Құдайкұлов Анарбай Құдайкұлұлы

Құдайкұлов Анарбай Құдайкұлұлы 1951 жылы , 12 мамырда Ташкент облысты, Піскент ауданы, Ақтөбе ауылында туылған. Ақтөбе ауылындағы Ленинизм атындағы 14-орта мектепті бітірген. 1968-1973 жылдары Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің механика мамандығы бойынша бітірді. 1973-1974 жылдары Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің механика-математика факультеті «Газовая и волновая» кафедрасында стажировкада, ал 1975-1977 жылдары аспирантурада болды. 1978 жылы физика-математика кандидаты атағын алды. 1978-1983 жылдары Өзбекістан ғылым академиясының кибернетика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1983-1985 жылдары Новосибирск академгородоктағы гидродинамика ғылыми-зерттеу институтында докторантурада болды. 1986 жылы физика-математика ғылым докторы дәрежесін алды. 1987-1997 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Батыс Қазақстан бойынша вице-президенті қызметін атқарған. 1998 жылдан бастап ғылым академиясының механика, акпараттық және есептеу технологиялары ғылыми зерттеу институттарында зертхана менгерушісі лауазымдарында жұмыс істеп келеді. 7- ғылым докторы, 25-ғылым кандидаты жане 3-PHD докторын дайындады. 5- томдық монографиясы Англияда ағылшын тілінде басылып шықты. 1-кітабы Москвада, ал 9-кітабы Қазакстанда шықты. 200-ден артық ғылыми жұмыстары журналдарда басылып шықты. Оның 33-данасы дамыған елдердін ғылыми журналдарында басылды. Германия,Франция,Түркия ,Россия жане Қытай мемлекеттерінің университеттерінде лекция оқыды. Үш ұл жане екі қыз перзенттері және немерелері бар.2014 жылы (5-12 қаңтар) физика-математика ғылымдарының докторы, Ақпараттық технологиялар факультеті есептеу техникасы кафедрасының профессоры Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлы Шыңжаң (Қытай 大学) университетінің (Үрімжі) ақпараттық технологиялар институтында дәріс оқыды. ШУАР, Қытай «Өндіріс есептерін шешудің алгоритмдері мен әдістерін және қолданбалы бағдарламалық кешендерін құру» тақырыбында, өндірістік тапсырмаларға арналған алгоритмдер, әдістер, бағдарламалық жасақтаманы атап өтті. Құдайқұлы технологиядағы негізгі мәселелерді ғылыми тұрғыдан түсінуге қосқан елеулі үлесі үшін, Құдайқұлов Анарбай Құдайқұлұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Бүкіләлемдік мұнай инженерлері қоғамының толық мүшесі атанды. Қатты механика және геомеханика саласындағы белгілі ғалым. 110-нан астам ғылыми мақалалардың және 9 монографияның, оның ішінде 2 монографияның Англияда авторы. Академик Ж.С. Ержанов атындағы алтын медальмен марапатталды.

Мәскеуді мойындатқан ғалым қазақ

Биыл – қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, түрколог-ғалым Кеңесбай Мұсаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған ғалым-ұстаз түркі жұртына ортақ қаншама мұраларды ғылыми айналымға түсірді. Маңызды зерттеулерінің арқасында әлем түркітанушылары арасында ең білгір мамандар санатына енді. Ғалым еңбектеріне Ресей, Түркия, Англия, Венгрия, Қазақстан және Өзбекстан ғалымдары оң баға беріп, еңбектері АҚШ, Еуропа және Азия мемлекеттерінің кітапханаларынан орын алды. Бұл – қазақ ғалымы еңбегінің қаншалықты маңызды болғанын айқындайтын айшықты фактор.Кеңесбай Мұсаұлы 1931 жылы 24 наурызда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келді. Әкесі Мұса Шойтанов, анасы Әшен Биеділова колхозда еңбек еткен қарапайым жандар болатын. Бала Кеңесбай 1944 жылы сол ауылдың жетіжылдық мектебінің алтыншы сыныбын бітіргеннен кейін Түркістандағы педучилищеге түсіп, оны 1947 жылы үздік бітіріп шығады. Сол жылы облыстық халыққа білім беру бөлімінің жолдамасымен Мәскеуге жіберіледі. 17 жасқа толмағандықтан, Кеңесбайды Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультеті оқуға қабылдамай қояды. Алматыға оралғаннан кейін Кеңесбай бұл ойын өзгертіп, сол жылы әл-Фараби (ол кезде Киров) атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға қабылданады. Оны 1952 жылы бітіріп, жолдамамен Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасына түседі.1956 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін бірден сол институттың түркі халықтары бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1957 жылы 26 жастағы Кеңесбай Мұсаұлы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті есімдердің құрылысы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. Араға 11 жыл салып, 1968 жылы «Қарайым тілінің құрылымы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады. 1989 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының Орал-Алтай тілдері бөлімінде бас ғылыми қызметкер болды. Сол жылдардан бастап Кеңесбай Мұсаұлы түркітану, социолингвистика, терминология, фольклор, аударма және жазудың әртүрлі мәселелеріне қатысты 300-ден астам ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды. Оның жетекшілігімен КСРО халықтарының жазуы мен терминологиясы, этимология және лексикологияға қатысты ұжымдық еңбектер жазылды. 1958-1994 жылдар аралығында Кеңесбай Мұсаұлы М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма кафедрасында қазақ, қырғыз, түркімен, татар, қарақалпақ, алтай және хакас тілдерін оқытты. 1972 жылы сол кафедраның профессоры атағын алды. 1988 жылы Түркияның Türk Dil Kurumu қоғамының корреспондент-мүшесі, 2000 жылы оның құрметті мүшесі болып сайланды. 1989 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болды. 1991 жылы Кеңесбай Мұсаұлына «Қырғызстанның білім беру ісінің үздігі» атағы берілді. 1997 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтының профессоры атағын алды. Сол жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының да профессоры атанды. Көптеген жылдар бойы КСРО Жоғары аттестациялық комиссиясының сарапшы кеңесі мен докторлық диссертация қорғайтын арнайы кеңестің мүшесі болып қызмет атқарды. Көзі тірісінде профессор К.Мұсаұлы өз жетекшілігімен 7 докторлық, 25 кандидаттық, 2 магистрлік диссертация қорғатты. Оның шәкірттері бүгінде Башқұртстан, Кабардин-Балқар, Калмыкия, Хакасия, Моңғолия және басқа да ТМД (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Түркіменстан) елдерінде қызмет етіп жүр. 50-ден астам докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертация қорғаушылардың ресми оппоненті болды.Кеңесбай Мұсаұлы студенттік жылдардан бастап қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде өз курсының комсоргы болған. Алматы қалалық, комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметін де атқарды. Мәскеудегі Тіл білімі институтында жүргенде кәсіподақ ұйымының төрағасы, партия ұйымының хатшысы, Мәскеудің әртүрлі қоғамдық ұйымдарының мүшесі болды. 1987 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының түркология комитеті төрағасының орынбасары, 1992 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясының ұлттық түркологтар комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ресей мәдениеті қорының жанындағы халықтар мәдениетін сақтау және дамыту кеңесінің мүшесі болды.Совет Одағы тарағанға дейін «Советтік түркология» («Советская тюркология») журналы бас редакторының орынбасары болды. 2002 жылдан бастап «Түркология» журналының, «Қарайым халық энциклопедиясының» редколлегия мүшесі қатарында жүрді.Кеңесбай Мұсаұлы 1989 жылы Қазақстанда республикалық «Қазақ тілі» қоғамын құру жөнінде бастама көтергендердің бірі. Ол осы қоғамның бағдарламалық құжаттарын әзірлеу комиссиясының жетекшісі әрі құрылтай съезінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі. 1990 жылы Мәскеуде «Қазақ тілі» қоғамын құруға белсене атсалысты. Сол қоғамның алғашқы төрағасы болып, өзі сайланды. Совет (Кеңесбай Мұсаұлы «совет» сөзін «кеңес» деп аударуға қарсы болатын) Одағы құлағаннан кейін 1992 жылы Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қос құрылтайшысы болды. Мұндай ақпаратты біреу білсе, біреу білмес. Алайда, Кеңесбай Мұсаұлы Мәскеуде отырып осындай батыл қадамдар жасады. Мұның көзі тірі куәлері әлі де арамызда бар.1997 жылы профессор Кеңесбай Мұсаұлы өзі құрылуына тікелей қатысқан Мәскеу Қазақ ұлттық мәдени автономиясы кеңесінің төрағасы болып сайланды. Мәскеу қазақтары қоғамының жетекшісі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласқан ол сырт елде жүрген қандастарымыздың басын қосып, салт-дәстүрін дәріптеуге барынша күш салды. Олардың өз ана тілін ұмытып қалмай, үйренуіне жағдай жасады. Мәскеу қалалық үкіметі жанындағы ұлттық саясат және ұлттар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі консультативтік орган – Мәскеу Ұлтаралық кеңесінің мүшесі Кеңесбай Мұсаұлы Мәскеудегі басқа да этностардың ұлттық мәдени автономиясын құруға мүмкіндік беретін құрылтайшылық және жарғылық құжаттарды әзірлейтін келелі кеңеске бір кісідей ат салысты. Мәскеудегі этникалық топ өкілдерінің азаматтық құқығын қамтамасыз етуге және қорғауға арналған түрлі жиындарға қатысып, пікірін ашық білдіретін. Өзге түркітілдес ұлттар мен этностардың ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға барын салды. Кеңесбай Мұсаұлының қоғамдық белсенділігі Ресейдегі қазақ қоғамының арасында ғана емес, Ресей және Мәскеу айналасындағы қоғамдық және әкімшілік ортада да жарқырай көрініп, оның беделі арта түсті. Совет Одағы елдерінен бөлек, шетелдердегі әртүрлі халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Әлемнің бірнеше елдерінде болып, Германия, Венгрия, Үндістан, Финляндия, Түркия, Испания, АҚШ, Норвегия, Моңғолия, Чехия университеттерінде түркология мәселелері бойынша дәріс оқыды.1954 жылы КСРО Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасында оқып жүрген 23 жастағы Кеңесбай Мұсаұлы 17 жастағы студент Наталья Моиссевнамен бас қосады. Өмірлік жарымен бірге Ержігіт және Ержан есімді қос ұл сүйіп, тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Ержігіт эколог-ғалым болды. Алайда, жасындай жарқ еткен Ержігіттің ғұмыры ұзақ болмады. 1996 жылы 41 жасында өмірден озды. Тосыннан келген ұлының қазасы Кеңесбай Мұсаұлының қабырғасын қайыстырып кетті. Қос бірдей немересі барына шүкіршілік етті. Кіші ұлы Ержан да Ресей астанасында қызмет істейді. Мәскеуде тұратын бір немересі Евгения Ержігітқызы ата жолын қуып, түркология мәселесімен айналысты. 2020 жылы 26 мамыр күні академик Кеңесбай Мұсаұлы 89 жасында дүниеден озды. Артында өшпес мұра қалдырды.Сыртта жүрсе де қазақ тілі мен мәдениетіне осынша еңбек сіңірген Кеңесбай Мұсаұлы көзі тірісінде өзі елінен марапат күтпеді. Тек 2006 жылы Жансейіт Түймебаев Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып тұрғанда Кеңесбай Мұсаұлы «Парасат» орденімен марапатталды.Ресей мен Қазақстанда ғана емес, есімі бүкіл түркі әлеміне мәшһүр болған академик Кеңесбай Мұсаұлының еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету ләзім. Түркістан, Созақ өңірлеріндегі көшелерге және өзі дүниеге келіп, білім алған Қаратау, Саржаз ауылдарындағы мектептердің біріне академиктің есімі берілсе, ол бірінші кезекте тіл білімі ғылымына көрсетілген құрмет, жас ұрпақтың бойына сіңірген өнегеміз болып шығар еді.Жылбек КЕРІМБЕК, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Теріскейлік тұңғыш әскери ұшқыш

Теріскей өңірінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Құрал Рүстемов туралы бүгінгі жастар біледі ме екен?- деген сұрақты мен өзіме жиі қоямын. Мыңжылқының баурайында туылып, өскен күн ұзақ аспан әлемінен көз айырмай алыс аспан тұңғиығында қалықтаған қыран құстарға қарағыштаған бала Құралдың арманы асқақ еді.

Қозмолдақ ауылы  тарихында өзге ауылдарға қарағанда ерекше тұлғаларды дүниеге әкелуімен даңқы шыққан. Саңғыл биден бастау алған ұрпақтар сабақтастығы Күйші Төлеген, ұстаз Тұрсын, партизан барлаушы Атабек,  Жақсыберген, ақындар Жәнібек, саятшы Нұрбай, Еңбек ері Жұбай   деп жалғаса береді.

Міне, осындай табиғаты мен таланттары егіз үйлесім тапқан өңірде Рүстем қарияның отбасында  1922 жылы дүниеге келген Құралдың маңдайына аспандағы ақиықтың ғұмыры жазылған екен. Рүстемнің өнегелі шаңырағынан Жәку, Құрал, Нақып, Зейне, Жақып, Зеберкүл, Жарылқап атты ұлдары мен қыздары өрбіген еді. Батырдың балалық шағы жоқшылық пен қиыншылық, ашаршылық қамыты киіліп, азапты күндермен, жарлылы жылдармен өтті.

Бұл жылдары кеңес өкіметі орнады дегенімен елді әлеуметтік- экономикалық дағдарыс кезеңі қысып тұрды. Ол уақытта аудан орталығы саналатын Созақ қыстағында 1931-1932 жылдары тұңғыш рет Төреханов Тұрсынның белсенді ат салысуының арқасында панасыз ашыққан балаларға арнайы балалар үйін ұйымдастырылды. Бұл шағын қайырымды істің өзі ашығып, құр сүлдері қалған көптеген панасыз балалардың өмірін аштықтан құтқарып қалады.

Осы балалар үйіне отбасында тұрмысы төмен, балаларының басы көптеу отбасылардың да балалары алынды. Соның ішінде Құрал мен інісі Нақыпта тізімге ілінеді. Бір жылдан кейін жаз шыға Түркістан қаласында жаңадан ашылған №14 балалар үйіне Созақтан Құрал, Нақып Рүстемовтер, еңбек және соғыс ардагерлері Бекұлы Тастыбаев, Жұмабай Жарасбаев бүгінде мемлекетімізге танымал жазушы Нысанбек Төреқұлов сияқты көптеген балалар арнайы жіберіліп, сол қамқорлық үйінен пана табады. 

Жоғарыдағы Құралмен бірге өскен балалар кейін, есейіп елге танымал тұлғаларға айналған ағалардан сәті келген кезінде батырдың балалық кезеңі туралы деректерді сұрастырғанымда олар Құралдың ақ құба келген, шағын денелі, артық-ауыз сөзі жоқ, көз жанарында оты бар, өз алдына бөлек, оңаша жүретін бала болғанын айтқан еді. Әрі бәрі бірдей мінездемелер берген еді. Құрал көбіне өзі ағаштан, қағаздан жасап алған ойыншық самолетін барынша көкке көтере, ұзақты күн уілдеп балалар үйінің әулісін айнала жүгіріп жүреді екен.

Бала арманы алдамайды деген рас екен. Құрал кейін Түркістандағы бастауыш мектепті (қазіргі Саттар Ерубаев атындағы мектеп) бітірген соң, Меркідегі (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп) ересектер оқитын интернатқа жіберіледі. Одан Қазақ мемлекеттік университетінің үш айлық даярлық курсына қабылданып, оны бітіргеннен кейін бірінші курсқа емтихан тапсырып студент атанады.

Осылай 1940 жылы жасы он сегізге толған Құрал әскери комиссариатқа шақырылып, Өзбекстандағы авиаучилищеге оқуға түсіп, тұңғыш рет балалық арманының есігін қағады. 1942 жылы аталмыш училищені бітірген соң Ресейдің Рязань қаласындағы ұшқыштар дайындайтын жоғары мектебіне оқуға түседі. Бұл оқу орнын да жақсы нәтижемен бітіріп шығады.

Осы уақытта алапат соғыс өртінің қызған шағы еді. Жер мен көктің арасы асты үстіне шығып, дүние түгел отқа оранып жатты. Мұнда оларды Кеңес Одағының батыры атақты штурман А.В.Беляков қабылдады. Даңқты штурманды Құрал сырттай жақсы білетінді. В.Чкалов, Г.Байдаков және А.Беляковтардың «АН-25» самолетімен Солтүстік полюс арқылы қонбастан Америкаға барғанын ол талай рет газет-журналдардан қызыға оқығанды. Қиялындағы батырды көзбе-көз көремін деп ойламаған Құралға Алла тағала осылай бір сәтін салған еді.

Жас ұшқыш Ұлы Отан соғысына оның ішінде Сталинград майданына бас штурман болып алғаш аттанады. Майдан даласында мың өліп, мың тіріледі. Сталинградқа баратын тура жолдың бойындағы Большие Россошки селосы арқылы жаудың танк дивизиялары, трактор, автоколонналары жүретін еді.

Құралға берілген алғашқы тапсырма, осы жолдың бойындағы Лихая, Моздок, Касторная темір жол станцияларындағы жаудың жойқын күшін талқандау болатын. Серігі Александр Чернышев екеуі «ТБ-3» ауыр самолетімен бір түннің өзінде бірнеше мәрте әуеге көтеріліп жау орналасқан аумақты бомбалап қайтып жүрді.

Сол уақыттың бір сәтін көз алдымыздан елестетсек, бірде Құралдың аспан төрінде болған жау самолетімен болған қанды қақтығыста ерлікпен қаза тапқаны жайында майдандық газетке мақала жарияланады. Бұл 1943 жылдың қаңтар айының аязды бір түнінде Қорган селосына қарай қос самолет беттеп бара жатты. Оның бірін лейтенант Құрал Рүстемов, екіншісін Трофия Пасигенко басқаратын.

Село үстіне жете бергенде оларға фашистердің 4-5 шолғыншы самолеттері қарсы ұшырасып қалады. Әп-сәтте атыс басталып кетті. Қос ұшқыш атыса жүріп бомбаларын жау нысандарының үстіне тастап үлгереді. Селоның әр жерінен көтерілген қою қара түтін бұрқ-бұрқ тұтана қарауытады. Осы аспандағы айқастарда Құрал мінген самолет көк түтінге оранады.

Содан олар қасындағы серіктері Александр Чернышев, Вася Кошеловпен бірге парашютпен секіреді. Жеңіл жарақаттанған олар түнделетіп, қар омбылап бір деревняның шетіне ілігеді. Ақырын ғана тың тыңдап селоның ішінде фашистердің жоқ екендігін біліп шеткі үйдің терезесін қағады. Қойныларында қанжар, пистолет сияқты суық қарулары бар. Кез-келген жағдайға дайын болуы керектігін білетін олар істің ақырын күтеді. Үй қожайыны екі кеңес жауынгерлерін көргенде жылап жібереді.

Селоға үстін-үстін неміс солдаттары келіп жатқанын, қорасындағы жалғыз сиырын сойып тастағанын, қазір селода тігерге тұяқ қалмағанын ашына айтады. Ертеңіне парашютпен түскен совет жауынгерлерін өре сабылған фашистер итпен іздеуге кіріседі. Алайда оларды үй иесі үйдің шатырындағы қалың шөптің арасына тығып, жау көзінен тасалап қалады. Бірнеше күннен кейін кейін әл-дәрмен жинаған екі жауынгер өз авиаполкын іздеп түн ортасында жолға аттанады. Бұл уақытта екі жауынгер өлілер қатарына еніп кеткен еді.

1943 жылы ақпан айында Совет Қарулы Күштері Сталинград майданында жауды жеңіп қаладан қуып шығады. Жаудың он мыңға жуық солдаты тұтқынға түседі. Осы майданда бастан аяқ соғысқан штурман Құрал Рүстемовке, Василий Кошелевке, Михаил Сысуевке мемлекет наградалары тапсырылып, лейтенант дәрежесі берілді. 

Ал екінші самолеттегі экипаж Трофим Платонович Пасиченконың тағдыры олардан да қиын болды. Парашютпен жерге құлаған ол есін жиып қараса, айдалада қарға көміліп жатады. Ауыр жарақатына қарамастан село шетіндегі бір үйдің шарбағына сүйене құлайды. Совет ұшқышы екенін таныған қарт үй иесі Трофимді сабанханаға жасырып тастайды. Алайда фашистер тіміскілеп жүріп тауып алып, комендатураға апарып әбден өлексесін шығарып қинап, азаптайды. Одан кейін алып шығып өз көрін өзіне қаздырады.

Тап осы кезде село шетінен сақылдаған совет жауынгерлерінің автоматының даусы естілгенде екі фриц асығыс-үсігіс Пасиченконы атады да шұңқырға құлатып, үстіне қар кесектерін тастай қашады. Әлден уақытта мұздай кесек астынан қыбырлап Трофим шыға бастайды. Сыртқа сүйретіліп шығып селоға қарай еңбектеп бара жатқанда совет жауынгерлері кездесіп санитарлық бөлімге жеткізеді. Пасиченко беріге дейін Орынборда тұрыпты. Бұл күнде өлі-тірісінен хабар жоқ. Бар болса Құралдың көзін көрген батырдың естеліктерін алып қалса, келешек ұрпақ үшін құнды дүние болар еді.

Бұл 1943 жылғы 6 маусымда біздің 325-ші полктың алысқа ұшатын бомба тастаушылары Орел бағытында қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатқан кезде болған еді. Сол күні бізге жас ұшқыштар келіп қосылды. Жаңа келгендермен танысу үшін мен штабтың жер үйіне кірдім. Қасындағыларға «Тіктел!» деген бұйрықты берген жас офицер қаққан қазықтай алдымда тұрды. Ол бір қадам алға шығып: -Жолдас полковник ! Тамбов авиаучилищесінің құрамында 31 адамы бар ұшқыштар тобы жауынгерлік қызмет атқару үшін келді. Баяндап тұрған кіші лейтенант Рүстемов!-деді деп запастағы гвардия полковнигі Х.Петросянц сол жылдарды осылай еске алады.

Сол кезде мен осы қазақстандық жас жігіт туралы «жақсы ұшқыш болады» деп ойладым. Қателеспеген екенмін. Кейін жастар эскадрильяға бөлінген соң авиация отрядының командирі Орловский екінші ұшқыш Құрал Рүстемов туралы «ұрыста батыл, барлауда сабырлы, әуені тамаша бағдарлайды, метерологиялық қолайсыз жағдайда да самолетті шебер басқарады» деп айтып жүрді. Құрал да оларға көмектесіп, жаудың тойтарыс торабына бомбамен соққы беретін. Жау өз тылындағы дүмпуді тұншықтыру үшін бар әрекетін жасап, бірнеше мотомеханикаландырылған дивизия алып келді.

Гитлершілер «Үш емен» аэродромын істен шығару үшін қолдарынан келгенін істеп жатты. Бірақ, біздің қырандар ешнәрсеге қарамай, өздерінің словак достарымен кезекті ұшуларын жалғастыра берді. 1944 жылы қазанның 16-сынан 17 –не қараған түні біздің полктың 25 экипажы «Үш еменнен» тағы ұшып шықты. Әдеттегідей-ақ көк жүзіне бірінші болып Рүстемов көтерілді.

Брезно ауданынан жеткенде ол аэродромның бұлтпен қалың көмкерілгенін байқады. Оған қону мүмкін емес. Сонда да Рүстемов бұлт ішінен саңылау іздеді. Сөйтіп, «Үш емен» ауданын шарлап жүргенде жаудың зенитшілері мен пулеметшілерінің жаудырған оқтарына тап болды. Бір снаряд келіп моторға тиеді.

Самолет жана бастайды. Биіктік онша жоғары емес еді. Бірақ моторы істен шыққан ұшақ басқаруға біртіндеп көнбей бара жатты. Самолет тау бөктеріндегі орманды алқапқа құлап, адам құшағы жетпес алып ағаштарға соқтығады. Құралмен бірге екі ұшқыш сол жерде қаза болады. Ал біреуі ауыр жараланады.

Самолеттің құлағанын алғаш байқаған Брезно қаласының тұрғыны Зузана Сколошова өртенген ұшақтың жанынан опат болған ұшқыштардың денесін көреді. Кейін анықталғанындай жараланған бір ұшқыш жанып жатқан самолеттен жолдастарының денесін алып шығуға үлгереді. Олардың ордендері мен құжаттарын алып, ормандағы партизандарға кетеді. Зузана ері және көршілерімен бірге совет жауынгерлерін жерлейді.

Словакияға азат етілгеннен кейін Сколошова жергілікті өкімет орындарына айтып жүріп батырлар денесін қалалық мазаратқа әкеліп Кеңес және Чехословак әскерлерінің командованиесі қалалық үкімет өкілдерімен бірге үш ұшқыштың денесін салтанатты түрде жауынгерлік құрмет көрсету жағдайында қайта жерлейді. Бірақ ұшқыш есімдері белгісіз күйде қалады, дейді Петросянц. 

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 14 жыл өткеннен кейін «Красная Звезда» газетіне Зузана Сколошованың мақаласы шығады. Осы мақаланы оқыған Красноселолық 29 гвардия авиация полкі командирінің саяси іс жөніндегі бұрынғы орынбасары, запастағы гвардия полковнигі Х.Петросянц 1944 жылдың қазан айының 16 сынан 17-іне қараған түні Брезно ауданында Рүстемов экипажының опат болғанын есіне түсіреді.

Х.Петросянц өзіндегі бар майдандық жол жазбаларын қарап отырып «Красная звезда» арқылы Зузанаға жауап жазып олардың гвардия лейтенанты Қ.Рүстемов, гвардия сержанты Д.Н.Беседа, штурман гвардия кіші лейтенанты Шербак екендіктерін айтады. Жалпы Құрал Рүстемовке қатысты мақалалар мен әңгімелер «Красная звезда», «Крылья Родины», «Казахстанская правда» газеттеріне сан мәрте жарияланады.

Қарап отырсаңыздар Құрал Рүстемовтің жанқиярлық ерлігі нағыз батырларға тән. Сан мәрте көзсіз ерлік істеп бірнеше мәрте өлген азамат. Кеңес Одағының батыры атағын алуға әбден лайықты тұлға еді. Мұндағы айып сол уақытта Созақ көтерілісіне байланысты созақтық майдангер сол атаққа қолдары жетпей кеткен. Арада жылдар өте 1969 жылы «Комсомол-69» жыр бәйгесі жарияланады.

Осы бәйгеге жергілікті ақын Жеңіс Қарғабаев батыр ұшқыш, Чехословакия елінің Халық батыры Құрал Рүстемов туралы «Ақиық» дастанын жазып, поэма жыр бәйгесінде бас жүлдені иеленеді. Шағын дастан 1969 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланады. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде орынборлық досы Александр Чернышевтің естелік хаттары мен Құралдың әкесі Томпышев Рүстеммен түскен суреті қоса жарияланады. Бұл күнде ол сурет жоқ. Тек облыстық газеттің архивінде сақтаулы болса керек. Дастанда:

Көк жүзінде самғайтұғын қырандар,

Болат қанат талмайтұғын қырандар.

Жүрегімді шабыт буса саңқылдап,

Мен жырлайтын, мен шырқайтын бір ән бар.

Ол ән сендей қыран жайлы жыр еді,

Ол да сендей Мыңжылқының түлегі.

Адам еді ол, адамдардың Қыраны,

Бар еді онда Ақиықтың жүрегі.

Ол да сендей дауылдарға қарсы ұшқан,

Қаймықпаған өмір үшін тартыстан.

Қайсар жүрек кең далама сыймады,

Қайран ерім оралмады Батыстан деген жолдар есіл ердің ерлікке толы ғұмырын аспан тұңғиығындағы қыран құсқа теңеген еді. Шолаққорған ауылындағы бір көшенің аты -мен өзі туып өскен Қозмолдақ ауылындағы жалпы орта мектеп батырдың есімімен аталады.

Бүгін Мыңжылқының шыңында аспан төрін еркін қалықтай самғаған ақиық құсты көрдім. Мүмкін ол Құралдың қасиетті рухы болар. Батыр бабаларымыз артында ерлігін дәріптер ұл-қыздары барда мәңгі тірі!

Мақсат Жеңісұлы, Созақ ауданы

«АҚЫН ЕҢ БАҒЫ ҚАЛЫҢ, ОЗҒАН АТЫҢ»

Әсілхан ОСПАНҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты

Атақ-даңқы өзінің көзі тірісінде-ақ алыс-алыс аймақтарды аралап кеткен Құлыншақ Кемелұлы күнгейлік ақындық мектептің айтулы ақиықтарының бірі болды. Ол кісінің атағы Алатаудай есімімен республика жұртшылығы алғаш рет Жамбыл атамыздың жырлары арқылы танысты. Атақты Бақтыбай ақынмен жөн сұрасып, білісу барысында өзі өнеге алып, үлгі тұтқан ұстаз ақындар Майкөт, Құлмамбеттер қатарында күнгейлік екі ақынның – Майлықожа мен Құлыншақтың есімдерін ерекше ілтипатпен атап:Майлықожа, Құлыншақ,Пірім еді бас ұрған.Айтқандары нұсқа еді,Жаралған сөзі асылдан, –деген-ді.Кейін келе іздестіріп қарағанымызда Құлыншаққа қатысты бірталай байыпты баға өз өлкеміздің ақын-жыршылары тарапынан да берілгеніне көзіміз жетті. Мысалы, Құлыншақпен айтысқанда Майлықожа өз замандасын «бағы қалың, аузының қыдыры бар, аты озған ақын, елдегі Құдай берген екі жүйріктің бірі, өлеңнің дүрі» деп бағалаған болса, шәкірті, ақын Молда Мұса (Мұсабек):Көтеншіде Құлыншақ өлеңші еді,Шу дегенде суырылып жөнеуші еді.Қарсыласып бетпе-бет айтысқанда,Еш адамнан жеңілдім демеуші еді, –деп, оның ақындық, айтыскерлік өнеріне тәнтілік танытады.Сол сияқты ақын туралы оның тағы бір шәкірті, дастаншыл жырау Сұлтанбек Аққожаев, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда өңіріне әйгілі арқалы ақын Кенқожа Құлмырзаев тараптарынан да таңдана жырланғанын жақсы білеміз. Бұны ақын бабамыздың өзі жайында асқақ та болса ақиқат айтылған:Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды,Жалғанда жаннан айыл жия алмайды! –деген арынды баға-баламасын қосыңыз.Біздің қолымызда, жалпы қазақ әдебиеттану мамандары иелігінде Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер ауқымы, онан сақталып қалған әдеби мұра мөлшері секілді, тым тапшы. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жарық көрген «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабымызда ол кісі жайында там-тұмдап мәлімет беруіміздің негізгі себебі де, міне, осы болатын.Соңғы кездері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Рахманқұл Бердібай және әдебиет зерттеушісі, профессор Ханғали Сүйіншәлиев зерттеулерінде Құлекеңнің дүниеге келген-кеткен уақыты 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ кеңес энциклопедиясында да (7 том, 31-бет, 1975 ж.) осылай жарияланды. Ақынның 150 жылдық мерейтойы, міне, осы соңғы дерекке негізделіп өткізілді.Жалпы Р. Бердібайдың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары», Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті, ХVІІІ-ХІХ ғғ.» аталатын көпшілік жинақтардағы «Құлыншақ Кемелұлы» зерттеулерінде баяндалатын өмірбаян деректері, сайып келгенде, Сұлтанбек Аққожаевтың өлеңмен баяндалған мәліметтерінің аясында өрбиді.Бұл өмірбаян деректеріне қосымша ретінде ақын еңбектерін жинастыруда елеулі тер төгіп жүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Ырысқұл Ырысжановтың елдегі көнекөз қариялардан (негізінен С. Аққожаевтан) жазып алған кейбір мәліметтерді де келтіре кеткен орынды: «Құлыншақ ақын екі рет, алғашқыда Ұлжанға, ол қайтыс болған соң Алтынқызға үйленді. Ол шешемізді қартайған шағында көзімізбен көрдік. Қапсағай денелі қара кісі еді. Ол кейініректе қайтыс болды. Құлыншақтың ұлдары Әкбар, Ысқақ, Сатай ақын болған, бірақ олардан ұрпақ қалмаған. Төртінші ұлы Исаханға ақындық өнер қонбаған. Түсінде «өлең керек пе, көген керек пе?» дегенде «ешқайсы керек емес» депті.Исаханның екі иығы бүлкілдеп, көздері қызарып жүретін, орта бойлы, қызыл шырайлы кісі еді. Ол 1977 жылы 81 жасында дүниеден қайтты. Құлыншақтың баласы Ысқақ (1880-1919) қозы жайып жүретін. Жас кезінен әкесіне еліктейді. Бір күні әкесіне келіп, қолындағы таяғын домбыра етіп, «Мен де жиын-тойға барсам, жақсы-жаманды көрсем қайтеді?» – деп, есік алдында босағада отырып өлең айтады. Сонда Құлыншақ мұртынан мырс-мырс күледі де, ұлының өтінішін қабыл етіп, Түркістан базарынан киім-кешек алдырады, жиын-тойда қасына ертіп жүреді… Құлыншақ ақын алысқа жолаушылап жүрер алдында дәу кесек қантты балғамен майдалап шағып, ауылдағы балаларға үлестіріп беріп: «Қарақтарым, біреуіңе менің ақындық өнерім қонар ма екен?!» – дейді екен. Құлыншақ ақын алыста жолаушылап жүргенде (Мекке сапарынан қайтар жолында – Ә.О.) қатты ауырады. Жүруге шамасы келмей жатқанда, қасындағы жолдасы Шорнақбай дегенге «Маған қалам, дәптер тауып әкел, өлеңмен елге хат жазайын», – дегенде, ол тауып әкеле алмаған».Ырысекеңнің деректерінен ақынның сөз өнеріне деген айрықша ілтипатын, оның арттағылар тарапынан жалғастырылуына ерекше қамқор пейілмен қарағанын, сондай-ақ ол кісінің өмір жолының туған жерден жырақта үзілгенін байқаймыз. Бұдан екі-үш жыл бұрын Қызылқұм (қазіргі Отырар – О.Ж.) ауданындағы халық ағарту ісі ардагерлерінің бірі Шериаздан Шорабеков жаздырып, «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған:Адамзат келер, келер – жүзге келер,Пендені үйде өлсе де, түзге көмер.Құдая, иманымды саламат қыл,Ағайын қайда бізді іздеп келер?! –деген өзекті өртерлік сөздер сол заманда Шорнақбай арқылы ел-жұртқа жеткен ең соңғы сәлемі болуы да ықтимал.Құлыншақ ақын өнерінің және бір қыры – өзіміз бұрыннан айтып жүргендей, замандастарымен хат арқылы хабарласып тұру дағдысы болған. Мәселен, мұның бір үлгісі Молда Мұса (Мұсабек) Байзақұлымен хат жазысудан байқалады. Онда, жас кезінде «Небары ескіше үш айлық білім алған» Құлекең іні-ақыннан – Молда Мұсадан дін, шариғат жайларынан сабақ сұрағандай қалып танытады. Ал енді бірде жерлес ақын Жәһәнгерұлы Шәдітөреге жазған сәлемнамасында оның «Сияр Шәріп» деген кітабы Қазан баспасынан басылып шықты деп естігенін, бірақ қолына бірде-бір данасының тимегенін айтып өкініш білдірген, сөйтіп, шығармашылық байланыс төңірегінде әңгіме өрбіткен. Өз кезегінде Шәдітөре Қазаннан тағы бір кітабының – «Орқа – Күлшенің» шыққалы жатқанын хабарлайды. Сонымен бірге екі ақында да дүниенің аумалы-төкпелілігі, өмірдің өтпелілігі жайында пәлсапалық толғаныстар бар. Ол өз алдына бөлек әңгіме.Ал Құлыншақ Кемелұлы өлеңдерінің мән-мазмұны жөнінде әңгімелегенде, оның туындыларындағы ой тереңдігі оқырманды бірден баурайды. «Амалсыз асы біз күмірә», «Пәнденің көп-ті күнәсі» деп аталатын және басқа толғаулары осының дәлелі. Бүгінде Түркістан қаласында тұратын, 1926 жылы туған Таңатов Әлмен деген кісіге кезінде халық ақыны Айтбай Белгібайұлы бұларға ғазал түріндегі шығармалар деп анықтама берген екен. Жазылу мәнері жағынан ауыз әдебиетіміздің терме толғауларына ұқсас келгенімен мазмұн сарыны зар-мұң, наз-нала болып, арғы тегі араб, парсы әдебиеттеріне тән шығарма түрін еске салады.Осы тәріздес туындылары арқылы Құлыншақ Кемелұлы бұрын байқалмаған жаңа қырынан көрінеді. Ол – ақынның Ресей отаршылдығына, оның салдарларына деген көзқарасын айқындайтын тақырып. Бұл күнгей қаламгерлерінен тек Мәделіқожа, Майлықожа, Ергөбек ақындар еңбектерінде ғана бірінде аз, бірінде көп мөлшерде ұшырасып келген тақырып болса, енді оны Құлыншақтың «Амалсыз асы біз күмірә» деген ғазал-толғауынан да табамыз. Онда ақын:Пайғамбарға үмбетпізАйтқанына кіргеннен.Аз ғана сөзді қозғайынТыңдасаңдар, жақсылар,Әзіргі мынау күндерден.Жайлауымды жау алып,Ықтияр кетті-ау күллі елден, –деп бір түйіп тастап, одан әрі сөзін былайша сабақтайды:Бұған да шүкір қыламыз,Падишамыз орыс-ты,Күннен-күнге қылып тұрКөңілдегі жоқ істі,Қадаулы ағаш, тартқан сым,Қаптаған қақол сыймайды,Қазақтан алды қонысты!Бұдан ақынның терең қынжылысын байқау қиын емес. Халқымыздың басты байлығынан – жерден айрылғанына күйзелісін осылайша білдіре отырып, баяғы заман азды, заң тозды сарынын өзіндік өрнек-бояумен тереңдете түсіп, былай деп толғайды:Шашын қойды жігіттер,Жаулықсыз көрдік келінді,Сүйгенімен боп кетерШырайлы қыздар келімді,Қараңғы түнмен қыз кетіпСұрамас ата, тегіңді! –дей келіп, қорытындысында:Бүйте берсе бұл заман,Таяқ алып ақтайсың. –деп түйеді.Бұдан арғы қазақ ахуалы белгілі: қазынаға қарыздар халге түсіп, борыштан-борышқа батқан, патша үкіметі тарапынан алым-салық алынғалы, талап-тоналғалы шетінен есеп-қисапқа алынған ел, егінін қарақұрым қаптаған шегіртке жалмап жеп, түте-түтесі шыққан момын бұқара мен соларды аярлықпен алдап-сулап, жер соқтырып, зәбірлеп жатқан өңшең залымдар, тағы да сол момындардың еңсесін езіп, есігіне тепсініп келіп ысқырып тұрған «кісісымақтар», яғни бишігештер. Барлығы да нақты әрі әсерлі суреттермен тартымды берілген.Қысқа, қысқа да болса нұсқа дегендей, бас-аяғы сексенге жуық тармақ түзген бұл үзік Құлыншақты біздің оқырманның көз алдында, ой-санасында кесек тұлғалы ақын ретінде бұрынғыдан да ірілендіре түседі. Әлеуметтік мәселені өткір қырынан қоя білетін ірі ақындық тұлғасын өзінің «Пәнденің көп-ті күнәсі» деген ғазал-толғауында одан әрі сомдай түседі. Мысалы:Маубас өгіз секілді,Не көрімдер би болды.Мұсылманның баласыТабанға түсіп, и болды!Немесе:Ойлап тұрсаң, пәнделер,Қиямет-қайым жақын-ды! –деген өлең жолдарынан ақынның заман ауанын дәл аңғарумен қатар, халқының келешегін ойлап қапаланатыны айқын аңғарылады.Жалпы, Құлыншақ Кемелұлының шығармашылық қызметіне, қолдағы әдеби мұраларының мөлшері, түрі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негізгі үш қыры барын аңғарар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының белгісіндей пәлсапалық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа суарылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлеңдерге ұсталығы-дағы, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік.Ал енді ең алымды шәкірттерінің бірі болып, әлемдік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге Ғали Орманов пен Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естеліктеріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылық, жыраулық болғанын байқаймыз. Аталған пікірлер Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастан ата» жинағының 139 және 260 беттерінде келтірілген.Бұлардан байқайтынымыз – қазақ эпос жырларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі болған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек еткен тұлғаның бірі – Құлыншақ ақын екен. Өкіндіретіні – ол жырлады деген не батырлық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қолға түспей келе жатқандығы. «Шора батырдың» Майлықожаға, Молда Мұсаға (Мұсабекке), «Алпамыстың» берідегі Әбдірайым Байтұрсыновқа, «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлықтың» Жүсіпбек Шайхысламұлына тән нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайын нұсқаны кездестірмедік. Жәкең жаттап алып айтқан «Шора батырдың» нұсқасы отызыншы-қырқыншы жылдары қағаз бетіне түсіп, әртүрлі себептермен жарық көрмей жүрсе, оның жөні бір басқа. Ол жағдаятты бір білсе, кейінгі кезде Ж. Жабаев шығармашылығымен арнайы айналысып жүрген, ұлы жыраудың Оңтүстік Қазақстанда болуы мен Құлыншақ, Майлықожаға шәкірттігі жайындағы дәйекті мағлұматтарды республика жұртшылығына алғаш жариялаушы филология ғылымының докторы Нысанбек Төреқұлов білуі мүмкін деп шамалаймыз. Дегенмен ғалымның 1989 жылдың аяғын ала шыққан «Жүз жасаған бәйтерек» кітабындағы Жәкең жырлады деген батырлар жырларының тізімінен ол кісінің Құлекеңнен үйреніп, жаттап әкеткен «Шора батырды» таппадық.Жоғарыда айтқанымыздай, ақын шығармашылығының басты-басты үш қырының біреуі, біреуі болса да бірегейі – табиғаттың, адам өмірі мен тіршілігінің мән-мазмұнына ой жіберіп, кенеулі пікірлер сабақтайтын пәлсапалық сипаттағы өлеңдері мен қысқа-қысқа терме-толғамдары болып табылады. Мұндай шығармалар қатарына «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Енесі жүдеп, нашарлап», «Адамзат – келер, келер, жүзге келер», «Дария білмес иттің сарығанын» деп басталатын дүниелерін атаймыз.Осылардың ішінде айрықша бөлек, ерекше оқшау тұрғаны – «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» өлеңі. Мұнда дүние, яғни адам өмірі халқымыздың «қасқалдақтың қанындай» деп келетін мәтел сөзіне баламалай алынып, қамысты терең көлдің қолға оңайлықпен түсе қоймайтын қасқалдағына ұқсатылып бағаланады. Сөйтіп, қолға не мүлде түспейтін немесе түсуі соншама қиын нәрселерге, мәселен, аспандағы сәуле берген жұлдызға, қолдан ұшқан аққуға, аспанда қалықтаған сұңқарға, мұхит бетінде қалқыған кеменің баспалдағына, қанша қашқанмен құтыларлық айла таптырмайтын тағдырға теңелген. Өткендегі қазақ ақындарының баршасына тән тәсілмен, адам өмірінің кезең-кезеңді кездеріне – балалық, бәлиғат, егделік, сексен, жүз жастардағы қарттық шақтарға сипаттамалар берілген. Бұлай еткенде адамның сәбилік, балалық шағы өмірдің бастамасы есепті қабылданса, сәбидің өсе келе бәлиғат жасына жетуі тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңатын адам баласы үшін бар бейнеттің басталған тұсы, ал бәлиғат жасынан асқан соң келетін орта жас егделікке аяқ басу деп түсіндіріледі. Қойыны суық қара жердің хабар лебі есе бастаған сексен жастан соңғы тоқсан, жүз жастардағы төмен тасталған еңсе, яғни еңсесі түскен адам кейпінде елестетіледі. Осылай етіп оқырман ойын сан-саққа жүгіртіп, әр қиянға бір салатын ақынның мақсатты түйіні жоғары адамгершілік, имандылық сана асқарына қарай жетелейді.Біреуге «берем» дегін, «алам» деме,Біреудің адал нанын алып жеме, –дей отырып, адамның артында ұмытылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды.Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида, ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғамында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда да әдеттегі тіршілік қарекетінен, қала берді табиғат дамуының барысындағы өзгерістерден туатын жағдаяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өрелі қорытындыға дейін биіктеуді байқаймыз.Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысына беріліп отыратын сипатты мінездемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қалады. Және бір сүйсінерлігі олар қоғамның ақын өнеріне қойылар жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның ара қатынасы да әңгіме өзегінен шет қалмайды. Мәселен:Өлеңдетіп әндеткен,Айналаны сәндеткен, –секілді, өнер иесі ақынның:Жастайынан көсілген,Он саусақ ойнап секірген, –деп, ақ домбырасын аялап өлеңге қосуы да жарасымды.Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қарымының қандайлық екенін тек пәлсапалық толғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы арнау өлеңдері дәлелдейді. Мәселен, «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің Ырысқұлбек бұлғақтаған», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп басталатын шығармаларында ақын өз заманының оқиғаларын шебер суреттейді. Бұларда ол кісінің бұлтартпастай ұстанатын бағыты – бұқарашылдық. Мысалға, «Мазақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Кезінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарияланған бұл өлеңінде ақын:Аулыңа келген жыршыныМазақ қылма, Көлбайым.Мазақ қылсаң, Көлбайым,Сенің атаң ЖұмабайШылбырдан өлген кісі еді,Кетерсің болып сондайын, –деп басталатын шығарма күллі билік иелеріне зілді ескертпе болып шыққан.Албыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұмдық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деген арнауы жағалай жатқан қалың елге жаманат келтіретін жағымсыз қылықты:Алты күшік болыпты алты тоқты,Әркім әуес қылады қолда жоқты.Ит сатқанның ауылы атанарсың,Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, –деп шенеп-мінеуімен құнды.«Әңгімесін естісең…» деген сықағында сөйлеген сөзіне құлақ қойған адам жаһанда жоқ ғұлама деп ойлап қалатын, бірақ істеген ісіне қарағанда күнәға белден батып жүрген, күндіз сопысынғанмен, кешке қарай құнты-пейілі бұзылып шыға келетін дін қызметшісінің сырты жылтыр болғанымен, ішкі дүниесі қалтырауық бет-бейнесі көз алдымыздан өтеді.Ал әкесінің қазасы кезінде шығарылған дейтін «Алпыс бір жанның атасы» атты жоқтауында ақын әке арқасында жағасы жайлау боп емін-еркін өмір сүріп келген өз басының дағдарысты қалпына өзіндік сын тұрғысынан келіп, былайша суреттейді:Тоқсанға жасы келгенше,Ажалы жетіп өлгенше,Мойнында еді ботасы.Құлекең қаламгерлігінің үшінші қырын құрайтын айтыс өнерінен бізге жеткен бірден-бір шығармасы – өз замандасы Майлықожа ақынмен айтысы. Одан аңғарылатын ең бір қымбат қасиет – елі сүйген екі ақынның да бір-біріне деген керемет күшті сыйластық сезімдері, бір-бірінің дарын қуаттарына ешбір шек келтірмейтіндігі. Мұның қаншама айшықты мысалдарын Майлықожаның Құлыншаққа, Құлыншақтың Майлықожаға берген мінездемелерінен айқын аңғарғандаймыз. Мысалы, Майлыекеңнің Құлекеңе арнап айтқан «Менімен кім айтысар, сенен өзге», «Ақын ең, бағы қалың, озған атың», «Бар едік екі жүйрік құдай берген», «Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің», «Бар едік екі ақын мақтап жүрген», «Аузыңның қыдыры бар кісі едің», сондай-ақ Құлекеңнің Майлықожаны марапаттайтын «Қара дауыл өлеңге дүрсің, қожам!», «Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз», «Қосылдық екі жүйрік байымызға», «Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік», «Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайт» дегендері қандай!Таяуда сырлы да жырлы Созақ жерінде болғанымда, Құдай қолдап қымбат қазынаның үстінен түстім. Аудан әкімшілігі Теріскей елінің өмірден өткен қадірлі ер-азаматтарынан қалған мәдени мұраларды жарыққа шығаруды қолға алып, оны зерделі зерттеуші, алымды аудармашы, ойлы ақын Дулат Тұрантегі мырза жетекшілік ететін әдебиет бірлестігіне жүктеген екен. Соның бастапқысы – өзінің сексен жылдан астам өмірінде атқарған әртүрлі жауапты қызметтерімен аудан жұртшылығына кеңінен танымал, өзім де кезінде бірталай мәжілістес болған, осы ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Есіркеп Өмірбековтің «Шежірелі өлке» атты кітабы. Бұл еңбек ірге көтеріп, отау тіккеніне үстіміздегі жылы 75 жыл толатын ауданның тарихынан, жағрапиясынан, жанды-жансыз жаратылысынан, рухани әлемінен мол мәлімет беретін атына лайық шежіре кітап болып шыққан екен. Ол, әсіресе ауданның жалпы білім беретін бастауыш орталау және орта мектептерінің мұғалімдеріне көмекші оқу құралы қызметін атқара алатын айшықты дүниеге айналыпты. Одан Құлыншақ ақын Кемелұлының шығармашылық қызметіне қатысты тапқан олжамның өзі қандай маңызды десеңші!Атап айтқанда, танымал әдебиетші ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрік халықтарының рухани әлемін байытуға ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға берілетін сыйлықтың иегері Рахманқұл Бердібай екеумізді өкіндіріп жүрген бір жағдай болушы еді. Ол – қазақтың күнгей өлкесіндегі сөз өнерінің өрен жүйріктерінің бірі Майлықожа ақын: «Бар еді екі жүйрік құдай берген» – деп барынша жоғары бағалаған Құлыншақ атамыздан қалған әдеби мұраның тым аздығы болатын. Осынысынан да, бір жағы облыс зиялыларының марғаулығынан айтулы ақынның мерейтойы да аталып өтілмеді.Дегенмен де қымбат байлығымыз біткеннің қамба-қоймасындай қабырғалы қалың халқымыз аман тұрғанда бұлайша опына беруіміз де орынсыз-ау деп ойлаймын. Бұған Есіркеп аға кітабындағы Құлыншақ ақынның екі жүз жолға жуық өлең-жырлары дәйекті дәлел.Бұл жәдігерлерді түр, мазмұн жағынан талдап қарасақ, ақынның 1991-1995 жылдары Шымкент қалалық, облыстық баспаханалары басып шығарған «Өсиет» атты шығармалар жинағындағы негізгі белгілерді жазбай танимыз. Олар, атап айтқанда, адам тіршілігінің әр қырын аңғартатын толғаныстарды, қазақ тұрмысының күлкі шақырып, сын тезіне салуға тиісті тұстарын, өлең өнерінің майталмандарын мінездеуді қамтиды.Өмірдің өтпелілігі, осыған байланысты пенде біткеннің бұл өмірдегі түгесілмес өкініші Құлыншақ пен Бұдабай ақындардың сәлемдесулері түрінде туған дүниеде әсерлі шыққаны. Осындай сипаттағы терме-толғауларда бұрындары қаншама жиі жырланып, үйреншікті болып кеткеніне қарамастан, тақырыптың оқырманды елең еткізерліктей тосын екендігі байқалады. Мәселен, Бұдабай бабамыздың өмір туралы мына бір толғанысына зер салып көрелікші:Кімге опа етедіМынау дүние жалғаның?Шайнамай қылғып жұтадыАузына салғанын.Талайлар тастап жөнелгенСайрандаған жалғанын.Орындай алмай, өкініп,Көңіліне алғанын.Ұстай алмай, қапы қап,Қармаса да арманын!Алдына кішілікпен сәлем бере келіп тұрған Құлыншақтай сөзге алғыр інісінің ілтипатына сүйсініп, көңілі өскен кәрі тарлан өзі кешкен өмірден түйген түйінін кемел де келісті оймен осылай тұжырымдайды.Еспе де төкпе осы екі ақынның бұл жүздесуі үстінде өлең-жыр, ақындық өнер туралы да тәлімді сөздер тамыр тартқанын көріп көңіліміз сүйсінді. Сөз атасы – сәлемін Бұдабайдың ақындық асқан қарым-қуатынан қозғаған Құлыншақ былай деп көсіледі:Озып бәйге алған еңЖарыстарда сен талай.Өрт едің ғой қаулаған,Өлең едің заулаған.Аузыңмен құс тістеген,Қыран ең алмай түспеген.Өлеңдете күшпенен,Мерген едің жасыңдаОғың жерге түспеген!Еруліге қарулы дегендей, Бұдабай өз толғауында әуелі Түркістан төңірегі ақындарының шығармашылығынан жете хабардар екенін таныта келіп, оларға тән сөз өнерінің басты сипаты өткірлік екенін тілге тиек етеді:Көтеншіде Құлыншақ –Өлең сөздің ұстасы.Майлықожа, Мәделі –Бұлар соның тұстасы.Сөздерінің бар едіТістейтіндей қышқашы! –деп топтап мінездеп алады да, Құлыншақ өнеріне өз танымымен жекелей баға бере келіп, былай дейді:Ең озығы Құлыншақ –Өлең десе ұрыншақ.Шу асауды тоқтатқанБұғалақты бұрын сап.Сонан соң Қаратаудың Теріскей бетіне қайтқалы тұрған ақын інісімен бақұлдасқандай болып:Сәлем де Қаратау еліне,Ажал шіркін келмейдіКөзіңе сенің көріне.Жөнеп кетсем бір күніҚияметтің өріне,Дұғаңды бізге арнап жүр«Кетті» деп барар жеріне, –деп қоштасады.Сықақшылдық, сыншылдық өнер күнгей ақындарының басты шығармашылық ерекшелігі десек, бұл қасиет Құлыншақта негізгі тәсіл деуге болады. Соның бір мысалы мынау: саятта жүріп, мініс аты бір мергеннің оғына байланғанда ара ағайын ретінде бітімгершілік айтқан Құлыншақ ақын атының бодауына құн сұраған мал иесі – дәулетті адамды:Құдабай бай, есіңе алБылтырғы қасқыр шапқанды.Қорадағы қойларыңЖыландының бойындаӘр жерде арам қатқан-ды.Қасқырдан қанша құн алдың,Қан-жыныңды ақтарды –деп тоқтатып, ағайын арасын бітістірген екен.Алла жазса, ел арасында Құлыншақ ақынның әлі талай шығармасы табыларына көз жетіп, көңіл сенгендей.

  • ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ Шығармаларынан үзінді, Орынбек Жолдыбай (жалғасы бар)
  • https://sangyl.site/blog/

Жәнібек ақын

Жәнібек Момбеков дарынды күйші, композитор Төлеген Момбековтің туған ағасы. Жәнібек те Теріскей өңіріндегі атадан балаға өнері мирас болған атақты өнер иесі. Оның жазған өлеңдерінде Отанды сүю, Ұлы Отан соғысының зардабын шеккен адамдардың қайғы-қасіреті толғана жырланады. Қозмолдақ – Сызған елді мекені өзінің өнерімен елге танылған белгілі ақын, күйшілер, шешендердің ошағына айналған жер. Жәнібектің ағайындары, ата-бабалары – бәрі шетінен өнердің саңлақтары. Қожамжар шешен, Қайдау ақын, Бапыш күйші міне осы кісілермен немере-шөбере болып келеді. Аталғандардың барлығы осы теріскей өңіріндегі Қозмолдақтан шыққан. Жәнібектің өлеңдерін оқып отырып көңілге түйетінің: өз өнерінің бағасын білмейтіні. Жәнібектің өлеңдерінің 70-80 проценті басылымға дайын тұрған өлеңдер. Қойын дәптерінде ғана жарық көрген дүние. Қазіргі кітабы шығып жүрген ақындардан деңгейі биік болмаса төмен емес. Жәнібектің біраз өлеңдерін арнау, сәлем хат ретінде жазылғандығы аңғарылады. «Айдарбекке», «Сарыға» деген өлеңдері осының дәлелі. Жәнібек пен Сарының жазба айтысы өзінше бір төбе. Қыз-келіншектерге арналған өлеңдері де бар. Егде тартқан шағында әйелі қайтыс, жаңадан жанұя құрғысы келеді. Өлген әйелінің жылын өткізіп елдегі басы бос келіншектерге хат арқылы әзіл тастайды. Бірде ол:Тірлікте ер жігіттің қосы аумасын,Басынан бақыт тайып, досы аумасын.Бұл күнде жас қыздарға қарт болыппынЕшкімді жақтырмайтын асау басым.Мінеки, не деген тапқырлық – өзінің іңкәрлік сырын шертіп ақтарып жайып тастаған. Ақын өлендерін оқи-ақ, оның қандай дәрежедегі ақын екендігі бірден көзге түседі. Жәнібек ағаның мына өлең шумақтары еш ақынға дес бермейтін өмірден алынған, жүректің тебіренісінен туындаған жыр шумағы. Өзімнің өмірімнен бір мысал келтіруді жөн көріп отырмын. Өлең жазуды Әскер қатарында жүріп бастаған едім. Бірінші рет «Матрос» деген өлеңім Қаратау кеншілері» газетінде 1959 жылы жарияланды. Әскерден оралғаннан кейін де жазып жүрдім. Тек жергілікті баспасөздің деңгейінен аса алмадым. «Оңтүстік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Жұлдыз» газет-журналдарына талай рет өлеңдер жібердім. Бірақ бірде-біреуі жарық көрмеді. Бәрінің жауабы бір: «Рахым Балабиев, сіздің өлеңдеріңізді алдық. Өлең жазуға талабыңыздың бар екендігінде дау жоқ. Көркемдік жағы төмен. Әлі де ширата түсіңіз. Басылымның жүгін көтермейтіндіктен газетке жариялаудың мүмкіндігі болмады. Сәлеммен ПОЭЗИЯ бөлімінің меңгерушісі… пәленше, түгенше». Міне осындай жағдай жиі кездесе бергендіктен, менен ақын шықпайды екен деп өкпелеп, тастап кеткен болатынмын. Бірде белгілі ақынның жыр кітабы қолыма түсіп, оқығанда аңғарғаным- өлеңдері қара байыр, қара өлеңге ұқсас, көркемдік шеберлігі төмен, үйқас мәнерлері де көңілге қонбайды. «Мынау өлеңдер кітап болып шыққанда, менің жазғаным неге жарық көрмейді?!» деп белімді бекем буып, өлең жазуды қайта бастадым. Бүл 1980-жылдары болатын. Жазған өлеңдерімді Шымкенттегі облыстық Жазушылар Одағының бөлімшесіне алып келдім. Ол кезде бөлімше бастығы Насреддин Сералиев еді. Өлеңдерімді қарап отырды да, «әй, Исраил, бері келші! Мынау өлеңдерді көрші. Меніңше, тәп-тәуір сияқты. Сен маған қарағанда ақынсың ғой, менен гөрі тереңірек түсінерсің» деп жанына шақырып алды. Сол кезде мен қырықтан енді ғана асқан едім. Екеуі өлеңдерімді ақтарып оқып отырып, біразын іріктеп алды. Маған сұрақ қоя бастады. «Бұрын-соңды аты-жөніңізді баспасөз бетінен көрген емеспіз. Мынау табиғи дарындылықты неғып жасырып, бүркемелеп жүрсіз?! Неге газет-журналдарға бермейсіз?» — деді. Мен жоғарыда айтылғандағыдай, өз өкпемді айттым. «Сіз, бұлай етпеңіз, мынау деген керемет дап-дайын өлеңдер ғой. Кейбір өлеңдеріңіз редакциялық түзетуді де қажет етпейді. Біз газетке жариялаймыз, суретіңізді әкеліңіз»,- деді. Мен ол кісілердің айтқандарын бүлжытпай орындадым. Өлеңдерім «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарты бет болып шықты. Міне осы сәттен кейін маған қанат бітіп, шабытым тасып, бұрқыратып өлең жаза бастадым. Жәнібек ағамыз өз өлендерін газет-журналдарға ұсынбай өзінің қойын дәптерінде сақтаған. Егер талаптанып кітап шығарамын деп ынталық білдірсе, әлгі ағамыз сияқты белгілі ақын болып шыға келер еді. Жәнібек ағамыздың ақындық шеберлігіне байланысты тағы да бір екі шумақ өлеңдерін мысал ретінде келтірейін. «Балдызым» деген өлеңінде мынадай өлең тіркестері бар:Аспандағы сен бір туған ай болсаң,Жер серігін мініп алып айналсам.Қонуыма сізден бөтен мекен жоқ,Болашаққа көз жіберіп ойлансам.Бүл нағыз ғашықтық үлгісімен жазылған өлең. Кезінде бұл туралы филология ғылымының докторы профессор Рахманқүл аға тебірене жазған еді. Жәнібек ақын туралы жазып отырғанымның өзі сол Рахманқұл ағамыздың мақаласынан алынды. Жәнібек ақын өзінің Қаратау деген өлеңінде ел байлығы мен ондағы аяулы азаматтардың өмір жолы, еңбегімен ері атанған ардақты адамдардың іс-әрекеттері паш етіліп терең шабытпен жырланады. Мысал келтірейік.Алтын бесік Қаратау,Бақ кетпейді басыңнан.Теріскей, Күнгей тауынан,Өзендер ағып тасыған.Келіншектау қатар түрСәукеле киіп асылдан,Жасау артқан нарынаҚызыл менен жасылдан.Жолың менен үлкен депМың жылқыға бас ұрған.Байлығың көп бойыңдаКендерің бар ашылған.Руда болып шығып тұрТүрлі металл тасыңнан,- Таусылмайды алса да,Қазынаң көп басылған.Жеміс ағаш тұнып түрЖер қыртысын жасырған.Өрік, алма, алмұртыТөгіліп жерге шашылған.Аң аулаған мергендерӘр сайдан жүзін қашырған.Өлең осылай терең оймен, шабытпен өрнектеліп жазыла береді. к ақынның қай өлендерін оқысаң да, жаңағы белгілі ақынымыздың өлеңдерінен кем түспейді. Жәнібек ақынның өзінің жерлесі, Тарақты руынан шыққан Сары ақсақалмен айтысынан үзінді келтірейік.Жәнібек: Ардақты сәлем жолдаймынШалқар менен Сарыға,Жаратылыс жарылқапАмандық берсін жаныңа.Естіп хабар қуандымАман-сау жүрген халыңа.Жаратқан өзі төрешіЖұмыстың қара-ағына.Жарылқаса жасаған,Ауылға қайтсақ ағыла.Жеткізсе осы тілекке,Кете ме жүрек жарыла.Тоспитальда жатырмын,Науқастан келем айыға.Жығылмай аман мен жүрмінСібірдің мұз бен қарына,Аман-сау жүрсем болғаныӘсияның бағына.Кезектегі жығылысТегістіктің боладыҚыздарының жанына.Көрмегелі көп болды,Сіздерді жүрмін сағына.Хабарласып тұрайық,Хат жазысып тағы да.Хатыңды алдым, Сары-еке,Октябрьдің онында,Аман-есен жүрмісіңАрмиялық жолындаӨзі басшы пендегеЖақсылық пен жамандықҚұдіреттің қолында.Сіз бен бізді жарылқап,Жіберсін істі оңына.Сары: Кеттің бе аман, Жәнібек,Науқасыңнан жазылып.Сарсылдық біз де, ЖонекеАуылда сені сағынып.Аман-есен кез қыл депҚұдайға жүрмін жалынып.Жеткізсе осы тілекке,Кете ме жүрек жарылып.Хатыңды алып қуандық,Ол жақта, амандығыңа.Кез етпесін құдайым,Пендесін жамандығына.Түсінбедім мен сағанСенің бір айтқан сырыңа:деп жазыпсың тірімін,Әсияның бағына.Сенің тірі жүргенің,Кетіп қалған әйелдіңСоры ма, әлде бағы ма?Онан да жүргін Жәнеке,Ата-ана, елді сағына.Рахым етіп құдайым,Қайтарсың елге ағыла.Бастырмай биыл СібірдіңМұз бенен қарын тағы да.Исі жұпар аңқығанБөленсек Созақ-сазына,Биені байлап шалқытсақ,Қозмолдақ-Сызған сазынаҚымыз ішіп, мас болып,Ойнап-күліп жүрейік,Қыздардың күлкі назына.Амандықты білдіріпХат жазып тұр тағы да.Бөтен емес, хат жазғанЖолдасың Шалқар, Сары да.Жарылқаса жасаған,Аман-есен қосадыАғайынның тобына.Жәнібек: Жазыпсың өлең бізге арнап,Түсіндім оқып толыға.Сізбенен біздің бүгінде,Қарсы шабар кезімізЗеңбіректің оғына.Жанып бір тағы кетпейікМинаның оскол шоғына.Қолындағы қарудыЖазамын хатты Шалқар менДүйсенбайдың ұлына,Тірі болсақ жетермізҚуаныштың жылына.Масайрап мұнда мен жүрмінТегістіктің қызыныңалтын-күміс буына.Жығылып өлсем шейітпін,Тегістіктің қызынаБой бермей жүр айғырым,Әйелді көрсе ұрына.Қарайтын емес ешкімнің,Ажалы менен құнына.Жуынсам таза боламын,Қошқар атаның суына.Салмаймын құлақ, Сары-еке,Сенің бұл қорқақтығыңа.Уайым сөзді көп айтып,Қалушы ма еді келіннің,Батпағына тығыла.Тиіп кетсе былғайтын,Екеуміз де кез болдық,Саз балшықтың суынабылғанам деп қорықсаң,Келінге сірә жуыма.Жатқан шығар ӘсияАлтын-күміс тақтайда,Тексіз туған жамандыАдам сірә мақтай ма.Әдепті туған үл мен қызАруақты аттай ма.Қайын жұртты ұмытсақ,Аруақ бізді таппай ма.Жүрмін деп тірі, — айтпасам,Әсияның бағына,Шалқар менен Сары шалҚабырғаңа батпай ма.Бұрынғының сөзі барБақытсыздың байы өлер.Ескілікті мақалға,Қисыны сөздің жатпай ма.Сағынбайтын адам жоқ,Туып өскен Отанын.Әсия аман жүр ме екен,Қолында ата-ананың.Мен айтпаймын жел сөздің,Өтірік пенен өсегін.Қалған шығар байқамай,Мұратыма жетемін.Жақсылығыңды ұмытар,Шалқар менен Сарыдай.Қадірлі туған көкенің,Сол уақытта білерсің,Туысқан қыздың көтегін.Амандықты есітіп,Көңілден қайғы шашылды.Қосылсақ аман ел-жұртқа,Есіркегін құдайымКәрі менен жасыңды.“Уайым етпе Сарыеке,Қорқыныштан болып түр,Қуаныш жұмыс басымда.Аламаты соғыстың,Көп адамның өмірінТопыраққа жасырды.Бізге деген оқтарыӨзіне тиіп немістіңҚаны судай шашылды.Жеңіліс тауып майданнан,Өз жеріне тасындыАрмиясы Советтің,Қарасын жаудың батырды.Аз күнде тегіс аластапҚызықшылық дәуірменӨткіземіз ғасырды.Сары: “Хатыңды алдым Жәнеке,Сентябрь жиырма төртінде.“Сізбен біздер жүруші ек,Ешнәрсе білмей кертіне.Бүлдірді неміс халықтыСоғыстың салып өртіне.Ант беріп өзі қол қойған,Опа қылмай сертіне.Қызықты ел мен жерімніңГүлденген тұрмыс көркіне.Жібермеді біздің күш,Фашисті емін-еркіне.Нан орнына қан жұтып,Жерменен қашты серпіле.Енді жоқ одан қорқыныш,Берілді соққы өлтіре.Оқыдық біз Жәнеке,Әзілмен жазған хатыңды.Туылдың ата-анадан,Өз қатарыңнан ақылды.Ажыратасың өзің де,Тентекпенен мақұлды.Әсияны айталық,Кекетіп Сары ШалқарғаБола ма деп батымды.Қай түрлі етіп мұқатсаң,Жібермеспін ақымды.Қармағыңнан кетпес-едӘйелге болсаң батымды.Өзі жақсы болса да,Тұтымы бос деп әйелгеБылғаттың ерлік атыңды.Мағынасыз айтыпсың,Жері жоқ ешбір атымды.Айтайын ашып десем де,Қысасың өзің тақымды.Шындықты айтқан бір сөзім,Кетпесін батып жаныңа.Әсия неғып кез болды,Жәнеке сенің бағыңа.Тегістіктің қыздарыСырыңа әбден қанықты,Жолатпас енді маңына.Жақсылап салсаң тура жол,Көмілмес едің шаңына.Шыдамай жүр депсің айғырым,Өкпесі әбден қабына.Қалай бұл деп де ойланам,Жібермес еді-ау, кіріпАлдындағы үйірін.Басқа үйірге саларсың,Қазір келсе табынға.Жиналды дейсің қанша күш,Оншақты күн өткен соң,“Қаларсың лағып тағы да.Мас болғандай айтасың,Сібірдің қара нанына.Әсиядан саған үміт жоқ,Ілеспей қалдың шаңына.Шшіңді босқа күйдіріп,Енді сен оған налыма.Желпінбестен бекерге,Қарай жүр өткен қалпыңа.Қорықсаң сірә Сары-екеКелінге депсің жолама,Айтылған сөз мағынасызҚұлаққа сірә қона ма.Қорқамын дедім мен қашан,Айтқаның өтірік бола ма.Айтпаймын сендей құрғақ сөз,Кетсем де жауға тонала.Даңғыл салған жолым бар,Кідірмей шауып өтетін.Көзіме киіп томаға,Алдымдағы үйірімді,Басқа айғырға алдырмайСақтаймын иіріп қорама.Айрылып аңрып сен жүрсің,Көзіңнен ағып сорада.Мазақ болдың әркімге,Қосылмай басың жораға.Тізеңді құшып жатасың,Үйіңе келсең қонаға.Жасың өтіп қырықтан,Ағарып сақал-мұрытыңҚартайып қалдың сорлы аға-Жүйрік сөзбен айтыпсың,Қисынын сөздің келтіріп,Мақтайсың сонша өзіңді,“Көтеріліп желпініп.Жортақшы бір қысыраққаПеспей қалдың ентігіп.Сыпайы сынған жігітіңАлғаны тастап кеткеннен,Қойғаны жақсы өлтіріп.Жалынды ішіп Жәнеке,,Қайын жүрт деген тіліңе.Әзілдесіп қағазбенАшылды көңіл кірі де.Мұндай хат ешкім жазған жоқ,Жолдастардың бірі де.Амандықпен елге бар,Дақ түспей өкше сіріңе.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ ӨКІЛІ

Ханғали СҮЙІНШӘЛИЕВ,филология ғылымдарының докторы, профессорҚазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе деген жерде туып-өскен. Әкесі көп отбасылы кедей шаруа болған. Құлыншақ отыз жасқа келіп, өз бойындағы талантын танытқанға дейін кедейлік зардабын тартқан. Тек өмірінің соңғы жылдарында ғана орташа дәулет жиып, ел қатарына қосылады. Құлыншақ он беске келген кезде-ақ жұрт назарын өзіне аударады. Алғашқыда жаттап өлеңдер айтып, сауық-сайрандарға араласады. Ұрымтал ақын оқыған адамдарға жақын жүріп, өз бетімен ізденіп, сауатын ашады. Сөйтіп хат таныған ақынның қолы шығыс қиссалары мен ақын-жазушыларының шығармаларына ерте жетеді. Сөйтсе де Құлыншақ ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, өз өлеңдерін ауызекі айтып таратады. Айтыстарға түседі. Ел сынынан өтеді. Ақындық жолға түсу себебін ол ескі наным тұрғысында түсіндіреді. Жас шағын еске алған сөзінде ақын маған қара кісі боп келген пірім ұйықтап жатқанымда аян берген-ді, ол маған: «Көген тілейсің бе, өлең тілейсің бе» деген еді. Мен өлеңді қаладым деп түсіндірмек болады. Әрине, ол «пірі» қолдап емес, елдегі көптеген ақындық өнердің ықпалы нәтижесінде ақын болғаны сөзсіз. Сыр бойы, Түркістан өлкесі, Қаратау, Жетісу жерлерін түгел аралап көп ақындармен кездесіп, айтысу арқылы ақын боп қалыптасқанға ұқсайды. Кейінгі ақындар оны ерекше ардақтайды. Молда Мұса деген ақынның айтуынша, Құлыншақ ешбір ақыннан жеңілмеген көрінеді. Айтыстарының ішінде, әсіресе оның Майлықожамен айтысы көңіл аударарлық. Ол Майлымен жүздесіп тілдесумен бірге хат арқылы да айтысып жүріпті. Оның бұл айтысы – Майлы елінің сараң байларын сынаудан басталады.Құлыншақтың «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға» атты толғауларынан ақынның шабыты ғана емес, сонымен бірге өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосқан ақын болғаны да танылады.Айтысқан ақынына мін таққыш, табан асты сөз тапқыш Құлыншақ халық ішінде беделді болған. Оның шешендігіне, шыншылдығына ел риза боп ардақтаған. Әсіресе заманында билікті қолына ұстап, өз дегенін істеп, еш нәрседен шіміркенбейтін қара пейіл үстемдерді, сараң байларды өлтіре әжуалап отырған. Сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеріп, адамгершіл ақылдар айтқан. Мәселен, «Дүниеде не ғаріп?» толғауында ақын табиғи құбылыстарды адам өмірімен ұштастыра термелеп, терең ой қозғайды.Енесі жүдеп нашарлап,Ертелеп туған төл ғаріп.Әуеден жауын кем болып,От шықпай қалса, жер ғаріп.Басшысы нашар жолығып,Ынтымақ кетсе, ел ғаріп.Көк ала жылқы болмаса,Бетегелі бел ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдынды шалқар көл ғаріп.Қатарынан кем тартып,Қуаты қашқан ер ғаріп…Суырыпсалмалық өнерге жетік ділмар ақынның өзінің өмірі туралы толғаулары да тартымды. Нағыз жүлдегер жүйріктерге тән қарекет-қасиеттермен көрініп, көп жүйріктен суырылып озып шыққан өрен саңлақтың өзін танытады. Өзінің бар өмірін, бойындағы бар өнерін халқына ғана арнаған ақынның тағдырға бас имей, тіршіліктің қамын ойлап, ел-жұртына өнер шашуды мақсат етуі – оның азаматтық мұратының куәсі дерлік.Менің атым Құлыншақ,Ал сөйлеп көр, тіл мен жақ.Дауысым, байғұс, шығып бақ,Саулы інгендей ыңқылдап.Қызыл тілім сөйлеп бақ,Асыл біздей жылтылдап.Домбырам, байғұс, сен сөйле,Екі шегің тыңқылдап.Он саусағым, қимылда,Жорға тайдай бұлтылдап.Құлыншақ өзінің біраз өлеңдерін арнау ретінде шығарған. Ол кезінде бай, бек, датқа болған немесе болғысы бар дәреже-дәулет құмарлар тобьн сынап, солардың өзімшіл, құлқынқұмар мінездерін әжуалап отырады.Ондыбайға деген өлеңі елді билеп-төстеген болысты сынауға арналады. Әсіресе оның қонақасыға сараңдығын бетіне басады:Болысеке, бұл өлең қайдан шықты,Үйіңде бесінде ішкен шәйдан шықты.Сабада сапырулы қымыз тұрып,Күбіден айнып кеткен айран шықты.Қайыр-қош, болысеке, көргенімше,Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше.Қос қосалғы арқалап құрыған жақсы,Итке артып, аттың басын жүргенімше.Аталмыш ақын арнауы болыстың өзі жоқта үйіне түскен қонақтың құрмет көре алмай аттануына байланысты айтылған. Ондыбайдың сараң әйеліне мін таққан ақын басқа біткен дәулетті дұрыс баға алмай, сараңдыққа салынып, керек жерде бере алмайтын пейілсіздік мінезді әшкерелейді. Адамның жақсылығы оның сыртқы өңінде де, бет ажарында да емес, адамгершілігінде, жомарттығында деп біледі. Ондыбай тап осындай әйелінің өңі мен келбеті келісті, бірақ көңілі тар, адамшылығы кем бейшара ретінде бейнеленеді.Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан,Есектен не туады айғыр шапқан.Жылтыраған бетіне әуес болмай,Адамның баласын ал, кісі баққан.Қызарған не қыласың беттің нұрын,Салады көрген жігіт көздің қырын.Ондыбайдың аулына барамыз деп,Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын, –деп ақын Ондыбайға ақыл беру арқылы кейінгі жастарға да ой салып, әйел таңдауға тек қана бет-ажарына ғана қарап, бекерге алданбай, оның адамгершілігіне, ақыл-парасатына назар аударудың керектігін ескертеді.Қоғамдық қайшылықтарға немқұрайды болмағанының бір куәсі ақынның «Дүйсенбі датқаға» арнауы. Аталмыш толғауында ол:Әлсізді аз ғана күн амалдайсың,Жақсылық бұл пейіліңнен таба алмайсың.Жеріңе ерегескен қап-қара боп,Бұлттай жауатұғын табандайсың, –дей келіп датқаның таяғы тимеген, тізесі батпаған жер кемде-кем екенін айтып, оның елді жылатып жатқанын бетіне басады. Үстемдер арасындағы бақталастық халыққа жабысқан дерттей елдегі кемтарлықты көбейтіп, жоқшылыққа ұшыратуда дейді.Әрине, қаймықпай қарсы айтылған сөз датқаға жақсын ба, Құлыншақ біраз қуғынға ұшыраса керек. Мұны:Тізесі Дүйсенбінің маған өтті,Қайсысыңды мендей қуып еңіретті? –деген жолдардан айқын аңғаруға болады.Әлеуметтік маңызы жағынан ақынның «Қуды мініп, құланды құрықтап жүр» толғауы ерекше. Бұл тұста ол қазақ елін жайлаған қулық-сұмдықтарды, олардың датқалармен ауыз жаласып, елді бүлдіріп жатқанын әшкерелейді.Ақын халықты олардан сақтандырып, әділет жолын уағыздайды. Енді бір өлеңінде ақын түйені түгімен жұтып жатқан қуларды:Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан,Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан.Қаз мойын, қарға тұмсық бір қу екен,Төбесін бір-ақ көрдім тарғыл құмнан.Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты,Түк қалмас, бере берсең, жиған малдан, –деп сынайды, оларды араны ашылған айдаһарға, жыланға балап өзінше образдар жасайды.Құлыншақтың Майлымен айтысы және басқа шығармалары әлі толық жинальш, баспа бетін көрмей жүр. Оның ақындық шабытын танытар жолдарды біз қолда бар деректерден келтірдік. Ақын – халық поэзиясының үлгісін берік ұстаған суырыпсалманың өзі. Ел ақындары дәстүрінде сөз бастап, төгілте өлең термелейді. Мысал үшін оның Майлымен айтысынан үзінділер келтіре кетейік:Жиылдық үлкен-кіші үйден, түзден,Жүйрік ат топтан озып бәйге сүзген.Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп,Екеуміз шығып едік Орта жүзден.Қосылдық екі жүйрік сайымызға,Бір нұқсан түспегей деп пайымызға.Тақсыр-ау, өлеңіңді енді қамда,Бозбала қоймас болды жайымызға.Ақынның суырыпсалма өнеріне, халықтың салт өлеңдері үлгісіне жетігін оның анасына арнаған жоқтауынан да көруге болады.Тал бесігін таянған,Түнде тұрып оянған.Тар құрсағын кеңейткен,Тас емшегін жібіткен.Өлеңдетіп әндеткен,Айналаны сәнді еткен.Уақыты жетіп демі біткен,Айналайын ақ шешем.Құлыншақ даңқы қазақ еліне кең жайылған. Оны тұстас ақындарынан бастап, қазіргі заман халық жыраулары жатқа айтады. Ақынды қадір тұтып, одан үйреніп өскендіктерін жасырмайды. Заманымыздың жыр алыбы Жамбылдың өзі Құлыншақ атын құрметпен атағаны мәлім.Ол:Қаздай қалқып ерінбей,Өлең тердім жасымнан.Майкөт ақын, ҚұлманбетОрын берді қасынан.Майлықожа, ҚұлыншақПірім еді бас ұрған, –депті. Құлыншақты еске алған ақындар ішінде көлемді естелік қалдырған – Сұлтанбек Аққожаев деген жырау. Ол ақын өмірін ұзақ толғап, оның өмірінен көптеген деректер береді.Әкесі Құлыншақтьң Кемел еді,Сүйген екен немере, шөберені.Алты ұлы алты ауыл болып жүре берді,Адамға бұдан артық не керегі?!Сұлтанбектің айтуынша, Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі сергек адам болған. Ол баласының ақындық бетін қайтармай, қайта жөн сілтеп, ел аралауға ерік беріп, белгілі әруақты ақындардан бата алуға жіберіп, баласына оң сапар тілейді.Ақынның ізденіс сапарлары, өсу жолы туралы Сұлтанбек жырау былай дейді:Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,Үш тоғыз дүниемен жібереді.Шөженің ақ батасын алып қайтты –Адамзат дуаменен көгереді.Келген соң киіндіріп ат мінгізіп,Баланы еркіменен қоя берді.Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып,Күңірентіп жіберді жүрген жерді.Жыраудың деректеріне қарағанда, Құлыншақ қазақтың көп өлкесін аралап, талай тарландармен кезігіп, тіл қағысқан. Олардан өнер үйреніп, ақындық дәстүрлерді қабылдап отырған. Қазақ ақын-жырауларына қанағаттанып қалмай, шығыс әдебиеті классиктерін де оқыған және оның кейбіреулерінің сюжет желісін өзінше толғап, қисса ретінде жырлаған, Сондай шығарманың бірі – «Шырын – Шекер». Құлыншақты көрген ел ақындары аталмыш қисса ұзақ жырланатьн, тамаша лирикалы қызық шығарма еді деп тамсана еске алады. Бұл жөнінде Сұлтанбек жырау:Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі,Жаңғыртқан терезенің көгінде енді.Ән қандай, өлең мындай күйіндегі,«Шырын – Шекер» сөз бопты тіліндегі.Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай,Сейіл ғып аралады төменгі елді, –деп жырлаған.Сұлтанбек жырау өзін Құлыншақтың шәкірті ретінде таныстырады. Ол өз ұстазын ерекше талант иесі еді деп дәріптейді:Ұстазым – Орта жүздің ҚұлыншағыӨлеңнен кем болған жоқ оның бағы,Қосылып құнанында ат бәйгеге,Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы.Құлыншақ талантына Сұлтанбек сияқты бас июшілер көп болған. Кейінгі кезең дәуірінің танымал ақындары да оны еске алады. Белгілі ақын Асқар Тоқмағанбетов те:Ақсүмбе Абақ батыр Созақтағы,Кем еді қай батырдан қазақтағы.Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақынТалайды сөзбен орап тұзақтады, –деп жырлаған.Құлыншақтың «Қисық батырмен тілдесуі» соңғы жылдары табылып, баспа бетін көрді. Аталмыш шығармада көрінетін ақиқат – Құлыншақтың табан асты өлең шығарып айтуға дағдыланған ақпа ақын екендігі. Ол басына төнген қиындықтан өлеңінің күшімен құтылады. Ойда жоқта батырдың қаһарына ұшыраған ақын тапжылмай тұрып жауап қайырады. Баса көктеп үйіне кірген ақынды батыр қынабынан қылышын суырып алып басын кеспек болады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», – деген емес пе? Ақын қорықса да саспай, батырға тіл қатып, оны тоқтатады. Қаһарлы қылыш қынабына қайта салынып, сыннан өтіп, сый-сияпат көреді. Қисық батырдың сырт келбеті адам түршігерлік кесперсіз, кескен томардай дөңкиген болғанына қарамастан ақын оны алтын тақта отырған патшаға балайды. Артық туған адамның асылысың деп мақтай жөнеледі:Жақсыға анық тартып туып едің,Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің.Даңқыңды Алатаудай естіген соң,Көруге дидарыңды келіп едім.Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге,Көріндің адам болып көрер көзге.Мақсұдың Алла тағала бергеннен соң,Міндіңіз алтын таққа осы кезде.Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың,Құдайым аямасын берген бағын.Бұл күнде ел билеген батыр бопсың,Зейінмен ажыратып істің ағын.Ақынның мадақ сөзіне риза болған Қисық батыр ақынды байқау үшін соны талаптар қойып, өзі туралы қорықпай сөйлеп, бойындағы мінін жасырмай айтуды талап етеді. Батырдың қара қоңыз сияқты домалақ тұлғасын, бақадай бақалтақ бой-сойын, бірбеткей мінезді адам екенін, асыл тегі де оңды еместігін батыл әшкерелеп шығады. Ақынның айтар сөзге тапжылмай сөйлегіштігін таныған Қисық, оның жәй ақын ғана емес, батыр ақын екенін таниды. Оған риза болады. Сый-сияпат көрсетеді. Қисық батырды мінеген сөздерінен бір мысал:Былжыраған сен туыпсың атың Қисық,Қисайып отырасың, елге тиісіп.Алыстан іздеп келген мейман едім,Япырай, маған салдың жаман түйсік.Артыңнан, атқа мінсең, бақадайсың,Ат басқан жерге түскен тақадайсың…Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып,Ашуың келіп қалса, қаһардайсың.Тәрізді бақсы ұстаған қобыздай боп,Пішінің жаман екен доңыздай боп.Қатының таңдап алған сұлу екен,Қойнында жатамысың қоңыздай боп…Қисық батырды бейнелеуге, әсіресе оны даттауға арналған сөздері – өткір. Ақынның адамды сынап мінеуге шебер екенін танытқандай. Бұрын-соңды еш ақын қолданбаған айшықты тіл тауып қолдана біледі. «Тәрізді шөлдеу жердің масасындай», «Пішінің диуананың асасындай» деген өлең жолдарындағы теңеулері өзіндік және айқын.Қисықты даттағанда төрт түлік малдың ең нашарларын таңдап, соларға балайды. Мысалы:Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі,Шалбардай жұртта қалған бетің ескі…Болар ең, түйе болсаң, қотыр қоспақ,Алар ем, ел көшкенде босқа қостап…Болар ең, жылқы болсаң, кәті ғана,Мінетін бір сорлының аты ғана…Болар ең, сиыр болсаң, қара тана,Қақпалап мінер еді бала-шаға…«Қазақ әдебиеті» (1987, X) газетінде Әсілхан Оспанұлы жариялаған екі-үш өлең – ақынның талғамдарын тани түсуге көмегі бар шығармалар. Олар: «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Әркім әуес қылады қолда жоғын». Аталмыш туындылар – көлемі жағынан шағын болғанымен, Құлыншақтың мұраларын тереңдей талдауға жәрдемі тиерлік құнды еңбектер. Өмір құбылыстарын болжап, ой түйіп, адамгершіл, ақылдар айтьш, ар-иманды таза ұстай білуге, әділет жолында аянбай еңбек етуге үндейді. Аталмыш ақын шығармалары – өзіндік өрнектерінен хабар берерлік көркем дүниелер.Тіршілік қамын ойлау жеке бастың ғана қамымен болып, арам-адалға қарамай, дүниеқоңызға берілу емес екенін ескертіп, ардан безіп, елге жексұрын аталудан сақтандырады. Итін күшіктетіп, оны малға айырбастау арқылы байымақ болған жұғымсыз қылықты мазақтауы – шебер мысқылшыл ақын екенін байқатады.Алты күшік болыпты алты тоқты,Әркім әуес қылады қолда жоқты.«Ит сатқанның ауылы» атанарсың,Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, –дейді ақын жоқтан өзгеден табыс іздеп, ел арына дақ түсірер болымсыз іспен шұғылданушы замандасының біріне.Өз төрінде отырып, көкірексіп, күпсіген әкімсымақтарға арнаған сөздері де мысқылға құрылады. Көлбай есімді өркөкіректі ол бір ауыз өлеңмен-ақ жөнге салып, ақындық өнердің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Ешкімге пайдасы жоқ адамның өмірі нәтижесіз, керексіз, сондықтан оның қазасы да қасиетсіз. Адам өз халқына сіңірген еңбегімен бағалы. Ал ақын болса, әркімнің мазағы емес, халық қадірмені. Ел-жұртын аузына қаратқан дуалы ауызды арлы азаматы.Алдыңа келген жыршыныМазақ қылма, Көлбайым.Мазақ қылсаң, Көлбайым,Сенің әкең ЖұмабайШылбырдан өлген кісі еді,Кетерсің болып сондайын, –деп, өзінің өткір сөзімен Көлбайдың көлгірсіген көкірегін басыпты.«Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» атты Құлыншақтың өлеңі – өзінше бөлек сөз етуге тұрарлық бейнелі шығарма. Ақын өзінің дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген көзқарастарын бейнелі сөздермен суреттей білген. Шалқар көлде бейқам шалқып жүрген қасқалдаққа адам тіршілігін салыстыра терең ой түйіп, адамгершіл меңзеулер жасайды. Адам өзінің санаулы өмір жолын бос өткізіп алмай, пайдасына жарата білуін, адал жүріп, анық басуын аңсайды. Ел-жұрт үшін жасалған ізгі істердің босқа кетпейтінін, оның халық есінде мәңгі сақталатынын ескертіп, парасатты істерге үндейді. Басқаға қиянат жасамай, қолдан келген көмегіңді, еңбегіңді адал жаннан аямай өтуді керек қылады.Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме,Біреудің адал нанын алып жеме.Артыңа жақсылығың қалса қалар,Адамның жамандығы қалсын неге?Құлыншақ та басқа өзіне тұстас ақындар сияқты адамның әрбір жас шамасын, кәрілік кезеңін топшылап, өзінше толғайды. Бұл мәселеде ақын өзіне ғана тән көркемдеу әдіс қолданады. Дүние-өмір, адамның тіршілігі маңдайыңа жазылған тағдыр деген ұғымды көл кезген құстың маңдайындағы «қасқалдаққа» шендестіре бейнелеген. Ал бұл сияқты сурет, сөзсіз, шеберлік көрінісі.Дүние – тек қана қасқалдақ па? Жоқ. Ол – аспандағы жарық жұлдызың. Өмірің, тірпгілігің, арың, ожданың.Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,Жұлдыздай сәуле берген аспандағы.Дүниеге сәби болып келгеннен соң«Өмірдің, – дейді халық, – басталғаны».Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,Аққудай көлден ұшқан аспандағы.Өткен соң сәбиліктен балиғатқа,«Бейнетің – дейді халық, – басталғаны».Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,Сұңқардай қалықтаған аспандағы.Өткен соң балалықтан орта жасқа,«Егделік, – дейді халық, – басталғаны».Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,Кеменің секілді ол баспалдағы.Өткен соң егделіктен сексен жасқаХабары қара жердің басталғаны.Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,Тағдырға айла бар ма, қашсаң-дағы.Өткен соң сексен жастан жүзге таманКелмеске енді қайтып қойдың қадам.Біреуге біреу «мейман» дегендейін,Осылай өте берер барлық адам…Ақын адам өмірін тек қасқалдаққа ғана емес, сәуле берер жұлдызға, аспандағы ұшар аққуға, сұңқарға, кеменің баспалдағына теңейді. Ал бұл сияқты бейнелер – ақындық қабілеттің жоғарылығына дәлел боларлық қасиетті сөздер, сұлу суреттер.Кейінгі жылдары табылып, баспа бетін көріп жүрген Құлыншақтың шығармалары ішінде оның «Тәнің де мейман жаныңа» өлеңінің орны ерекше. Бұл ақынның адамның өткінші өмірін оның тәні мен жанының қарым-қатынасын терең толғап айтқан шығармасы. Адам баласының бұл пәниге қонақ екенін, сондықтан пейілді, мейірімді болып, иман-инабаттылықпен өмір кешуді талап ететін, жоғары адамгершіл пікірлерінің жемісі. Ақындық өрнек пен салиқалы адамгершіл сананың өнеге үлгісі болғандай тамаша туынды. Шығарушыға тән ақпа ақындық қабілет айқын көрініс тапқан шалқар шабыттың керемет көрінісі. Жалпы көлемі жүз елу жолдан астам бұл шығарма сөзге жүйрік, тілге шешен ақынның зор мүмкіндіктеріне бұлтартпас куә боларлық ойлы, сырлы, терең толғанысты, толымды толғау.Адам баласының Алланың әмірімен дүниеге келуі, оны тоғыз ай көтеріп, тар құрсағын жібітіп, көп азап көрсе де мойымай, керісінше, перзентті болғанына мәз-мәйрам болған ата-ананың ақ жарқын бейнесі көз алдыңа елес береді. Дүниеге келген сәби үшін ата-ананың қадір-құрметі, аса қымбат орындары, одан кейін барлық туыстарының да өзінше мәнінің болатыны термеленеді. Күні жеткен кезінде олардың бәрінің де дүниеден өтуі хақ екенін ескертіп, өкініштер де айтылады. Соларды Алла неге өлетін етіп жаратты деп, «өлместей болса ше?» деп қимастық көңілдерін санап шығады. Әке мен шешенің өлімі өте ауыр қаза екенін жырлайды.Енді ақынның аталмыш толғауынан үзінді келтірелік:1. Әке өлімі қандай:Үйде отырсаң – мал қорың,Дала шықсаң – қамқорың…Алма мойын, аршын төс,Біреудің қызын сүйдірген,Әкең өлмес болсайшы?!2. Шеше қазасының ауыртпалығы:Тас емшегін еріткен,Тар құрсағын кеңейткен…Аязды күні айналған,Бұлтты күні бұланған.Анаңнан қамқор бар ма еді,Шешең өлмес болсайшы?!3. Апаның азасына:Қашан үйден кеткенше,Бәйек болып жүретін.Шешеңнен соңғы қамқорың –Апаң өлмес болсашы?!4. Қарындас қайғысы туралы:Шалдығып-шаршап келгенде,Бір күніңе жарайтынАпаңнан соңғы қамқорың –Қарындас өлмес болсайшы?!5. Жан жарыңнан айрылсаң:Өзің тыстан келгенде,Астыңа төсек тастайды.Үйіңде дәмі бар болса,Аузыңа сенің ұстайды.Осынау қысқа ғұмырдаҚосағың өлмес болсайшы?!6. Алатаудай ағадан ажырау қандай қиын:Алдыңда тұрса – тірегің,Әр нәрсеге керегің,Алатаудай айбатың,Дұшпанға қылар қайратын –Ағаң өлмес болсайшы?!7. Жас өспірім інінің өліміне өкініш:Дұшпаныңды қор қылар,Құрыштан соққан болатың.Ер жігіттің қанаты –Інісі өлмес болсайшы?!8. Перзентің – болашағың қыршын қырқылса не болмақшы:Адамзаттын миуасы,Әлдилеп сүйген баласы.Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар,Перзентсіз ерді не дейді?Тау болмайды бұлақсыз,Көл болмайды құрақсыз,Ұясыз адам шырақсыз.Қыз бойжетіп өскенде,Қыз балаң өлмес болсайшы?!.Тірлігіңде өтерсіңБіріңе-бірің қадырсызОйлаңдар, беглер, ойлаңдар,Осы айтқан сөзім әзілсіз!Асылы, Құлыншақ, шынында да, заманының көрнекті ақыны болған. Сондықтан оның қазақ поэзиясының өсуіне, ақындық өнердің жетілуіне қосқан үлестері басқалардан кем түспейді.

Қожамжар шешен

Қоңырат руының бір атасы Саңғылдың Ағысай деген атасынан заманында тапқыр, дана сөздерімен даңқы шыққан әрі би, әрі шешен Қожамжар Балқұға, деген кісі өткен. ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген. «(қожамжар айтқан» деген сөздерімен Оңтүстік Қазақстанның күнгейі мен теріскейін жайлаған елдің құйма-құлақ, қариялары бертінге дейін айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қожамжар әулетінен ақын, жыршы, әнші дарындылар көп шыққан. Солардың ішінен белгілі Бапыш күйші, Қайдау ақын, Назар би есімдері өз өлкесінде кеңінен танымал болған. Ақындық, жолын үстамаса да, төрт аяғы тең жорға өлеңнің неше алуанын шығарған Жәнібек, шертпе күйдің шебері Төлеген Момбеков те осы Қожамжар шешеннің үрім-бұтағы. Аталған өнер иелерінің әрқайсысы жеке әңгіменің тақырыбы болар еді…Ұлы жүз Текей датқа Қожамжар шешеннің даңқын естіп, сәлем берейін, әрі сынап сөз таластырып көрейін деп іздеп келеді. Келсе Қожамжар аулында жоқ екен. Созақта диірменшіде апарып тастаған бидайы бар екен. Балалары Назар, Бапыш, Қайдау жастау екен. Соған өзі кетіпті. Қожамжардың анау айтар малы да болмаса керек. Он-он бес шақты ешкісі бар екен. Әйелі нашарлау, сиықсыздау кісі екен. Қожамжар келгенше Текей датқа екі-үш күн күтіп қалады. Қожамжардың әйелі мал сойғызып кісі күтейін демейді. Қожамжар келген соң мал сойып қонақ асы береді. Әңгіме дүкен үстінде көп әңгіме айтылады. Сонда Қожамжар:- Ер егіз, еңбекте жалғыз – дегеніміз не дейді. Текей біраз ойланып барып «Ер егіз болады дегеніміз мына Қарабүлақ пен Балдысуда ел билеп, атағы асып тұрған ағалы-інілі Ахмет пен Бейсембай болар» – депті. Датқаның ойы қысқалығын білген Қожамжар: – Олай емес, Текей. Атадан алтау туса да, бір жалғыздық бар, ет жақыны болса да, әр адамның тағдыры әр басқа. Ер жігіттің алғаны жақсы болып, келген қонағын риза қылып аттандырса, атағы шығады, еліне елеулі, халқына қалаулы болады, Ісі оңға басады. Ердің егіз болмағы осы… Сөзден жеңілген Текей өздері келгенде Қожамжардың әйелінің күте қоймағанын, жаңағы бір «Ер егіз» деген әңгімесінен үстайын деген мақсатпен, қазан-ошақ жақта жүрген әйеліне қарап: Қожаеке! Ошағыңыз қисық екен ғой» – депті. Қожамжар да әйелі туралы айтып отырғанын түсіне қойып: «Ошағым қисық болса да түтіні түзу» – деген екен. Сонда 10-14-16-ға келіп, еті тірі боп өсіп келе жатқан балаларын айтқан екен. Текей датқа сөзден жеңіліп, кетерінде Қожамжарға иығындағы шапанын жауып, батасын алған екен.2.Қозмолдақ – Сызған жеріндегі Оспан бай деген кісі бірде Қожамжардан: «Иман дегеніміз не?» деп сұрапты. Сонда Қожамжар:Ағаштың иманы – шот,Үйдің иманы – от,Сөздің иманы – шын,Судың иманы – шым,Тастың иманы – құм,Жіптің иманы — ным,Үйдің иманы – сыр,Беттің иманы – нұр, – деген екен.3.- «Кәріліктің, жарлылықтың, жалғыздықтың емі не?» – деген сүраққа Қожамжар: «Кәріліктің емі – өлу, жарлылықтың емі – жампоздық, жалғыздықтың емі – дастархан» – дей келіп, сөзін былайша жалғастырыпты:Басың ауырса, бақсыға бар,Басыңа іс түссе жақсыға бар,Қарның ашса байға бар,Ішің пысса тойға бар.Жарлылықтан құтылам десең,- Таяқ ал да қойға бар…4.Қожамжар айтқан» деген мынандай да сөздер сақталған:Балапан торғай баудан дейді,Шешен жігіт даудан дейді,Залым жігіт жаудан дейді,Залым адам елден дейді,Ақ шағала көлден дейді,Қыран бүркіт түзден дейді.Жақсы тазы із іздейді,Өсекшіл әйел сөз іздейді.Қатты соққан дауылды,Көлдегі жатқан сал біледі.Жақсы адамның қадірінЖақыны емес жат біледі.Базардағы нарықтыҚазақ емес, сарт біледі.Қаратаудың теріскейіндегі ең көрікті жері Қозмолдақтың жоғарғы тау жағындағы Қойбағар деген жерінде түрган Тұрған бай деген кісі қос диірмен жүргізіп, қос қатын алып 500-дей әппақ ақ қой үстаған, кос өгіз соқасымен, қос нарын жұмсап отырады екен. Бірде Тұрғанбай: – Қожаеке! Қос диірмен жүргізіп отырмын, қос өгізіммен, қос соқаммен елдің әжетін шығарып отырмын, қос нарымды жұмсап үстап отырмын, маған тең келетін кім бар? – деп шалқып отырыпты. Сонда Қожамжар: – Сен құдайдың бергеніне масаттандың, қүдайдың бергеніне шүкір қылмадың. Бүл айтып отырғаның асылық. Қос диірменіңді көктемде тасқын су алады, қос қатының шешектен өледі, қос нарың маңқа шығып өледі, қос өгізің көктемде соқа тарта алмай аусылдан өледі, ақтылы қойың қыс қатты болып, бір тал шөп таба алмай, өз жүнін өзі жұлып жеп аштан қырылады, үйір-үйір жылқың боранда ығып, қалғанын ұры әкетіп, өзің мына қос төбеде қалқайып жалғыз қаласың, балаң мал іздеймін деп боранға үсіп өледі, – депті. Қожамжардың айтқаны келер жылы дәл солай болады.5Бірде Қожамжар малдың дауымен Арқаға, Қара Қази деген кісіге барыпты. Қара Қази сөз мәніне түсінген соң, даудың билігін айтуды ертеңге қалдырады. Таңертең сол елдің бір адамы келіп, бұл жолы жеңе алмайтын болдыңыз себебі ұрылар Қазиға түнде бір түйе әкеліп берді деп хабарлайды. Бірінші сөзді алған Қожамжар Қазиға: «Сіз дауды менің жолыммен шешесіз» дейді. Қази: «Әлбетте, шариғат жолымен шешемін» — деп жауап береді. Сонда Қожамжар: «Бүл сөзіңіз дұрыс екен, бірақ сіздің шариғатыңыз түнде түйеге мініп жүргенін көріп едім» – депті. Жасырын алдым деген парасының әшкере болып қалғанын білген Қази билікті Қожамжардың пайдасына шешкен көрінеді.6Созақ кентіне Қазан қаласынан келген Мұқай деген иман (ұлты татар) мешіт, медіресе ашып, халықты мұсылмандық жолына үгіттейді. Қарапайым жұртты табындырып, пір атанады. Дінге сенушілерді «Тәуеже» дегенге үйретеді. Тіпті кейбір аңқау кісілер үйін, бала-шағасын тастап, әлгі молданың қасына еріп жүретін болған. Бір жолы Мұқай мағзүм Қожамжардан: «Мен туралы ел не айтады» деп сыр тартады. Молданың аңқау елге арамза болғанын сырттай біліп, сынап жүрген Қожамжар: «Егер сіз әулие болсаңыз, әулиелердің ірісі боларсыз, ал егер адамдарды өз жолынан тайдыратын сайтан болсаңыз сол сайтанның ең үлкен перісі боларсыз» деген екен.7Бір отырыста жиналған жұрттың «Не жаман» деген сүрағына Қожамжар:Есерсоқ туған үл жаман,Парақор болса би жаман.Шер тарқатпаған күй жаман,Сөз асылын ұқпаған ми жаман, – деп жауап«Адам өмірінде неден қорқуы керек» – деп сұрағандарға Қожамжардың берген жауабы:Құлақтанған күннен қорық,Қыстың қалған бір күнінен қорық.Ұйқыда шапқан жаудан қорық,Әділдігін таппаған даудан қорық,Кежеге тамырлы ерден қорық.Ашық күнгі дауылдан қорық,Қасында жүрген жауыңнан қорық.(Бұл өте ұзақ екен, бірақ есте сақталмаған).“Ақылды мен ақылсыздың парқы туралы Қожакең: Ақылсыз адамға өмір сүру оңай, өйткені ол ешнәрсеге күйінбейді. Ал ақылды кісі әрбір ақылсыздың істеген ісіне көңіл бөліп, өзінен-өзі шерлі болады. Сондықтан кейде ақылдың көп болуы да зиян» — деген екен.8Қожамжар әңгімені үшке бөлген екен:1. Ой-өріс2. Ақыл-кеңес3. Көкейтесті1. Ой өрісіне — Ел қамын жеген атақты билер, шешендер,болыстар, датқалармен әңгімелескен, кеңескен, ой бөліскен,vкелелі кеңестерге қатысып, ел тағдырын шешкен әңгімелерін жатқызған.2. Ақыл-кеңеске — Сәлем бере келген ел адамдарымен, бата сұрай келген, көкірегі ояу, көзі ашық ел билеуге араласып жүрген, талапты жастармен, ел басқарып жүрген датқа, би-болыстармен болған әңгімелерін жатқызған.3. Көкейтестіге — Күнделікті өмірде кездесіп жататын ел арасындағы, ауыл-аймақ, ағайын арасындағы болып жатқан мәселелерге байланысты айтылған әңгімелерін жатқызған.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362• https://sangyl.site/226-2/

Құрымбайдың Кенесарыны құтқаруы

Құрымбай датқа Кенесары ханмен замандас, сыйлас дос болып өткен адам. Ол Қоқан ханына датқа болып қызмет еткенімен, негізінде Кенеханның көзқарасын жақтап, Кенеханды қолдап отырған. Әскеріне күш-көлік беріп келген. Кенесарыхан кей жылдары, тіпті Құрымбай датқаға қарасты жерлерге қыстап қалып та жүрген. Кей жылдары жазда ауылын Сызғандағы Ақтасты бұлаққа қондырып, алыс сапарларға да шығып отырған. Ондай кезде Кенехан Құрымбай датқаға ауылын, елін дайындап, тапсырып кетеді екен.Бір жыл Кенесары хан Россиямен тағы да күресу үшін Қоқан ханымен бірлеспек ойы болады.Сол мақсатпен Қоқан ханы билеп отырған Ташкент қаласының беглербегіне Саржан мен Есенкелді ағасын жібереді. Олар Саржан мен Есенкелдінің басын алып, Кенесарыға жауап та бермейді. Тап сол кезде Әзірет Сұлтанға тәубе ету үшін келген Қасым сұлтанды да Қоқан әкімдері үстап өлтіреді. Кенесары ауылын теріскейдегі Құрымбай датқаның ауылының қасына көшіреді. Есенкелді мен Саржанның әкесі Қасымханның ауылын сүраймын деп, Қарнаққа келген Кенесарыны Қоқан бектері ұстап, Ташкент зынданында бір жыл жатады. Міне сол кезде Қаратау өлкесіндегі би, датқалар жиналып:- Кенесарыны зынданда жатқыза бергеніміз дұрыс емес, араға адам салып құтқарайық – дейді. Соған үлкен дайындық жасап, үлкен тарту таралғымен басшысын Құрымбай етіп, Қоқан ханы Мүхамедәлі (Мәделі) ханға қасына Күнімжан бәйбішесімен Сыздық деген баласын қосып елші етіп, өз өтініштерін білдіреді. Бұл жерде Мәделі ханға тікелей кіре алатын, сөзін өткізе алатын, уәж айта алатын Құрымбай датқа ерекше көзге түседі. Кенесары хан мен Мәделінің арасына дәнекер болады. Кенесарыны Ташкент беглербегінің қамап үстап отырғанын, оны қазақ елінің игі жақсылары мен датқа-билерінің босату жөніндегі өтінішін жеткізеді. Мәделі хан бұны құп көріп, Ташкент беглербегін шақырып алып:- Кенесары ақсүйек, хан нәсілі еді, сондықтан оның не жазығы бар екенін алдымен маған айтып, менің бұйрығым бойынша іс істеуіңіз керек еді. Сен құлсың, құлдың қожайынын жазалауыңа жол жоқ, Кенесарыны дереу босатып, осында жеткіз, – деп бұйрық береді. («Кенесары және Сыздық Сұлтандар» – Ахмет Кенесарин. 10 бет. 1992 жыл).Кенесары әйел, бала-шағасымен табысып, досы Құрымбай датқамен кездесіп, Мәделі ханға келеді. Кенехан өз ойын айтады. Мәделі хан:- Енді сіздерге тимеймін, тумаларыңызды осында алып келіп, маған зекет, басқа да алым-салықтар төлеп отыра беріңіздер. Ал Россиямен соғысыңызға ойланып көрейін, – дейді.Ташкенттен кетерінде Кенесарыға Мәделі хан 100 жігітке Әбдүшүкір деген жүзбасыны қосып береді. Әбдүшүкірге «еліне дейін аман-есен жеткізіп сал» – дейді. Кенесары кетерінде Мәделі ханға жолығып, «Әбдүшүкір мені Созаққа дейін апарсын, ары қарай Бабақүл қожаға айтыңыз, одан ары 40 жігітімен Созақтың әкімі алып барсын» – дейді. Себебі Саржан мен Есенкелді ағаларын, әкесі Қасым сұлтанды да ұстатып өлтірткен сол Созақтың Бабақүл қожасы еді. Кенесары хан жүзбасы Әбдүшүкірмен оның 100 жасағымен еліне бет алады. Қасында әйелі Күнімжан, баласы Сыздық және Қаратаудан барған Құрымбай датқа жігіттерімен бірге жүреді. Сол жүріспен олар Түркістан маңынан өтеді. Жолда Созақ пен Шуға бір күндік жер қалғанда қасында Құрымбай датқа бар, жасақтың екі жігітін қосып «Біз бесінде жолға, шығып, ертең Созақ арқылы Шуға жетеміз. Сендер Созақтың ар жағындағы Ақтасты бұлақта мына Құрымбай ауылындағы туыстарымның бәрін ертең Шуға көшіріп алып келіңдер. Сол жерден көшіп-қонып жүріп сіздерге зекет салықтарыңызды төлейміз – деп, ілгері оздырып жібереді. (Кенесары және Сыздық Сұлтандар. 11 бет- А. Кенесарин). Астыртын Құрымбай датқаға- Ауылындағы менің балаларым мен туыстарымды бір түнде Созақтағы Бабақүл қожа білмейтіндей етіп көшіріңдер. Шудан өтетін Бесқұлақ өткелдінің аузына 10-15 үй тіккізіңдер. Он бесі аппақ ақ үй болсын. Басқа елді ары Ұлытау жаққа көшіріп әкетсін. Қамыстың ішіне 200 сарбазды дайындап, менің бұйрығымды күтсін. Өзің апарып орналастыр. Мына жүрген жасақтар күдік тудырмас үшін керек. Бүлар жер жағдайын білмейді. Жігіттеріңді аларсың дейдіКенесары бір күн жүретін жерге Суындықтың асуымен асып, жолай аң аулап, дем алып, бес күн жүреді. Созаққа келіп, Қоқанның қосып берген жасағын қалдырып, Бабақүл қожаны (Созақтың әкімін) 40 жігітімен, Ташкенттің жүзбасысы бастаған жүз жігітін ауылына қонаққа шақырады. Шудың Созақ жақ бетіне үлкен екі ақ орда тіккізеді. Біреуін өзіне, екіншісін қонақтарға деп. Ішіне қымбат киімдер, Бұхардың жібек көрпелерін төсейді. Қасына оншақты күтуші жігіттерін алып қалады.Созақтың әкімі, Ташкенттің жүз басысы таң қалады. Оның ауылы Сызғанда, Ақтасты бүлақта емес пе еді, – деп. Жігіттерін жіберсе ауыл сол баяғы орнында отыр.Сол кезде озып кеткен Құрымбай датқа елге келіп, бір түнде Кенесарының ауылын көшіріп, жұртына өз ауылын дәл солай етіп күдік тудырмас үшін қондырған екен.Құрымбай датқа сол ауылмен, өз жігіттерімен сол түнде Шуға өтіп кетеді. Кененің ауылының көшкенін ешкім білмей қалады.Шу бойында Кенесары күтіп жатыр деген соң Ташкенттің жүзбасысы, Созақтың сол кездегі әкімі Бабақүл қожаны ертіп, Шуға қарай аттанады. Олар Шуға жеткенде өзен жағасындағы ауылдарды, әр ауылдың ортасындағы ақ боз үйлерді, төңірегіндегі жайылып жатқан малды көрген соң көңілдері жай тауып, өздеріне арнап тігілген үйлерге қаперсіз Кіріп, бойындағы қару-жарақтарын тастап, тынығуға кіріседі, қасындағы жасақтары да солай істейді. Үйге әбден кіріп болған соң Кенесары қамыста жасырынып түрған 200 жігітіне белгі береді. Олар қаннен-қаперсіз жатқан сарт жігіттерін киіз үйден шығып үлгермей-ақ қырып салады.Міне Кенесары екі ағасы Саржан мен Есенкелдінің, Қасым Сұлтанның кегін осылай алады. Екінші бір айтушы бүл оқиғаны былай айтады.Ташкент жүзбасысы мен келген жүз жігітті, Созақтың әкімі Бабақұл қожаны Кенесары түнімен күтеді. Азанда тұрғанда барлық жасақты үйден шыққанын шыққанынша қамыс арасындағы жасақтар көгенді керіп қойып, көгендей беріпті. Қарсылық көрсеткендерінің табанда басын шауыпты. Ең сонында Ташкент жүзбасысы мен Бабақүл қожаны үйден алып шығып, ауыл маңындағы биік төбенің басына апарады.Сол жерге көгенделген сарт жігіттерін де апарады. Биік төбенің күн батыс жағынан терең ор қаздырып қойған екен, Ташкент жүзбасысы мен Созақтың әкімі Бабақүл қожаны ордың жағасына әкеледі. Сол жерде Кенесары былай дейді:- Осы сендердің іштеріңде менің екі ағам Саржан мен Есенкелдіні, әкем Қасым сүлтанды ұстап берген жігіт бар. Сол жігіт алға шықсын. Кімнің айтқанымен істегенін мойындап, айтып берсе, жанын қиямын, – дейді. Ешкім шыға қоймайды. Кенесары үш рет қайталайды. Сол кезде топтың ішінен ұзын бойлы, көккөз қапсағай келген сары жігіт шығады.- Мен едім, – дейді ол. – Оның бәрін істетіп жүрген мына Созақтың әкімі Бабақұл қожа.Кенесары ол жігітті бөлек шығарады да, қалғанын өлім жазасына кеседі. «Жаңағы жігітті неге алып қалдыңыз?» дегендерге сатқынның да пайдасы тиеді дейді. Кейін ол жігіт Кенесарыға адал қызмет көрсетеді. Соңынан Ташкент жүзбасысы мен Бабақүұл қожаның да басы кесіледі. Міне осы кезде Құрымбай датқа Кенесарының қасында еді. Бұндай қырғынды, бұндай қатыгездікті көрмеген Құрымбай датқа сол жерде басына қаны шауып, қан қысымынан жан тәсілім етеді. Оны Кенесары өзінің он жігітін қосып, Құрымбайдың өз жігіттерімен бірге өгіздің бітеу сойылған терісімен қаптап, Сызғанға әкеліп жерлейді. (Өгіздің терісімен қаптау себебі еті арылмаған адамның ыстық күнде иісі шығып, бұзылмасын дегені екен.).Сол кезде Құрымбайдың қасында өзінің інісі Танақ, Қисық батыр, тағы да басқа оншақты ел адамдары бар екен. «Кенесары сүлтан жолы болып, әкесі мен ағасын өлтірген сарттардың жүз жігітін өлтіріп, өшін алған соң Аллаға риза болады. Сонан соң Қоқан жігіттерінің қаруларын, аттарын мұндағы туыстарын ертіп, Ұлытауға кеткен елдің соңынан көшеді: Торғай өзеніне жеткен соң ол әкесі Қасым сұлтан мен ағалары Саржан мен Есенкелдіге ас береді. Сол аста үлкен ат бәйгесі болатынын хабарлап, елге сауын айтып, орта жүз бен кіші жүз елін асқа шақырады. Екі елдің асқа жиналған ақсақал-қарасақалдары қазақ дәстүрі бойынша Кенесарыны ақ кигізге салып хан көтереді». Кенесары және Сыздық Сұлтандар. Ахмет сұлтан Кенесары ұлы 1992 ж. Алматы, Жалын)Кейін Қоқан ханына қарайтын Созақтың сарттары Қаратау өңіріндегі халықты Кенесарыға қарсы қойып, жауықтыру үшін өздерінің бастары алынған сарттарын жасырып, Құрымбай датқаны қырық жігітімен Кенесары әйелі Күнімжанға барғаны үшін өлтірді. Кенесарының апасы Бопай Құрымбайды теуіпті. Содан ол құсадан өліпті, – деген өсек таратады.Бүл әңгіменің өтірік екенін 70-ші жылдардың ортасында бүкіл Қаратау өлкесіне белгілі шежіреші Отжан деген қария Козмолдақта Төлеубай құдасының үйінде осы әңгімені айтып беріп еді.- Ертеректе бүл әңгіме Қаратау өлкесіне аты әйгілі Жәнәділ болыс, Сейділда болыс, тағы басқа үлкен адамдардың арасында әңгіме болғанда Жәнәділ болыс бүны Созақтың сарттарының шығарып жүргендері. Олар мына Қаратау өлкесіндегі қалың қоңыратты Кенесарыға қарсы қойып, шапқызудың әрекеті еді. Күнімжан бәйбішесі де қоңыраттың қызы емес пе. Оның үстіне Кенесарының әскері мен батырларының көбісі қоңыраттардан. Ал әйтпесе айтыңдаршы, менің атам сонда өлтірілген деген ұрпақты. «Атамды Кенесары бауыздап өлтірді» деген бір Саңғылды, тіпті бір Қоңыратты көрген де, естіген де жоқпын. Ол кезде Қаратау өлкесіндегі қоңыраттарға Кенесарының да шамасы келмейтін еді.Сол Отжан қария қоңыраттың Жетімдер руынан. Көпті көрген, көптеген әңгімелерді білетін көкірегі ояу, көзі ашық шежіре адам еді. Ол кісіден бүдан басқа да көп әңгіме естідік. Кейін, мүнда, сексенінші жылдары жасы 90-ға келіп қайтыс болды.Құрымбай датқа кезінде ел үшін көп еңбек еткен, елім деп еңіреп өткен жеке тұлға. Қоқан датқасы бола тұрып, Кенесары қозғалысын қуаттауы, оған материалдық және рухани жәрдем беруінің өзі қазақ елінің басына түскен сол бір алмағайып заманды терең түсіне білгендігі деп білуіміз керек.Кенесарының өзін қоқан ханы Мәделі ханға барып, араға түсіп, Кенесары түтқыннан босатуы да ол кісінің үлкен азаматтығы.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362

Есқара Тоқтасынұлы, ТІЛМАШ, (хикаят)

Еркінбек Ақынбеков рухына, Ояз тілмашы,фольклор жинаушы, автономия сұрап,Ташкент көтерілісіне қатысқаны үшін 1918 жылы Түркістанда атылған.Қыркүйектің ортасы, тоғыз жүз тоғызыншы жыл; қазақ шат: Түркістан шәрінен шығысқа қарай түстік жер Ибата тұсындағы мидай жазық бейне жорық алды тыныстаған Абылай ханның қолы; тоқсан баулы қоңыраттың екі мыңғырған байы әкелеріне ас беріп жатыр; сауын айтқалы сексен сый тігілген «Қосбәйге» дабыры төрт құбыланы дөңбекшіткен.***Көшпенді ел осындай майқанада кештете алқа – қотан жиылып, ежелден әңгіме соғады, «паҺ – паһлап!» балбырайды.«Ақымақтың бәрі көкпарда. Сейдуәлі? Сендей қопалға құрдас ұшқыр ат болмайды, түсіп қаласың. Саған үйренетін төсемелі, жуас ат керек. Берікбай- атының түрі анау, өзі анау- екі етегін шапанының беліне қыстырып, шұбар жабағысымен көкпарды ойға тарт, қырға тарт деп айқайлап жүр; дукөтен. Көзі адам танымайды». «Одан інісі озды, қатынының тілін алады. Сырдың бойында отырып байшыкеш боп қалды.Үш жүздей ешкілі болды». «Көктемдегіні айтам, Асанбек құнанына мініп көкпарға барған. Әлденуақ біреумен ұстасып қалғаны. Қопал еді қайтер екен – қайтер екен дегенше болмай ерден ұшып кетті. Өлді- ау бишара деп жұрт шу етті. Құлаған бойда басын қақшаң еткізіп, қайта жатты. Кейінше құлағаның құлаған, басыңды көтере беріп сылқ түскенің не десем, кім келер екен деп ем дейді».«Әй, Әбу? Сен- құдасың, жай сөзді кейін есітерміз, тойхананың әңгімесін айтшы?». «Мақұлбек бай әкесі Байжанның жылына кеңес- асын шақырып бәйге беремін дегенде, ағайын шамаң келмес деп рұхсат етпеген. Бай екінші мәрте жиып, тігерге тұяқ қалмаса да бәйге беремін деді. Саңғылдың ақсай атасынан Ибатадағы Бегалы би де әкесі Күленнің жылына бәйге бермекші екен, үлкендер бастапқыда бір шартақтан қос бәйге өте алмайды,кезек өткіз деді. Мақұлбектің Шоқтастағы жетімдер құдасы Рүстем би кезек шаптырам деген не сөз,екі саңғыл- ақсай,нұрсайың- бірге өткіз деп, аулынан жігіттерін ертіп келіп, Кеңқорық- төбеге шартақ орнатқан». «Мақұлбек те,Бегалы да -ұлтарағы ушыға бай,әрі сақы.-Қызылшырайлы кісі қара тақисын желкесіне ысырып,екпіндей сөйледі.-Айтқасын нәшіне келтіріп айт! Үй екі жүзге таяды, үй басына күн сайын бір қой,төрт үйге бір жылқыдан сойылады; қазан- ошақта тыным жоқ, жігіттер ауқатты сыдыртып атпен тасиды.Ырзасың ба?! Оң қапталға айна-қатесіз шәрдің (Түркістан) базары көшіп келген ыспатты; бай-бағланның бұрала басқан еркетотайы нөкерімен, қыз- қырқын, кимешек киген кейуана, бала- шаға топырлап сауданы қыздырады; жал- жал боп тігілген үйлер арасы жорғамен мырзалар ағызады;былайғы жазаңда білегін түрініп, не апайтөс шабандоз ат жаратады. Ырзасың ба?! Әнеу- көгерген көк жолақ- кәрі Қаратаудың жуан Мыңжылқы жотасының күнгей- теріскейі, Шәуілдір,Сыр бойы елі боса- болмаса,төмен Қызылдың құмынан,жоғарғы Әулиеата, Шымкент өңірінен ат қоспаған ел кем де кем.Не желқабыз, шақпақ тұяқ,күміс құйрық жетелеген тапкердің алды ай бұрын кеп ат таңасырды. Құдай қаласа,ойсан бәйге болмақшы?!». «Әбеке,жиырма күнге пісенделген астың бүгін он бесінші жаңасы, бәйге түгілім өңге сайысы басталған жоқ,қалай болар екен?». «Шалғай аймақтағы қадірдан кісілерден пәлен күні жетеміз деген хабар үзілмей кешеуілдеуі содан.Асқа о баста бес жүз қара,мың қой сойылмақшы- тұғын, Мақұлбек бай- отыздан жаңа асқан жас жігіт қой, астың ұзаратынына бек қуанып, таудағы жылқысынан үйір- үйірімен осылай қарата айдатып жатыр». «Онда мақұл,Алланың нұры жаусын?!». «Жамағат?Бағана пайтонмен ояздың тілмашы Жұманәлі Арыстанбеков келді,- деді жалпақ бет кісі жадырай.- Оқығанның аты оқыған, ала- құла киімді елден ерек,өнебойы аппақ: ақ шайы камзол- шалбар,ақ жейде- өзі де қыр мұрын,мұрты қияқтай келісті азамат- жұрт жұбын жазбай аңтарылып тұрды. Көшірімен уағдаласып үлгергенше жартытөбелік тиес саңғыл ағайыны құшағына оралып,көппен араласып кетті». «Жұман-торысын былтыр жағалбайлы Есенжол мініп шапты емеспе?!». «Ұлы Жүздің шабандозымен тағы айқасады десей?! Қызыққа батады екенбіз!». «Рас-өтірігін қайдам, Бүрген-саздағы сол кедей алшын- жағалбайлыға жақтасып, құсаталық есалы жетімдермен тілмашың бақастас білем». «Бәсе,көзім шалып қап еді,Баймұрат болыс бекер шіміркенбеген екен». «Иә,есалылар- сойқан».***Салтанаты алыстан көз арбап,биік бақанда көк байрақ желбіреген тойхананың қыраңда тізілген ақбоз үйіне қарата беттей, Жұманәлі тілмашты ой шырмады. Бәйбішесінің қолындағы үлкенін алысқа оқыта алмадым деген өкініші бекер шықты: бала- зерек,шаруаға пысық, бәйгеден кейін қалыңдығын әкеліп үйлендірсе, бұдан былай ел жақтан шли қам жемейді.Інісі қарап- баптайтын торы аты ғана мазалайды; қызметі Шымкентке ауысқалы: «Ием,сен қайда болдың?Сағындым?» деген құрлы басын сілкіп- атдорбадан құтылмақ болып, тағы іші- бауырын елжіретті.Ол киімін ауыстырған, үстінде сұр шекпен,басында сусар бөрік- даланың сұлу қазағының бірі.Жолшыбай манағы Баймұрат болыстың үйі тұсында назары қызыл көйлекті қыздарда Есенжолды байқап, езу тартып, елеусіз өтті.Жайлап аяңдай, сыйлы мейманды қарсы алушы тойхана басшысы Ыса болыс бастаған саңғылдың ірілерімен жағалата төс соғыстырып: «Ниет қабыл болсын!Ас құтты болсын!» айтқасын, айрықша ілтипатпен жігіттері тойхана дастарханына бастады. Гүбір- гүбір адам толы сегіз қабат жеті үйдің бесіншісіне кіргенде, іштегі жақсылар тілмаштың: «Ассалаумағалейкөміне!» жапырлай түрегеп, төс соғыстырып, амандық- саулық сұрасты. Ол божбанның даңқты болысы Көбелекті, шоқтастық жетімдер Керімбек әжіні (қажы), еңгезердей жап-жас жігіт- қоңыр- жиенбеттің Жанәділ болысын таныды.Басынан сөз асырмайтын ділмәр, жора көріп өскен ірілердің сызылған сырын ол жаңа аңдады: ай мен күндей кермиық бір сұлу барша әшекейімен cұқтандырып, қымыз сапырады екен. Әлі дастарқанға қол тимепті. Сәлден соң тегенені қыз былай ысырып,оюлы кесеге ақшылдау етіп шай құйып, ішіне алтын теңге салып,оң қатардағы шекпенді кісіге ұсынды.Ол кербез жмиып,омырауын ашып,ішкі камзолының қалтасынан кесеге сыңғырлатып алтын тиын салғанда, жапатармағай жмың қағысқан.Кесе әрмен жағалады; жылтыр сары мырза шақасын даярлап отыр екен,шай тағы сонша көтерілді; шоқша сақалды, сұлуша Көбелек болыстың алтынынан шай тура бір еліге атқыды. Жанәділ болыс ешкіммен таласпасын аңғартып,жайма- жай кесе ернеуінен екі алтынын сырғытты. Әркім шама- шарқынша пұл салып жатыр. Дәстүр- дәрежеңді анықтайтын сынақта тілмаштың намысқойлығы ұстап- күллі ақшасынан айырылып қала жаздап (расы байлармен бәсекелесте жеңем, иә зорығармын деп емес, өңге жақсының жеңуін қалап), екеумен шектелді. Кесе манадан тыпыршып,екі көзі оттай жанған, он бестегі балауса мырзаға жетіп, уысынан төгілген алтынан шай тіке екі еліге секірсін. Жұрт көлден ұшқан қудай гуу етіп, жеңетінін аңғартты. Кезек ең соңында оң аяғын іргеге созып жамбастаған, көзінде мүкісі бар жалпақ кісіге барды. Ол кемер белдігін аспай- саспай ағытып,шақасын жайма- жай алып, салмақтап, шайнектей жұдырығын ашып сау еткізгенде, шай сыртқа асып төгіліп: «Озды! Озды!»,«Сыздық озды!» деген дауыстан үй дүрлігіп кетті.Сол екен кеудесін керіп отырған әлігі жас мырзаның намыстан мұрнының етегі делдиіп,түсі бұзылып, атығырылып шыға жөнесін. Шекпенді кісі мұртынан күліп: «Бұланбай байдың алпысында көрген баласы Ханжігіт мырза ғой!» деді. «А,солай ма?Бөкеңнің Қарнақтың медресесінен мақтаулы, тасқайнатар баласы бар деп еді,сол екен дә?!».Қоқанмен қайтпай соғысқан,жаулары таралғысына у жағып өлтірген қошқарбай тама Құлтас батыр жайлы тілмаш талай естігенімен, баласы Сыздықты алғаш ұшыратып, оның жоралы бір сөзі жадына түсті.Божбан Сапарбай болыс жорта байқамағансып өте бере,шайханада отырған Сыздық: «Мына шолтаңдаған көк атты кім- ей?» дейді. Соны күткен Сапарбай болыс дізгін тартып: «Басы таз,көзі соқыр болмаса кісіні міней ме?»депті.Кейін сол бишара Сапарбай болыс өлгенде ақсай саңғыл Иманберді болыс бастап,ірілер жиналып барады.Сонда Сыздық өкпем-ай,бауырым-ай,жүрегім-ай деп жылай беріпті. Кейінше қасындағы бұның қалай деп сұраса, Сыздық: «Ағайын- жұртты өкпелетпегесін өкпем-ай демей не дейін?!Бауырды,ел- жұртты табыстырғыш болғасын бауырым- ай демей не дейін?!Жүректегі сырымды тапқан соң жүрегім-ай демей не дейін?!» деген екен…-Жұманәлі шырағым, әңгіме айт? -деді соңыра әрқилы әңгіме маздап,қымыз ішу саябырси Көбелек болыс.-Сирек кездесеміз, даражаңа тәнтімін, мәжілістес еткен Аллаға разымын.Сен оқыған азаматсың,түрлі кітап аудардың. Тірлікте не мән бар деп білдің?-Әңгімеге көсейтін таяқ керек,-деді жылтыр сары көршісі.- Ақыл- исламда!-Молданы күнде естиміз.Көбелек болыстың «Қарнақтан өгіз алма,Бабайқорғаннан ат алма, Сасықтан қыз алма» деген нақылы тілмаштың жадында. Өйткені Қарнақ- қазір негізі өзбек- дихан ел,соқа тартатын жақсы өгізін, Бабайқорған- атқұмар ел жақсы атын бермесі айдан анық; «Сасық руының қызынан жақсы бала тумайдысын» ажыратпады, жаман келіні болуы ықтимал.-Жәке, атам қазақтың мыңдаған жылдардан жиған ақыл- қазынасы көл- көсір.-Ол рас,әйткенімен жасы ұлғайған адамды ой мүжиді.Қалай өмір сүрдім?Не істеп, не бітірдім?Ел билегесін астамшылық, тәкаппарлық өтпей қоймайды. Қалай пақытты боламыз, сұрамақшы едім?-Болысеке,бұныңыз өте қиын сұрақ екен?!-?-Жақсы адам болмақ керек шығар?!-Оңай емес екен.-деді дөңгелек жүз, ақ мұрт, толықша кісі Көбелек бас шайқай.- Күн сайын қанша қуанып,ренжисің?!Не есітіп,не көрмейсің?!«Есалы жетімдермен» арадағы кикілжіңінен көргенді кісі ештеңе сұрамады.***Естігенге құлақ тоймайды,үй- үйде кешқұрым баяғыша әңгіме.«…Түркістанда бөрікші Исабекті білесіңдер? –Шойтпақ қара тақиясын шекесіне түсіріп,ыржиып күлді.- Түрлі үлпәтте бәйге жайлы айтылса, ылғи елеріп, бұрын менің осындай жүйрік атым болған,пәлен бәйгеде,төлен бәйгеде озған; сенбесең пәленшеден, төленшеден сұра деп сықпыртады.Қоймағасын,түнеукүні жігіттермен уағдаласып сіздің сондай жампоз атыңыздың болғанын пәленше, төленшеден сұрап білдік,енді атыңыздың құйрығын майлаңыз деп ақыры илалап бір түсірдік». «Қатырыпсыңдар. Оны білем,ат қосқанын естімеппін.Әйелі жарамды адам, алаша,бөкебай тоқиды». «Түнеукүні Жәңкең тарапыда Орынтайдың қатынын әперіңдер деді. Ойы жесір әйелді малымен алу. Балалары қайтып күн көреді? Қариялар ана қашарыңның біреуін бер, біреуін сойып адам шақыр десе көнбейді. Тегін, әрі малымен алсам дейді. Мазақ болды. Баяғы жетім- шоркіндік оңа ма?! Сәмидің қутілді баласы бізге көзін қысып, ана күрең қасқаңызды мінгізсеңіз мен шешемді берейін деп еді, тіріде бере ме?!». «Әбеке?Қылжақ сөзді кейін тыңдармыз,тойхананың жаңалығынан айтшы?!».«Бәйгеге қызылқұмдық Еділбай тапкер Шайтанкөгін,есалы жетімдер Баймұрат болыс Жаужүрегін,Қыздарбек Қарақұлағын,тиес саңғыл Құланбай Қызылқасқасын, бабайқорғандық сунақ Нұреке тапкер Үкіаяғын, ноғай Кәрібай тапкер Шаппайберін қоспақшы,тағы кім?». «Арқадан ат арылтып келген әйел тапкер Маржанкүлдің Қазанғап торысы, Мәделі қожаның,тапкер Алдашүкірдің аттары бар». «Пәлі,кілең талай- талай майқанада топ жарған сайгүлік қой!». «Белгісізі қанша?! Ұлы Жүздің атын айтпадың? Бегалы бидің құдасы Досыбай бидің қарақасқасы бұрнағы жылы Шілікте өткен бәйгеде бас жүлдені ап кетпеді ме?!». «Дұрыс екен! Сүйтіп, ұрандатып өтпекші десей?!». «Қоңыраттың руларынан басынан сөз асырмас екі ата жетімдер Барқы, маңғытай – саңғыл Мүлкеман, божбан елі Қияқ, іргелес Ұлы Жүздің Бөген – Шаян бойын жайлайтын тазша, қоңыр, сыргелісі Досай, теріскейдегі Төртшидің тамасы Қозыбақ деп айқайды сап шіренбек. Жалпы қоңыраттың ұраны ежелден Алатау батырдың есімімен – «Алатау» ғой. Бәйгеге келген ел атын суарғанда Кеңқолтық өзені тоқтап қап жатыр». «Жарандар ана Молдабек тапкерге жолама,былтыр Шіліктегі Үндемес байдың бәйгесінде үш- төрт жігіт бап үйренейік деп жата қап аңдиық. Біруақтарда атын шапқызып- шапқызып,ерін алып, аңызға айдап жіберді.Біз де босаттық.Сүйтсек ол мүттайым атының тілін байлаған екен,ертеңгі бәйгеде біздің атымыз тышқақтап- елдің соңында қап, күлкі болдық». «Мен сунақ Нұреке тапкерге тұрам.Атын борбайлатып шапқызып, үстіне қалың жабу жабады да тобығынан тамған терді санайды, дәмін татады. Сұрастырсам, ат жарағанда тері су татиды екен». «Мен ноғай Кәрібай тапкердің Бұланбайдың бәйгесінде Әділбектің торысын сынағанын естідім. Әдеке,қамау терін тізесіне түсіріпсің. Дүлдүлқызылыма, Қазанқапқа, төртінші бекеттен соң Шайтанкөкке оздырасың деді. Ол кеткесін Әділбектен сұрасақ қамау терін тобыққа түсіру керек, жолаушылап үлгермегем деді». «Апырай, ә?!». «Жұрт Мекеге барып қайтқан жетімдер Керімбек әжі айтты деп жүр, Еділбай тапкерді арап, парсылар біледі екен». «Көп жасағыр, тапкер- Бейімбет қой?! Көрерсің?! Ана жылғы Құланбайдың бәйгесіндегі салым көкпарда атыңның ұршығы шығыпты,шаппа деді.Көнбем едім, артынша атым оңбай ақсап, кешке таман жер тарпуға жарамай пышаққа ілінді». «Аты қатын демесең Маржанкүл мықты. Әрдайым жүлдесіз кетпейді. Бір кісі атым Байұзақтың бәйгесінде екінші келген, қазіргі күйін болжаңыз дейді, тапкер аттың алды- артынан өтіп жүйрік ат екен,бірақ бұл бәйгеде жүлдеге іліне қоймас,жабудың кертігінен күн өтіп,шоқтығына тер қысылыпты депті. Айтқаны келіпті». «Жігіттер, болжам- болжам, түгел жаны бар сөз.Алайда әр жарысқа жүйрік әртүрлі бапта келеді, тапкердің сыры өзіне аян: күні- түні атын қарауылдатып, тірі жанды жақындатпайды, оңайлықпен сыр шашпайды. Телмірген көз,тігілген құлаққа оның жалғыз лепесі мың құбылып тарайды».***Құлыншақ ақынның келгенін Жұманәлі тілмаш ертеңіне естіді.Қолын алуға анабір іс ішінде дес бермей, «бас жақта» деген алшын- жағалбайлының үйіне қарата келе жатты.Түркістан- он екі болыс,екеуі өзбек.Қаратаудың Мыңжылқы жотасының осы күнгей етегі Хантағы өзені бойындағы бұлағы бұрқырап, нулы бауында Сырдария облысының генерал- губернаторы демалатын Құсата- жетімдер руының есалы атасының қонысы- жиырма төрт төбеге бөлінеді.Төбесі егіндік жер.Екеуі алшын- жағалбайлыға тиесілі.Жаңадан сайланған Баймұрат болыс алшын- жағалбайлыға сен кірмесің,жерді босат деп дақыл еккізбей отыр. Көпе- көрнеу зорлық екені мәлім: ілгері құсаталық есалының ірісі жоғарғы Бүрген- Сазда отыратын жалғыз ауыл алшын- жағалбайлының біреуін ұрып өлтіріп,дуалы ауыз Қалкөз – дананың билігімен жетімдер екі төбесін айыпқа тартқан. Тілмаштың араша сөзін болыс құлаққа ілетін емес.Ол есік алдында Бүрген- Саздың қарияларымен сәлемдесіп, қараша үйге кіріп, дастарханнан дәм татқасын: «Көп сөйлемейін, шырағым,- деді алпысты қаусырғанымен әлі шымыр қарт Сүлеймен.- Қысырақ қуған байталдай бізде не қауқар бар?! Асқа сен деп келдік,кедейдің көкпар мен той не теңі?! Құсата түгелімен бізге тиесілі еді ғой?!-Естімеген сөзге тілмаш елең еткен.- Күнгейдің қоңыраты тау мен Сыр арасы көшпенді өмір кешкенде,бұлақ басына біздің атамыз баяғыда ауып кеп орныққан екен. О жерден бізді Бүрген- Сазға Қоқан ығыстырды. Қоқанның кезі әкіреңдеген сарттар есалының біреуін өлтіріп қойып, соның құнын даулаған Адырбек деген сойы Құсатаны есалыға әперген.Екі төбені бізге есалының не үшін тартқанынан хабардарсың.Қысқасы бұл іс шапқа су сепкендей бір тамырға соғып тоқтауы керек қой?! Жүйкеміз қиылып, ақылымыз ұрланып тұр.Бұйрықтың көзі жоқ,жүрсе аяғы жоқ.Түбі тартып алса да ит тірлікте іш қып күн көрерміз. Нақақтан ердің қаны төгіліп еді, ата жолы биге тоқтап шешіліп еді?!».Қарттың мына сөзі қыршып, тілмаш тіке бата сұрады.Бет сипасымен бейқам Есенжолға: «Жүр,бірге барасын» деді.Алпамса жігіт ана қыздарды көруге құмартқанымен, жолшыбай: «Ағатай,маған орынсыз. Кірмей- ақ қояйыншы?Өсжерде сізді күтейінші?» деген. «Жүр.Мен жалғызбын, жабылып сабаса қайтемін?-деді тілмаш ойнап айтып.-Сөз үйренесің».Жігіт қынжыла ереді. Әудемжерде өмілдірік тағып, құйысқан, тебінгілерін алтынмен булаған қызылкүреңдегі Бұланбай байдың баласы Ханжігіт ұшырай: «Ағатай, Есенжол қанша салым салмақшы?» деді жмиып. Баланың салтанатына сүйсінген-әр қазақтың баласының жақсы болмағына құмбыл тілмаш, Ханжігіт барса ерте кетейін деп ойлады.Нұрсай саңғылдың бүкіл төрт қақпа Түркістан сыйлайтын кеңқолтық байының баласын бетінен кім қағады?! Дауда жас адам тез өседі. «Ханжігіт?Сөз тыңдауға қалайсың?». «Ыбәрәт аларлық жер болса?». «Онда бізбен жүре ғой».***«Әбу,маңызды сөз айтшы? Бұларды қой?!».«Қазақ жылонекіай мал соңында.Көктем, күзде ғана ел- жұртты көріп шер тарқатады.Той,көкпар, әңгіме құмарлығы содан.Айтсын».«Сақып төре ауылға келіп, қатар- құрбысына сұлу келіншектен сөз әпер дейді.-Молдасоқынған жуан мұрт кісі шөкелеп отыруға көшіп, мұртынан күлді.- Ауылдың қушыкештері қоймай, пұшық, маңқа, жесір әйелді жасап киіндіріп, төре не қылса да үндеме дейді. Төреге сөзін берді, ай туысымен сонау талдың түбіне жет дейді. Түнде ынтазарына жолығып, қарсыласпағасын бәрі боп, атына мінейін дегенде әйел өштіп – өштіп кеп тұйыңыз дейді ғой. Біздің ауылға сол төре өле – өлгенше қайтып соқпай кетті».«Өй,пәтшағар-ай?!».«Әбу?Бұлардың қылжақ сөзі таусылмайды, тойхананың әңгімесінен айтшы?». «Бәйгеге қосылмақшы аттың саны төрт жүзден асты. Салт бойынша мейманды байдың ағайын- туысы, құда- жегжаты күтеді,жем- шөбі тағы мойнында. Төмендегі- ана жылы тартылған шойынжолға жақын- Отырабаттың Қосетек деген жеріне төбе үйдірген.Билер әуелі сөжерде бас қосып күтіледі, сөжерден ат жіберіледі. Билердің басында жиырма бес дәйекші-сарапшысы бар саңғылдың Ыса болысы. Мақұлбек бай қоңыр- тазшадағы құдасын қарсы алам деп атын алтындатып, күмістетіп,бар жақсысын киіп, бәйгекеріне мінгенде, жалғыз шықпа көз тиеді деп ағасы қарсы болған.Сүйтсе, мінгізген жас сәбиге көз тиіп,кешке құлап, арпалысып жатыр дейді». «Әттеген- ай,ә?Құдай сақтасын?!». «Бегалы бидің Ұлы Жүздегі құдасы Досыбай би тай- тұяқ жамбы әкеліпті дейді». «Мақұлбектің құдалары да зор, анау ананы әкелді, мынау мынаны әкелді деп хатқа түсіріп жатқан болар?!». «Иә,Ұлы Жүздегі Ханқожа құдасы кешігіңкіреп келе жатқасын алдынан шықса, жиырма бес қара,жиырма бес қалы кілем,не керек тоғыз- тоғыздан елу түйеге артқан шашуы бар екен.Аза-бәйге шаптырамын,жеке отырамын депті». «Туу?!Азамат екен!». «Мақұлбек- төрт ағайынды ғой, інісінің құдасы- қаңлы Аманбай шәрдің іргесіндегі Текеде отыратын кедей,дихан ел.Шашуы мандымасын білгесін, астыртын әйелін жіберіп байдың өзінен алдырып, ертеңі ей,Ыса болыс,біз дихан елміз,қарамыз жоқ, ақша берейін деп бес жүз сомды лақтырып тастағанда жұрттың көзі тостағандай болып, қисая- қисая кетісті». «Ой,пәлі?!».***Жұманәлі тілмаштың есітуінше қоңырат екі атадан: Орынби, Мелдебиден тарайды.Жайлаған жері Шәмілдір- яғни Қараспанның базары,Сырдарияның бойы.Қиссада кездеседі.Екеуінен жиырма сегіз бала өрбіген; Емен,Семен деген құлымен отыз.Аламат кезінде үркіп,әлденеше баласы өліп,Орынби Баулы- Бадахшанға ауады.Одан байбөрі ұрпағы- Алпамыс батыр тарайды,олар түркмен жерінде.Тәжікте өзін қоңырат санайтын лақай деген ру бар,тілі соларға бейімделіп кеткен.Қаратау бауырайында қалған Мелдебиден Көктіңұлы,Құдайберді (Көтенші) туады.Көктіңұлы сегіз ата,Құдайбердіден (Көтеншіден) Бес Ата,Жаманбай.Мелдебидің Құдайбердісінен туған Бес Атаның ішіндегі жетімдер руы бұлақ басына орнығып,бау- бақшаға қызыққан отырықшы ел.Содан болар Қоқан ханына жағып,датқа көп шыққан: Құсатадағы есалы атасынан Қоныс датқа,шоқтастық қарасынан Байұзақ датқа,Қаратаудың теріскейіне көшкен байдалы атасынан Үсенбай датқа.Алайда есік алды алақандай жердегі мәуе- шәуеден жарып баю қайда,мал баққан рулардан кедейлеу.Дегенмен: «Мініп келді атқа,Болып келді датқа,Не десе де істеңдер,Сыбысын шығарма жатқа…»деп Молда Мұса шайыры айтқандай билік жағынан напақа айыратын ірі ру….«Есалы жетімдерлер» тілмаш дем баспай жетіп келеді деп ойламай үдірейсе, төрдегі пұшпақ ішік жамылған Баймұрат болыстың қасынан шәрдегі көпес, оқыған аты бар (Орынбор гимназиясын жырмалап тауысқан), бұдан екі жас үлкен,қырықтағы жиендері Қали мырзаны көріп тілмаш ошарылды. Жымық құлақ,ұзынтұра мырза салған беттен: «Кел,кел, быжық- тыжық маңғытай- саңғыл?» деп кекесінмен күліп, мұқатқан құрлы жағалата қарай, «Ыһ!» деп болыстың шоқша сақалы селк еткен.Мырза мүлт кеткен- тілмаштың інісінің әйелі жетімдердің қызы: «Быжық –тыжық болсақ та қыздарыңның үстінде жатырмыз» десе аузына құм құйылатын еді; тілмаш сыр шашпады.Осы мезет болыстың қара бөрікті туысы: «Маңғытай- саңғылдан айдың жарығы жақсы, әйтпесе есті кісі өнбейтін іске араласа ма?!Көкпарда жүре алмайтын, қыз беріп,қызын алмайтын,ауып келген кірме,кедей- кепшік- алшын- жағалбайлының шоқпарын соғып,ұшпаққа шығамысың? Көрерміз молда к….ді деген сөзді есітіп пең?» деп бастырмалатып бақты.Қали: «Мына байдың төбетіндей салақтап, ерткенің кім? Әкет, әрмен!Кім көрінгенді…?! Кісі тектіден, бай баласынан шығады. Палуан,шабандоз дегенің- есерсоқ та» дегенде Есенжол қып- қызыл болып, ата жөнеген. Тілмаш манағыда жігітті тыңдамағанына өкінді.Ауыр сөзге мойымай, үйдегі саябырси: «Жақсылар, -деді жүзінен жайдарылық есіп.-Кімнің кімнен артық- кемдігін Алла біледі. Жетімдер билік ұстаса, бес ата саңғыл- бай, момын ел екенбіз. Қазақты сақтаған отбасылық,рулық ынтымағы; алайда ешқайсымыздың маңдайымызға руымыз жазылмапты. Адамды жақсы, жаманға, ұлтқа бөлемін. Әрнеде татулық жақсы». Қали:«Сен- орысша оқып, шалақазақтанған адамсың. Сырлы күмбез,ішінде дәнегі жоқ жалғыз атты кедейсің.Бетіңмен шоқырақтатқаның жөн еді.Демігіп қаласың,шіренбе?!» деп майын сөзге иілмеді.«Мырза,байлықпен шешілмейтін іс болады?!». «Болмайды.Әрнені ақша бұзар киліккенде.Бай мен кедейді теңестірме?! Адам- пенде,нәпсісін жеңе алмайды. Жөнге кел. Оданда торыңды көкпарға сап, орысшаңды пұлдап күніңді көр?!». Әдепсіз сөзге жоқ,іліп-шалып, тұқыртып бағатын мінезге қанық тілмаш әдеттегіше сабырға жеңдіріп: «Болысеке?-деді.-Әр сөздің айтылатын орны, арқалайтын жүгі болады. Түнеукүні бұл іс заңға, шариғат, ата- баба жолына бірдей қайшы дедім. Бұны ас дейді,аста бәтуемен тарқассақ- сауаптың үлкені?!». «Сен өзің тілмаш намаз оқимысың?» деді манағы қара бөрікті додырайып. «Құдайға шексіз сенемін». «Не пайда амалын істемегесін?!». «Әділдік үшін күрессем, мүсәпірге жақтассам, ғайбат сөйлемесем,елімнің- жерімнің қамын ойласам,елдестірер сөз айтсам- мұсылмандық сол.Қазақ арапқа бағынбай тұрып өмір сүрген,салт- дәстүрі, өнегесі ұшан- теңіз халық». «Оқу өтіп кеткеннен болар құйысқанға қыстырылған б… абыройсыз іске кіруің…Аз оқысақ та әр істің орайын келтіреміз!» деді Қали тақымдай.Сол мезет манадан тықыршып,көзінен от жалтылдап, тілмашқа жалтақтаған Ханжігіт: «Дат,жақсылар?- деді саңқылдай.- Қоңыраттағы екі ата жетімдердің түбі Сауранның маңы,Қарнақтың төменгі жағы,өзеннің қабағы -қырық қақпалы Қарашықтың ханы Әбілқайыр екен.Оның Сұқсырханым деген жалғыз қызы болыпты.Оны ержүрек Ақтам төреге беріпті.Уәзірлері қызғанып,төрені өлтіріп жібереді. Сұқсырханым екіқабат екен,оның қоңыраттағы Орынби деген досы баланы аман алып қалмақ үшін түрікменге алып қашады.Ол кездегі рәсім бойынша аяғы ауыр әйелге үйленбейді.Барғасын Сұқсырханым ұл туып,атын Сүйеніш қояды.Кейін Сүйеніштің балдары қоңыраттың қолында ержетіп,жеке ауыл болып отырғасын «жетім балдардың ауылы» атанып,кейін жетімдер руына айналып кетіпті.Жетімдердің қоңыратқа қосылатын себебі қоңыраттың қолында тәрбиеленіп өсуінен. Жақсылар,сонда кім кірме болғаны? Бағанадан жерден алып жерге саласыз, бәдікайкөш сөздің не керегі бар?». Баймұрат болыс: «Тоқтат, мұрынбоқ!» деп қамшымен көрпешені сарт еткізді. «Ендеше руға тиіспеңіз? Мен мұрынбоқ емеспін!» деп қасқиған баланы тілмаш қолынан ұстай алды; тойтарма уәж мұның тәрбиесіне ұйқаспаса да аузы батырлықтың орны кейде мірдің оғы қарайлас. «Сен, мұрынбоқ?Ақсай саңғылыңның дені теріскейге көшуінің себебін білемісің?Білмесең біліп ал,- деді Қали мырза мысқылдай езу тартып.-Бір мықтың ілгері Шоқтастың суын әрмен қарай бұрып, Шошқакөлге құятын етіп жібереді.Әзіреті Сұлтанның- Түркістанның қожа- молда,сарттары егініміз қурап барады деп қанша жалынып сұраса көнбейді.Ел айтады,сол уақ жұт болып па,ақсайыңның күллі малы қырылып қалып, әлдеқайсы бізді қожа- молданың қарғысы ұрды депті,олар содан көшкен!Әне!».-Мен мұрынбоқ емеспін!- деді Ханжігіт.- Шөміштің басындай тутыңдайсыз,сіз басы-қасында болып, түйеге жүгін артысып па едіңіз?Уытты уәжге тілмаштың іші бұлкілдеп қоя беріп, лажсыздан мырс еткен.-Мырзасынып кілең ақ делбегей киетін,былғанады деп жиында к… жер иіскемейтін есалының қалай күлкі болған жерін сіз білесіз бе? –Ханжігіт-дағы мүдірмей жүзі заматта шуақ бүрікті.-Күнгейлік қоңыраттың жиырма- отыз қасқыр- жайсаңы теріскейге – ханкелді қоңыршұнақтың бәйгесіне бара жатады.Уақыт күз екен.Жонда адасып,қонуға тура келеді.Таудың түнгі суығынан есалылар «жидек қағып» бір, тоқымын жамылып жатып екінші мәрте- күлкі болады.Азанда қараса, ақ делбегейлері сатпақ- сатпақ. Қасындағы тағы ірейді.Оған ұлан- асыр тойда ел жұртқа көрінуден ұялып,елге қайтқанын қосыңыз. Біздің Бұланбаймен,Оспан баймен, Құланбаймен,Мақұлбекпен теңесерлік жетімдерде байың қайсы?!Тілмаш әңгіменің ушығарынан қаймығып:-Ханжігіт шырағым,мені далада күте тұршы? -деп ол шығысымен сөзін жалғады.- «Сыпайыны зықтама, палуанды иықтама». Жақсылар? Біреулердің бақталастықта шығарған кемсітпе сөзіне несіне тулайсыз?Бала естігенін айтады.Сіз бен біз қоңыратпыз,Құдайбердінің балаларынан туған,құшағымыз ажырамаған ағайынбыз. Оның тамыры ықылым заманда,беріде Шыңғысхан тарапынан әйгілі. Күмәнді сөзге жоқ адаммын.- Тілмаш есалының райдан қайтпасын сезіп, орнынан түрегелді. -Сіздерге ояздан сөз келсе қайтесіз?Үй іші заматта бүрісіп қалған, Қали: «Бұған ояздың қатысы қанша?!» дегенмен, дауысы үрей бүрікті.Болыс қана «Сен- екі бұзық, бар,далада салғылас!» деді. «Жақсылар, ойлан?Әрнеде бәтуе жақсы?!» деп тілмаш таба нанан үзіп-дәм ауыз тиіп, «аумиынмен», шығып кетті.Болыс сазарып: «Шәрдегі диюға адам жібер!Майдандассын екеуі, аржағын көрерміз?!- деді.-Бір қой өңгеріп ала кетіңдер».(Жалғасы бар)• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362

Құрымбайдың Тәкей датқаға жауабы

Құрымбай заманында Арқада атақты Тәкей датқа деген болыпты. Ол Қоқан ханының ең сенімді өкілі екен. Ол Қоқан билеген жердегі датқаларды аралап жүріп, баға береді екен. Оның ақ дегенідегені алғыс, қара дегені қарғыс көрінеді. Кейбір датқаларды сынап, Қоқан ханына айтып, ауыстыратын да құқы бар екен.Сол Тәкей датқа датқаларды сынаймын деп, Қаратау өлкесіне келеді. Тәкей датқа келе жатыр деген соң бүкіл Қаратау аймағындағы датқалар қазіргі Келіншектаудың баурайындағы Арна өзені бойына үй тігіп, арнайы күтіп алады. Арнайы тігілген ақ боз үйге кіргізіп күтеді. Қаратау өлкесі күнгей-теріскейі 18 болыс ел екен. Тәкейге кіруге ешкім бата алмайды. «Сен бар — сен бардың» әрекетіне түседі. Содан Құрымбай атамыз шығып, «Мен барайын» дейді. Құрымбай датқа сәлем беріп кіріп келеді. Тәкей датқа Құрымбайды менсініңкіремей, жамбастап жатып селқос амандасады. Сәлемдесіп болған соң Тәкей датқа Қүрымбайды датқа екен деп менсінбей:- Бүл елдің датқалары қайда? -дейді Тәкей, Құрымбайды датқа деп ойламаса керек. Құрымбай датқа:.- Бұл елдің кісілері Түркістанға үлкен бір жиынға кетіп еді, – дейді де қояды. Олар Құрымбайға кеуіл аудармай, өздерінше әңгімені қыздыра береді. Арқадағы сары қымызды, балғын қозыны айтып, бүл елдің сыйына риза еместігін білдіреді. Дастархандағы өрік-мейізді, тәтті-тұттыны менсінбей, ірімшік, құрт, сары майды әңгімелейді. Сойылған асыр емген тайды, дастархандағы май тарыны, исі бұрқыраған үнді шайын елемегеніне Құрымбай датқа да намыстанып:- Тақсыр! Арқаның сары қымызы мен қолаңса сасыған қозысын әңгімелей бердіңіз-ау. Біздің елде ондай асты қойшы қолаң ішеді. Біздің елдің кісілері қып-қызыл пілсіз шай ішіп, қысыр емген тайдың қазы-қартасына тойып ап, құрт қатқан сорпаны ішіп алып, қып-қызыл нарттай болып шіренгенде бесті аттың белін үзіп жібере жаздайды, дейді.Шетінен өңкей бесті ат көтере алмайтын нән келеді. Алдыңызда тұрған май тарыдан бір пияласын жеп алсаңыз азанда шарығыңызды шаңырақтан көресіз, – депті. Тәкей датқаның өзі де, қасындағы еріп жүргендері де өңкей арық, бетіне пышақ жанығандай екен. Сонда Тәкей Құрымбайдың сөз саптауына қайран қалып:- Сен кім едің өзі? — депті. Құрымбай:- Біздің елдің кісілері жолаушылап кетіп еді, енді бір жетіден кейін келеді. Мен әшейін солардың ат байлаушысымын, — депті. Сонда Тәкей датқа түнде ойланып «Қаратау датқалары шетінен сөзге шешен келеді деуші еді. Мына ат байлаушысымын деп отырғанының сөзі мынау. Қой, олар келгенде сөзден ұтылып масқара болармын» деп, ерте аттанып кеткен екен.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362