бірінен ат, бірінен тон киюші ек,Шамасы, көп борышымыз қоймас ұсайд, –дейтіні ақындардың, бір олар ғана емес, өнерпаз біткеннің қоғам, халық алдындағы парыз-қарызын кемел түсінгендіктен барып айтылып отырған уәж деп ұғуымыз қажет.Елі ерекше қадірлеген осы екі жүйріктің айтысына ғылыми баға беруде белгілі жағдайлар себепті ұзақ жылдар бойы көп кібіртікті бастан кештік. Кезіндегі дүйім елді дүрліктірген дақпырттардан аса алмай, Майлықожа айтыстарының ішінде ғылымдық мәні болмаса, әлеуметтік сорпасы татымсыз екі айтыс барын, олардың Құлыншақ және Жанақ ақындармен айтыстары екенін, бұлардың алғашқысында діни бояудың қалыңдығын, соңғысы патша өкіметі тұсында қоздырылып келген ұлт алакөздігі идеясымен суарылғандығын мәлімдегенбіз-ді. Кейін Құлекең мен Майлыекең арасындағы айтыстың еңбекші ел есебінен күн көріп жүрген кейбір әлеуметтік топ өкілдерінің тіршілігін сынап-мінеуді өзек еткенін айтуға батылымыз барғанымен, шығарманың өзін жан-жақты талдап жатуға тағы да тәуекеліміз жетпеді. Оны жүзеге асырудың, міне, енді сөз зергерінің туғанына 150 жыл толған мүшелтойы тұсында ғана сәті түсті.Жасыратыны жоқ, жақсы басталып, жарқын жалғастырылып жатқан айтыс табан астында Құлыншақтың мүлт кетуінің салдарынан ғана Майлықожа пайдасына шешіледі. «Айтысқа түсіп жүрген суырыпсалма ақын, тегінде, өлең таба алмағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейді… ұтымды дәлелден ойсырап, жүйеге жығылып, дау сөздің логикалық жағынан ұтылып барып жеңіледі», – деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Құлыншақ та Майлықожадан өзінің аңдаусыз айтып қалған артық сөзінен запа шегеді. Ол сөз мынау:Қожа едің келмей жүрген – келдің өрден,Келгеніңде орынды бердім төрден,Қошемет қылсаң қоңыратқа жарасадыЕжелден қоңсым едің ауқат көрген.Қарсыласының астамшылықпен айтып қалған арға тиер, ашындырар ағат сөзіне:Осы ма сияпатың, кеп ем өрден,Әр пенде еңбегімен ауқат көрген.Асыратып мен саған ақсақ мал ма ем,«Қоңсым» деп не сөз айттың келген жерден? –деп шап ете түскен Майлықожа, бара-бара сол жаман ұғым түсінігіне арқа тіреп алып, дін-шариғат ережелеріндегі бар пәлені әріптесінің үстіне үйіп төгіп, әрі-беріден кейін:Пенде деген пендені асырай ма екен,Қатының талақ, болдың ғой өзің кәпір, –деп бастырмалатады. Өзінің қапыда мүлт кеткенін сезе қойып, мұсылмандығын дәлелдемек болып табанда кәлимеге тілін келтірген Құлыншақ сөздеріне қарсы:Асырадым» дедің де, діннен шықтың,Бұл тіліңе жараса «кәпір» дедім, –деп үдеп кетеді.Құлыншақтың:Қоңсым» десем, тақсыр-ау қоңыраясың,Жалғасқаным бекер ме дүние-зерден? –дегеніне де қарамайды. Қайта:Бай қоңырат, бар қоңырат алғам шығар,Құлыншақ, несін ап ем сен кедейдің? –деп, ұтырлы да ұтықты жауап қайтарады. Сөйтіп, өз кезінің үстем пікірі – «кім-кімді де алла асырайды» деген діншілдік ұғым-түсінікті ту ғып ұстап, бар халықтың санасына әбден сіңіп кеткен ойды Майлықожа мейлінше шебер малданып, Құлыншақты соның құрбаны етіп тынады.Құлыншақтың қарсы жұмсар жаңа уәжі де – қожалардың адал-арамды ажырата бермейтінін, кезі келсе арақ-шарап пен боза да ішетінін, бас бұзарлық әрекеттерге де бара беретінін мінейтін:Бір сөзді айтпайтұғын айттың маған,Мен де лайық сөз айттым тақсыр, саған,Арақ пенен бозаны қатар ішерҚасыңдағы жолдасың Мәделі ағаң, –деген нақты кінәлауына да орамды жауап тауып, өзінің нағашы ағасы Мәделі ақынның қоңырат қызынан туғанын көлденең тарта қойып:Шешесі Мәделінің апаң Қойқаң,Келе сап Апақайды қылған сойқан,Нағашысы арамқор сен болған соң,Жиендерің қылып жүр ойпаң-тойпаң, –деп тағы да ұстата қоймайтынын танытады.«Құлыншақ пен Майлықожа» айтысы, түптеп келгенде, өткендегі айтыстардың ортасынан ойып орын алмағанмен, иапқырлық-шешендік өнердің өнегелі ескерткіші ретінде ерекшеленетін шығарма екені даусыз. Айтыс өнеріне тән бар асыл қасиетті жинақтаған, тәлімдік-тәрбиелік мәні бар елеулі еңбек.Ал енді Құлыншақ ақын шығармаларының жұртшылыққа жеткізілу, танытылу жайына тоқталсақ, оның қолда бар шығармаларының жөн-жосықсыз қысқартылып немесе көптеген бұрмалауға түсіп жарияланып жатуы оқырман қауымның ақынға деген ыстық ықыласын суытып, «зерттеушілер де түймедейді түйедей етіп, болмашыны дабыралай береді екен-ау» деген өкпе-ренішін туғызулары әбден заңды. Шынын айту керек, дүниеде азын-аулақ еңбектері аздырылып-тоздырылып жарияланып келе жатқан бір ақын болса, ол Құлыншақ демеске лаж жоқ.Қазақ халық әдебиетінің көп томнан тұратын беделді басылымының айтыс өлеңдеріне арналған тоғыз томдығының 1988 жылы басылған екінші кітабында Құлыншақ пен Майлықожаның жоғарыда талданған айтысы тұңғыш рет жарық көрді. Бірақ ондағы білгір ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, марқұм Кәрібай Шәменов қағазға түсірген нұсқа көлемді-көлемді қысқартулармен, талай өлең тармақтары бұрмаланып-бұзылған қалыпта жарияланып, ақындардың екеуінің де шығармашылық мүмкіндіктерінің айқын ашылып, жарқын көрінуіне елеулі нұқсан келтірілген. Кітапты шығарушы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен «Жазушы» баспасының қызметкерлері айтысты діндарлық қабаттардан арылту бағытындағы әурешілдікпен әлектеніп, айтысқа тән уақыт-заман белгілерін мейлінше солғындатып, тіпті шығарманың құйрық-жалын күзеп, кей тұстарын мағынасыздыққа ұшыратқан. Мәселен, екі ақынның өзара амандық-саулық сұрасқан, Құлыншақ сөзімен басталып, Майлықожа жауабымен аяқталатын төменгі шумақтардың қысқарып қалуын немен түсіндіруге болады? Жарияланғаннан бас жарылып, көз шығып кетерліктей, яки оқырманын аздырып-тоздырып жіберерліктей дәнеңе жоқ, қайта айтысқалы отырған екі ақынға тән кейбір деректер келтірілетін сол шумақтарды оқып көрелік:Құлыншақ:Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік,Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік,Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз,Жоқ шығар көңіліңізде тәкәппарлық?Майлықожа:Құлыншақ, сәлем берсең, сәләмат бол,Қарсы алып сәлеміңді беремін қол,Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық –Сүннеті пайғамбардың қазулы жол.Құлыншақ:Осындай мәжілісті неше көрдім,Әмбеден халыққа жақсы есендерің,Бейтап деп сыртыңыздан естіп едік,Қожеке, айықты ма кеселдерің?Майлықожа:Құлыншақ, көтеншіде сенің атың,Біледі сырттағы адам сөздің қалпын,Құданың дәргәһіне шүкір қылыпАйықтым аман-есен, азаматым.Сол секілді, Майлықожаның тыныштықты көздеп әрі меймангершілік сыпайылықпен өнерлес әріптесін мәмілеге келуге шақыратын және Құлыншақтың ақындығын көкке көтере, мадақтай жырлайтын уәж сөздерінің айтысушы екі жаққа бөле-жара телініп жіберіле салынуына жол болсын? Шынтуайтына келгенде, ол сөздер түгелімен Майлықожаның аузынан шыққан:Ақын ең бағың қалың, озған атың,Жеңіпсің кіші жүздің Барақатын,Өлеңді қой ендеше, біраз тыңдаҚожаның айтып өткен насихатын.Жиналдың үлкен-кіші үйден, түзден,Тайда құйрық, жүйрік ек атқа сүзген,Майлықожа, қоңыраттан Құлыншақ бопЕкеуміз шығып едік орта жүзден.Өлеңін екі ақын қайым етер,Ақылдылар сөздерін пайым етер,Екі жүйрік егесіп шаршаған соңЗорығып біреуінің пайы кетер.Мақтармыз ішінде өскен елімізді,Әруақты ел ішінде ерімізді,Арман-бермен ырғасып белімізді –Көздерміз шығатұғын жерімізді.Бұл уақта сөйлер сөзге сайланарсыз,Бір уақта көңіліңізге қайғы аларсыз,Бар едік екі жүйрік құдай берген,Сауырына біреуінің байланарсыз.Бар едік екі ақын мақтап жүрген,Жоғары мен төменге сақтап жүрген,Екі жүйрік егесіп шаршаған соңАты озар бір бөтеннің жақтап жүрген.Осындай-осындай қысқартулар мен бөлшектеулерді былай қойғанда (бәлкім, солардың салдарынан да шығар), айтыстың қалған бөлігінде жеке сөздер ғана емес, тұтас сөз тіркестері бұрмаланып, өзгеріске ұшырауы өкінішті-ақ.Бір бұл емес, «Жазушы» баспасы 1984 және 1989 жылдары басып шығарған «Бес ғасыр жырлайды» жинағының екінші кітабында ақынның азғантай үзінділер күйінде жарияланған шығармаларының өзінен қаншама қателер жіберілген десеңізші. Кейбір өлең шумақтарының бей-берекет берілгені сондай, олардың поэзиялық қуат-қасиеті едәуір көмескі тартқан. Мысалы, ақынның Майлықожамен жалпақ жұрт жақсы білетін сөз қағысуын алайық:Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,Жұрттан алып жегенмен бай болмадың, –деген өлең жолдары:Майлы, Майлы десе де май болмадың,Ат пен түйе алсаң да бай болмадың, –деп қате берілсе, Майлықожаның Құлыншаққа табанда қайыратын:Сен Құлыншақ болғалы талай болды,Иә құлын, иә жабағы, тай болмадың, –деген жауабы:Сен Құлыншақ болғалы небір заман,Не жабағы немесе тай болмадың, –деп (76-б.) қолапайсыз нұсқада берілген. Сондай-ақ ақынның «Енесі жүдеп, нашарлап» өлеңінің:Ауадан жауын кем болып,От шықпай қалса, жер ғаріп, –дейтін жолдары:Ауадан жауын кем болса,От шықпай қалса, жер ғаріп, –делініп (77-б.) мағыналық жағынан мүлдем үйлесімсіз берілген. Өмір иірімдерін айтарлықтай толғаныспен суреттеп бере білген ақынның адам баласының тіршілік сапарын толымды түйіндейтін:Адамзат келер, келер – жүзге келер,Пендені үйде өлсе де, түзге көмер.Құдая, иманымды саламат қыл,Ағайын қайда бізді іздеп келер? –деген Мекке сапарынан қайтар жолында, қаза табар әлетінде шығарылған делінетін арманды өксікке толы шумағын құрастырушылар:Адамзат келер-кетер жүзге келер,Бәрібір үйде өлсе де түзге көмер.Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім,Ағайын енді қайда бізге келер? –деп (78-б.) айтарлықтай қарабайырландырып жіберген.Бір Құлыншақ еңбектері ғана емес, жалпы халқымыздың өткендегі сөз қазынасы – көзіміздің ағы мен қарасындай қымбат та қасиетті байлығымыз десек, оларды елеп-екшейміз деп жүріп омыртқасын опырып, қабырғасын қаусатып алып, әдеби мұрамыздың құнсыздануына жол бермейік.
- ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ Шығармаларынан үзінді, Орынбек Жолдыбай (жалғасы бар)