Құрымбай датқа Кенесары ханмен замандас, сыйлас дос болып өткен адам. Ол Қоқан ханына датқа болып қызмет еткенімен, негізінде Кенеханның көзқарасын жақтап, Кенеханды қолдап отырған. Әскеріне күш-көлік беріп келген. Кенесарыхан кей жылдары, тіпті Құрымбай датқаға қарасты жерлерге қыстап қалып та жүрген. Кей жылдары жазда ауылын Сызғандағы Ақтасты бұлаққа қондырып, алыс сапарларға да шығып отырған. Ондай кезде Кенехан Құрымбай датқаға ауылын, елін дайындап, тапсырып кетеді екен.Бір жыл Кенесары хан Россиямен тағы да күресу үшін Қоқан ханымен бірлеспек ойы болады.Сол мақсатпен Қоқан ханы билеп отырған Ташкент қаласының беглербегіне Саржан мен Есенкелді ағасын жібереді. Олар Саржан мен Есенкелдінің басын алып, Кенесарыға жауап та бермейді. Тап сол кезде Әзірет Сұлтанға тәубе ету үшін келген Қасым сұлтанды да Қоқан әкімдері үстап өлтіреді. Кенесары ауылын теріскейдегі Құрымбай датқаның ауылының қасына көшіреді. Есенкелді мен Саржанның әкесі Қасымханның ауылын сүраймын деп, Қарнаққа келген Кенесарыны Қоқан бектері ұстап, Ташкент зынданында бір жыл жатады. Міне сол кезде Қаратау өлкесіндегі би, датқалар жиналып:- Кенесарыны зынданда жатқыза бергеніміз дұрыс емес, араға адам салып құтқарайық – дейді. Соған үлкен дайындық жасап, үлкен тарту таралғымен басшысын Құрымбай етіп, Қоқан ханы Мүхамедәлі (Мәделі) ханға қасына Күнімжан бәйбішесімен Сыздық деген баласын қосып елші етіп, өз өтініштерін білдіреді. Бұл жерде Мәделі ханға тікелей кіре алатын, сөзін өткізе алатын, уәж айта алатын Құрымбай датқа ерекше көзге түседі. Кенесары хан мен Мәделінің арасына дәнекер болады. Кенесарыны Ташкент беглербегінің қамап үстап отырғанын, оны қазақ елінің игі жақсылары мен датқа-билерінің босату жөніндегі өтінішін жеткізеді. Мәделі хан бұны құп көріп, Ташкент беглербегін шақырып алып:- Кенесары ақсүйек, хан нәсілі еді, сондықтан оның не жазығы бар екенін алдымен маған айтып, менің бұйрығым бойынша іс істеуіңіз керек еді. Сен құлсың, құлдың қожайынын жазалауыңа жол жоқ, Кенесарыны дереу босатып, осында жеткіз, – деп бұйрық береді. («Кенесары және Сыздық Сұлтандар» – Ахмет Кенесарин. 10 бет. 1992 жыл).Кенесары әйел, бала-шағасымен табысып, досы Құрымбай датқамен кездесіп, Мәделі ханға келеді. Кенехан өз ойын айтады. Мәделі хан:- Енді сіздерге тимеймін, тумаларыңызды осында алып келіп, маған зекет, басқа да алым-салықтар төлеп отыра беріңіздер. Ал Россиямен соғысыңызға ойланып көрейін, – дейді.Ташкенттен кетерінде Кенесарыға Мәделі хан 100 жігітке Әбдүшүкір деген жүзбасыны қосып береді. Әбдүшүкірге «еліне дейін аман-есен жеткізіп сал» – дейді. Кенесары кетерінде Мәделі ханға жолығып, «Әбдүшүкір мені Созаққа дейін апарсын, ары қарай Бабақүл қожаға айтыңыз, одан ары 40 жігітімен Созақтың әкімі алып барсын» – дейді. Себебі Саржан мен Есенкелді ағаларын, әкесі Қасым сұлтанды да ұстатып өлтірткен сол Созақтың Бабақүл қожасы еді. Кенесары хан жүзбасы Әбдүшүкірмен оның 100 жасағымен еліне бет алады. Қасында әйелі Күнімжан, баласы Сыздық және Қаратаудан барған Құрымбай датқа жігіттерімен бірге жүреді. Сол жүріспен олар Түркістан маңынан өтеді. Жолда Созақ пен Шуға бір күндік жер қалғанда қасында Құрымбай датқа бар, жасақтың екі жігітін қосып «Біз бесінде жолға, шығып, ертең Созақ арқылы Шуға жетеміз. Сендер Созақтың ар жағындағы Ақтасты бұлақта мына Құрымбай ауылындағы туыстарымның бәрін ертең Шуға көшіріп алып келіңдер. Сол жерден көшіп-қонып жүріп сіздерге зекет салықтарыңызды төлейміз – деп, ілгері оздырып жібереді. (Кенесары және Сыздық Сұлтандар. 11 бет- А. Кенесарин). Астыртын Құрымбай датқаға- Ауылындағы менің балаларым мен туыстарымды бір түнде Созақтағы Бабақүл қожа білмейтіндей етіп көшіріңдер. Шудан өтетін Бесқұлақ өткелдінің аузына 10-15 үй тіккізіңдер. Он бесі аппақ ақ үй болсын. Басқа елді ары Ұлытау жаққа көшіріп әкетсін. Қамыстың ішіне 200 сарбазды дайындап, менің бұйрығымды күтсін. Өзің апарып орналастыр. Мына жүрген жасақтар күдік тудырмас үшін керек. Бүлар жер жағдайын білмейді. Жігіттеріңді аларсың дейдіКенесары бір күн жүретін жерге Суындықтың асуымен асып, жолай аң аулап, дем алып, бес күн жүреді. Созаққа келіп, Қоқанның қосып берген жасағын қалдырып, Бабақүл қожаны (Созақтың әкімін) 40 жігітімен, Ташкенттің жүзбасысы бастаған жүз жігітін ауылына қонаққа шақырады. Шудың Созақ жақ бетіне үлкен екі ақ орда тіккізеді. Біреуін өзіне, екіншісін қонақтарға деп. Ішіне қымбат киімдер, Бұхардың жібек көрпелерін төсейді. Қасына оншақты күтуші жігіттерін алып қалады.Созақтың әкімі, Ташкенттің жүз басысы таң қалады. Оның ауылы Сызғанда, Ақтасты бүлақта емес пе еді, – деп. Жігіттерін жіберсе ауыл сол баяғы орнында отыр.Сол кезде озып кеткен Құрымбай датқа елге келіп, бір түнде Кенесарының ауылын көшіріп, жұртына өз ауылын дәл солай етіп күдік тудырмас үшін қондырған екен.Құрымбай датқа сол ауылмен, өз жігіттерімен сол түнде Шуға өтіп кетеді. Кененің ауылының көшкенін ешкім білмей қалады.Шу бойында Кенесары күтіп жатыр деген соң Ташкенттің жүзбасысы, Созақтың сол кездегі әкімі Бабақүл қожаны ертіп, Шуға қарай аттанады. Олар Шуға жеткенде өзен жағасындағы ауылдарды, әр ауылдың ортасындағы ақ боз үйлерді, төңірегіндегі жайылып жатқан малды көрген соң көңілдері жай тауып, өздеріне арнап тігілген үйлерге қаперсіз Кіріп, бойындағы қару-жарақтарын тастап, тынығуға кіріседі, қасындағы жасақтары да солай істейді. Үйге әбден кіріп болған соң Кенесары қамыста жасырынып түрған 200 жігітіне белгі береді. Олар қаннен-қаперсіз жатқан сарт жігіттерін киіз үйден шығып үлгермей-ақ қырып салады.Міне Кенесары екі ағасы Саржан мен Есенкелдінің, Қасым Сұлтанның кегін осылай алады. Екінші бір айтушы бүл оқиғаны былай айтады.Ташкент жүзбасысы мен келген жүз жігітті, Созақтың әкімі Бабақұл қожаны Кенесары түнімен күтеді. Азанда тұрғанда барлық жасақты үйден шыққанын шыққанынша қамыс арасындағы жасақтар көгенді керіп қойып, көгендей беріпті. Қарсылық көрсеткендерінің табанда басын шауыпты. Ең сонында Ташкент жүзбасысы мен Бабақүл қожаны үйден алып шығып, ауыл маңындағы биік төбенің басына апарады.Сол жерге көгенделген сарт жігіттерін де апарады. Биік төбенің күн батыс жағынан терең ор қаздырып қойған екен, Ташкент жүзбасысы мен Созақтың әкімі Бабақүл қожаны ордың жағасына әкеледі. Сол жерде Кенесары былай дейді:- Осы сендердің іштеріңде менің екі ағам Саржан мен Есенкелдіні, әкем Қасым сүлтанды ұстап берген жігіт бар. Сол жігіт алға шықсын. Кімнің айтқанымен істегенін мойындап, айтып берсе, жанын қиямын, – дейді. Ешкім шыға қоймайды. Кенесары үш рет қайталайды. Сол кезде топтың ішінен ұзын бойлы, көккөз қапсағай келген сары жігіт шығады.- Мен едім, – дейді ол. – Оның бәрін істетіп жүрген мына Созақтың әкімі Бабақұл қожа.Кенесары ол жігітті бөлек шығарады да, қалғанын өлім жазасына кеседі. «Жаңағы жігітті неге алып қалдыңыз?» дегендерге сатқынның да пайдасы тиеді дейді. Кейін ол жігіт Кенесарыға адал қызмет көрсетеді. Соңынан Ташкент жүзбасысы мен Бабақүұл қожаның да басы кесіледі. Міне осы кезде Құрымбай датқа Кенесарының қасында еді. Бұндай қырғынды, бұндай қатыгездікті көрмеген Құрымбай датқа сол жерде басына қаны шауып, қан қысымынан жан тәсілім етеді. Оны Кенесары өзінің он жігітін қосып, Құрымбайдың өз жігіттерімен бірге өгіздің бітеу сойылған терісімен қаптап, Сызғанға әкеліп жерлейді. (Өгіздің терісімен қаптау себебі еті арылмаған адамның ыстық күнде иісі шығып, бұзылмасын дегені екен.).Сол кезде Құрымбайдың қасында өзінің інісі Танақ, Қисық батыр, тағы да басқа оншақты ел адамдары бар екен. «Кенесары сүлтан жолы болып, әкесі мен ағасын өлтірген сарттардың жүз жігітін өлтіріп, өшін алған соң Аллаға риза болады. Сонан соң Қоқан жігіттерінің қаруларын, аттарын мұндағы туыстарын ертіп, Ұлытауға кеткен елдің соңынан көшеді: Торғай өзеніне жеткен соң ол әкесі Қасым сұлтан мен ағалары Саржан мен Есенкелдіге ас береді. Сол аста үлкен ат бәйгесі болатынын хабарлап, елге сауын айтып, орта жүз бен кіші жүз елін асқа шақырады. Екі елдің асқа жиналған ақсақал-қарасақалдары қазақ дәстүрі бойынша Кенесарыны ақ кигізге салып хан көтереді». Кенесары және Сыздық Сұлтандар. Ахмет сұлтан Кенесары ұлы 1992 ж. Алматы, Жалын)Кейін Қоқан ханына қарайтын Созақтың сарттары Қаратау өңіріндегі халықты Кенесарыға қарсы қойып, жауықтыру үшін өздерінің бастары алынған сарттарын жасырып, Құрымбай датқаны қырық жігітімен Кенесары әйелі Күнімжанға барғаны үшін өлтірді. Кенесарының апасы Бопай Құрымбайды теуіпті. Содан ол құсадан өліпті, – деген өсек таратады.Бүл әңгіменің өтірік екенін 70-ші жылдардың ортасында бүкіл Қаратау өлкесіне белгілі шежіреші Отжан деген қария Козмолдақта Төлеубай құдасының үйінде осы әңгімені айтып беріп еді.- Ертеректе бүл әңгіме Қаратау өлкесіне аты әйгілі Жәнәділ болыс, Сейділда болыс, тағы басқа үлкен адамдардың арасында әңгіме болғанда Жәнәділ болыс бүны Созақтың сарттарының шығарып жүргендері. Олар мына Қаратау өлкесіндегі қалың қоңыратты Кенесарыға қарсы қойып, шапқызудың әрекеті еді. Күнімжан бәйбішесі де қоңыраттың қызы емес пе. Оның үстіне Кенесарының әскері мен батырларының көбісі қоңыраттардан. Ал әйтпесе айтыңдаршы, менің атам сонда өлтірілген деген ұрпақты. «Атамды Кенесары бауыздап өлтірді» деген бір Саңғылды, тіпті бір Қоңыратты көрген де, естіген де жоқпын. Ол кезде Қаратау өлкесіндегі қоңыраттарға Кенесарының да шамасы келмейтін еді.Сол Отжан қария қоңыраттың Жетімдер руынан. Көпті көрген, көптеген әңгімелерді білетін көкірегі ояу, көзі ашық шежіре адам еді. Ол кісіден бүдан басқа да көп әңгіме естідік. Кейін, мүнда, сексенінші жылдары жасы 90-ға келіп қайтыс болды.Құрымбай датқа кезінде ел үшін көп еңбек еткен, елім деп еңіреп өткен жеке тұлға. Қоқан датқасы бола тұрып, Кенесары қозғалысын қуаттауы, оған материалдық және рухани жәрдем беруінің өзі қазақ елінің басына түскен сол бір алмағайып заманды терең түсіне білгендігі деп білуіміз керек.Кенесарының өзін қоқан ханы Мәделі ханға барып, араға түсіп, Кенесары түтқыннан босатуы да ол кісінің үлкен азаматтығы.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362
Есқара Тоқтасынұлы, ТІЛМАШ, (хикаят)
Еркінбек Ақынбеков рухына, Ояз тілмашы,фольклор жинаушы, автономия сұрап,Ташкент көтерілісіне қатысқаны үшін 1918 жылы Түркістанда атылған.Қыркүйектің ортасы, тоғыз жүз тоғызыншы жыл; қазақ шат: Түркістан шәрінен шығысқа қарай түстік жер Ибата тұсындағы мидай жазық бейне жорық алды тыныстаған Абылай ханның қолы; тоқсан баулы қоңыраттың екі мыңғырған байы әкелеріне ас беріп жатыр; сауын айтқалы сексен сый тігілген «Қосбәйге» дабыры төрт құбыланы дөңбекшіткен.***Көшпенді ел осындай майқанада кештете алқа – қотан жиылып, ежелден әңгіме соғады, «паҺ – паһлап!» балбырайды.«Ақымақтың бәрі көкпарда. Сейдуәлі? Сендей қопалға құрдас ұшқыр ат болмайды, түсіп қаласың. Саған үйренетін төсемелі, жуас ат керек. Берікбай- атының түрі анау, өзі анау- екі етегін шапанының беліне қыстырып, шұбар жабағысымен көкпарды ойға тарт, қырға тарт деп айқайлап жүр; дукөтен. Көзі адам танымайды». «Одан інісі озды, қатынының тілін алады. Сырдың бойында отырып байшыкеш боп қалды.Үш жүздей ешкілі болды». «Көктемдегіні айтам, Асанбек құнанына мініп көкпарға барған. Әлденуақ біреумен ұстасып қалғаны. Қопал еді қайтер екен – қайтер екен дегенше болмай ерден ұшып кетті. Өлді- ау бишара деп жұрт шу етті. Құлаған бойда басын қақшаң еткізіп, қайта жатты. Кейінше құлағаның құлаған, басыңды көтере беріп сылқ түскенің не десем, кім келер екен деп ем дейді».«Әй, Әбу? Сен- құдасың, жай сөзді кейін есітерміз, тойхананың әңгімесін айтшы?». «Мақұлбек бай әкесі Байжанның жылына кеңес- асын шақырып бәйге беремін дегенде, ағайын шамаң келмес деп рұхсат етпеген. Бай екінші мәрте жиып, тігерге тұяқ қалмаса да бәйге беремін деді. Саңғылдың ақсай атасынан Ибатадағы Бегалы би де әкесі Күленнің жылына бәйге бермекші екен, үлкендер бастапқыда бір шартақтан қос бәйге өте алмайды,кезек өткіз деді. Мақұлбектің Шоқтастағы жетімдер құдасы Рүстем би кезек шаптырам деген не сөз,екі саңғыл- ақсай,нұрсайың- бірге өткіз деп, аулынан жігіттерін ертіп келіп, Кеңқорық- төбеге шартақ орнатқан». «Мақұлбек те,Бегалы да -ұлтарағы ушыға бай,әрі сақы.-Қызылшырайлы кісі қара тақисын желкесіне ысырып,екпіндей сөйледі.-Айтқасын нәшіне келтіріп айт! Үй екі жүзге таяды, үй басына күн сайын бір қой,төрт үйге бір жылқыдан сойылады; қазан- ошақта тыным жоқ, жігіттер ауқатты сыдыртып атпен тасиды.Ырзасың ба?! Оң қапталға айна-қатесіз шәрдің (Түркістан) базары көшіп келген ыспатты; бай-бағланның бұрала басқан еркетотайы нөкерімен, қыз- қырқын, кимешек киген кейуана, бала- шаға топырлап сауданы қыздырады; жал- жал боп тігілген үйлер арасы жорғамен мырзалар ағызады;былайғы жазаңда білегін түрініп, не апайтөс шабандоз ат жаратады. Ырзасың ба?! Әнеу- көгерген көк жолақ- кәрі Қаратаудың жуан Мыңжылқы жотасының күнгей- теріскейі, Шәуілдір,Сыр бойы елі боса- болмаса,төмен Қызылдың құмынан,жоғарғы Әулиеата, Шымкент өңірінен ат қоспаған ел кем де кем.Не желқабыз, шақпақ тұяқ,күміс құйрық жетелеген тапкердің алды ай бұрын кеп ат таңасырды. Құдай қаласа,ойсан бәйге болмақшы?!». «Әбеке,жиырма күнге пісенделген астың бүгін он бесінші жаңасы, бәйге түгілім өңге сайысы басталған жоқ,қалай болар екен?». «Шалғай аймақтағы қадірдан кісілерден пәлен күні жетеміз деген хабар үзілмей кешеуілдеуі содан.Асқа о баста бес жүз қара,мың қой сойылмақшы- тұғын, Мақұлбек бай- отыздан жаңа асқан жас жігіт қой, астың ұзаратынына бек қуанып, таудағы жылқысынан үйір- үйірімен осылай қарата айдатып жатыр». «Онда мақұл,Алланың нұры жаусын?!». «Жамағат?Бағана пайтонмен ояздың тілмашы Жұманәлі Арыстанбеков келді,- деді жалпақ бет кісі жадырай.- Оқығанның аты оқыған, ала- құла киімді елден ерек,өнебойы аппақ: ақ шайы камзол- шалбар,ақ жейде- өзі де қыр мұрын,мұрты қияқтай келісті азамат- жұрт жұбын жазбай аңтарылып тұрды. Көшірімен уағдаласып үлгергенше жартытөбелік тиес саңғыл ағайыны құшағына оралып,көппен араласып кетті». «Жұман-торысын былтыр жағалбайлы Есенжол мініп шапты емеспе?!». «Ұлы Жүздің шабандозымен тағы айқасады десей?! Қызыққа батады екенбіз!». «Рас-өтірігін қайдам, Бүрген-саздағы сол кедей алшын- жағалбайлыға жақтасып, құсаталық есалы жетімдермен тілмашың бақастас білем». «Бәсе,көзім шалып қап еді,Баймұрат болыс бекер шіміркенбеген екен». «Иә,есалылар- сойқан».***Салтанаты алыстан көз арбап,биік бақанда көк байрақ желбіреген тойхананың қыраңда тізілген ақбоз үйіне қарата беттей, Жұманәлі тілмашты ой шырмады. Бәйбішесінің қолындағы үлкенін алысқа оқыта алмадым деген өкініші бекер шықты: бала- зерек,шаруаға пысық, бәйгеден кейін қалыңдығын әкеліп үйлендірсе, бұдан былай ел жақтан шли қам жемейді.Інісі қарап- баптайтын торы аты ғана мазалайды; қызметі Шымкентке ауысқалы: «Ием,сен қайда болдың?Сағындым?» деген құрлы басын сілкіп- атдорбадан құтылмақ болып, тағы іші- бауырын елжіретті.Ол киімін ауыстырған, үстінде сұр шекпен,басында сусар бөрік- даланың сұлу қазағының бірі.Жолшыбай манағы Баймұрат болыстың үйі тұсында назары қызыл көйлекті қыздарда Есенжолды байқап, езу тартып, елеусіз өтті.Жайлап аяңдай, сыйлы мейманды қарсы алушы тойхана басшысы Ыса болыс бастаған саңғылдың ірілерімен жағалата төс соғыстырып: «Ниет қабыл болсын!Ас құтты болсын!» айтқасын, айрықша ілтипатпен жігіттері тойхана дастарханына бастады. Гүбір- гүбір адам толы сегіз қабат жеті үйдің бесіншісіне кіргенде, іштегі жақсылар тілмаштың: «Ассалаумағалейкөміне!» жапырлай түрегеп, төс соғыстырып, амандық- саулық сұрасты. Ол божбанның даңқты болысы Көбелекті, шоқтастық жетімдер Керімбек әжіні (қажы), еңгезердей жап-жас жігіт- қоңыр- жиенбеттің Жанәділ болысын таныды.Басынан сөз асырмайтын ділмәр, жора көріп өскен ірілердің сызылған сырын ол жаңа аңдады: ай мен күндей кермиық бір сұлу барша әшекейімен cұқтандырып, қымыз сапырады екен. Әлі дастарқанға қол тимепті. Сәлден соң тегенені қыз былай ысырып,оюлы кесеге ақшылдау етіп шай құйып, ішіне алтын теңге салып,оң қатардағы шекпенді кісіге ұсынды.Ол кербез жмиып,омырауын ашып,ішкі камзолының қалтасынан кесеге сыңғырлатып алтын тиын салғанда, жапатармағай жмың қағысқан.Кесе әрмен жағалады; жылтыр сары мырза шақасын даярлап отыр екен,шай тағы сонша көтерілді; шоқша сақалды, сұлуша Көбелек болыстың алтынынан шай тура бір еліге атқыды. Жанәділ болыс ешкіммен таласпасын аңғартып,жайма- жай кесе ернеуінен екі алтынын сырғытты. Әркім шама- шарқынша пұл салып жатыр. Дәстүр- дәрежеңді анықтайтын сынақта тілмаштың намысқойлығы ұстап- күллі ақшасынан айырылып қала жаздап (расы байлармен бәсекелесте жеңем, иә зорығармын деп емес, өңге жақсының жеңуін қалап), екеумен шектелді. Кесе манадан тыпыршып,екі көзі оттай жанған, он бестегі балауса мырзаға жетіп, уысынан төгілген алтынан шай тіке екі еліге секірсін. Жұрт көлден ұшқан қудай гуу етіп, жеңетінін аңғартты. Кезек ең соңында оң аяғын іргеге созып жамбастаған, көзінде мүкісі бар жалпақ кісіге барды. Ол кемер белдігін аспай- саспай ағытып,шақасын жайма- жай алып, салмақтап, шайнектей жұдырығын ашып сау еткізгенде, шай сыртқа асып төгіліп: «Озды! Озды!»,«Сыздық озды!» деген дауыстан үй дүрлігіп кетті.Сол екен кеудесін керіп отырған әлігі жас мырзаның намыстан мұрнының етегі делдиіп,түсі бұзылып, атығырылып шыға жөнесін. Шекпенді кісі мұртынан күліп: «Бұланбай байдың алпысында көрген баласы Ханжігіт мырза ғой!» деді. «А,солай ма?Бөкеңнің Қарнақтың медресесінен мақтаулы, тасқайнатар баласы бар деп еді,сол екен дә?!».Қоқанмен қайтпай соғысқан,жаулары таралғысына у жағып өлтірген қошқарбай тама Құлтас батыр жайлы тілмаш талай естігенімен, баласы Сыздықты алғаш ұшыратып, оның жоралы бір сөзі жадына түсті.Божбан Сапарбай болыс жорта байқамағансып өте бере,шайханада отырған Сыздық: «Мына шолтаңдаған көк атты кім- ей?» дейді. Соны күткен Сапарбай болыс дізгін тартып: «Басы таз,көзі соқыр болмаса кісіні міней ме?»депті.Кейін сол бишара Сапарбай болыс өлгенде ақсай саңғыл Иманберді болыс бастап,ірілер жиналып барады.Сонда Сыздық өкпем-ай,бауырым-ай,жүрегім-ай деп жылай беріпті. Кейінше қасындағы бұның қалай деп сұраса, Сыздық: «Ағайын- жұртты өкпелетпегесін өкпем-ай демей не дейін?!Бауырды,ел- жұртты табыстырғыш болғасын бауырым- ай демей не дейін?!Жүректегі сырымды тапқан соң жүрегім-ай демей не дейін?!» деген екен…-Жұманәлі шырағым, әңгіме айт? -деді соңыра әрқилы әңгіме маздап,қымыз ішу саябырси Көбелек болыс.-Сирек кездесеміз, даражаңа тәнтімін, мәжілістес еткен Аллаға разымын.Сен оқыған азаматсың,түрлі кітап аудардың. Тірлікте не мән бар деп білдің?-Әңгімеге көсейтін таяқ керек,-деді жылтыр сары көршісі.- Ақыл- исламда!-Молданы күнде естиміз.Көбелек болыстың «Қарнақтан өгіз алма,Бабайқорғаннан ат алма, Сасықтан қыз алма» деген нақылы тілмаштың жадында. Өйткені Қарнақ- қазір негізі өзбек- дихан ел,соқа тартатын жақсы өгізін, Бабайқорған- атқұмар ел жақсы атын бермесі айдан анық; «Сасық руының қызынан жақсы бала тумайдысын» ажыратпады, жаман келіні болуы ықтимал.-Жәке, атам қазақтың мыңдаған жылдардан жиған ақыл- қазынасы көл- көсір.-Ол рас,әйткенімен жасы ұлғайған адамды ой мүжиді.Қалай өмір сүрдім?Не істеп, не бітірдім?Ел билегесін астамшылық, тәкаппарлық өтпей қоймайды. Қалай пақытты боламыз, сұрамақшы едім?-Болысеке,бұныңыз өте қиын сұрақ екен?!-?-Жақсы адам болмақ керек шығар?!-Оңай емес екен.-деді дөңгелек жүз, ақ мұрт, толықша кісі Көбелек бас шайқай.- Күн сайын қанша қуанып,ренжисің?!Не есітіп,не көрмейсің?!«Есалы жетімдермен» арадағы кикілжіңінен көргенді кісі ештеңе сұрамады.***Естігенге құлақ тоймайды,үй- үйде кешқұрым баяғыша әңгіме.«…Түркістанда бөрікші Исабекті білесіңдер? –Шойтпақ қара тақиясын шекесіне түсіріп,ыржиып күлді.- Түрлі үлпәтте бәйге жайлы айтылса, ылғи елеріп, бұрын менің осындай жүйрік атым болған,пәлен бәйгеде,төлен бәйгеде озған; сенбесең пәленшеден, төленшеден сұра деп сықпыртады.Қоймағасын,түнеукүні жігіттермен уағдаласып сіздің сондай жампоз атыңыздың болғанын пәленше, төленшеден сұрап білдік,енді атыңыздың құйрығын майлаңыз деп ақыры илалап бір түсірдік». «Қатырыпсыңдар. Оны білем,ат қосқанын естімеппін.Әйелі жарамды адам, алаша,бөкебай тоқиды». «Түнеукүні Жәңкең тарапыда Орынтайдың қатынын әперіңдер деді. Ойы жесір әйелді малымен алу. Балалары қайтып күн көреді? Қариялар ана қашарыңның біреуін бер, біреуін сойып адам шақыр десе көнбейді. Тегін, әрі малымен алсам дейді. Мазақ болды. Баяғы жетім- шоркіндік оңа ма?! Сәмидің қутілді баласы бізге көзін қысып, ана күрең қасқаңызды мінгізсеңіз мен шешемді берейін деп еді, тіріде бере ме?!». «Әбеке?Қылжақ сөзді кейін тыңдармыз,тойхананың жаңалығынан айтшы?!».«Бәйгеге қызылқұмдық Еділбай тапкер Шайтанкөгін,есалы жетімдер Баймұрат болыс Жаужүрегін,Қыздарбек Қарақұлағын,тиес саңғыл Құланбай Қызылқасқасын, бабайқорғандық сунақ Нұреке тапкер Үкіаяғын, ноғай Кәрібай тапкер Шаппайберін қоспақшы,тағы кім?». «Арқадан ат арылтып келген әйел тапкер Маржанкүлдің Қазанғап торысы, Мәделі қожаның,тапкер Алдашүкірдің аттары бар». «Пәлі,кілең талай- талай майқанада топ жарған сайгүлік қой!». «Белгісізі қанша?! Ұлы Жүздің атын айтпадың? Бегалы бидің құдасы Досыбай бидің қарақасқасы бұрнағы жылы Шілікте өткен бәйгеде бас жүлдені ап кетпеді ме?!». «Дұрыс екен! Сүйтіп, ұрандатып өтпекші десей?!». «Қоңыраттың руларынан басынан сөз асырмас екі ата жетімдер Барқы, маңғытай – саңғыл Мүлкеман, божбан елі Қияқ, іргелес Ұлы Жүздің Бөген – Шаян бойын жайлайтын тазша, қоңыр, сыргелісі Досай, теріскейдегі Төртшидің тамасы Қозыбақ деп айқайды сап шіренбек. Жалпы қоңыраттың ұраны ежелден Алатау батырдың есімімен – «Алатау» ғой. Бәйгеге келген ел атын суарғанда Кеңқолтық өзені тоқтап қап жатыр». «Жарандар ана Молдабек тапкерге жолама,былтыр Шіліктегі Үндемес байдың бәйгесінде үш- төрт жігіт бап үйренейік деп жата қап аңдиық. Біруақтарда атын шапқызып- шапқызып,ерін алып, аңызға айдап жіберді.Біз де босаттық.Сүйтсек ол мүттайым атының тілін байлаған екен,ертеңгі бәйгеде біздің атымыз тышқақтап- елдің соңында қап, күлкі болдық». «Мен сунақ Нұреке тапкерге тұрам.Атын борбайлатып шапқызып, үстіне қалың жабу жабады да тобығынан тамған терді санайды, дәмін татады. Сұрастырсам, ат жарағанда тері су татиды екен». «Мен ноғай Кәрібай тапкердің Бұланбайдың бәйгесінде Әділбектің торысын сынағанын естідім. Әдеке,қамау терін тізесіне түсіріпсің. Дүлдүлқызылыма, Қазанқапқа, төртінші бекеттен соң Шайтанкөкке оздырасың деді. Ол кеткесін Әділбектен сұрасақ қамау терін тобыққа түсіру керек, жолаушылап үлгермегем деді». «Апырай, ә?!». «Жұрт Мекеге барып қайтқан жетімдер Керімбек әжі айтты деп жүр, Еділбай тапкерді арап, парсылар біледі екен». «Көп жасағыр, тапкер- Бейімбет қой?! Көрерсің?! Ана жылғы Құланбайдың бәйгесіндегі салым көкпарда атыңның ұршығы шығыпты,шаппа деді.Көнбем едім, артынша атым оңбай ақсап, кешке таман жер тарпуға жарамай пышаққа ілінді». «Аты қатын демесең Маржанкүл мықты. Әрдайым жүлдесіз кетпейді. Бір кісі атым Байұзақтың бәйгесінде екінші келген, қазіргі күйін болжаңыз дейді, тапкер аттың алды- артынан өтіп жүйрік ат екен,бірақ бұл бәйгеде жүлдеге іліне қоймас,жабудың кертігінен күн өтіп,шоқтығына тер қысылыпты депті. Айтқаны келіпті». «Жігіттер, болжам- болжам, түгел жаны бар сөз.Алайда әр жарысқа жүйрік әртүрлі бапта келеді, тапкердің сыры өзіне аян: күні- түні атын қарауылдатып, тірі жанды жақындатпайды, оңайлықпен сыр шашпайды. Телмірген көз,тігілген құлаққа оның жалғыз лепесі мың құбылып тарайды».***Құлыншақ ақынның келгенін Жұманәлі тілмаш ертеңіне естіді.Қолын алуға анабір іс ішінде дес бермей, «бас жақта» деген алшын- жағалбайлының үйіне қарата келе жатты.Түркістан- он екі болыс,екеуі өзбек.Қаратаудың Мыңжылқы жотасының осы күнгей етегі Хантағы өзені бойындағы бұлағы бұрқырап, нулы бауында Сырдария облысының генерал- губернаторы демалатын Құсата- жетімдер руының есалы атасының қонысы- жиырма төрт төбеге бөлінеді.Төбесі егіндік жер.Екеуі алшын- жағалбайлыға тиесілі.Жаңадан сайланған Баймұрат болыс алшын- жағалбайлыға сен кірмесің,жерді босат деп дақыл еккізбей отыр. Көпе- көрнеу зорлық екені мәлім: ілгері құсаталық есалының ірісі жоғарғы Бүрген- Сазда отыратын жалғыз ауыл алшын- жағалбайлының біреуін ұрып өлтіріп,дуалы ауыз Қалкөз – дананың билігімен жетімдер екі төбесін айыпқа тартқан. Тілмаштың араша сөзін болыс құлаққа ілетін емес.Ол есік алдында Бүрген- Саздың қарияларымен сәлемдесіп, қараша үйге кіріп, дастарханнан дәм татқасын: «Көп сөйлемейін, шырағым,- деді алпысты қаусырғанымен әлі шымыр қарт Сүлеймен.- Қысырақ қуған байталдай бізде не қауқар бар?! Асқа сен деп келдік,кедейдің көкпар мен той не теңі?! Құсата түгелімен бізге тиесілі еді ғой?!-Естімеген сөзге тілмаш елең еткен.- Күнгейдің қоңыраты тау мен Сыр арасы көшпенді өмір кешкенде,бұлақ басына біздің атамыз баяғыда ауып кеп орныққан екен. О жерден бізді Бүрген- Сазға Қоқан ығыстырды. Қоқанның кезі әкіреңдеген сарттар есалының біреуін өлтіріп қойып, соның құнын даулаған Адырбек деген сойы Құсатаны есалыға әперген.Екі төбені бізге есалының не үшін тартқанынан хабардарсың.Қысқасы бұл іс шапқа су сепкендей бір тамырға соғып тоқтауы керек қой?! Жүйкеміз қиылып, ақылымыз ұрланып тұр.Бұйрықтың көзі жоқ,жүрсе аяғы жоқ.Түбі тартып алса да ит тірлікте іш қып күн көрерміз. Нақақтан ердің қаны төгіліп еді, ата жолы биге тоқтап шешіліп еді?!».Қарттың мына сөзі қыршып, тілмаш тіке бата сұрады.Бет сипасымен бейқам Есенжолға: «Жүр,бірге барасын» деді.Алпамса жігіт ана қыздарды көруге құмартқанымен, жолшыбай: «Ағатай,маған орынсыз. Кірмей- ақ қояйыншы?Өсжерде сізді күтейінші?» деген. «Жүр.Мен жалғызбын, жабылып сабаса қайтемін?-деді тілмаш ойнап айтып.-Сөз үйренесің».Жігіт қынжыла ереді. Әудемжерде өмілдірік тағып, құйысқан, тебінгілерін алтынмен булаған қызылкүреңдегі Бұланбай байдың баласы Ханжігіт ұшырай: «Ағатай, Есенжол қанша салым салмақшы?» деді жмиып. Баланың салтанатына сүйсінген-әр қазақтың баласының жақсы болмағына құмбыл тілмаш, Ханжігіт барса ерте кетейін деп ойлады.Нұрсай саңғылдың бүкіл төрт қақпа Түркістан сыйлайтын кеңқолтық байының баласын бетінен кім қағады?! Дауда жас адам тез өседі. «Ханжігіт?Сөз тыңдауға қалайсың?». «Ыбәрәт аларлық жер болса?». «Онда бізбен жүре ғой».***«Әбу,маңызды сөз айтшы? Бұларды қой?!».«Қазақ жылонекіай мал соңында.Көктем, күзде ғана ел- жұртты көріп шер тарқатады.Той,көкпар, әңгіме құмарлығы содан.Айтсын».«Сақып төре ауылға келіп, қатар- құрбысына сұлу келіншектен сөз әпер дейді.-Молдасоқынған жуан мұрт кісі шөкелеп отыруға көшіп, мұртынан күлді.- Ауылдың қушыкештері қоймай, пұшық, маңқа, жесір әйелді жасап киіндіріп, төре не қылса да үндеме дейді. Төреге сөзін берді, ай туысымен сонау талдың түбіне жет дейді. Түнде ынтазарына жолығып, қарсыласпағасын бәрі боп, атына мінейін дегенде әйел өштіп – өштіп кеп тұйыңыз дейді ғой. Біздің ауылға сол төре өле – өлгенше қайтып соқпай кетті».«Өй,пәтшағар-ай?!».«Әбу?Бұлардың қылжақ сөзі таусылмайды, тойхананың әңгімесінен айтшы?». «Бәйгеге қосылмақшы аттың саны төрт жүзден асты. Салт бойынша мейманды байдың ағайын- туысы, құда- жегжаты күтеді,жем- шөбі тағы мойнында. Төмендегі- ана жылы тартылған шойынжолға жақын- Отырабаттың Қосетек деген жеріне төбе үйдірген.Билер әуелі сөжерде бас қосып күтіледі, сөжерден ат жіберіледі. Билердің басында жиырма бес дәйекші-сарапшысы бар саңғылдың Ыса болысы. Мақұлбек бай қоңыр- тазшадағы құдасын қарсы алам деп атын алтындатып, күмістетіп,бар жақсысын киіп, бәйгекеріне мінгенде, жалғыз шықпа көз тиеді деп ағасы қарсы болған.Сүйтсе, мінгізген жас сәбиге көз тиіп,кешке құлап, арпалысып жатыр дейді». «Әттеген- ай,ә?Құдай сақтасын?!». «Бегалы бидің Ұлы Жүздегі құдасы Досыбай би тай- тұяқ жамбы әкеліпті дейді». «Мақұлбектің құдалары да зор, анау ананы әкелді, мынау мынаны әкелді деп хатқа түсіріп жатқан болар?!». «Иә,Ұлы Жүздегі Ханқожа құдасы кешігіңкіреп келе жатқасын алдынан шықса, жиырма бес қара,жиырма бес қалы кілем,не керек тоғыз- тоғыздан елу түйеге артқан шашуы бар екен.Аза-бәйге шаптырамын,жеке отырамын депті». «Туу?!Азамат екен!». «Мақұлбек- төрт ағайынды ғой, інісінің құдасы- қаңлы Аманбай шәрдің іргесіндегі Текеде отыратын кедей,дихан ел.Шашуы мандымасын білгесін, астыртын әйелін жіберіп байдың өзінен алдырып, ертеңі ей,Ыса болыс,біз дихан елміз,қарамыз жоқ, ақша берейін деп бес жүз сомды лақтырып тастағанда жұрттың көзі тостағандай болып, қисая- қисая кетісті». «Ой,пәлі?!».***Жұманәлі тілмаштың есітуінше қоңырат екі атадан: Орынби, Мелдебиден тарайды.Жайлаған жері Шәмілдір- яғни Қараспанның базары,Сырдарияның бойы.Қиссада кездеседі.Екеуінен жиырма сегіз бала өрбіген; Емен,Семен деген құлымен отыз.Аламат кезінде үркіп,әлденеше баласы өліп,Орынби Баулы- Бадахшанға ауады.Одан байбөрі ұрпағы- Алпамыс батыр тарайды,олар түркмен жерінде.Тәжікте өзін қоңырат санайтын лақай деген ру бар,тілі соларға бейімделіп кеткен.Қаратау бауырайында қалған Мелдебиден Көктіңұлы,Құдайберді (Көтенші) туады.Көктіңұлы сегіз ата,Құдайбердіден (Көтеншіден) Бес Ата,Жаманбай.Мелдебидің Құдайбердісінен туған Бес Атаның ішіндегі жетімдер руы бұлақ басына орнығып,бау- бақшаға қызыққан отырықшы ел.Содан болар Қоқан ханына жағып,датқа көп шыққан: Құсатадағы есалы атасынан Қоныс датқа,шоқтастық қарасынан Байұзақ датқа,Қаратаудың теріскейіне көшкен байдалы атасынан Үсенбай датқа.Алайда есік алды алақандай жердегі мәуе- шәуеден жарып баю қайда,мал баққан рулардан кедейлеу.Дегенмен: «Мініп келді атқа,Болып келді датқа,Не десе де істеңдер,Сыбысын шығарма жатқа…»деп Молда Мұса шайыры айтқандай билік жағынан напақа айыратын ірі ру….«Есалы жетімдерлер» тілмаш дем баспай жетіп келеді деп ойламай үдірейсе, төрдегі пұшпақ ішік жамылған Баймұрат болыстың қасынан шәрдегі көпес, оқыған аты бар (Орынбор гимназиясын жырмалап тауысқан), бұдан екі жас үлкен,қырықтағы жиендері Қали мырзаны көріп тілмаш ошарылды. Жымық құлақ,ұзынтұра мырза салған беттен: «Кел,кел, быжық- тыжық маңғытай- саңғыл?» деп кекесінмен күліп, мұқатқан құрлы жағалата қарай, «Ыһ!» деп болыстың шоқша сақалы селк еткен.Мырза мүлт кеткен- тілмаштың інісінің әйелі жетімдердің қызы: «Быжық –тыжық болсақ та қыздарыңның үстінде жатырмыз» десе аузына құм құйылатын еді; тілмаш сыр шашпады.Осы мезет болыстың қара бөрікті туысы: «Маңғытай- саңғылдан айдың жарығы жақсы, әйтпесе есті кісі өнбейтін іске араласа ма?!Көкпарда жүре алмайтын, қыз беріп,қызын алмайтын,ауып келген кірме,кедей- кепшік- алшын- жағалбайлының шоқпарын соғып,ұшпаққа шығамысың? Көрерміз молда к….ді деген сөзді есітіп пең?» деп бастырмалатып бақты.Қали: «Мына байдың төбетіндей салақтап, ерткенің кім? Әкет, әрмен!Кім көрінгенді…?! Кісі тектіден, бай баласынан шығады. Палуан,шабандоз дегенің- есерсоқ та» дегенде Есенжол қып- қызыл болып, ата жөнеген. Тілмаш манағыда жігітті тыңдамағанына өкінді.Ауыр сөзге мойымай, үйдегі саябырси: «Жақсылар, -деді жүзінен жайдарылық есіп.-Кімнің кімнен артық- кемдігін Алла біледі. Жетімдер билік ұстаса, бес ата саңғыл- бай, момын ел екенбіз. Қазақты сақтаған отбасылық,рулық ынтымағы; алайда ешқайсымыздың маңдайымызға руымыз жазылмапты. Адамды жақсы, жаманға, ұлтқа бөлемін. Әрнеде татулық жақсы». Қали:«Сен- орысша оқып, шалақазақтанған адамсың. Сырлы күмбез,ішінде дәнегі жоқ жалғыз атты кедейсің.Бетіңмен шоқырақтатқаның жөн еді.Демігіп қаласың,шіренбе?!» деп майын сөзге иілмеді.«Мырза,байлықпен шешілмейтін іс болады?!». «Болмайды.Әрнені ақша бұзар киліккенде.Бай мен кедейді теңестірме?! Адам- пенде,нәпсісін жеңе алмайды. Жөнге кел. Оданда торыңды көкпарға сап, орысшаңды пұлдап күніңді көр?!». Әдепсіз сөзге жоқ,іліп-шалып, тұқыртып бағатын мінезге қанық тілмаш әдеттегіше сабырға жеңдіріп: «Болысеке?-деді.-Әр сөздің айтылатын орны, арқалайтын жүгі болады. Түнеукүні бұл іс заңға, шариғат, ата- баба жолына бірдей қайшы дедім. Бұны ас дейді,аста бәтуемен тарқассақ- сауаптың үлкені?!». «Сен өзің тілмаш намаз оқимысың?» деді манағы қара бөрікті додырайып. «Құдайға шексіз сенемін». «Не пайда амалын істемегесін?!». «Әділдік үшін күрессем, мүсәпірге жақтассам, ғайбат сөйлемесем,елімнің- жерімнің қамын ойласам,елдестірер сөз айтсам- мұсылмандық сол.Қазақ арапқа бағынбай тұрып өмір сүрген,салт- дәстүрі, өнегесі ұшан- теңіз халық». «Оқу өтіп кеткеннен болар құйысқанға қыстырылған б… абыройсыз іске кіруің…Аз оқысақ та әр істің орайын келтіреміз!» деді Қали тақымдай.Сол мезет манадан тықыршып,көзінен от жалтылдап, тілмашқа жалтақтаған Ханжігіт: «Дат,жақсылар?- деді саңқылдай.- Қоңыраттағы екі ата жетімдердің түбі Сауранның маңы,Қарнақтың төменгі жағы,өзеннің қабағы -қырық қақпалы Қарашықтың ханы Әбілқайыр екен.Оның Сұқсырханым деген жалғыз қызы болыпты.Оны ержүрек Ақтам төреге беріпті.Уәзірлері қызғанып,төрені өлтіріп жібереді. Сұқсырханым екіқабат екен,оның қоңыраттағы Орынби деген досы баланы аман алып қалмақ үшін түрікменге алып қашады.Ол кездегі рәсім бойынша аяғы ауыр әйелге үйленбейді.Барғасын Сұқсырханым ұл туып,атын Сүйеніш қояды.Кейін Сүйеніштің балдары қоңыраттың қолында ержетіп,жеке ауыл болып отырғасын «жетім балдардың ауылы» атанып,кейін жетімдер руына айналып кетіпті.Жетімдердің қоңыратқа қосылатын себебі қоңыраттың қолында тәрбиеленіп өсуінен. Жақсылар,сонда кім кірме болғаны? Бағанадан жерден алып жерге саласыз, бәдікайкөш сөздің не керегі бар?». Баймұрат болыс: «Тоқтат, мұрынбоқ!» деп қамшымен көрпешені сарт еткізді. «Ендеше руға тиіспеңіз? Мен мұрынбоқ емеспін!» деп қасқиған баланы тілмаш қолынан ұстай алды; тойтарма уәж мұның тәрбиесіне ұйқаспаса да аузы батырлықтың орны кейде мірдің оғы қарайлас. «Сен, мұрынбоқ?Ақсай саңғылыңның дені теріскейге көшуінің себебін білемісің?Білмесең біліп ал,- деді Қали мырза мысқылдай езу тартып.-Бір мықтың ілгері Шоқтастың суын әрмен қарай бұрып, Шошқакөлге құятын етіп жібереді.Әзіреті Сұлтанның- Түркістанның қожа- молда,сарттары егініміз қурап барады деп қанша жалынып сұраса көнбейді.Ел айтады,сол уақ жұт болып па,ақсайыңның күллі малы қырылып қалып, әлдеқайсы бізді қожа- молданың қарғысы ұрды депті,олар содан көшкен!Әне!».-Мен мұрынбоқ емеспін!- деді Ханжігіт.- Шөміштің басындай тутыңдайсыз,сіз басы-қасында болып, түйеге жүгін артысып па едіңіз?Уытты уәжге тілмаштың іші бұлкілдеп қоя беріп, лажсыздан мырс еткен.-Мырзасынып кілең ақ делбегей киетін,былғанады деп жиында к… жер иіскемейтін есалының қалай күлкі болған жерін сіз білесіз бе? –Ханжігіт-дағы мүдірмей жүзі заматта шуақ бүрікті.-Күнгейлік қоңыраттың жиырма- отыз қасқыр- жайсаңы теріскейге – ханкелді қоңыршұнақтың бәйгесіне бара жатады.Уақыт күз екен.Жонда адасып,қонуға тура келеді.Таудың түнгі суығынан есалылар «жидек қағып» бір, тоқымын жамылып жатып екінші мәрте- күлкі болады.Азанда қараса, ақ делбегейлері сатпақ- сатпақ. Қасындағы тағы ірейді.Оған ұлан- асыр тойда ел жұртқа көрінуден ұялып,елге қайтқанын қосыңыз. Біздің Бұланбаймен,Оспан баймен, Құланбаймен,Мақұлбекпен теңесерлік жетімдерде байың қайсы?!Тілмаш әңгіменің ушығарынан қаймығып:-Ханжігіт шырағым,мені далада күте тұршы? -деп ол шығысымен сөзін жалғады.- «Сыпайыны зықтама, палуанды иықтама». Жақсылар? Біреулердің бақталастықта шығарған кемсітпе сөзіне несіне тулайсыз?Бала естігенін айтады.Сіз бен біз қоңыратпыз,Құдайбердінің балаларынан туған,құшағымыз ажырамаған ағайынбыз. Оның тамыры ықылым заманда,беріде Шыңғысхан тарапынан әйгілі. Күмәнді сөзге жоқ адаммын.- Тілмаш есалының райдан қайтпасын сезіп, орнынан түрегелді. -Сіздерге ояздан сөз келсе қайтесіз?Үй іші заматта бүрісіп қалған, Қали: «Бұған ояздың қатысы қанша?!» дегенмен, дауысы үрей бүрікті.Болыс қана «Сен- екі бұзық, бар,далада салғылас!» деді. «Жақсылар, ойлан?Әрнеде бәтуе жақсы?!» деп тілмаш таба нанан үзіп-дәм ауыз тиіп, «аумиынмен», шығып кетті.Болыс сазарып: «Шәрдегі диюға адам жібер!Майдандассын екеуі, аржағын көрерміз?!- деді.-Бір қой өңгеріп ала кетіңдер».(Жалғасы бар)• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362
Құрымбайдың Тәкей датқаға жауабы
Құрымбай заманында Арқада атақты Тәкей датқа деген болыпты. Ол Қоқан ханының ең сенімді өкілі екен. Ол Қоқан билеген жердегі датқаларды аралап жүріп, баға береді екен. Оның ақ дегенідегені алғыс, қара дегені қарғыс көрінеді. Кейбір датқаларды сынап, Қоқан ханына айтып, ауыстыратын да құқы бар екен.Сол Тәкей датқа датқаларды сынаймын деп, Қаратау өлкесіне келеді. Тәкей датқа келе жатыр деген соң бүкіл Қаратау аймағындағы датқалар қазіргі Келіншектаудың баурайындағы Арна өзені бойына үй тігіп, арнайы күтіп алады. Арнайы тігілген ақ боз үйге кіргізіп күтеді. Қаратау өлкесі күнгей-теріскейі 18 болыс ел екен. Тәкейге кіруге ешкім бата алмайды. «Сен бар — сен бардың» әрекетіне түседі. Содан Құрымбай атамыз шығып, «Мен барайын» дейді. Құрымбай датқа сәлем беріп кіріп келеді. Тәкей датқа Құрымбайды менсініңкіремей, жамбастап жатып селқос амандасады. Сәлемдесіп болған соң Тәкей датқа Қүрымбайды датқа екен деп менсінбей:- Бүл елдің датқалары қайда? -дейді Тәкей, Құрымбайды датқа деп ойламаса керек. Құрымбай датқа:.- Бұл елдің кісілері Түркістанға үлкен бір жиынға кетіп еді, – дейді де қояды. Олар Құрымбайға кеуіл аудармай, өздерінше әңгімені қыздыра береді. Арқадағы сары қымызды, балғын қозыны айтып, бүл елдің сыйына риза еместігін білдіреді. Дастархандағы өрік-мейізді, тәтті-тұттыны менсінбей, ірімшік, құрт, сары майды әңгімелейді. Сойылған асыр емген тайды, дастархандағы май тарыны, исі бұрқыраған үнді шайын елемегеніне Құрымбай датқа да намыстанып:- Тақсыр! Арқаның сары қымызы мен қолаңса сасыған қозысын әңгімелей бердіңіз-ау. Біздің елде ондай асты қойшы қолаң ішеді. Біздің елдің кісілері қып-қызыл пілсіз шай ішіп, қысыр емген тайдың қазы-қартасына тойып ап, құрт қатқан сорпаны ішіп алып, қып-қызыл нарттай болып шіренгенде бесті аттың белін үзіп жібере жаздайды, дейді.Шетінен өңкей бесті ат көтере алмайтын нән келеді. Алдыңызда тұрған май тарыдан бір пияласын жеп алсаңыз азанда шарығыңызды шаңырақтан көресіз, – депті. Тәкей датқаның өзі де, қасындағы еріп жүргендері де өңкей арық, бетіне пышақ жанығандай екен. Сонда Тәкей Құрымбайдың сөз саптауына қайран қалып:- Сен кім едің өзі? — депті. Құрымбай:- Біздің елдің кісілері жолаушылап кетіп еді, енді бір жетіден кейін келеді. Мен әшейін солардың ат байлаушысымын, — депті. Сонда Тәкей датқа түнде ойланып «Қаратау датқалары шетінен сөзге шешен келеді деуші еді. Мына ат байлаушысымын деп отырғанының сөзі мынау. Қой, олар келгенде сөзден ұтылып масқара болармын» деп, ерте аттанып кеткен екен.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362
Құрымбай датқа
Құрымбай датқа Самай батыр ұрпағынан тарайды. 1781 жылы туылып, 1844 жылы қан қысымынан қайтыс болған. Құрымбай жасынан еті тірі, өте өткір, сөзді тауып сөйлейтін, шешен адам екен. Өзі өте реңді, сұлу кісі болса керек. Көрсе көз тоятын жігіт екен. Қоқан билеп түрған заманда елге қоқан бектері келіп, Ақтастыбүлақтың басына үй ТігіП күтеді. Ол кезде елдің билігі Есен биде болса керек. Есен би атамызды Қоқан бектері шақыртады. Сонда Есен атамыз:- Мен барып олармен сөзге келіп қарқ қылмаспын. Оның үстіне атқа да отыра алмаймын ғой. Оданда сөз сөйлер өзіміздің бір баланы жіберейік. Мына жағы төменгі Ақтөбе- Күмістідегі Нұрсай балаларына, мына жағы Жарты төбедегі Есенкелді (Қошқар), Тілес балаларына, Күнгей жақтағы Тиес балаларына тегіс хабар беріңдер, еті тірі жігіттерін алып, ақсақалдарымен маған келсін. Барлығын көріп, жобасы келетін болса, менің сұрақтарыма жауап таба білсе, билікті, батамды беріп, мына белгіні беремін, – деп, Қоқан хандығы берген үкілі жебені көрсетеді. Ол кезде Қоқан хандығы “Әрбір елдің ірі датқаларына «Үкілі жебе» беретін дәстүрі бар екен; Ол белгі «датқалардың датқасы» – деген белгі болса керек; Жан-жаққа шапқылап, шабармандар кетеді. Күнгей – Теріскейдегі бүкіл Саңғыл руларынан ақсақалдары мен сөз сөйлер жігіттері келіп жетеді. Өрісті атаның төріндегі үлкен сазға ақ орда тігіп, Есен би барлық келгендерді қабылдайды. Ас желініп, қымыз ішіліп болған соң үлкен жиын басталады. Сол жиында жан жақтан келген жас жігіттерді, еті тірі сөз сөйлері бар жігіт ағаларын үйдің бір жағына жағына отырғызып қойып, әңгімені бастайды. Өзінің жасының келгенін, еңді атқа отырып, билік айта алмайтынын айтып, сөз сөйлері бар, еті тірі, намысты қолдан бермейтін Саңғыл ата балаларының біріне билікті өз қолымен беріп, бата бергісі келетінін айтады. Отырған ақсақал-қарасақал дүйім жүрт риза болып, бұның жөн екенін айтысады.Есен атамыз сол жиналғандарға көп сұрақ қояды. Сонда көпшілігі жөнді жауап бере алмағанда орнынан қайта-қайта тұрып, Құрымбай жауап бере берген екен. Сонда Есен атамыз риза болып, отырған дүйім елдің алдында Құрымбайға бата берген екен. Құрымбайдың да ол кезде 22-23-тердегі жалындап тұрған жас кезі. Көрсе көз тоятын сымбатына, түр-тұлғасына, сөз саптауына отырған ел де риза болады.Кейін Есен атамыз айтты деген сөз бар:- «Құрымбайдың екі иығында екі арыстан аузынан жалын атып тұрды» – деп. Бірақ оны басқа адамдар көрмеген. Есен би атамыз да тегін адам емес қой. Бір ауыз сөзі киелі, көріпкелі, алдын-ала болжайтыны да бар екен.Есен би атамыз Қоқан хандығы берген «Үкілі жебені» Құрымбайға беріп тұрып:- Қазір сен барғанда мынандай сұрақтар қояды, сен оларға былай жауап бересің деп әбден дайындайды.Құрымбай сол жолы Қоқан хандығы берген «Үкілі жебесін» алып, Қоқан бектеріне Есен би датқаның ауырып жатқанын, атқа отыруға шамасының келмейтінін айтып, «мына жебесін маған бата беріп жіберді» деп, үкілі жебені көрсетеді. Қоқан бектері Есен би атамыз айтқандай кеп сұрақ қояды. Есен атамыз айтқандай сүрақтарына жауап береді. Құрымбайдың кісі күтуіне, кісіге қарап жауап беруіне риза болған Қоқан бектері Есен би атамызға келіп, сәлем беріп, ризашылығын алып, сол жолы Құрымбайды жігіттерімен ерте кетіп, Есен би датқа атамыздың орнына датқа етіп сайлайды.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362• https://sangyl.site/226-2/
Саңғыл руының шежіресі туралы
Құрметті ағайындар! Саңғыл руының алғашқы шежіресі Балабиев Рахым ағаның авторлығымен 1999 жылы «Саңғылдар» атты кітап болып жарық көрді. Бұл әрине алғашқы қадам, алғашқы игі іс еді.Бірак, бұл шежіреге енбей қалған жекелеген ағайындардың да, тіпті тұтас әулеттердің де болғаны кейінгі жылдарғы бас қосуларда айтылып жүрді. Сол себепті және алғашқы басылымнан кейін біршама уақыттың өтуіне байланысты шежірені жаңғыртып қайта шығаруды 2012 жылы Рахманберді Жаппарқұловқа үлкен сеніммен тапсырылғаны бәрімізге белгілі. Арада 5-6 жылдар өте келе шежіренің шығу мерзімінің тым кешеуілдеуіне байланысты Рахаңның атына сын-ескертпелер де айтылып жүрді. Тіпті осы арада Саңғылдың кейбір аталары (Ағысайдың Тұрсынбай атасы мен Нұрсай ата ұрпақтары, т.б) өз шежірелерін құрастырып шығарып та үлгерді. Бұл, әрине жақсы болғанымен, бір жағынан бәрімізге сын еді. Р.Жаппарқұловтың жинақтаған шежіресінің алғашқы нұсқасы 2021 жылдың қаңтар айында ағайындар арасында таныстыруға таратылғаны, тексеру нәтижесімен ол кері қайтарылғаны бәріңізге білгілі.Шежіреге байланысты мен өз пікірімді интернеттегі Саңғыл би ұрпақтары сайты арқылы хабарлап, бауырымыз, астаналық Оспанов Жалғастың Саңғыл би ұрпақтарының шежіресін жинақтауды қолға алып,«Саңғыл руының онлайын шежіре» деген жүктемемен жұмыс жүргізіп жатқанын, бұл бастама ағайындар арасында кең қолдау табарын, себебі ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып Саңғыл би ұрпақтарының шежіресін әр әулет бойынша толық, анық, айқын әрі жылдам жинақтаудың бірден бір жолы – ол тек электрондық форматқа түсіру екенін, сонда ғана шежірені құрастыру әрбір отбасына қол жетімді болатындығын, шежірені электрондык форматта жинактау идеясының маңыздылығына жете көңіл бөліп, онлайын шежірені таратып, ағайындардың мәліметтерін енгізуге атсалысуға шақырғанмын. Нәтижесі өте жақсы десек, артық болмас. Әрине, ол Жалғас бауырымыздың, кала берді оны қолдап қол ұшын беріп жүрген ағайындардың еңбегі. Аз уақыттың ішінде көпшілік ағайындар «онлайын» шежіреге енгізіліп, оны өздері қайта тексерулерден өткеріп, шежіреге енгендігіне көздері жете білді.Бірақ, ағайындардың көкейінде жүрген бір нәрсе: ол Саңғылдың шежіресін екі жақта екі бауырларымыздың бөлек жинақтап жатқаны, осыған байланысты олардың бірігуін қалайтындықтарында. Естеріңізде болар, сәуір айының басында Саңғыл би қауымдастығының төрағасының, Рахман аға және Шымкенттегі өңірлік төрағаның қатысуымен Рахман аға мен Жалғас бауырымыздың жинақтап жатқан шежірелерін бірлесіп құрастыру келісілгені, ол туралы қуанышты хабар интернет арқылы жариаланғанын бәріміз есітіп, өте дұрыс шешім болғанына қолдау білдірген жағдайымыз болды. Бірақ, арада шамалы күндер өткенде Рахман аға пікірін өзгертіп, шежірені өзі жинақтауды шешкен сияқты.Бұл әрине, құптарлық жағдай емес, ағайындардың , ұрпақтардың бірлігіне де сын түсіретін жағдай. Қазіргі таңда «онлайын шежіресі» арқылы барлық ағайындар өз тарихтарын түгендеп ақпарат алмасып электрондық базада жинақталу кезені өз мәресіне жақындап келеді. Олар онлайн шежіредегі түпкі ата-бабаларымыздың, кейінгі буындардың дұрыс қамтылғанына көзі жетіп отыр.Жалғас Оспанов бауырымыздың шежірені бір жерге жинақтап, электрондық форматқа түсіруының артықшылығын мен жоғарыда айтып өттім. Оның басымдылығы: барлығымызға бірдей ашықтығында, қол жетімділігінде, қажет болса түзетулер мен толықтырудар енгізуге болатындығында, сонымен бірге қажетті шежірелік операцияларды орындаудың жылдамдығында. Яғни , қысқа мерзімде әркім өз аталары мен әулеттері жөнінде мәліметтер алып, кате болған жағдайда қысқа мерзімде түзете алатындығында және оның орындалуының шапшаңдығында.Руымыздың шежіресі әр адамның, әулеттің, атаның шежірелерінен құралғанымен ол жеке адамның мүддесінен жоғары тұруы керек. Бір адамның бүкіл ағайындардың аталарын түгел білуі де , шежірені толықканды, қатесіз жазып шығуы да мүмкін емес. Шежірені бүкіл рудың, ағайынның еңбегі деп түсінуіміз керек және басып шығарылатын шежіре ағайындармен мұқият тексерілуі тиіс.Сондықтан осы шежірені келер ұрпаққа ашық әрі мөлдір күйінде жеткізу үшін мұқият дайындағанымыз жөн. Ол үшін әрбір әулет немесе отбасы өз аталарын, ұрпақтарын тағы да тексеріп толықтырулары керек. Осы толықтырулар, тексерулер толық аяқталған соң, басып шығарылатын шежіренің қандай форматта шығарылатынын, оның ішіне басқа қандай мәліметтер енгізілетінін ақылдастар алқасымен келісіп шешкеніміз жөн.Осы туралы пікірлеріңізді төменге ашық жазуларыңызды, тасада қалып қоймауларыңызды сұраймын.«Саңғыл би» қауымдастығының Құрметті төрағасыБектас Шірікбаев.
ЫСҚАҚТЫҢ САРАҢ БАЙДЫ СЫНАУЫ
Құлыншақ ақынның ұлы Ысқақ пен Жеңсікбай дейтін кісі Арқадан Қаратауға қайтар жолда Мойынқұмдағы бір ауылға қонбақшы болады. Ерте көктемнің кезі. Маңайды қою тұман тұмшалайды. Аттары да шаршап, жүрісін баяулата бастайды. Діттеген ауылдары қоныс аударып кетіпті. Шаршап-шалдығып жүріп басқа бір ауылдың үстінен түседі. Бірақ үй иесі бай сараңдық жасап, бұларға жылы қабақ көрсетпейді. Бұлардың келгенін көрген ауыл жастары осы үйге тартады. Келе «Сіздер қонақкәде өлең айтасыздар», – дейді. Бұдан олар ат-тонын ала қашады. Әлгілер одан сайын қоймай: «Онда ұзын арқан әкеліп, сіздерді түтінге бұлап, тұншықтырып, қызықтарыңызды көреміз», – деп, жігіттер мен қыз-келіншектер тұс-тұстан бас салады. Сонда Ысқақ: «Жігіттер, тұра тұрыңдар, мен бір базына айтайын», – деп тоқтатып алады да:Баласы Құлыншақтың атым Ысқақ,Тауды жайлап жүреміз құмда қыстап.Арқадан арып-ашқан жолаушымыз,Жеңсікбай жолымызды келді бастап.Байеке, басты көтер, болса сана,Бәйгеде жүйрік озар, шығып дара.Қазақта қонақжайлық салтымыз барБайеке алды-артыңды ойлап қара.Шық бермес Шығайбай да өткен бұрын,Естіген де шығарсыз оның жырын.Аңыз боп халық аузында қалды аты,Түк бермес сараң еді деген оның, –дей бергенде, манадан теріс қарап отырған бай жігіттеріне: «Бұларды жай жолаушы ма десем, түбінде тегін кісілер емес екен. Мал сойыңдар, құрметтеп, қонақасы беріңдер!» – дейді.Ертеңіне бай: «Мұны ешкімге айта көрмеңдер», – деп Ысқақ пен Жеңсікбайға ат мінгізіп, шапан жауыпты.ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ Шығармаларынан үзінді, Орынбек Жолдыбай (жалғасы бар)• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362
МЫҢЖЫЛҚЫНЫҢ ҮСТІНДЕГІ ТҮН
Есқара ТОҚТАСЫНҰЛЫ, жазушы (Әңгіме)
Шошақ төбенің басында түз құсынша ұзақ күнге селт етпей біреу отыратын болды.Отыздағы бейтаныстың етекті мұрыны, желкесінен тоғандаулы қалың шашы, күтімді сақал-мұрты, тоқ қабағы жалт қараса, біршама айбарлы. Қой көздері ғана қартайған жүйріктің көзіндей мейірімді, мұңлы.Бақташының үйі беріп жіберген местегі айранды құшырлана сіміріп, шибұт қара балаға көз қысуын мұның мына салтанатына ересек адам олқы көруі кәдік.Суретші Әзездің есіл-дерті тауларда. Күнде тосын бояу аршылады: асқарлар пәспен, шымқай қара, көк, көгілжім түстер қызғыш, сұрғылт, жасыл түспен өршиді. Таулар – арудың басына тартқан көкшіл орамалы да, иегінің астынан арқыраған Үлкен Қарақұстың өзендері қос бұрымы ыспатты («келші» деп үзілген қос білегіне ұқсауы ықтимал). Ал ана сұр жазықтағы Қойбағардың қоңыр сазы, ылдидағы Сызған ауылы сол перизаттың ақ бұғақтағы меңі тәрізді.Таудан сусыған құмдай жалпақ жазық, көз ұшында мұнарға жеңіліп аспанға сіңеді де, етектегі шоқат-шоқылар биіктей-биіктей жота құрады. Өзен жағалай шеңгел тығыз, тау баурайын қоңыртөбел тобылғы өрнектейді.Әйткенмен суретшінің көкейін тесетін жер бедерінен гөрі басқа нәрсе… Ол екі шекесін қысқан мезгіл Шерен саздан бақташы Мақанның күпілдек даусы естілді.– Қызталақтың іші пыспайтыны?! Қандай ой екен жеп баратқан?! Тұп-тура Меккені көретіндей төрт күннен бері төбеден түссейші?! – Бақташының қолында дүрбі.– Әй, оның не сөз? – Киіз үйден тысқары, ошақ басынан әйелі аңырайып қарады.– Ілгері, төңкерістен бұрын Меккеге кеткен Құлыншақтың сүгіретін салмақшы.– Ол кім еді?– Мына жартытөбелік, саңғыл. Әкем айтушы еді одан жүйрік шайыр өтпеген деп.– Қайтіп салмақшы?– Көрмеген адамды салу машақат. Тағы бір тоқтымды сояйын, жүдетіп алармыз пәтшағарды. – Мақан денесі селкілдеп күлді.– Жәйрақ! – Әйелі бетін шымышды. – Мейманың естіп қояды.– Естісе, не ғылады?! Ол – інім, жыным келсе, сабап аламын.Ақ қалат киген қызы сиыр сауып жүр. Бақташының үйі сауған сүттен сепаратқа салып, сапқозға май өткізеді… Қыз тұлғасы, көз кідірткен Әзездің бойын күннің шуағындай жылытты. Жаһанның сиқыры сол қыздың даусында. Жел өтіне абайсызда өсіп қалған талша майысқақ, қауырсындай елбірек дауыс үнемі күтпеген жерден естіледі. Іргеден бе, шаңырақтан ба, өзен сылдырымен шатастырдым ба деп абдырайды.Қатар тігілген үйден кенет транзистор сөйлеп, Ротарудың кербез даусы естілсе, сол маңда Теңгештің жүргені, ол да Теңгештің бұрауынан.Шай құйып отырысы ше? Көздің құрты: кеседегі ыстық шайды қалай тез ішіп қойғанын аңғармай, үй иесінің сауалын естімей «а» деп тосылып қалады. Солқылдақ белі, иілген (әсілі бұл сөздің Теңгешті суреттегенде орны көп) мойны, ибамен ғана бір-біріне тиісіп жататын жұтынтар жұмыр тізесінде мүсін сұлулығына ештеңе теңемес суретші көзіне де ұстатпас сиқыр жасырынады. Көзін ашып-жұмып «былайша-ау», «жо, мынадай ғой» деп, қалам ұстағандай саусақтары жыбырлап, өнебойы елберек қағар еді.Үйде кісі барда Теңгеш кеңірек көйлек киеді. Қимыл үсті тиіп кеткен балғын дененің томпағы, үшкірі былқ етіп білініп қалады. Ол әсер – жүректің ойнақылығы осындайдан пайда болатынына иландырады.Сұлулық шүберекпен бе тәйірі?! Әзездің пайымынша, киімнің ең қымбаты, модалысы қазіргі адамды тек көпшілікпен теңгереді. Сұлулық көздің жанарынан, еріннің, мүсіннің сиқыр қимылынан, өзге ортамен жанасуынан дараланады.Шешілмес жұмбақ, ашылмас сандықтың сыры Теңгештің көзінде, келбетінде. Ол ешуақыт тіктеп қарамайды. «О, Сақара сұлуы?! Қадала тоқтап, жанарымыз бір мәрте ұшырасса?! Ықылас болжатса?! Бұл дерт ылғи іш құбылтады, тілек телміртеді. Бірақ Теңгештің көзі ойдан жүйрік, қазіргі мерген көбейген кездегі атқызбас арқарша сергек.Оңашада Әзез өзіне-өзі: «Еркем, отызды түсінермісің?! Жүрегім жем болған, көзімнен сырқатты пендемін. Көзім – аузын ашқан аждаһа, қарамағаның құп», – дейді.Теңгеш үйден ұзаса, не сыбдыры естілмесе, Әзез бағзы мақсатымен ойға шомады. Теңгеш (үй іргесіне су шашуға ма) қалай сәл-ақ мазалы дыбыспен көлеңдеп өтсе, иә үй сыпырмаққа кіріп келсе, бағанадан әзер қалаған ой дуалы жер қозғалғандай жермен жексен болады. Кейінше бәрін қайта пайымдап, тіртінектеп жинауға кірісер еді.Бір майдан, Әзез, Қаратаудың теріскейінен «Бұл қыз ойлантпады, ойымды бұзды» деп «қашқан күнде», Теңгеш бейнесі талай заман абыржытары күмәнсіз: байырғы сөзбен айтқанда жүректің арманда кеткен бір әні болып қалмақ. Талайдан мазалап, шешімін тапқызбай сарсаңға салған суретін салмаққа бейтаныс өңірге келген Әзезді, қазіргі елең жеңген көңілі алып-қашып, қылқаламнан жерітіп тұр.* * *Сақал-шашына шал қызығарлық бейтанысқа бақташы Мақаннан бұрын Сызған ауылы назар аударып еді. О шет, бұ шеті тас лақтырым мекеннен жөн сұрамаған кемде-кем. Жолынан бұрылып, ескі танысша әркімнің шүйіркелесе кетуі Әзезге де тосын қызық-ты. Қала адамы сырт көзге пір, әйтпесе жылы сөзге іші зар.– Шырағым! Күнгейдей емес, біздің елдің рәсімі жай сұрағыш…Қызығы: ертеңіне, кешегі жүз таныстарының ерін жыбырлатып қана өте шыққаны одан бетер ошарылтты.Әзез күнұзақ ауыл, төңірек кезеді. Футбол жаңалықтарын білуге газет те, жанашыр да ұшпайды. Ауылдың төрт бұрышынан әрбір қалт еткен қимылды, дыбысты бақты. Орылған пішен жолағын толқынға ұқсатты.Шынында, бұл бейқам жүрісі бұйығыңқы көңілді айықтырар құдірет сыйлаған раушан сәт, сая еді. Желге ұшқан газет қиындысындағы суреттер, оқта-текте самбырлай жөнейтін клуб репродукторы әлдеқайда таңғажайып оқиғалар, жанжалдар гуілдеп, машина құжынаған шаһарлар барын еске салады. Самарқаулықтан ада, бұл мамырайқан күндер өткінші, біраздан соң қалада алаң-елеңнен жұмысына асығып, «Қайраты» жайлы елмен пікір таластырып бара жататыны айқын. Ендеше бұл күндерде жүрегін тұтатып, әрқалай сөйлетіп, әрнеден ұшқын ұшырып бағуы ләзім…Әсілі, ауылды қанша шарла, үлкен жүректің дүрсілі таудан естіледі: маңыраған мал, жалғыз-жарым машина, баршасы сонау әруақты алыптан қаймыға дыбыстайтындай. Көк шалғынға шалқалаған Әзез: «Иә, сонымен ақынның… мұңлы ақынның көзі қандай еді?» деп күрсінді.Ақтамберді, Шалкиіз, Пушкин, Дулат, Абай, Блок, Сәкен, Ілияс, Төлеген, Мұқағали… көздері. Кітаптан-кітапқа ауысқан суреттер пәлендей сыр байқатпайды. Әзез, сол қаскөй минөт, өмірсерік жалғанның қас-қағымда өзін сатып кеткенін сезген ақынның келбетін, шырқыраған жанарын тап басып ұстауға тиіс.Шынтақтай бере суретшінің көзі тауға тірелген. Қаратаудың осы Теріскейі қылышпен шапқандай құлама, тік. Арғы жағынан долы теңіз жағаға ұрынып, аузынан ақ көбік бұрқырап төгілетіндей. Су зардабынан иығы ырым-жырым. Шатқал-шаттан еңкілдеген өзен – бұлақ сол теңіз дүбірі тәрізді. «Ақын – тау тұлғалы. Жанарынан теңіз гүрілі сезілмек». Бұл ойын Әзез қойын дәптеріне түсірді. Тереңдеуге ертерек, сарыла отырмады. Тек тауға қарай тартуға атығырылып тұра келді.«Қонақүй» атты барақта айра-жайра мүлкін жиыстырып жатып столға жаюлы газеттен «Төлеген Момбеков» деген жазуды көзі шалып, шартта тоқтады. Далаға атқып, сиыр айдаған келіншекке:– Қалқам! Күйшінің үйі қайсы? – деп айқай салды.– Оу шетте, Бөлеген қайнымыздың үйі. – Мосқал әйел екен….Әне, Әзез қара сыбағынан жаңбыр шайып сабаны мұрт тікірейткен шиферлі там, суға түскен тұмақтай көріксіз қора-қопсы, көне киіз үйдің алдында тұр. Күйшіні құда шақырған үй ертіп әкеткенін естіп: «жапандағы жалғыз бұлақты қасиеттемесе көзі бітелер-ау» деп қамықты. Күйшіге жолықпағанын аңдаған қонақ үйдің басшысы – тойхананың іші кемеш жез самаурыны ыспатты дөңгелек апай «пластинкасын әкеп берейін» деп елжіреді.Қаратаудың қос күйшісінің өміріне қадірдан жазушы Тәкен әңгімелерінен құлағдар Әзез, ішектің бастапқы ызыңын тағаты үзіле тосты. Шала-шарпы «Сылқылдақ», «Саржайлауды» ұйқастыратын суретші, шертпе күйді кейінгі уақ радиодан құлағы шалса, нілдей ұйып, аз тартылуына қанбай қалушы еді.Оны Сүгірдің «Шалқымасы», Төлегеннің «Қосбасары», «Мыңжылқысы» қанша қойса зеріктірмеді. Түбіне бойлатпады. «Әзез: «Мұңды ақынның қолына домбыра ұстатса ше?» деді.Пластинкадағы сиқыр үннің іліп-шалып, тапжылмай қытықтап, аңсар арбап ноқталауына көнсе де, оның иесінің ауылдың ана шетінен бейнесі елестей әуеннен адасып қала берді. Күй ортекедей орғығанда, не тамыр ұстап, не бозінгендей бүлкілдегенде сол адам бір аунап түскенге, далада тықыршып жүргенге, оқтын-оқтын күрсінгенге ұқсап мазасын алды.Әзездің «Шалқыманың» тәтті иірімін ыңылдай жатып көзі ілінген. Ол ертеңіне түске таман таныс үйге келіп, қаракөлеңке тамда теледидар тамашалаған үй-ішінің үстінен шықты. Шашын ұстарамен алдырған жалаңбас күйшінің суретшіні елең еткізген бас бітімі. Төбесі сопақша, құйқасы жұмсақ мұндай басты бір ғұламадан көріп еді. «Егер осы адам шынымен Төлеген күйші болса, ана шекедегі ұрыстың тыртығынан миы бүлк-бүлк соғады».Күйші шу дегенде қолына қу таяқ ұстағандай кібіртіктеді. Домбырашы, әдетте, шартақтап шыға ұйтқытып тарта алады. Ал Төлеген күйшіні, бірсыпыра дарындар құралпы суда қалқыған ағашша әуенге батпай – бір ана басы, бір мына басы қайқиып әбігер жеңді.– Інім, осының ішегін ауыстырайықшы? – даусы қоңыр да, ашық та емес, ашық аспандағы жұқалтаң ақ шарбы бұлттай үзік-үзік.Ішек ауыстырып, тиек аласартқан сүт пісірім мезгілде жай сөз маздап Әзездің арқасы жазылса, күйші қазықтағы додакеш аттай көкпар қиқуынан еті қызыпты. Әсер тұшынбақ, жуас ырғақтың меңзеуін болжамақ суретшіні, күй салған беттен адастырып әкетті.– Көке! Атын, туу жайын айта отырыңызшы?Келесі бел-белестерде Әзездің пікір түюге мұршасы келмеді. «Ана зарынан» аспап айта алмас қайғы-қасірет сұңқылдады. «Қосбасар», «Арман», «Салтанат», «Қаратау шертпесі». Бірде зарлы құйын ортасына түсіп басы айналса, бірде алабөтен дыбыстар қалампыр бүрікті. «Күй төресі «Қосбасардың» тіл жетпес шырайлы иірімінен «Айналайын, көке-ай» деп ұшып барып, құшақтай ала жаздады.Кетпеншіге лайық добалдай, икемсіздеу саусақтардың пәрмені өзегінде екен. Әне, Әзез, күйші екеуі масаты кілемде қалқып ұшады. Мың-сан бояулы ғарыш, жұлдыз атаулы тіршілік еміндей. Әзез әрқайсысына қылқаламын малып, кенепке сурет салмақшы.Кейінше миына сап еткен жай: тартушы домбыраның шанақ, ішек, перне, тиек, құлақтан құралатын аспап бола тұра қағысын аңғартпауы тиістігі. Күй желісінен көз жазып, домбыра тыңқылына ден қойған тұс күйдің шалыс басқаны, немесе тыңдаушының тайыздығынан.Туасы, саусағы шаққан күйші де, тағдырдай әрқилы небір ғажап күйлер де қазақта баршылық. Шертпе күй жеті қат аспан, алты қат жер астын сүңги тінтіп, шыңырауынан тот басқан, кісен шынжыры күңгірлеген шер, елтитін тәтті үндерді теріп шығарады. Шертпе күй – сиқыр дыбыстың толғағы қаттысы, келесі үнді таптырмас, жорамалың болдырар шырайлысы. Ол кейде көз ұшына кетпейді, жақын маңда «бақайшағы маймаңдап-ақ» сілеңді құртады. Қас сұлудай телміртеді, қарияның қиыр шалғайда жүрген жалғыз ұлына сағыныш, уайымын жырлап буын-буыныңды алады. Топырағыңа тете әуеннен әуен табады, ырғақ құбылтады. Ол өзін сынатпайды, тәнті еткізеді.«Иә, «Мұңлы ақынның» қасірет-наласын шертпе күй шертпек».Пушкин көзі Ресей болып көрінер, қазақ сақарасын Абай жанарынан оқыңыз. Бәлкім, өзі қызыл жалауын жалаулатқан өкіметтің, өзін шімірікпей атқанын көрген сәттегі Сәкеннің көзі болар? Әлде замана күйті толып, сан-сапалақ машина, техника, жат жұрттық түсінік иманды таптап, тынышшылық уақ жалғыздық кешкен Мұқағали көзі ме? Иә болмаса, елінің қанға боялған шағын төсек тартып жатып аңдаған Пабло Неруда көзі шығар?…Әзез ләм-мимсіз, күйшінің алдынан аяқ астынан түрегелді. Далада жан-жағына әсте бұрылмай қонақүйіне қарата жүгіре басты.Міне, Әзез мольбертінің қасында тұр. Қылқаламын бояуға малып кенепке дамылсыз сүйкейді. Жалғанда кезікпеген адам кескіндері көлбеңдейді, алуан түрлі зар бүріккен көз төнеді, құрамы тосын бояулар жапсырылады. Қаумалаған нұсқаның бәрі ұсталып, санасы шайдай ашыла, ол «Уһ» деп диванға жата кетті. Сонан соң суреттерден шұқшиған көздерден қашып, есікті кілттеп көшеге шықты. Әлі дүдәмал-тұғын. Айналшақтап, ішке қайта кіріп, әлігілердің бетін бүркеп теріс қаратты. Ақыр соңы жайма-жай ақ қағазын суырып, жұмсақ қаламмен сала бастады.* * *«Көк теңізде бір кеме жүзіп келеді. Қажылықтан қайтқан топ қазақтың ішінде Құлыншақ ақын бар». Мың тоғыз жүз он бірінші жылғы бұл оқиғаны, Ленинградтан елге демалысқа келген студент Әзез, жолаушы қарттан естіген еді.Суретші жанталаса еңбектенді: қаламы дирижердің таяғынша сенімді ым меңзейді. Мұндай алғыр сәт сирек.«Теңіз бетін тұман басады. Күн-түнін айырғысыз трюмнің іші. Кеменің шайқасына көндікпеген қауым құса-құса әбден обыққан». Бұл әңгімені Әзез талай жылдан егжей-тегжейлі ойлап, басы-қасында болғандай елестете алады. Жұбаныш сол ғана, әйтпесе «айтарын» мандытпай, қаншама уақыты, бояуы сарп етілді?!Толассыз көлбеңдеген идеялар мен сиықтарды кескіндеп суретші қағаздан-қағазға ұмсынды. Құлыншақ ақынның даусын, көкірегін дәл қазіргідей естімеген, ұғынбаған.«Меккеден қайтқан топқа тамақ тесіктен тасталады. Жарық көрсетпейді. Трюмде сыз бен ешуақыт дала қазағы сезбеген мүңкіген бір иіс өкпе қабады. «Нағып міне қалдық бұл кемеге? Жермен барғасын жермен қайтпағаны несі?».– Жамағат! – Құлыншақ кеуде жазды. – Шорнақбай, Қалбан! Көрістанға тірідей қамады, адамға санамады. Өлдік қой тұншығып. Тұрайықшы!Жиырма шақты қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен қозғалақтағанмен, тіс жармады.– Шорнақбай, Қалбан!– Жолдың тәшпіші – мақшардағы рақмат туы… Шыдайық, шыдайық.«Өстіп қорлықта өлген қажыны шындықтан бейхабар елі «Меккеде өлгендер жұмаққа барады» деп қастерледі-ау. Әлде… «Кемеде төрт күн жүзгенде бір түрікмен екеуіне беймәлім сырқат жабысқан сияқты».Әзез қаламын лақтырып, шұғыл темекі тұтатты да, олай-былай жүре бастады.* * *«Құлыншақ, Ащысайдан Торлан асуымен Теріскейдегі Жартытөбесіне тартар жолда, ұлдары Сатай, Әкбар, қызы Тотынайға «Өлеңнің басы мынау, аяғын тап» деп жарыстырар еді. Досы Майлықожамен бір тойдан бір тойға жалғасар жиырма жылға созылған айтысы қазір еңіреп қалған жесірдей… Жүйрік Сатайының тағдыры қамықтырады…Ақын жүрегі бір жамандықты сезіп аласұрды. Әлденуақ бөтен ой килігіп, қарадай иығы селкілдеп жаны дірдек қақты. Сөз құдіреті қонып, мыңды аузына қаратып, арттағыға кітап етіп қалдыра алмағанын айтсайшы?! Дарын мұраты өнерінің өлмеуі екен-ау….Кеменің қанша жүзгені беймәлім. Әйтеуір төбедегі тасыр-тұсыр елеңдетті.– Е, Алла тағала! Жүз жиырма төрт мың пайғамбар, жүз отыз үш мың сақаба! Қолдай гөр! Жеттік пе жағаға?!Шал-шанақ буынып-түйініп есікке кептелді. Сықасумен ет пісірім уақыт өте, тыста әлдекімдер қатты зекіріп темір есіктің кілтін бұрады. Ең соңында ілбіген Құлыншақ-тын. Бетіне тесірейген солдат:– Холера! Холера! – деп «шарр» етті.Құлыншақтың реңі бұзылып серіктерінің соңынан елпеңдеп бақты. Енді жұрт мұнан үрписін!– Холера! Холера! – Құзғын дауыс әлі байбаламдайды.– Әй, Шорнақбай, Қалбан! Тоқтасаңдаршы!Құлыншақ таяғын аттатып, шекпен етегі жалпылдайды. Арманы – қалайда жағаға ілігіп құлау. Арқасынан тіс ақситқан бір бәле қуып келеді. Айлақтағы ығы-жығы халық безіп барады. Жағаға жетерменде әлдекімдер үстіне тор тастап, Құлыншақ шалқалай құлады.– Шорнақбай, Қалбан! – Ол тормен сүйрелеген жатқа қарамады. – Бұл нәмәрт қаусаған шалды қайтпек? Елге барып өлейінде, өлсем де.– Холера! Холера!– Әй, шырағым, тілмаш шақыр!– Холера! Холера! – Аналар құлақ асар емес.– Тайпа елді ертіп әкетер тілімнің байлануы-ай?! Ана сүтіңмен біткен тіліңмен жаныңды қорғай алмасаң, қорлық екен-ау?!Солдаттардың мейірімсіздігіне жаны шыдамай құрақ ұшып жеткен Шорнақбай, Қалбанға әміркен етікті, иығы оймыш-оймыш ұлығы «бұл осында қалады», бала-шағаны көрсетіп «жұғады» деген сияқтанды.– Шорнақбай! Қалбан! Сүміреймеңдерші! Берігірек келіңдерші! Қаласың дейді ғой. – Ақынның көзіне жас лықсыды.– Ондай ауру емес шығар, жазылып кетерсіз, пірәдар?!– Елге, еліме барайыншы?! Алып кетіңдерші, мені бермеңдерші?! – Құлыншақтың көзінен жас шып-шып тамшылайды».Суретші қойын дәптеріне жазу түсірді.«Мылтық дүмімен қақпайлауынан, аямай сүйреуінен аналардың босатпасы белгілі болып, Құлыншақтың жаны қысылып, жанары жаутаңдап қолын созады. Солдаттар мұның серіктерін жолатпады. Әбден түтіккен.– Шорнақбай, Қалбан! Қайтем? Кім біледі, суға тастап балыққа жем болам ба, таспен ұрып өлтіре ме?!– Өлмейтін кім бар, сабыр-сабыр?! – Тақуа Қалбан жыламсырайды. – Біз… біз сүйегімізді арқалап барамыз, осы жақта… неғылмай.«Ажалдан қорықпаймын-ау, қазағымның төрт аяғын тең басқан Құлыншағы ем. Ақын атанып, артымда тасқа басқан сөзім қалмай барады. «Қош-қошын», «бауырымын» айта алмай туған ел, туған жер қалып барады. «Тым құрыса, анау мола Құлыншақтікі» дейтін сүйегім бұйырмайтын болды-ау… Жусанды сары далама, Қаратауымның құба белдеріне қарап жатып үзілсемші!..»* * *Күн батып, түн орнап, ертеңгі таңның атқанын Әзез ояна білді. Ұйқыда дел-сал болып терлеген бе, жылаған ба, жастығы малмандай. Қолына қылқаламын ұстап еді, зауқы соқпады. Біреу тыста қол бұлғап шақырғандай, көшеде мереке салтанаты қызып, мың-сан халық өтердей беймазалық сезді. Сонан соң әндете жүріп сақал-мұртын басып, жеңі қысқа ақ көйлек киіп сыртқа шықты. Құлыншақ ақынның келбетін қазір әкесіндей елестете алады. Шүңіректеу көзі ғана әлі жұмбақ.Шаңды жолда Әзезге бір түйелі жанасты. Түйенің, боксшының қолғапты қолындай аяғын әр жерден тастасына, ұсқыны келіспеген басына таңырқап езу тартты. Бірсыдырғы өңкеңнен өңкең.– Сен әлігі ауылға келген суретшімісің? – Үстіндегі, қоңқақ мұрын, мойнына ілген дүрбісі бар, қара тақиялы егде кісі екен. – Шырағым-ау, шашты туды-бітті алдырмағансың ба, немене? Салағұлаш… – Кеңк-кеңк күлді. – Суретші, ақын-жазушылар тауға құмар, көңілің шапса ап кетем мінгізіп.Мұндайда «Құдай жеткізді» демесең сәні келмейді деп Әзез жайыла ыржиды. Сәлден кейін екі шабаданын жіппен байлап, қоржындап, бақташы Мақанның артына мінгесіп тауға қарата келе жатты.Әр көліктің жүрісіне ыңғайланып отыру да өнер. Бір майдан Әзездің іші лоқылдаудан ауырса, түйедей биіктен құлап майып болу қаупі жадыдан мықтап ұстатады. Әсеріне бола шыдайды. Бақташының тау қойнауындағы қос киіз үйіне ол өстіп келген.* * *Содан бертінгі төрт күнде зәредей іс тындырмады. Үйреншікті, арнасымен ағып жатқан өміріне Теңгеш бейнесі сына болып қағылып, көңілі алып-ұшып, тетігін тапқандай суретке тереңдей алар емес….Ол түз құсынша ұзақ «қонақтаған» төбеден сергек құлдилай берді. Көз байланса қызды суға жібермейді, қазір Теңгештің бұлақ басына соғатын иіні.Бұлақ бастауына жеткені сол, қаракөлеңке жар астына ерен қара балық жалт берді. Секемшіл суретші де шошыды. «Ақ ниетті сәт, қаса дұшпан, не қара мысық болып жолын кеседі, не басқа тұрпатта қара көрсетеді». Оның есін жидырған шелек сылдыры. Шеңгел арасындағы күтпеген кездесуден қыз состиып қалды.– Теңгеш! – Шелегін күлімсірей алып, бұлаққа батырып су әперді. – Теңгеш, ертең бас жаққа барып сурет саламын, түске таяу келші.Қыз тіс жармады. Ұзаған арудың арқасынан аңсарын аймалатып Әзез қала берді. «Сөнген жанартау – жүрегімнің аузын бұл жан қоймай аршиды. Талайдан шалажансар сезім біржолата мертіге ме? Бағым ба?»Қырық күн шілдеде тау іші қоңырсалқын. Ертеңіне таң ата әудем жер сейіл құрған Әзезге дене шынықтыру, аспай-саспай жуыну, есінеу тоғышарлық көрінді. Телмірткен таулар онша қызықтырмады. Шайдың қайнауына тағатсыз. Теңгештің көлеңдеуі боса-болмаса азап. Ақыры холстын иығына ілді.Бәрібір суретке қолы жуыспады. Түске дейін екі көзі шеңгел аралар жолда болды. «Иә, тірліктегі қиындықтың сорақысы – күту».Теңгеш күдер үзген кез, ойламаған тұстан шыға келгенде Әзез тап «сол күндердегіше» қапалақтап, жаман састы: дірдектеп, не істеп, не қойғанын, не дегенін шала шарпы аңғарады. Әйтеуір байқағаны қыздың қолынан ұстап алыпты. Ол шамалы тартыншақтайды. Әзезді махаббат тілінің ең шарпулысы, бұршақ аралас төпеген нөсері қаумалайды. Жаһанның ұлы ақындарының махаббат жайлы өлеңдерін жаттап өскен, ақынға, ақынды түсінгендерге ғашық, ақын болмағанынан «мүсәпір» Әзезді, қазір аспан беті іңкәрлік шимайына толы құдіретті сөздің бірі де көңілін көншітпейді. Теңгештің дидарына түгелдей жарамсыз, боркемік татитындай.– Теңгеш! Бетіңнен сүйейінші? – «Ол не дегені?» Қыз бұлқынып, қалшылдап кетті. Жанары от шашты, тамырынан қан тулады. – Ескерткішке, айналайын.– Аға, ағатай?– Мен бір мұңлы адам едім, қалқам. Бір сүюге зар едім. – Әзез азырақ мүдіріп, қыздың қолын босатып жіберді.Жаңа ғана алабұртқан Теңгеш анадайда шелегін қойып, шашын сілки соңына қарады. Онысы еліктің қырасардағы қуғыншыны барлауына ұқсаса, еңкейіп гүл иіскеуін назға балап Әзез әрі-сәрі. Сәлден кейін:– Мұңлы ақынның көзінде жас бар, ғашықтық мұңы бар, – деді күрсініп.* * *– Мыңжылқының жонына «Шаңырақсалдымен» де, «Қалмақасумен» де шығасың.– «Қалмақасуыңыз» қайсы, Мақа?– Әнеу! – Бақташы бүктелген қамшысымен тік беткейді нұсқады. – Ілгері жол білместіктен қалмақтар бас сауғалай қашқан екен остай. Бірақ, – суретшіге қомсына сөйледі, – сенің шыға қоюың неғайбыл. Ертең бір күн «Шаңырақсалдымен» апарамын.Әзездің әрдайым қиындатқанға құмар, қашқанды қуатын қырсық мінезінен бақташы бейхабар.Ертеңіне, Әзез, Мақанның бесіншіде оқитын баласы Төленбек екеуі асуға қарата айдап берді. Суретшінің арқасында керек-жарағы бар. Олар жарқабаққа тіреле сол қапталдан шырамытқан сүрлеумен мықшыңдап өрлей бастады. Асу мұндай тік болмас?! Лезде ентігіп, тер жаңбырша сорғалайды. Жиі дем басады. Түсі, түрі әрқилы шөптің исі мұрын жарады. Топ-топ қызыл тобылғы, сұр ұшқат ұшырайды. Көгілдір гүлді киікотының исі жалбыздай өткір. Шиенің піскен уағы, қып-қызыл моншақтай төгіледі. Төленбек тәшегімен қоса, атша қатыр-құтыр шайнайды.Сәске түсте «Қалмақ асудың» болар-болмас сүрлеуі жон үстіне тақай бұлар құрғақ арна қуды. Алдағы оң қабаттағы таңғажайып бұдырлы құзды, Әзез осы мезгіл көрді. Біраз уақыт демін ішіне тартып, қақшиып қатып қалды. Төменгі жағы жиналған жүк тектес, ал қабырғаның үсті… мың-сан қабат-қабат, қуыстан-қуыс, ойықтан-ойық. Төңірегі, айна-қатесіз жұрттың орны. Әзез әлденендей тірі жандыны, оқыс қимылды бағып, демін тартып мұқият шолады. Арқаның асау желі ықылым замандар ұрып, қойын-қонышын кеулеп, үшкірлеп, аямай мүжіген.О, сақара таулары – қайсарлық салтанаты!Суретші көзін жұмып: «Мұңлы ақынның» жанарынан осы құздың қатпары, сиқыры оқылуы шарт» деді. Иә, кәрі жалғанның күллі қарекетін – қауышқан ғашық, шабысқан дұшпан, бүкшиген қарт, томпақ молаларды – тау бейнелейді. Бірақ ол сопиған меңіреу. Тымқұрыса бұдан жүз жыл бұрын осы арадан өткен бір бейбақтың жайын айтпайды.Жон басына әркімдер ақ тастан белгі үйіпті. Салқын желкем соғады.– Тәте, – деді сәлден кейін Төленбек қиялдаған суретшіге.Әзез «А?» деп бұрылып еді, бала:– Теңгеш сізге жон үстінде бер деген, – деп хат ұсынды. – Оқуға кетті.Әзез апыл-ғұпыл ашты. «Сізге сенемін… Бірақ мені іздемеңіз. Т»Тау – көк теңіз қоршаған арал. Сол аралда Әзез жабырқап жалғыз тұр. «Бұл – не деген сөз?» Көзі әлігі тылсым сұлулықты демде көрмей қалған. Денесі тоңайын деді.– Төлен?– Иә, аға?– Жонға қонайықшы?– ?– Қорқасың ба?– Қорықпаймын. Апам, көкем ұйықтамайды ғой.– Оның рас. Бірақ мен бұл биікке қайтып шығам ба, шықпайымн ба? Бүгін осында түнегім келеді.– Мақұл әйтпесе.* * *Әзез біраздан томаға тұйық.Асу ернеуіндегі жал-жал қаратас терістікке қарай шүйлігеді. Қамал зеңбірегі ыспатты. Тұңғиық кеңістіктегі жасыл киіздей Сызған ауылы да, күнгей жақтан мұнартқан бел-белес, қырат-қырқалар да «Кәдеңе жарамадық па?» дегеннен әріге бармайды.Ол аэропортқа лайықты, теп-тегіс қу жапан – жонды, едәуір дітсіз кезді. Бетпақта қуғын көріп, Қаратауға жетерменде өкпесі өшкен ақбөкен деміндей болдырыңқы леп әсте үзілмейді. Жұлдызды ақтікен, қияқтан өзге шөп сирек. Қазір қиядан түйесі бақырып, ботасы боздап көш көрінсе таңырқамас та. Қадім замандарда қалың қазақ, Арқасы жұтаса Қаратауынан асып Түркістан аймағынан жан сақтады, түстігі жұтаса Арқасынан дәрмен қайырды. Сол боса көшкен дықатты елге Мыңжылқы куә. Талай бейбақтың мына аспанға қол жайып жалбарынуы, лағнет айтуы кәдік.Әзезді бұл араға айдап әкелген не? Әсіреті көп дүниеге шырқау биіктен көз салып, асқарларға, ғарышқа мұңын шақпақ па?! «Алыптардың тұлғасына мұңы барабар» деуші еді, алыстан ғана мінәжат етуі керек пе еді?!…Қанша уақ өткені белгісіз, басын дізесіне қойып мүлгіген Әзезге:– Тәте, жатайық, түн болды, – деді Төленбек. Шөп жұлып, төсеніш даярлапты.Бәрібір Әзездің мызғуы шай қайнатымнан аспады. Көзін ашса ай сүттей жарық. Самсаған жұлдыз – аспан жамағаты – қол созымнан жыпырлайды. «Қала адамы қазірде аспанға қарамайды». Бала кезінде жұлдыздар жарқырағыш-тын. Жіті бақса не түрлі қозғалыс, сөнулер қымыңдап білініп қалады. Жұлдыздар – әр жылдар оянған арманы.Әзез есер, айға шапшыған арыстанша әбден титықтаған. Жастық дәурен, сүюі-күюі, осы өңірдегі тебіренткен оқиғалар кейде түсі сияқтанып, кейде жұлдыздар Әзездің денесіне қадалған оққа да ұқсап кетті. Табалайтындай, жауығатындай да. Ол күрсініп түрегеле бергенде, шоштиған шолақ құйрықты бірдеңе анадайдан қараң етті. Артынша, әріден шарт та пұрт, ұмар-жұмар, қиқылдап-шиқылдап түнді түршіктіріп заматта зым-зия болды. «Е, бұл кешегі, жар астына сүңгіген қара балық қой! Қараш, басқа кейіпке еніп масайрауын! Сұрқиядан қалай құтылмақ?! Сорға, дуаға, тағдыр шиырына сенбеске лажың қане?– Әне! – Тағы да аспанда қара шүберек бұлғанды.Қас-қағымда ізім-қайым жоғалып, орнында бір тұтам қара бұлт, қара түтін ілініп қалыпты. Сұқтанып ерегістірсең «Баж!» етіп жезтырнағын бетіңе шеңгейдей салудан тайынбайды. Әзез, танауы дызылдай алға басқанда, әлігі «қарайған» жым-жылас болып, әлдене патырлай ұзап, алыс шатқалдан екі рет «қаңқ-қаңқ» еткен құзғын дауыс естілді. Төңірек бүрісіп, жанын шүберекке түйеді. «Әнебір жердегі не өзі?» Қаратас іргесінде шоқиып, түнмен түн болып бірдеңе отыр. Керенау ширатылып, орағытылып, мыстан көзімен сығалайды.Әзездің дәрмені құрып, жанары жасаурады. «Кімсің сен, қара балық, қара құбыжық? Бүгін ұстасамын сенімен. Қашпа! Шық жекпе-жекке! Жүрек жарылса да сыпыр пердеңді! Ажал болсаң әкет, әйтпесе доғар қуғыныңды! Босат жарық дүниеге! Адамдар тәрізді мен де көрейін тіршілік қызығын».– Әуре болма мұңлық! Түгел алдарқату, босқа сарсылма! Сен барда мен бар. Өлетін болған соң баянды бақыт іздеу, бекершілік, бейшара!– Өйтіп қорқытпа! Өмір сұлу! Өшікпе маған. Теңіңді тап!– Қысқарт! Тең-теңімен ойнамайды. Тірлікте тең-теңсізбен ойнайды! – Құбыжық құйрығымен жердің шаңын бұрқ еткізді. – Жарыққа қараңғының, жақсыға жаманның жармасып өткені өткен!– Сонда менің басымды тауға да, тасқа да ұрып іздеген бағым, жалғанның сыры бос әурешілік пе?Ай сәулесі Мыңжылқының үстінде ғана. Төрт құбыла тастай қараңғы, түпсіз апан. Заматта жұтып әкетер долы теңіз! Қара балықтар зулайды. Әзездің көзі сол қараңғылықта Әлденуақ оның апшысы қуырылып, бір уыс болып кетті. Қапастан бадырайып, түнекті жарып екі көз келе жатты. Әзез әрі тіксінді, әрі қуаттанды. «Мынау – Мұңлы ақынның көзі!»«Не деген жан шошытар, аяулы көз!..» Әзездің өзінің көзіне ұқсай ма, қалай?» Суретші холстқа ұмтылды.* * *«Ажалдан қорықпаймын-ау, елімнің төрт аяғын тең басқан Құлыншағы едім. Ақын аталып, артымда тасқа басқан сөзім қалмай барады. Тым құрыса, «Әнеу мола Құлыншақтікі» дейтін сүйегім бұйырмайтын түрі бар. А…а…а?!»– Холера! Холера!– Шорнақбай, Қалбан? Маған бір жапырақ қағаз, қалам табыңдаршы! Екі ауыз сөз жазып берейін….Серіктері өлеңді елге жеткесін оқытты.Сәлем де, барсаң, халқыма,Үлкенді-кіші жалпыңа.Опасы жоқ жалғанның,Бес күн дәулет бітті деп,Мәуітсіз сөйлеп шалқыма….Бір адам келер, келер жүзге келер,Үйде өлсе де, апарып түзге көмер.Осы орыстың қолында өліп кетсем,Еңіреп қайда халқым іздеп келер?!Торды шеңгелдей ұстап шөкелеп тұрған Құлыншақтың келбеті, мұңлы көздері, «Жол ұзақ, тарығып қалмаңдар. Енді маған қажет емес» деп орамалға түюлі бар ақшасын бергені… Шорнақбайдың өле-өлгенше дегбірін қашырып, есінен шықпап еді…* * *Ай сүттей жарық, Мыңжылқының үсті күндізгідей. Әзез қастары түйіліп, тынымсыз салып жатыр, салып жатыр. Қараңғы шыңыраудан шертпе күйдің қырық өрім үні ыңыранып, әлсін-әлсін осынау биікке дейін қаптай толып, ернеуінен ліпілдейді.Холстқа бетінде көлеңкелер қылмаңдаған ай төнеді. Суретші, тордағы ақын көзінен тамшылаған жастың, қараңғылыққа кесек-кесек оттай құлағанын көрді, алып шоқылардың сықырлап, жапырылып, күл-талқаны шығып соқтығысын, шатқалдар жаңғырығын естиді.* * *– Тәте!Әзез баланың даусына елең етті. Сөйтсе үйден сыбысын білдірмей шыққан ибалы келіншектей ай батып, таң атыпты.– Тәте! Мына суреттегі ата, ай жарығында еңкілдеп жылап зәремді алып еді. Қазір жанарында ыстық жас шүпірлейді….Ұзамай бұлар жоннан түсіп келе жатты.
Ысқақ Құлыншақұлы
Ысқақ Құлыншақұлы 1880 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылында дүниеге келген айтыс ақыны. Ескіше сауаты болған. Әкесі Құлыншақ ақынның жолын қуып, талай рет айтысқа түскен, терме, жыр айтқан. Өлеңді әуелде домбыраға, кейіннен қылқобызға қосылып айтатын болған. Ысқақтың жиын-тойларда әріптес қыз-келіншектермен айтысының көбі ұмытылған. Оның шығармаларынан 1906 жылы Әулиеата жерінде Ошақты руынан шыққан ақын қыз Қадишамен айтысы сақталған. Бұл айтыс 1942 жылы шыққан «Айтыс» жинағында, 1965 жылы шыққан «Айтыс» кітабының 1-томында басылды.ҚАДИША ҚЫЗБЕН АЙТЫСЫАтақты Құлыншақ ақынның баласы Ысқақтың Әулиеата жағында болып, сондағы Қадиша қызбен, еліне келіп, қалай айтысқанын баяндағаны:Жақсылар, құлақ салып тыңда мұны,Пенденің білінбейді өткен күні.Сейіл ғып, Әулиеата шаһар бардық,Кешегі қойдың қысы өткен жылы.Құлыншақ – бастығымыз – Мұқан молда,Бір жерге қостас болдық өңшең жорға.Көтеріліп тұз-дәміміз шыққаннан соң,Тигізбей алып жүрді қолдан-қолға.Арғында Байысбайдың үйіне кеп,Тамашаға жиналды қаншама көп.Қадишаны ап келді айтысуға,Аузына қарап тұрсам, өлеңге еп.Ысқақ:Жүрсіз бе аман-есен, қиғаш қастар,Қара көз, қызыл жүзді, сүмбіл шаштар?Шығыпсыз жақсы күнді құрмет етіп,Айттарың құтты болсын, замандастар!Сіздердің біздер ашық түрлеріңе,Салт түзеп салтанатпен сіздерменен.Шырақтар, орайластық сіздерменен,Жүруші ем ынтық болып бір көруге.Тұрғанда қайтайын деп өзі келді,Көзіме көрінбеп ең ілгеріде.Бар болса жақсы сөзің, сөйлей отыр,Бал шекер құмарым бар тілдеріңе.Қадиша:Көрген соң түсті көзім түріңізге,Шалқып қал дәуренің бар күніңізде.Тамаша болса болсын, замандасым,Біріміз кез келгенде бірімізге.Айтыңыз сіздің-дағы құтты болсын,Кез болмас дәйімі айттың күні бізге.Бар болса жақсы сөзің, сөйлей отыр,Ынтықпыз біз де сіздің тіліңізге.Ысқақ:Отырмын сөйлейін деп ыңғайланып,Деп тұрмын жарылқады құдай нағып?Шырақтар, көргеннен соң бойларыңды,Бұл жерде Ысқақ ақын тұр ойланып.Қыздармен қалайын деп бір тіл қатып,Көрген соң тұра қалдым шыр айналып.Сөйлейік екі ақын шер тарқатып,Келмейді өтсе жалған бір айналып.Қадиша:Кез қылып ұлы күнді құдайымыз,Сіздерге нәсіп болды шырайымыз.Табылмай еш уақытта жүруші еді,Өзіңдей сөзге теңдес жұбайымыз.Ысқақ:Сөз тыңда құлақ салып жөнді кісі,Табылды сөзіме сөз жөн-дұрысы.Қол артсам сіздей жанға, арманым не,Білетін жақсы-жаман кем-ді кісі.Болса да қайдан тауып түссе қолға,Сарп қылып сіздей жанға зерді кісі,Құдайым жарылқа деп мен отырмын,Өзіңде жарылқаудың ендігісі.Қадиша:Пендені кім жарылқар пенде болса,Тентектің ісі қисық жөнде болса.Жақсының тұқымына әркім тәліп,Реті қатарынан кем де болса.Үстінде алтын тұғыр тұйғындайсыз,Тұғырсыз жараспайды жерге қонса.Жан құрбым, жарылқар ем сендей жасты,Реті жарылқаудың менде болса!Ысқақ:Бұл жарлық, Қадиша қыз, өзіңізден,Тыңдасаң құлақ салып сөзімізден.Жайымды айттырмай-ақ білмейсіз бе,Осындай орайласқан кезімізден?Меңзесең ақ тұйғынға бұл құрбыңды,Өз айтқан көңілім ырза сөзіңізден!Суретің ұқсап бейне қоңыр қазға,Көріндіңіз сіз де біздің көзімізге.Бір қонсам, тұйғын десең, тұғырыңа,Еш арман қалмас еді көңілімізден!Қадиша:Мен сіздің сөзіңізге болдым ырза,Жігітсің шешен туған өлең-жырға.Заты едің бір жүйріктің озып жүрген,Қатардан озып сен де шықтың қырға.Десеңіз алтын тұғыр бұл құрбыңды,Отырмын сізді меңзеп ақ тұйғынға,Қонарсыз самғай ұшып шырқап шыңға!Ысқақ:Алтындай сөзіңіз бар қаяуы жоқ,Ысқақта олай десең, аяну жоқ.Тұйғын деп қолға алуға ыңғайлансаң,Ысқақтың тоқталуға аялы жоқ.Қадиша:Пәкізе бір жігітсің сөзің жібек,Атаңыз әркімдерден озған үдеп.Қатардан өзіңіз де озып жүрсіз,Болмайды сөзіңізді ешкім мінеп.«Тең – теңге, тезек – қапқа» деген сөз бар,Барасың біз тұрғанда кімнен тілеп?Келерсің аяғыңды аңдап басып,Жүрмесін шешем қуып қарғап-сілеп.Ысқақ:Біз мейман салып тұрған сізге салмақ,Қоймаған күннен бұрын орын қамдап.Ауылың, үйі-жайың қайсы жерде,Қалайын жобасын айт жөнін аңдап?Қыздардың қатарында мерген едім,Атушы едім не тотысын топтан таңдап.Басынан шешеңнің де кешкен шығар,Қумайды, қуанбаса, бізді қарғап.Есебін бір шешеңнің табасын ғой,Болмаса сыпайыгерлік тілін жалдап.Қадиша:Ат шабар, біздің ауыл, көшесінде,Жасыңыз жиырманың нешесінде?Сол жердегі дарбазадан күтер едім,Алмадың өзің бұрын еш есіңе.Ауылға айтқанменен келмейсің ғой,Мақтанып мен сүйттім деп есесін де.Ысқақ:Мен келдім биыл жиырма алты жасқа,Баласың қатарыңнан порымың басқа.Шешеңді тоқтатудың қамын ойла,Бармасам сонда маған кінә таста!Жайыңды жағдайыңмен айтып қойшы,Сонан соң мен де ырзамын ықылысқа.Сөз болса сыпайыгерлік бұл айтқаның,Деп қойған ауыл жаққа қадам баспа!Қадиша:Сөзіңе айтқаныңмен мен күмәндә,Жұмысы бағзылардың деп гүмән де.Қаншама сендірерлік қып айтқанмен,Ұқсайсың өз бойыңа сенбегенге.Ауылға айтқанменен келмейсің де,Мал іздеп кетесің ғой елден елге.Ысқақ:Мал іздеп мен де жүрмін елден елге,Малсыздың қолы жетпес сермегенге.Мал берсем жетектетіп қолыңыздан,Ұстатар әкеңіз де бер дегенге.Сөзіңді өзің теріс айналдырсаң,Қалайша бос қалам мен жүрмей жөнге?Қадиша:Құдеке-ау, көзің қызыл, түсің сары,Әлден-ақ жасың жетпей бопсың кәрі,Аузың үлкен, мұрның мен көзің қызыл,Үш пұлдық басарың бар кімге дәрі.Екі мың, бір мың түгіл, ділдә берсең,Қосылмас Қадишаның ынтымағы.Әзірше жоғары боп сөйлер сөзге,Әкеңнің сыйланып жүр аруағы.Алмас еді ешкім сені қой бағуға,Болмаса қызыл тілің өнер алды.Ақынның кімді бай ғып тойғызады,Тіленіп өлеңменен алған малы?Ысқақ:Сөзіңе қарсы жауап ойлап қалдым,Бір мойын сендей қара сойдақтардың.Кеспелтек сендей қара қыздар түгіл,Төсінде аппақ қыздың ойнақтадым.Бір мың сом елден жинап әкеп берсем,Әкеңнің қойғызарсың қой баққанын.Мал берсем аяғыма бас ұрарсың,Онан да «сіз, біз» десіп ойнап қалғын.Қадиша:Құдеке, мініңді айтсам түнерерсің,Өлеңменен күнде жұрттан тіленерсің.«Әркімнің көңілі өзіне патша» деген,Несіне осы түрмен шіренесің?Екі мың, бір мың түгіл, ділдә берсең,Қандай жан саған еріп жүре берсін?«Мынаның күйеуіне қарашы!» деп,Сыртымнан көрген халық күле берсін.Бергенше мені саған малға қиып,Аштан-ақ әке-шешем өле берсін!Ысқақ:Ошақты болады екен руларың,Жігіттің таңдайсың ба сұлуларын?Сұлу боп дым тамбаса тұрар ма еді,Айрықша көп рудан жылуларың?Баласы шойқы айғырдың көп болады,Көбейер маған тисең құлындарың.Балаңның киім, тонын түзей алмай,Айтар ең «қайтемін – деп – мұның бәрін?»Күте алмай өз бойыңды кіржамбыз боп,Бұрқырап тұрар еді бұрымдарың.Бір байдың ажарына тиемін деп,Үй-ішің тәуір көрдің қырылғанын,Деген сөз қызды дұшпан рас екен,Сұмдық қой мына айтқан ырымдарың!Әкеңді шешеңменен қарғамай-ақМаған-ақ жақсы емес пе жығылғаның?Қадиша:«Түңілме түсі игіден» деген өрнек,Ізденіп жақсыларға әркім ермек.Қызарып жетпістегі шалдар ұқсап,Сөйлейсің барған сайын өрлеп-өрлеп.Далаға көкіректі көп кересің,«Қыздарға қырындауға ептімін» деп.Қыздарда өзің теңді қыз бар шығар,Солардың жүргенсіз де бірін емдеп.Ер тұқым көбеймегі емес сенен,Аз берсе, көп берсе де құда бермек!Әкеңнің жиған малын шашпа байғұс,Келгенде жетпіс жасқа қылып еңбек.Мерт болып қалып жүрме, Ысқақ ақын,Қолыңды аспандағы айға сермеп.Әрмен жүр, маңайыма жақындама,Айтасың не бетіңмен «маған ер» деп?Ысқақ:Сіз бенен біз мұнан соң таныспалық,Осындай орайлас боп жарыспалық.Әуелгі сөзің, құрбым, тәуір еді,Аяғы бара жатыр шалыстанып.Сөйлейсің не сөз айтсаң іліп-шалып,Орынсыз шамырқанып, намыстанып.Біреуге сенің әкең қойшы боп жүр,Әр айға ақысына үш сом алып.Қой бағып ақысына жейді талқан,Көрген жоқ өмірінде құрбан шалып.Әкеңнен әкем артық, өзім Ысқақ,Қадиша, ойламайсың мұны нағып?Өзіңнен он есе артық қатыным бар,Отырмын «кәйтемін – деп – сені де алып?»Қадиша:Көрген соң түсті көзім сыяғыңа,Адамсың әлде қандай саналы да.Далаға көкіректі көтересің,Бойыңа мұнша мақтау сыяды ма?Тұқымды сенен туған өсірмей-ақ,Бір жерге бәрін өртеп жияды да!Көргенше саған тиіп зауық сапа,Нәпсіні ер қылмай-ақ тияды да.Аузымды не қыласың бақпағанда,Қалам да сөзіне сөз таппағанда.Байғұс-ау, сен қалайсың, мен қалаймын,Болып па жаяу жолдас атты адамға?Әкеңнің өлең жазған өкпесіне,Кәсібін құдай берген етпесін бе?Әкеңді сенің ешкім шақырмайды,Келген соң өзі қаңғып «кет» десін бе?Көрейін мін айтыссаң мін айтысып,Жарармын мен де саған шектесуге.Қой баққан Әзіреті Мұса, Шопан ата,Сөзіңе қарсы жауап қылайық та.Мұхаммет Қадишада малай болған,Ендеше, Мұхамедті тарт айыпқа!Екеуміз сыйласқандай адам едік,Айтар сөз бір-бірімізге ылайық па?Мендағы саған әлі болмай құмар,Әзелде жақсы-жаман жазған шығар.Алар ең қойшы қызын тисе саған,Байғұс-ау, тимейді ғой қылсаң да зар!«Ет сасып аспандағы кетті» деген,Мысықтың жете алмаған кебі шығар.Қолданып олай-бұлай ақылың болса,Ер болсаң тоқталарсың сөзге тұрар.Ысқақ:Қадиша мына сөзің өзіңе сор,Ер басын әйелдікпен етесің қор.«Әйелден басы алтын, бақыр басты, –депті ғой, – ер кісі артық» бұрынғы жол.Баласын «аппағым» деп сүйер едің,Ер тапсаң мен сияқты өнері мол.«Бәйгі алмас байтал шауып» деген сөз бар,Қасарысып қарысып аттасаң да.Бір сөзбен иба қылсаң не қылады,Ұят деп ар жағына сақтасаң да?Қадиша, алам дейсің қатты сынға,Болған соң шашың ұзын, ақылың қысқа.Ілгері өтіп кеткен бір өсектіКөрсетпе кеміттім деп қылып нұсқа.Аса артық болмаса да сөзім сенен,Әкемді жүйрік, халық, шешен деген.Осындай халқына әзір болып тұрса,Бірдей ме дәрежесі қойшыменен?Мұхаммед, Қадишаны мысал қылма,Шықпайсың бұл сөзіңмен әзір қырға!Өзіңе қыз Қадиша күнде сауда,Шығасың бір сом берсе дайын бауға.Біреулер олай қуып, бірі былай,Алады талай сәуірік омырауға.Қадиша, сен тигенмен аларым жоқ,Желікпеге сен сияқты алаңым жоқ.Қояйын жылы орныңнан суытпай-ақ,Сақтайтын сені апарып базарым жоқ!* * *Ысқақ ақынның айтыс аяқталғаннан соңғы жайды баян қылғаны:Ал сонда жұрттың бәрі күле берді,Күлген соң қыз Қадиша жүдеді енді.Қыздың бір-екі ағасы келді-дағы,Жетектеп қарындасын жүре берді.Ал сонда айттым қыздың ағасына,«Ақылың жетпеді ме шамасына?Айтқаны қыз-жігіттің әзіл сөз ғой,Түспейді есті жігіт арасына!Қайыр қош, замандастар, барасың да!(Құлыншақ ақынның немере інісі Жазықбайдың баласы Ерманның қызы Құлқан Ерманқызының айтуынан 1986 жылдың 28 қазаны күні жазылып алынған).
Ата қонысқа көшу
Қойбағар батырдың тапқырлығының арқасында атамекенді қайтарып алған соң қалың ел атамекенге қарай бет бұрады. Шақай атамыздың өзінің бел балалары: Жиенбай, Көшек, Атан, Тайлақ, Күшік болып келеді. Осы аталарымыздың өмірге келуінің өзі бір тарихи оқиға, енді соны әңгімелейік.Жер дауымен, ел көшіру қамымен жүргенде Шақай атамыздың үйіндегі Айкүміс шешеміз төркінінде жүріп босанып қалады. Содан ол нәрестенің атын нағашыларының ауылында туғандықтан Жиенбай қояды. Ел көш-көлігін дайындап, ата қонысқа қарай көшкен кезде жолда Айкүміс шешеміз тағы бір ұл туады. Ол кезде көш бір жерде қыстап, енді бір жерде жаз жайлап, асықпай малдың, елдің жағдайымен өте баяу қозғалады. Міне сол көшіп келе жатқанда туған баласының атын көш-көлікті болсын деп Көшек қояды. Ата қонысқа көшіп келіп, қоныстанған соң тағы бір үл туады. Ата қонысқа келдік қой, бұның аты енді Атан болсын дейді. Тағы біраз жылдан соң, ата қонысқа, әбден жайғасып, жайланған кезде Айкүміс шешеміз тағы бір ұл туады. Атамыз Шақай сүйінші сұрап келгендерден не туды?» деп сұрапты. Сонда сүйінші сұраған адам: «Ұл бала!» десе, аны «Е-е ол енді Атанның артынан ерген Тайлақ болады да!» деген. Тағы да екі-үш жылдан соң Айкүміс шешеміз тағы бір ұл туады. “Атамыз Шақайдан тағы да сүйінші сұрамай ма? Сөйтсе ол кісі «Е, қызталақ, ол енді аналардың артынан ерген Күшік болады да!» деген екен. Сол балаларының Күшіктен басқасынан ұрпақ бар. Ал Күшік баласын 18-19 жасында үйлендіріпті. Үйленген соң үш айдан кейін жаман бір жұқпалы аурумен ауырып, қайтыс болыпты. Оның әйелін әмеңгер ретінде Тайлақ атамызға қосқан екен. • Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362
Қойбағар батыр
Қойбағар батыр Ағысай атамыздың Көсе деген үшінші баласы Шахай атамыздан тарайды. Аңыз бойынша бір жаугершілік заманда, Сырдарияның төменгі ағысындағы Арал теңізінің жағасы: болар, сона-а-у Жоңғар, бәлкім Қалмақ шабуылының тұсында болса керек… Жалпы қай мезгіл екенін дөп басып айта алмайды… Міне, сол көнекөз ақсақалдардың айтуы бойынша бүл оқиға былай өрбиді. Ол бір ел басына қара бүлт төнген ауыр кезең болса керек. Қазақ елінің басында бұндай шапқыншылықтар жиі-жиі болып түрған ғой. Сол заманда ұрпақ сақтап қалу үшін аталарымыз осы қазіргі отырған ата қоныстарын тастап көшкен екен. Арада қанша жыл өткені белгісіз. Бірақ атамекенге оралу олардың ойларынан еш кетпеген.Арада уақыт өте келе ел есін жия бастайды. Басқыншы жаудан атамекен де азат етіледі. Аталарымыз кері оралу әселесін жиі-жиі айта бастайды. Кейінгі үрпақты үлкен бабалары Саңғыл би жатқан ата қонысқа әкелу олардың арманы еді.Ата мекенге оралу жөнінде жиі-жиі бас қосулар өткізіледі. Осындай бір үлкен жиын ауыл сыртындағы биік төбенің басында өтеді. Ол кезде сыртта жорықта жүрген сарбаздар да өз шаңырақтарына оралып, бала-шағаларымен, туған- туыстарымен табысып, елдің ес жиған шағы болатын. Аталарымыз Мәмбет, Шақай болып әңгіме барысында көш- қон жабдығын жасай беруге тоқталады. Содан ел үлкен дайындыққа кірісіп кетеді.Осы кезде Ағысай атамыздан тарайтын Тілесберді (Бітей), Құлар, Көсе, Шолақ, Мәдігелді, Тұрсынбай деген балаларының ішінен Көсе қайтыс болады. Ол Мәмбет пен Шақайдың әкесі еді. Ол замандарда баласы өлсе үлкен бабасының қасына апарып жерлеу дәстүрі болған-ды.Көсені сонау алыстағы Қаратау баурайының теріскей бетіндегі «Қозмалдақта» жатқан Саңғыл бидің Ағысай әкесінің жанына жерлеу үшін бір топ адаммен Мәмбет, Шағакөй аталарымыз алып жүреді. Мәйітті жалбызға орап, нұқыл түнгі салқынмен жүріп отырып, ата қонысқа әкеледі.Келсе бұл жерге басқа рудың адамдары қоныстанып алған. Олар «Бұл жер қалай сендердің ата мекендерің болады, еш белгілерің жоқ!» деп көнбейді. Аталарымыз көшкенде қалай белгі қалдырмадық деп қатты өкінеді. Сол кезде топтың ішінен бір жас жігіт:– Мен ауылда қалған Қойбағар батырдың «Белгі қойып кеттім» дегенін естіп едім, – дейді.Сүйекшілер Көсені қойғызбаған соң қазіргі Кіші шұқыройдың қабағындағы жарқабақтың астын үңгіп, «аманат» деп қалдырады да, Қойбағар батырға адам жібереді. Сөйтсе Қойбағар батыр өзі жаумен жағаласып жүріп, ата қонысқа белгі тастап үлгерген екен. Ол белгілері мынадай болып шығады. Саңғыл би жатқан қазіргі Басбұүлақ деген бұлақтың басындағы сазды батпаққа түйенің басын сіңіріп жіберіпті. Сызғандағы Самай атаның қонысындағы бұлаққа үлкен ақ тасты көміпті, қазір өзінің атымен аталатын бұлаққа қойдың басын, Сары жазға аттың басын, Күмістіге өзінің күміс кемер белбеуін жасырып қойыпты. Алмалыға алты алманы шүберекке орап үлкен тастың астына, Итмұрын деген жерге тауда өсетін итмұрынның бір уысын өзінің оқшантайына салып көміпті. Атақты Мыңжылқы биігінің астындағы Шапан жапқан деген жерге келгеде сауытының шапанын тастың үстіне жауып кетіпті.Содан жан-жақтан шақырылған билер алқасына жүгінгенде Қойбағар батыр өзінің қойған белгілерінің барлығын тауып беріп, атамекенді қорғап қалған екен.Кейін Бабайқорған жеріне келіп, малдың жамбас сүйегін Шәуілдір мен Қотырбұлақ басына жылқының асық жілігін бұрын Қытай шылбыр атанған жерге атаның шылбырын көміп кетеді. Артынан бүл белгілерді тапқанда сол жерлердің аты әлгі белгілерге негізделіп аталса керек. Мұндағы «Қытай шылбыр» дегеннің мәнісі былай. Сол билер алқасына еріп жүрген бір би «Ойпырмай, мынау енді асып кете ме?!» депті. Содан ол жер Қытай шылбыр атанып, сол жерлерге Саңғыл би бабаның үрпақтары тарап қоныстанады.Билер алқасы кейін келіп қоныстанған елді Шу бойына, одан арқаға қарай ығыстырып, атамекенімізді қайтарып бергізіпті.Міне «Қойбағар батырдың даналығының, ақылдылығының, батырлығының арқасында бабаларымыз ата қонысқа осылай оралған екен. Ал «аманат» деп жер астында қалдырған көсенің мәйітін Саңғыл бидің қасына қойған екен.Ата қонысқа келген соң Қойбағар батырға аталарымыз: «Қалаған жеріңе орналас, басқаларды сенен кейін орналастырамыз» дейді. Сонда Қойбағар батыр қазір сол өзінің атымен аталатын Қаратау алқымындағы көкорай майсаң сазды қалайды. Аталарымыз да сөзінде тұрып Қойбағар батырдың қалаған жерін берген екен. Сол жер қазір Қойбағар сазы деп аталады.• Саңғылдар шежіре, Рахым қажы Балаби, 1999• https://sangyl.site/• https://www.facebook.com/groups/1762287963929362