Мавзолей Сангыл би находится на склонах аула Басбулак в квартале Сузак, на восточном склоне Козмолдака.Имя Сангыл би встречается в исследованиях на русском и казахском языках. В частности, в труде Н. А. Аристова «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности» есть о нем упоминание.В одних генеалогических легендах Сангыл би – приближенный и соратник Джучи хана.История культурной близости тюрков и монголов наполнена, как периодами мирного взаимодействия, так и военными столкновениями. В период восшествия Чингисхана, история тюрко-монгольского взаимодействия была достаточно противоречивой. Ему удалось под свои знамена собрать меркитов, татар, тайшуытов, кереев, жалайыров, коныратов, найманов, и др. племена. В 1206 году Чингисхан собрал Великий Курултай, в котором приняли участие 19 биев, среди которых был и Майкы би, родоначальник многих племен, вошедших в этногенетический субстрат казахкого народа. В это время и проявилась личность Сангыл бия. Ему было всего 25 лет.По другой версии род Сангыл берет свое начало от Сангыл бия, который был одним из степных аристократов, вознесших Чингиз хана на трон. По легенде, после превозглашения Чингиза ханом, Сангыл бия благодарили, сказав ему: «Пусть твоим кличом станут – конырат, птицей – орел, деревом – яблоко, знаком – месяц».Историки утверждают, что Сангыл по родословной тюрков и монголов, родился в 1180 году. Предположительно он был родственником супруги Чингиз хана – Борте, поэтому был в близком окружении кагана.
«Саңғыл Би және оның кесенесі»
Бектас ШІРІКБАЕВ
«Саңғыл би» қауымдастығының құрметті төрағасы
Құрметті бауырлар!
Қоңырат «Саңғыл Би» туралы Ш.Құдайбердиевтің «Шежіресінде», орыс ғалымы Н.А.Аристовтың, қазақ тарихының білгірі, профессор А.Машановтың, тарихи романшы Ә.Кекілбаевтың, ғалымдар Р.Бердібаев пен Қ.Салғариннің естеліктері мен зерттеулерінде Шыңғысты таққа отырғызып, хан көтерген тарихи қайраткерлердің бірі ретінде келтіреді. Осы зерттеулерге сүйеніп «Саңғыл би» бабамыз туралы жекелеген авторлардың баспа беттерінде де көптеп мақалалары жарияланғаны баршаға мәлім. Ұрпақтары бабамыздың бейітінің басына 1996-1999 жылдары сәулетті әрі көрікті етіп кесене салып, келер буынға тарихи мұра қалдыра білді. Өткен күндерден естелік ретінде менің авторлығыммен 2018 жылы «Саңғыл Би және оның кесенесі» атты кітап жарық көріп, кесененің салыну тарихы толық жазылып оқырман қауымға жеткізілгді. Бүгінгі оқырмандарымыздың көпшілігі интернетті, электронды ақпараттық технология құралдарының жетістіктерін көп қолданатын болғандықтан ағайындардың facebook парақшасын пайдаланып, кітаптан қысқаша ықшамдалған нұсқасын беруді жөн көрдім. Оқыңыздар, біліңіздер, айта жүріңіздер!.
1 .Саңғыл ағайындардың бірінші құрылтайы: Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында, соның ішінде Түркістан қаласында да әр ру өкілдері бас қосып, тарихтың тұңғиығында қалып бара жатқан ата-бабалардың шежірелеріне үңіліп, аруақтарға арнап ас беріп құран оқыту кеңінен үрдіс ала бастаған болатын. Осындай жиын саңғыл ақсақалдарының ұсынысымен Кентау, Түркістан қалаларында да бастау алып, ол кейін бүкіл Саңғыл руының құрылтайымен жалғасын тапты. Ұйымдастырушы топтың шешімімен бірінші құрылтай 1992 жылдың 9 мамыры күні Түркістан қаласында өтетін болып белгіленіп, сол күні Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден аса ағайындар жиналды. Құрылтай жиналысын жүргізуді ұйымдастырушы топтың жетекшісі ретінде маған тапсырды. Саңғыл ата әруағына арнап құран оқылып, жиналыстың күн тәртібі бойынша ұйымдастырушы топтың атқарған жұмыстары, құрылтайдың мақсаты, келген қонақтар туралы қысқаша мәлімет берілді. Осыдан кейін Алматыдан келген құрметті қонағымыз, ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым Академисының академигі Рахманқұл Бердібай аға қазақтың ру-тайпаларының шығу тарихынан бастап, Саңғыл атаның ұрпақтарына дейін кең көлемді мәселермен қатар атадан тараған белгілі бай-болыстар, шешендер мен ақындар, батырлар мен ғалымдар, күйшілер туралы мағлұматтармен қатар, өтіп жатқан жиынның ыдырап кеткен ағайындардың бірігуіне, жақын танысып білуіне деген септігінің мол боларын айтып көптің көңілдерінен шықты. Кезекті сөз алған Кентаулық, көп жыл партия жұмыстарында болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Ибрагим Шлембаев ағамыз Саңғыл ағайындарға жазған Үндеуге егжей-тегжей түсіндірме беріп, бұл бас қосу көптен бері күткен, әрі маңызды жиын екеніне тоқталып өтсе, өзге сөйлеушілер: Бөлетов Әбілхайым, Сұлтанов Сәрсен, Әбдрахманов Сейітсұлтан, Ақпанбетов Бимахан, Өмірбеков Әбутәліп т.б. өздерінің қуанышты сезімдерін жеткізіп пікірлерін ортаға салды. Құрылтай жиналысының шешімімен «Саңғыл би» қоғамдық қоры (қауымдастығы) құрылып, оның төрағасы болып мені сайлады. Екінші негізгі мәселе бойынша «Саңғыл би» ұрпақтарының шежіресін жинақтаушы топ жетекшісі болып Шлембаев Ибрагим сайланды . Үшінші мәселе Саңғыл атаға салынатын кесене орнын белгілеу, кесене жобасын дайындау, кесене салу жұмыстарын ұйымдастыру қауымдастық басшысы маған тапсырылды. Орталық басқару органы құрылды. Әр өңірде жиналыстар өткеріп, өңірлік басшыны сайлау, ағайындардың тізімін және шежірелерін , жалпы қорға қаржы жинау мәселелері егжей-тегжей қаралып шешілді.
Құрылтайда қабылданған шешімше сай қауымдастықтың іс жоспары түзіліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленіп іске кірістік.
2. Кесененің салынатын орнын белгілеу. 1992 жылдың жаз айында Кентау қаласынан бір топ ақсақалдармен бірге Өмірбеков Әбутәліп екеуіміз Созақ ауданындағы Қозмолдақ ауылына бардық . Мақсатымыз Саңғыл атаның бейітінің жатқан жерін көру, бабаға арнап салынатын сағананың орнын белгілеу болатын. Аудан ақсақалдарымен болған бас қосуда пікір алмасып болған соң, Басбұлақтағы Саңғыл атаның бейітінің басына құран оқылды Оның жанындағы биік Қарауыл төбенің үстіне көтерілгенімізде ол жерден тек Қозмолдақ-Сызған емес, алыстағы Созақ ауылы, оңтүстігі Қаратаудың
шыңдары мен солтүстігі Мойынқұмның жоталарының панорамасы тегел көрінетін сұлу жер екен байқалды. Төбенің үсті геометриалық өлшеммен айтқанда диаметрі 45-50 метр, биіктігі 5 метр келетін ақ шеңгел басқан дөңгелек алаң болса,оның шығыс және оңтүстік жағы ойпат келетін, қыста – көктемде қасындағы бұлақтың суы жиналып жататын кіші-гірім көлшік , айналасы көкорай шалғын жер екен. Біздің сонау Күнгейден келіп Бабаның басына белгі қоюға іздеп келген жеріміз алдымыздан шыққандай болды. Себебі ол қарауыл төбе Бабаның жатқан жерінен шамамен 50 метр қашықтықта болса, оның төбесіне салынатын сағананың да көрінісі , оның айналасындағы панорамасы да керемет боларына күман жоқ еді. Бәріміз осы пікірге тоқтап, төбенің басында құран оқытылып, «Саңғыл би» кесенесінің салынатын орны белгіленіп қазығы қағылды.
3. Кесененің жобасын дайындау. Кесене салу үшін жақсы жоба болу керек. Арада көп уақыт өткермей Қазақстанның мәдениет министрлігіне қарасты «Қазаққайтажаңғырту» РМК-ң жобалау тобының Түркістан қаласындағы филиалына барып , еліміздің барлық облыстарында бар ескерткіштердің фотобейнелерін және жақсы жабаларын көріп танысып шықтым. Ол жобалау тобының жетекшісі Нұрғали Имажанов деген азамат 1988-1990 жылдары , мен Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде жүргенімде , ол қаланың Бас сәулетшісі болып жұмыс атқарған, қызметтес болғанбыз. Менің өтінішіммен ол салынатын кесененің бірнеше эскизді үлгісінің жобасын сызып берді. Сол үлгілердің ішінен «Саңғыл бидің» қазіргі кесененсінің пішінінің (формасы) нобайына (эскизіне) тоқтадық. Мен сәулетшіден эскизді және соның пішінін (макетін) жасап беруді өтіндім. Ол дайын болған соң Қ.А.Иассау кесенесі жанындағы археологиялық бөлімнің мүсіншілеріне пішінінің (макеттің) саз балшықтан мүсінін жасатып алдым. Міне осы мүсінді, оның эскизін алып, Отырар, Созақ,Жетісай, Келес аудандарындағы, Кентау, Шымкент , Түркістан қалаларындағы ағайындарға таныстырып көпшіліктің қолдауы алынды. Кесененің жобасын сызуды да Нұрғалидан өтіндім. Оның сұрағаны кесене қай жерде салынады, жер қыртысы қалай, тасты ма, қара топырақ па, кесененің қабырғасы қандай материалдан тұрғызылады, деген сұрақтар қойды. Мен кесененің салынатын жері Созақ ауданында, Сызған совхозының Басбұлақ елді мекеніндегі қарауыл төбенің үстінде салынады деп түсіндірдім. Ол мені тыңдап болып, қарауыл төбелердің көпшілігін бұрын қолдан топырақ пен тастан үйіп төбе тұрғызатынын, сондықтан ол жерге барып төбесін қазып, қанша тереңдікте жердің таза табихи қыртысы жатқанын көзбен көріп, өлшеп келу керек, содан кейін салынатын кесененің іргетасының параметрлерін шығаратынын айтып түсіндірді. Арада көп уақыт өткізбей мен Созақ ауданындағы Сызған совхозына барып, директорынан 1-2 сағатқа жер қазатын эксковаторын сұрап алып , қарауыл төбенің төбесін жер қыртысына жеткенше қаздырдым. Тереңдігі 2.5 метрде жер қыртысы таза топырақ көрінді . Сырттай төбенің биіктігі 5 метр болғанымен таза жер қыртысы 2.5 метр тереңдікте жатқаны бұрын бұл қарауыл төбенің өзі кіші –гірім төбешіктің үстіне салынғаны, төбенің астында тастан қаланған кіші бөлменің болғаны да байқалды. Көргенімді түгелдей сәулетші Нұрғали Имажановқа айтып келдім. Ол «Саңғыл ата» кесенесінің, қабырғасын силикат кірпішпен көтергенін дұрыс деп өзі ұсынысын айтып , жобаны дайындауды қолға алатынын ,оған жобалау тобының жігіттерін қосатынын, оларға басшылықты өзінің жасайтынын, жігіттерді кейін риза ету керектігін айтып мені шығарып салды. Ай сайын хабар алып тұрдым. Кесененің жобасы 1993 жылдың мамыр айында дайын болды. Бас жобашы Нұрғали Имажанов, ал жобаны сызғандардың құрамындағы 5 сәулетшілердің бірі Жұмахан Жылысбаев бауырымыз еді. Кесененің құрылысына қанша кірпіш, тас, құм, цемент, тақтай кететінің, кесене параметрлері толық есептеліп берілді. Мен де олардың еңбектерін бағалап ризалықтарын алдым.
4.Өңірлерді аралау, қаржы және шежіре жинақтау. 1993 жылдың 15 қараша күні Қазақстан Республикасының өзінің төл вальютасы – теңге шығарылып, 500 сом бір теңге болып, жаңа купюрлер айналымға енді. Банкте сақталған аздаған қаржы тиын болып қалды. Оның үстіне инфляция күннен күнге өсіп, қымбашылық бола бастады. 1994 жылғы қыс қатты болып, Созақ, Түркістан өңірлерінде қатты мал шығыны орын алды. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ, желілі телефон біреуде бар, біреуде жоқ, ағайындармен күнделікті байланыста болу қиындау еді. 1994 жылдың күзі мен 1995 жылдың жаз айларында алғашқы рет Алматы қаласына,кейін Жетісай , Келес, Отырар, Созақ аудандарыына, Шымкент қаласындағы саңғыл ағайындардың бас қосуына қатысып , өз кезегімде қысқаша атқарылған жұмыстар туралы мағлұмат беріп, ендігі жерде мәселе қаражатқа қарап тұрғанын, шежіре жинақтау жайында да әңгіме өрбітіп, пікірлесіп қайтқан болатынмын.
Алматыда болған жиыннан кейін мен Кентаулық ағайын , Қазақстанның Сауыд Аравиясындағы елшісі Бағдат Әміреевті іздестіріп, онымен кездесіп салынатын кесене жайында әңгімелескен болатынбыз. Ол өз тарапынан үлесін қосумен қатар, кесенеге бір вагон цементке лимит беруді Бексеитов Руслан деген Шымкенттік досына телефон соғып, мәселені шешіп берген. Осындай кездесулер Кентау, Түркістан қалаларының елді мекендері мен ауылдарында бірнеше реттен өткерілді. Арада тағы да бір жыл өтті. Алматылық ағайындардың келуімен бірге ел ағалары мен өңірлік басшылардың 1996 жылы басын қосып, қолдағы бар қаржыға құрылыс жұмыстарын (кесене іргетасын) бастауды келісіп шешіп алдық.
5. Кесененің іргетасын құю. 1996 жылдың 4 қыркүйек күні мен және құрылыс инженері Құралбай Қожабаев аға екеуіміз Қозмолдаққа келіп, Аман Айтжанов деген азаматтың үйіне орнықтық. Ертесіне совхоз директоры С,Атабековтің кабинетінде ауылдың әкімі Төлен Исатаев, бас дәрігері-өңірдегі ағайындардың басшысы Марат Жақсыбергенов және ақсақалдар А.Бөлетов, М.Берістемов, Аман Айтжановтармен кездесіп мына мәселелерді шешіп алдық:
-4-5 текше метр тақтай дайындау; оны ауылдағы көше бойларындағы, үй аулаларындағы биік әрі жуан көп жылғы теректерін қырқып , пиларамадан өткеру;
-кесене салынатын жерге таудағы өзен бойының құм аралас тас (гпс) және жуылған қиыршық тас аралас құм тасу;
-4 тонна арматура, оны совхоздың ескі қораларында, далада жарамсыз қалған темір-бетон бұйымдарын талқандау арқылы, совхоз гаражындағы жарамсыз қалған автокөліктердің рамаларын жинау арқылы дайындау; Бұл мәселерді қалай шешу жолдарын Марат Жақсыбергенов екеуіміз күні бұрын ауылды, мал қораларды ,гаражды аралап, қай жерде алуға жарайтын материалдар бар екенін анықтағанбыз.
-бетонараластырғыш жабдығын, су таситын техника мен су сақтайтын ыдыс дайындау;
-самосвал автокөлігі мен жер қазатын трактор;
-құрылыс нысаны басына эл.желісін тарту, еңбек құралдарын дайындау, цемент сақтайтын қойма және төбенің басында арнайы цемент ыдысын, электродтар дайындау;
-5-6 адам жұмысшы , оның ішінде бір эл.дәнекерлеуші, кезекпен асаршы топтар ұйымдастыру;
– ауылдан келетін жұмысшыларға түсте бір мезгіл тамақ, ал, Түркістаннан келген 2 маманға жататын жерін, үш мезгіл тамағын ұйымдастыру. Бұл белгіленген іс шаралардың бәрі қордың есебінен қаржыландырылатыны ескертілді.
Барлық құрылыс материалдары да, жұмыс күштері де , автокөліктер мен техникалар, еңбек құралдары мен тынығатын, жататын жерлері де қысқа мерзімде дайын болды.
Іргетасқа дайындық жүріп жатқанда .Шымкент қаласында КСМ-2 құрылыс материалдарын шығаратын комбинаттың директоры , бауырымыз Сембі Егембердиевке барып, цемент зауытының директорының орынбасарына 5 қыркүйек күні бірге кіріп, жеке кәсіпкер Бексеитов Русланның лимиті есебінен қолма-қол ақшаға цемент алып беруін сұранып , мәселені шешіп алдық. Бір күн өткен соң зауыт жанындағы автокөлік тұрағынан КАМАЗ-цемент-таситын автокөлікпен келісіп, бірінші партия цементті заводтан алып, оған қоса қордың ақшасына 2 тонна арматураны КСМ-нен алып , автокөлікке тиеп жолға шықтым. Осылай 6 қыркүйек күні бірінші партия 12 тонна цемент Қозмолдаққа жеткізіліп совхоздың қоймасына түсірілді.
Құрылыс материалдары дайындалып біткен соң инженер Құралбай аға екеуіміз іргетастың жобасын алып, төбенің басында оның әрбір бұрыштарын геометриялық заңдылықтарға сәйкестігі өлшеніп, қазықтары қағылып, іргетастың негізі шұңқыры қазылып, тақтайлардан қалып орнатылды. Осыдан кейін жердің қыртысына арматурадан тор тоқылып бетон құйылды. Екінші және үшінші қатарларға автокөліктердің рамаларының қаңқаларынан құрсау жасалынып бетондалды. Төртінші қатар жердің бетінде тағы да арматурадан сетка тоқылып бетондалды. Осылай 1996 жылдың 20 қазанында кесененің іргетасы құйылып бітті. Оған 36.5 тонна цемент кетті Арада 4-5 күн өткен соң іргетастың қалыптарын алдырып, үстін руберойт қағаздарымен, тақтаймен жауып, қысқы мерзімге жылылық сақтау шараларын жасадық. Қолда бар қаржыдан және жиналған малмен жұмысшылардың жалақылары, дүкенге қарыз өзге де шығындары толық төленді.
1996 жылы Саңғылдар шежіресін жинақтауды жауапкершілігіне алған ағамыз Ибрагим Шлембаевтың қайтыс болуына байланысты, ағайындардың қолдауымен ол тірлікті әрі қарай жалғастыруды ақын ағамыз Рахым Балабиев пен өлкетанушы Рахман Берді Жапбарқұловтар өз міндеттеріне алды.
6. Кесененің кірпіші мен ұсталарын дайындау. Кірпіш мәселесімен бас қосу Шымкент қаласында 8 ақпан 1997 жылы Сембі Егембердиевтің үйінде болды. Бас қосуға барлық өңірлердегі төрағалар жиналып , жиынның талқысына кесененің құрылысын кірпіштен немесе монолиттен тұрғызу туралы екі нұсқадағы жобаны үйдің қабырғасына іліп қойып, қай нұсқада қанша материалдар кететінін, олардың ерекшеліктері туралы түсіндірме беріп шықтым. Осыдан кейін әркім әртүрлі пікір айта бастады. Осы арада көпшілікке бейтаныс бір жас жігіт тұрып неше кірпіш керек деп сауал қойды. Мен оған 100 000 шамасында деп жобадағы есепті айттым. Ол бірденінен кірпішті мен тауып беремін, Семейдегі силикат кірпішін өндіретін зауытпен байланысым бар деп , жеткізіп беретіндігін сенімділікпен айтты. Ол Мақұлбеков Бәйгебай деген жас кәсіпкер, Созақ өңірінің тумасы еді. Мен және сол жерге жиналғандардың біразы Мақұлбеков Бәйгебайды (Бәкен) бірінші рет көріп, осындай жауапты тірлікті мойнына алғанына ризашылығымызды жеткізгенбіз. Кірпіш мәселесі осылай Шымкент қаласында шешімін тапқан болатын. Бәкен айтқан уәдесін орындады. Осы жылдың мамыр айының соңында екі вагон, кейін шілде-қыркүйек айларында үш вагон кірпіш әуелі Жанатас, кейін Таукент станциаларына келіп, оны совхоздың, Таукент қазба басқармасының, Шымкенттік ағайын Мәлік Бегалиевтің жүк көліктерімен шашаусыз Басбұлаққа тасымалданып жеткізілді.
Шымкенттегі бас қосудан кейін кесене жобасын сызған Түркістандағы сәулетшілерге қайта барып жолығып, кесененің кірпішін қалайтын ұста тауып беруін сұрағаным бар еді. Сол кезде жобаның бас сәулетшісі Нұрғали Имажанов «өзіңіздің бауырыңыз Жұмаханның осындай тарихи-мәдени ескерткіштердің жобасын сызумен қатар оның ескерткіштер қалауда да өнері барын айтып», қала маңындағы оның қолынан қаланып шыққан күмбезді нысандарды бір-бірлеп санап өткен еді. Осыдан кейін мен Жұмахан Жылысбаевпен кездесіп, Саңғыл бидің кесенесінің құрылысын қолға алуды ұсындым. Ол бірден келісті, себебі кесененің жобасы оған таныс, қолынан өткен. Онымен Қозмолдаққа кірпіш жеткізілген соң бару туралы келісілген болатын.
7. Кесене құрылысы. Кесене маңына алғашқы екі вагон кірпіш жеткізілген соң Жұмахан Жылысбаевты Басбұлаққа алып барып орналастырып, оған қосалқы жұмысшылар дайындап, 1997 жылдың маусым айының соңғы күндері кесененің іргетасы басында бір мал сойылып, ауыл ақсақалдарын шақырып, әруаққа арнап құран оқылып, бірінші кірпішін өзім бастап қойып бердім. Сол күні іргетастың үстіне айналдыра екі қатар қаланды. Жұмаханға төленетін еңбек ақы қаланған кірпіш санына қарай, қосалқы 5 жұмысшыларға, дәнекерлеушіге айлық нақты мөлшерде төлеуге келістік. Жұмысшылардың жататын жері мен тамағы мәселелері шешілді. Осылай қызу жұмыс басталды.
Алдын ала келісім бойынша , Шымкент цемзаводынан қордың есебінен 30 тонна цемент әкелінді. Кентаулық ағайындар өз есептерінен , өз көліктерімен 5 тн цемент,. Түркістандық бауырымыз, кәсіпкер Кембаев Асанхан өз есебінен 4.0 тонна солярканы жеткізіп берді. Кесененің қабырғасын өруде алғашқы 20 қатарға дейін қарқынды жұмыс жүрді. Кейін ол биіктеген сайын сатылар қойылып материалдарды жоғарыға жеткізу қиындығы туындауына байланысты қосымша көмекшілер- асаршылар күніге бір көше ауыл жастары көмекке келді. Жалпы осы 1997 жылы кесененің бірінші жаппасы барабанға дейін 36 қатары қаланып бітті. Құрылыс жұмысын келесі жылы мамыр айында жалғастыруға уәделестік. Қысқы үзіліс болғанымен мен үшін қаржы жинау, жұмысшылармен есеп айрысу кезеңі болатын. Өңірдегі ағайындардың басшыларымен хабарласып, жұмысшылардың айлығын ұнмен , малмен, теңгемен есептесіп бұл мәселені де ұзаққа созбай шешімін таптық.
8. Қаржы жинау және шежіре жинақтау.1997 жылдың күзінде Кентау қаласында, Әбутәліп Өмірбеков ағаның үйінде ағайындардың кезекті бас қосуы болып, онда қаралған мәселенің бірі Б.Мақұлбековке әкелінген кірпіштің ақысын төлеу болса, құрылысшылардың ақысы мен құрылыс шығындарына қаржы жинау еді. Сол жолы Кентаулықтардан 200 000 теңге Б.Мақұлбековке берілді. Қалған сомаларды мүмкіншілігінше ұзаққа созбай есептесуге уәделестік. Өңірлерден келген басшыларға кесене құрылысын 1998 жылы бітіру жоспарланғанын, оған бар күшімізді салып жұмыс жасайтынымызды, ол үшін қаражатты көктемге дейін жинау керектігі, сонымен бірге шежірені де жинақтап бітіруді жаңа құрамдағы редакциялық алқа мүшелеріне тапсырылды.
Осылай 1998 жылдың көктемі де жетті Ағайындардың қаржысына Шымкенттен 30 тонна цемент жеткізілді. Жұмахан бастаған құрылысшылар жұмысты мамыр айында бастап кетті.
9. Күмбездің көк плиталары мен күмбез үсті ай белгісі. Келесі мәселе күмбездің үстіне қапталатын көк плиталарды табу болатын.Түркістан қаласы атқару комитетінде қызметте жүргенде Қожа Ахмет Иассау кесенесінің үстінен көк плиталардың түсірілгені есімде бар еді. Ал «Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің директоры бұрын менімен қызметтес болған Темірхан Рыскелдиев деген азамат болатын. Осы танысыма тікелей барып , керек затымды айттым. Ол шамалы ойланып, оны ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің мәдениет жөніндегі комитетінің шешетінін, сол үшін ол жаққа бару керектігін айтып, екеуіміз келісімге келіп, комитет басшысының атына хат дайындап, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің күмбезінің жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде шыққан , бұрын пайдаланылған,қазір қорда сақтаудағы бояулы кірпіштерін ХIII –ғасырда ғұмыр кешкен, қазақ халқының билерінің бірі « Саңғыл бидің» кесенесіне 130 шаршы метр көлемінде пайдалануға беруді рұқсат етуін сұрандық. Осы хатты алып ол Алматыға іс сапарға кетті. Темірхан Рыскелдиев 5.08.1998 жылы Алматыдан маған телефон соғып мәселенің оң шешімін тапқанын, ол туралы бұйрық берілгенін , бояулы кірпіштерді 7-8 тамыздан қалдырмай тез арада алып кету керектігін қадап айтты. Осылай көк түсті бояулы кірпішінің мәселесі шешіліп, 130 шаршы метр болатын жүкті КАМАЗ автокөлігіне артуды Бажбанбаев Оразбек пен Лесбек Тәжібаев деген ағайындардың ұйымдастыруымен, Басбұлаққа 1998 жылдың 8 тамыз күні жеткізілді.
Көк бояулы кірпіш келген соң совхоздың тас кесетін әрі жонатын станогін пайдаланып, келген кірпіштерді бірыңғай өлшемге келтіріп жонып, күмбездің бетіне жапсыруға дайындадық. Әрі қарай күмбез қалау үшін тақтайдан арнайы шаблон дайындалды. Екі жұмыс болмау үшін , кірпіштердің бірімен бірі жабысып мықты болуы қамтамасыз етіліп, күмбездің ақ кірпіші мен көк бояулы кірпіштер қатар қаланып шықты. Бұл жұмысқа «Түркістан қайтажаңғырту» РМК-ң бір күмбезшісі көмекке шақыртылды. Күмбез жоғарылаған кезде Кентау трансформатор зауытына арнайы барып кесененің күмбезінің ұшар басына орнату үшін ай белгісін биіктігі 2.5 метр етіп, тотықпайтын металдан дайындауға тапсырыс бердім. Зауыттың директоры ол кезде Аманкелді Қалдыбаев деген Түркістандық саңғыл ағайын болатын. Ол Саңғыл биге арнап жасалынып жатқан тірліктердің бәрінен хабардар, әрі өз үлесін қосып жүрген азамат жан еді. Уәделескен күні тотықпайтын металдан жасалынған 2.5 метр биіктігі ай белгісін зауыттан алып жеке автокөлігіммен Басбұлаққа жеткіздім. Ай белгісі ертесіне кранмен көтеріп, барлық геометириялық өлшемдерді сақтап және күмбез төбесінде желдеткіш тесікті қалдыра отырып, күмбездің ұшар басына металды листтен зонтик дәнекерленіп, оның үстіне орнатылды. Бұл 1998 жылдың қыркүйек айының соңғы күндері еді. Осылай кесененің тұла бойы тұрғызылып бітті.
Кесененің Бас сәулетшісі Нұрғали Имажанов, сәулетшісі, жобаның авторлық бақылаушысы, шебері, әрі бас кірпіш қалаушысы Жұмахан Жылысбаев, кесененің іргетасының прорабы Қожабаев Құралбай, кірпіш қалаушының көмекші Сейдуалиев Нұрәлі болды. Атқарылған жұмыстың бәрі Сағылдардың 1992 жылы өткерілген құрылтайындағы тапсырмаға сай , ағайындардың толық қолдауының әрі демеушіліктерінің арқасында, өзімнің ұйымдастыруыммен және басқаруыммен жобаға сай етіліп абыроймен орындалды.
Айта кету керек 1998 жылдың күзіне дейін кәсіпкер Б.Мақұлбековке оның жеткізіп берген кірпіштері үшін қаржы әр өңірлерден 1,15 млн тенге жиналып берілді.Сондай-ақ барлық ұсталар мен жұмысшылардың жалақылары ақшалай немесе продукты түрінде толық берілді.
Саңғыл би кесенесінің тұла бойы құрылысы біткенімен оның ішін сылау, есік-терезелер , баспалдақтар орнату, «Саңғыл би» мүрдесін орнату, оның айналасын мраморлы таспен төсеу, кесене айналасына тас және плиталар төсеу, көгалдандыру, абаттандыру, үлкен қақпа орнату, жаяу жүргіншіге жол салу, бүркіт белгісін орнату және Қозмолдақтан тікелей кесенеге тас жол салу, су ұңғымасын қазып суландыру сияқты жұмыстары мол еді. Бұл жұмыстың бәрі жоспарға сай ауыл тұрғындарының қажырлы еңбегімен, аудан әкімінің көмегімен, өңірлердегі ағайындардың қолдауының арқасында кесененің салтанатты ашылу күніне дейін 1999 жылы абыроймен атқарылды.
Міне осылай Қаратаудың теріскейінде Мыңжылқының баурайында «Саңғыл биге» арналып сәулетті де сұлу кесене салынды. Кесененің сәулетті әрі сымбаттылығына тамсанбаған жан қалмады. Кесененің ашылу салтанатына дейін еліміздің түкпір-түкпірінен келіп көріп жатқан ағайындардың да, құда-жекжаттардың да, қонақтардыңда сүйсінбегені болмады десем қателеспейтін шығармын.
10. Кесененің салтанатты ашылуына дайындық. Осы кесене жұмысы басталарда оның салынатындығына күмән келтіргендер де баршылық еді. Біріншісі, бағаның тұрақсызданып, жаппай инфляцияның өсуі болса, екіншісі бұрын бірін–бірі көрмеген, білмеген ағайындардың арасындағы сенімсіздіктері де болды. Уақтысында үлкен ұжымдарды басқарған, басқарып жүрген ағаларымыздың арасында да бұл тірліктен өзін және өзімен бірге әулеттерін түгел аулақ ұстағандары да бар еді. Кеңес үкіметінің атейістік тәрбиесін көп көрген, кесененің салынуын шын қолдамағандар да, басында бір көрініп, соңында бірақ келгендер де болды.Бірақ , кесененің салынып біткенін есітіп, алда бір үлкен астың болатынын сезінгендері келіп, «Саңғыл би» кесенесінің сәулетті болып салынғанын көздерімен көріп , жалпы ағайындар қатарынан табылып, олармен бірге қауыштарын бөлісіп жатқандары бәрімізді қуантарлық әрі есте қаларлық жағдай еді.
Аудан әкімі Қуаныш Айтахановпен кездесіп «Саңғыл би» кесенесінің салтанатты ашылу күнін 1999 жылдың 27 тамызы деп белгілеп алдық. Әрине, ол күнді аудан әкімі облыс басшыларымен байланысып, сол күні облыс көлемінде басқа іс-шаралармен қабаттасып қалмау үшін хабарласып өзі белгілеп берді. Осыдан кейін аудан әкімдігімен бірлесіп іс-шаралар даярланды. Ұйымдастыру комитеті құрылды. Асқа шақырылатын Құрметті қонақтардың тізімін және оларды шақыру, күтіп алу, шығарып салуды , прессаны әкімдік өзіне алып, қадірлі қонақтарға арналдар Үлкен үй және өңірлерден келген қонақтарға арналған үйлерді тігу, оларға ас тарту, дастархан мәзірі , аламан бәйге, құнан бәйге, салым-көкпар, өзге де спорт ойындары т.б. түгел саңғыл ағайындарға деп белгіледік.
Саңғыл би кесенесінің ашылу салтанатына Шақыру билеті дайындалды. Кесененің салтанатты ашылуына дайындық іс шаралардың орындаушылары саңғыл ұрпақтары болғандықтан ағайындардың кезекті бас қосу Шымкент қаласында Бегалиев Мәлік ағаның үйінде 1999 жылдың шілде айының алғашқы күндері болып мынадай шешімге тоқтадық:
1.Үлкен Ақ үй – 300 адамға , оның тігілуі, ас мәзірі , барлық шығындарын Әміреев Бағдат-дипломат, өз міндетіне алды. Үйдің тігілуі, тамақ мәзірін дайындау Түркістандықтарға жүктелді.
2. Әр аудан, қалаларға 5 үйден, жеке ағайындардың өз ұсыныстарымен –барлығы 69 үй тігілу жоспарланып, қай өңірдің қонақтарын күтетіндіктері белгіленді.
3.Спорт ойындары: Аламан бәйге 30 шақырымға: Біріншңі орынға –ГАЗ-31 жеңіл автокөлігі-Алматылық ағайындардың атынан; Екінші орын- Қымбат бағалы Видео аппаратурасы комплектісімен. Оны сыйлаушы-Мұхаметсал Мырзалиев; Үшінші орын-тұйе, төртінші орын –жылқы, бесінші орын-ірі қара мал.
Құнан бәйге 20 шақырымға: Бірінші орын-Урал мотоциклы; екінші орын –түйе, үшінші орын –жылқы.төртінші орын ірі қара мал, бесінші орын-кілем
Салым көкпар: 10-сыйлықтар: түйе, жылқы, өгіз, кілемдер, 5000 теңгеден.
Казақша күрес, футбол, волейбол т.б. ойындар: сыйлықтар кілем, 5000 теңгеден..
Спорттық ойын-сауықтарға кім жауапты екені, тігілетін сыйлықтардың әкелуін қамтамасыз етуші белгіленіп, Үлкен астың берілетін күні-27 тамыз 1999 жылы екені хабарланды
Саңғыл ағайындардың «Саңғыл би» кесенесінің ашылу салтанатына дайындық жүріп жатқанын есіткен Маңғытай бауырларымыз, Ыбырай қажы Исмаилов бастаған топ келіп, атқарылып жатқан тірлікке өздерінің ниеттес екендіктерін айтып, Үлкен Аста 3 киіз үй тігетіндіктерін, сонымен бірге ат ойындарына сыйлыққа тігетін түйе мен ірі қара малдарының бар екенін , Маңғытай мен Саңғылдың ажырамас ағайын екендіктерін, қуаныштарын бірге тойлайтындықтарын айтып бауырлық сезімдерін білдіріп кеткен болатын. Кесененің ашылу салтанаты кезінде олар өз ұсыныстарын толық орындағаны барша жұртқа белгілі.
Үлкен іс шара Созақ ауданы төңірегінде болуына байланысты аудан әкімі барлық бөлімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сырттан келетін , арнайы шақырылатын құрметті қонақтар тізімдерін жасап шақырту қағазын жеткізуді, оларды күтіп алу, шығарып салуды әкімдік өз міндеттеріне алды.
Белгіленген іс-жоспар бойынша 26 тамыз күні қонақ күтетін үйлер әр ауданнан, ауылдардан түгел жеткізіліп 120 үй тігілді . Бұл алдын-ала белгіленгеннен 2 есе көп. Сыйымдылығы 300 адамға арналған, аспан түсті көк жамылғымен көмкерілген Үлкен Ақ Орда үйі тігіліп қонақ қабылдауға дайын болды.
Кесененің ішіндегі Саңғыл биге арналып мрамордан өріліп салынған мазары үстіне Саңғылдың қыздары дайындаған, арнайы жібектен тігілген ақ жабылғы жабылып, кесене ішіне кілемдер төселінді. Қозмолдақ-Сызғанның тумасы, Алматылық Дастан есімді бауырымыз өз есебімнен Алматыдағы «Түс киіз» фирмасынан «Саңғыл би» кесенесі бейнеленген 200 дана жібекпен өрнектелген жайнамаз бен Саңғыл бидің шапаны, бас киімдерін дайындатып алып келіп сыйға тартты. Түркістандық қол өнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлер кесененің портретін, саз балшықты мүсіндерін, кесене суреті бейнеленген медальондар жасап көрермендерге ұсынды. Созақ ауданы Ішкі Істер бөлімінің басшысы, полковник бауырымыз Шуахан Қалымовтың ұйымдастыруымен облыс орталығынан және өзге аудандардан қосымша тәртіп сақшылары алдырылып қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейде болу шаралары қарастырылды.
27 тамыз 1999 жыл.
«Саңғыл би» кесенесінің ашылу салтанаты сағат 10-00-де Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі Созақбай Әбдіқұловтің алғы сөзімен ашылды. Құттықтау сөздер арнап сөйлегендер:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, түрколог ғалым Рахманқұл Бердібай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Мыңбай, Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы төрағасының орынбасары Қалдарбек Найманбаев,«Саңғыл би» қайырымдылық қоры қауымдастығының төрағасы Бектас Шірікбаев. Құттықтау сөздері біткен соң келген қонақтардың қатысуымен кесененің ашылу лентасы қиылды. Кесененің алдынғы парталындағы көк жамылғы түсірілген соң Облыстың бас имамы Мухибулла қажы «Саңғыл би» бабаға арнап құран оқыды. Осыдан кейін жиылған жұрт кесене ішіне кіріп және екінші қабатқа көтеріліп танысып құрылысты жүргізген , оған басшылық жасаған, ұйымдастырған және көмек берген ағайындарға ризашылықтарын білдіріп , естелікке суретке түсіп жатты. Ай күмбезді , сымбатты сағанаға кіріп, баба басына тәу етушілер тым көп еді. Олар баба сағанасына күн ұзақ, кезекке тұрып, ретіне қарай ішке кіріп жатты. Басбұлақтың іргесіндегі қалың қоғалы, көкорай шалғынды алаңқайға аппақ ақ шаңқай үйлер қаз қатар орнай қалыптасқан . Жүз жиырма қаралы осы үйлердің ортасында аспан түсті шатырлы ғимарат ерекше көзге ілінеді. Міне осы Үлкен үй арнайы келген құрметті қонақтарға арнап тігілген.
Үлкен Ақ үй ішінде, дастархан басында құрметті қонақтарға сөз беріп отыруды «Саңғыл би» қауымдастығының президенті Бектас Шірікбаев басқарып жүргізіп отырды.
Ел бірлігін, ел тұтқасын сақтауда айрықша орны бар Саңғыл би кесенесінің ашылу салтанатының куәсі болғанымызды , ендігі жерде халқымыздың салт-дәстүріне сай ас беріліп жатқанын айта келіп, дәм үстінде әруақтардың атына бағыштап құран оқытылды.
Ас мәзірі кезіндегі сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық Ғылым Академиасының академигі Өмірзақ Айтбай, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Мырзагелді Кемелов, Әкім Ысқақ, Сайрам ауданының әкімі Куаныш Айтаханов, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы өкілетті және төтенше елшісі Бағдат Әмреев, сазгер Илья Жаханов, ОҚО облысының Құрметті азаматтары Шүкірбек Боранбаев, Әділ Сасбұқаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шаяхмет Молдабеков, Қазақ Телерадио компаниясы мемлекеттік мекемесінің директоры Алтынбек Рысқұлов, Ақындар: Рахым Балабиев, Қаныбек Сарыбаев, К Бөрғазиев, Түркістан қаласының құрметті азаматы Жарылқасын Әзіретбергенов, Ыбырай Қажы мен ғалым Дандай Ысқақ және тағы басқалар сөз сөйлеп , Саңғыл бидің қоғамдағы алар орны туралы және «Саңғыл би» кесенесінің салынуына Рухани жетекшілік жасаған ғалым Рахманқұл Бердібайға, құрылыс жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасаған қордың төрағасына, кесененің жобасын сызғандарға, құрылысын жүргізген азаматтарға, қаржылай көмек берген ағайындарға алғыстарын айтып , ризашылықтарын білдірсе, ақындар арнайы өлеңдерін оқыды.
Сөз сөйлеп құттықтаулар айтқандарға және келіп сөз кезегі тимеген қадірлі қонақтардың бәріне қазақи дәстүрмен шапандар жабылып, силықтар беріліп құрмет көрсетілді. Ас кезінде, сөз арасында Облыстың және ауданның көркемөнерпаздар ұйымының ұйымдастыруымен Майлықожа мен Құлыншақ Кемелұлының термелері , Сүгір мен Төлеген Момбековтің күйлері, халық композиторларының әндерін белгілі әншілер мен күйшілер орындап жұртшылықтың құрметіне ие болды .
Саңғыл би сағанасының салыну барысында оның ұрпақтары бабаның барлық қырын қамтыған ғылыми-танымдық кітаптар шығаруды да қолға алған болатын. Той қарсаңында белгілі ақын Рахым Балабиевтің «Саңғылдар» шежіресі кітабы, оның ішінде Саңғыл биге арнаған дастан, ағайындарға жазылған арнау өлеңдері айтылса, Рахман Берді Жапбарқұловтың «Саңғыл би», «Ардагер асыл ағалар», «Бабаның батыр ұрпақтары», «Даналар рухы» т.б. кітаптары, Егеменді Қазақстан , Оңтүстік Қазақстан ,Созақ ауданының «Молшылық» газеттерінің беттерінде Саңғыл би туралы белгілі тұлғалардың, ақындардың көптеген мақалалары мен арнау өлеңдері жарық көрді.
Ас беріліп құран оқылып біткен соң киіз үйлер тігілген орталық алаңға жиналған қонақтар алдында «Саңғыл би» қауымдастығының төрағасы – маған аудан басшылары мен ел ағалары «Саңғыл би» кесенесінің салынуын ұйымдастырған әрі басшылық жасаған еңбегімді бағалап Ақ боз ат мінгізіп, шапан жауып құрмет көрсетті.
Осыдан кейін жиналған халық Мыңжылқының баурайында ұйымдастырылған ат ойындары спорттық іс шараларды тамашалауға бет алды. Алдын ала жоспарланғандай 30 шақырым қашықтыққа аламан бәйге, 20 шақырымға құнан бәйге, көкпар-салым ойындары күн батып , қараңғы түскенше өтіп тарқасты . Аламан бәйгенің жеңімпазы болып ГАЗ-31 автокөлігін Созақ ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны Нұрғали Жұмановтың «сүлік қара» жүйрігі иеленсе, 2-3 орынды Қызылорда облысының атбегілері, құнан бәйгенің жеңімпазы болып Созақ ауданының аттары иеленді.
11.Авторлық ой – пікір. Құрметті оқырман! Қоңырат «Саңғыл би» сағанасының салыну тарихы және оның ресми ашылуы жайлы қысқаша айтып өтілді. Біткен істі көрген қонақтар мен рулас бауырлар, ағайындар бұл идеяның шығу тарихы, қауымдастықтың бастау алған кездері, ұйымдастырушылар туралы, Саңғыл би кесенесі жобасының бас сәулетші, сәулетшісі, шебері, қалаушылары, кірпішті жеткізген кәсіпкер, осы жұмыстың барысында көмек бергендер мен пікірлес болғандар туралы толық мағлұмат алды деп ойлаймын. Бір көргендер ойлауы мүмкін, қаржы жиналды, құрылыс материалдары жеткізілді, кесене салынды –деп. Айтуға оңай…
Уақыты келгенде кесене алаңында «ескерткіш тақта» орнатылып, қауымдастыққа жетекшілік жасағандардың, бас сәулетшісінің, шебері мен кірпіш қалаушысының, көмек бергендердің есімдері жазылатын болады. Кесененің айналасына Саңғылдан шыққан болыс, датқаларға, батырлар мен ақындарға, ғалымдарға, қайраткерлерге арналып естелік тастар қойылып, оларға арнап сәндік талдар егіліп жатса көпшіліктің көңілінен шығар іс болар еді.
Осы жауапты жұмысты атқару барысында Рахманқұл Бердібай аға туралы ерекше айтқым келеді. Ол аға біздің ағайындардың барлық жиындарына қатысып, ақыл кеңесін беріп, жұмыстың тоқтаусыз жүруіне күш беріп, рухты көтеріп жүрді. Алматыдан телефон соғып ағайындардың аман-саулығын сұрап болып, кесененің тірліктерінен де мәлімет алып тұрушы еді. Рахман Берді Жапбарқұлов ағамыздың өлкетанушы ретінде, әрі шежіреге деген ыңғайының бар екенін біліп, Алматыдан жаңа баспа машинкасын, оған қоса өзінің әр кездерде баспа беттерінде ақындар мен жыраулар, күйшілер мен шешендер,батырлар мен би-болыстар туралы жарияланған тарихи, әдеби мақалаларының қиындыларын беріп, сен осыларды келешекте пайдалана біл, келешек ұрпаққа жеткіз, Саңғыл би туралы зерттеулер жүргізу керек деп, нықтап айтқаны бар еді. «Кесененің салыну тарихы жайлы жазу, Бектас, сенің мойныңдағы міндет екенін ұмытпа. Халықта «Мәңгілік қалатын іс адал іс» – деген аталы сөздер бар. Ағайындарды осы тірлікке ұйымдастырып, басқарып осыған лайықты адал еңбек еттің» – деп айтқанын ұмытпақ емеспін. Саңғыл би туралы кітаптар мен мақалалардың шығуына да ұйытқы болған Рахманқұл аға!
Саңғыл би кесенесінің салыну кезеңі Айтаханов Қуаныш ағаның Созақ ауданында әкім болуы уақытына тура келгені де біз үшін үлкен күш болды. Ай сайын өзі немесе орынбасары келіп жағдаймен танысып тұрды. Қуаныш ағаның арқасында кесенеге баратын жол салынды, совхоз басшысы мен ауыл әкіміне кесене жұмысы біткенше қажет болған көмектің бәрін беру туралы тапсырманы да беріп қадағалап тұрды. Осы жауапты жұмысты атқаруда, шежіре мен қаржы жинау барысында, өңірлердегі ағайындарға басшылық жасаған төрағалар да үлкен рөл атқарды. Олардың қасында көптеген ақсақалдар мен ел ағалары, кәсіпкер бауырларымыз болып, ағайындарды ұйымдастыруда, ақыл-кеңестерін беруде өз үлестерін қоса білді.
Кесененің салынуына кеткенқаржы. Жалпы кесененің салынуына кеткен қаражат, 1996-1999 жылдарғы бағамен -5.5 млн теңге шамасын құрады. Бұл сомаға қазіргі уақытта осындай сағана сала алмас едік. Сол кездегі курспен, теңгенің құны бар кезеңмен есептегенде ол қыруар қаржы болатын.Өңірлердің қосқан үлесі:Алматы қаласы- 593 мың теңге, оған қоса Б.Әмреев пен анасы 173 мың теңге; Шымкент қаласы-850 мың теңге; Түркістан қаласы- 650 мың теңге; Кентау қаласы-520 мың теңге, Отырар ауданы-500 мың теңге, Созақ ауданы- 800 мың теңге,Жетісай –Мақтарал – Киров аудандары-680мың теңге, Келес-Сарыағаш-Шардара аудандары-510 мың теңге, Өзбекстандық ағайындар- 80 мың.теңге, Төрткүл,Алғабастықтар- 150 мың.теңге. Қаржы түгел халықтан жиналды, біреулер мал берсе, біреулері шамасына қарай ақшалай көмек берді. Жеке дара қомақты қаржы бергендер болмады. Сағана маңындағы ағайындар техникамен немесе қол күшімен көмектессе, кейбіреулері жұмысшыларға тамақ ұйымдастырып жатты. Құрылыс материалдары: кірпіш, цемент, көк кірпіштер мен мрамор тастарының бәрі, жиналған қаражатқа алынып, ұсталардың және жұмысшылардың жалақылары осы қаржыдан берілді. Ал, кесене басына тас, құм, өзге де материалдар тасымалдау көліктерін беру, эл.энергия шығындарының көпшілігі сол кездегі «Сызған» совхозының көмегімен атқарылды. Қыруар тірлік ауыл тұрғындарының көмегімен, асармен бітті. Саңғыл би кесенесі құрылысына уақтысында көмек бере алмағандар бабаға арнап Ас беру кезінде өз үлестерін қосты. Өңірлерден тігілген 120 киіз үйлер мен ас мәзірі , спорт ойындары, бәйге және көкпарлар шығыны толық рулас бауырлардың үлесімен атқарылды.
Біздің мақсатымыз барлық уақытта бабаға арнап жасалынып жатқан тірлікті абыроймен атқару ғана болды. Көпшіліктен жиналған қаражаттың сұрауы бар. Қаражат бергендер «Бабамның әруағы қолдап жүрсін, бала-шағама, отбасыма, әулетіме амандық-саулық бер» –деп, алақанын жайып, дұға бағыштап береді, сол себепті ол мақсатты жұмсалды. Ол жерден жалақы алу басшылық жасап жүргендердің ойында болған жоқ. Барлық жаңа тірліктерді бастарда ағайындармен санасып ақыл кеңесі алынды, атқарылған жұмыстар үшін тиын-тебеніне дейін есебін беру ұмытылмады. Мен барлық ағайынға бірдей таза , шынайы көңілмен қарадым. Кейбіреулер өз беделдерін, атақтарын азын-аулақ берген көмегімен арттыруды мақсат тұтып, менің еңбегім мен абыройымды төмендеткісі келгендер де болғанын есітіп жүрдім. Саңғыл би сағанасының бітуі мен мемлекеттік деңгейде ресми ашылу салтанаты қиыншылықтарды артта қалдырды. Мен үшін және менің қасымда жүріп адал еңбек еткен азаматтар үшін сағананың құрылысы бітіп, елдің батасын алғаннан артық ешнәрсе жоқ еді. Соған ризашылық етеміз.
Кесененің салынуы мен ашылу салтанаты кезінде және одан кейінгі күндері де барлық алыс – жақындағы ағайындар өздерінің түпкі аталарының осы Теріскей өңірінен әр қилы заманда , еліміздің әр өңіріне тарап, өсіп-өніп жатқандарын естеріне алысып жатқаны , бабаның , аталарының осындай қарт Қаратаудың теріскейіндегі сұлу табиғаты бар жерге қоныстанып тіршілік құрғандарын мақтанышпен айтулары есте қаларлық жағдай еді. Солардың бірі болып мен де мақтаныш етемін.
Барлығымызға бірдей менің де аталарым заманында Теріскей өңірінде туып өскен. Таралуы Ағысай – Көсе – Шақай – Жиенбай,әрі қарай Жақсыбайы, Сапақ, Сырлыбай, Байқуат болып тараламыз. Ол аталар, соның ішінде Сырлыбай – Байқуат аталарымыз кезінде Қозмолдақты мекен етіп, жаз жайлауы Итмұрын шатқалы, қыс жайлауы Мойынқұм мен Қозмолдақ болған деседі. Итмұрын шатқалында төрт су диірмені болған екен. Ол диірмендер сол өңірдегі халыққа қызмет еткен, жаз бойы жинаған дәнді дақылдарын өңдеген. Шатқалға кіре беріс кең алқапқа аталарымыз әулетімен жаз мезгілінде егіс егіп күн көріскен, төрт түлік малға бай жандар болған. Ал Қозмолдақта аты Теріскей өңіріне белгілі, ішінде 3-4 жерде суы мол бұлақтары бар «Кәрі бау» деген жемісті бау Сапақ – Сырлыбай аталардың ұрпақтарына, ең соңғысы Байқуат атаға тиесілі болыпты. «Кәрі бау» деп аталуына қарағанда ол арғы аталардан бастау алып, кейінгі буынға қалдырылып келе жатқан , көп жылғы, тіпті көп ғасырлы тарихы бар бау болса керек. Ауыл ақсақалдары: Жабағы кәрияның, Әбілқайым Бөлетов пен Махмұт Берістемов ақсақалдардың, Марат Жақсыбергенов пен өлкетанушы Рахман Берді Жапбарқұлұлының айтулары бойынша «Кәрі бау» кешегі Кеңес Үкіметі орнаған, тіпті соғыс уақытында да болған. Баудың төңірегіне алғашқы Кеңес үкіметінің ұжымдық шаруашылықтардың кеңселері, кейін совхоздың кеңсесі, бала бақша, тұрғын үйлер салынып кеткенімен, баудың тау беткей жағы соғыстан кейінгі жылдары да сақталып келген. Оның аумағы Қозмолдақтан қазіргі Басбұлаққа бұрылар жерінен басталып, елді мекеннің тау беткейіне қарай созылып, көп жерді алып жатқан, алмалы, өзге де жеміс және сәмбі талды, жемісі елге жетерлік үлкен бау болған деседі.
Қазақтың сөз терминдері бойынша «бау» деген сөз кең көлемді жерді алып жатқан жеміс ағаштар алқабына тиесілі ұғымды білдіреді. Ал, бауды егу, өсіру және күту қашанда бірен-саран, қарапайым адамның қолынан келе бермейтін тірлік екені белгілі. Осы орайда Шыңғысты таққа отырғызып «Хан» көру салтанатына қатысқан Қоңырат Саңғыл биге: Ұраның – «Қоңырат», құсың – «Қыран», ағашың – «Алма-ағаш», таңбаң – «Ай» болсын деп ханның сыйластық пен ризашылық сезімін білдіріп айтқан осы төрт маңызды сөздерінен кейін, қазақ жерінің Қаратау қойнауының ең шұрайлы жеріне қоныс тепкен Саңғыл би немесе оның алғашқы буынды ұрпақтары «бидің дәрежесіне ылайықты, әрі «бау – береке бастауы» деп кең алқапты «алма ағашты бау»отырғызуы әбден мүмкін. Заманында ол бау бидің атымен «Саңғыл бау» деп аталуы да ықтимал. Дегенмен, бау бірден «Кәрі бау» деп аталмаса керек. Сол бау жылдап, ғасырлап жаңғыртылып, жеміс ағаштары қайта жасартыла отырып, кейінгі буынды ұрпақтарға «Кәрі бау» деген терең сырлы атпен жетсе керек.
Ал аталарымыздың ұрпаққа қалдырған сол «Кәрі бауын» қоныс еткен менің Сырлыбайұлы Байқуат атам 1860-1870 жылдары Күнгейге қоныс аударған екен. Аманбай ата мен әкемнің айтулары бойынша Байқуат атаның Күнгейге қоныс аударуының себебі бір перзент үшін болған дейтін. Туылған балалары көп тұрмай шетіней берген соң, жасы үлкен ата-ағалардың «қоныс ауыстыру керек» деген ақылымен керемет бауды, жазғы-қысқы қонысты, егіс алқабын , диірмендерді аталас ағайындарына тастап, күнгейге төрт түлік малымен қоныс аударыпты. Қоныстанған жері Қожа Ахмет Иассау әулие кесенесінің оңтүстік шығыс жағы Шойтөбе –Шөптікөл (Шошқакөл) аралығы болған дейді. Кейін Сыр бойына ауысқан. Осы өңірге келіп қоныс тепкен соң Байқуат атамыз Жаманбай, Аманбай, Әміркүл, Мәрия деген, екі ұл, екі қыз перзент көрген. Жаманбайдан менің әкем Шірікбай мен Қырқымбай, ал Аманбайдан Пернебай туылып, қазір олардан бір қауым ұрпақ жалғасып келеді. Ал, ата қоныстағы «Кәрі баудан» бүгін белгі жоқ. Қаратаудың күнгейінде туып өссек те біздің құлағымызға аталарымыз осы жағдайларды, соның ішінде «Қозмолдақ-Саңғылдың қара шаңырағы» деп,Кәрі бау мен Итмұрындағы диірмендерін естеріне алып, бізгеайтып отырушы еді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрып, еңбек етіп жүрген әрбір рулас бауырларымыздың да ортақ Саңғыл бабаның қоныс тепкен жері – Қаратаудың теріскейіне-қара шаңырағына деген ықыластары мол екені белгілі. Біздер, сыртта жүрген ағайындар, Қозмолдақ-Cызған-Басбұлақтың әр үйі саңғылдың қарашаңырағы болуға ылайық деп білеміз.
Қазақтың әрбір азаматы өзінің туған елін , оның сұлу табиғатын, батырлары мен билерін, ақындары мен әншілерін терең білмейінше, сүймейінше оларда отаншылдық болмайтыны анық. Ата бабаларымыздың ата қонысына деген осындай сүйіспеншілік ағайындардың бәрінде болды деп ойлаймын. Соның арқасында мойынға алған тірлік абыроймен атқарылғаны қуантарлық болды. Той біткен соң барлық өңірлердегі бауырлар жиылып Түркістан қаласына келіп, маған темір тұлпар мінгізіп құрмет көрсетті. Көрінген жерде ыстық ықыластарымен сәлем беріп қауышып жатамыз. Осыдан артық баға болмас.
«Саңғыл би» қауымдастығының Құрметті төрағасы Шірікбаев Бектас.
«Саңғыл би» кесенесінің ашылу салтанатында оның сәулеттілігін,сымбаттылығын паш етіп жырлаған белгілі екі ақынның өлең шумақтары:
Жарылқасын Боранбай, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі:
Жазылып қойса адам пешенесі,
Сыбырлап самал жел еседі осы.
Жалғаған, Кеше, Бүгін, Келер күнді,
Ғажап қой Саңғыл Баба кесенесі!
Шың жетпес Шыңғысханның замандасы
Жошының төбе биі , жан жолдасы
Келіпті Қаратаудың қойнауына,
Алланың добы болса адам басы.
Әулие-әнбиелер бар қасында,
Дүрліккен Дәуірлердің арқасында.
Жатыр ол Қаратауды қаптай қонған
Қара орман қоңыраттың ортасында.
Тәуелсіздік болса да балғын бала,
Біз бүгін жолға түстік даңғыл жаңа.
Тіршілік көш-керуен түзеткендей,
Қолдай бер, құдіреті күшті Саңғыл
баба!
Белгілі дауылпаз ақын Қаныбек Сарыбаев Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.
Ақын да емей ақынбыз,
Батыр да емей батырмыз.
Тоқпағын мықтап киізден
Қазықтар қағып жатырмыз…
Рахманқұл аға Бердібай,
Ұстазға ұйып сендім-ай.
Көрінген жерде, әйтпесе,
Төгіле бермен мен бұлай!
Шыңғысты Таққа мінгізген
Саңғыл би биік тұр бізден!
Кекілбайұлы Әбішім
Осыны маған білгізген!
Қоңыраттан шыққан көркемі
Туысқан тұтты Бөртені.
Шырмалып жүріп Шыңғысқа,
Жауының ішін өртеді.
Ураган болып бұрқаған,
Ұраны екен Мүлкаман.
Біздерден гөрі, әйтсе де,
Құдайға жақын бір табан!
Қозмолдақ, Сызған шұрайлы,
Нәпәсін ашып ұнайды.
Саңғылдың Қара Шаңырағы,
Дәл осы жерде сыңайлы!
Бүгінде кім көп-Саңғыл көп,
Өкпелеріңе қалғым жоқ:
Құлыншақ ақын Кавказдың
Тауында жатыр тарғыл көк.
Аламан жүйрік ол да аса,
Жасасаң соған жол жаса:
Қазаққа керек Құлыншақ
Саңғылға керек болмаса.
Қимай да қимай ұясын,
Қиылды жастай Зияшым.
Анарым ала бастады
Айтыстың қиын қиясын!
Жұлдызсыз түнге қараңғы,
Теңеймін ойсыз адамды.
Төлеген Момбекұлы еді
Тәттімбет осы заманғы!
Таныту үшін Сүгірді,
Төлеген қанша жүгірді?
Мойныма қарыз емеспе
Айтпасам аста бүгінгі?!
Бестекі сөзден жиренгем,
Қабығын ашып үйренгем.
Ағысай, Есен,Бегалы,
Марқабай, Нарбек билерден.
Кедейді қорғап бірыңғай,
Кеудесі тасқа ұрынды ай…
Кенесарыны Қоқаннан
Құтқарып алған -Құрымбай!
Саңғылдан батыр көп шықты,
Өмірін жаудың өксітті.
Бірдеме тілеп тұрғам жоқ,
Әдейі қойып көпшікті.
Иемдеп иен даланы,
Күніне жұрттың жарады:
Ұмытпайды екі дүниеде,
Ұрпағы Жаманқараны!
Тұрамын Әбіш данаға,
Тәнтімін Саңғыл бабаға!
Сөзімді біреу сөйлесе,
Аузым қышып бара ма?
Бекімей Бірлік некесі,
Шылқымайды Елдің шекесі
Ынтымақ болғай Сіз соққан,
Ескерткіштердің Көкесі!.
Отаншыл сезім ұялатқан…
Дана халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінде үлкенді сыйлау, ізет білдіру, өткенді құрметтеу, ата-бабалар рухына тағзым ету тәрізді игі қасиеттер мол. Солардың бірі ұрпақтар айта жүретіндей өнегелі із қалдырған, тарихта өзіндік орны бар тұлғаларды еске алып, олардың рухына құран бағыштап, ас беру дәстүрі. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының Сызған ауылында өткен осындай бір игі шараның куәсі болдым. Атап айтқанда табиғаты әсем қарт Қаратаудың етегіндегі айналасы ат шаптырым жасыл алқапқа қоныс тепкен Сызған ауылында орналасқан Саңғыл би кесенесіне жиналып, баба рухына арнап ас берген халықтық рәсімге қатысудың сәті түсті.Жалпы, көне Созақ өңірі қазақтың ежелгі тарихына бай өлке ғой. Мұнда аяқ басқан адам халқымыздың сонау бағзы замандардан сыр шертетін талай ескерткіштеріне тәнті болары сөзсіз. Созақ аулындағы Қарабура әулие, Хақназар хан кесенелері, Құрбан ата бейіті, Бабата ауылындағы Ысқақ баба кесенесі, Құмкент ауылындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесі, Ақсүмбе ауылындағы Ақбикеш мұнарасы – бұлардың әрқайсысы сан ғасырлық өткенімізді көз алдымызға елестететін шежірелер.Жоғарыда өзіміз әңгімелеген Саңғыл би кесенесі де осылардың қатарында аты аталып жүрген тарихи орындардың бірі. Бұдан бұрын да баспасөз беттерінде есімі аталып жүрген Саңғыл би жөнінде қысқаша тұжырымдар болсақ, ол – заманында дүниені дүр сілкіндірген және оның төңірегіндегі дау-дамай күні бүгінге дейін толастамай келе жатқан атақты қолбасшы Шыңғысханды қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау баурайында ақ киізге отырғызып хан көтеруге қатысқан қазақтың әйгілі биі Майқының замандасы болып шығады. Замандасы ғана емес, Майқымен үзеңгілесе жүріп, ханды таққа отырғызушы он екі бидің бірі.Қазақ даласында болған бұл тарихи оқиға жөнінде заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев 1997 жылдың 14 наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Елдік пен ерлік киесі» атты тарихи эссесінде былай дейді: «Ескі аңыз бойынша, Шыңғысты ақ киізге көтеріскен үйсін Майқы биге хан: бұдан былай ұраның – салауат, құсың – бүркіт, ағашың – қарағаш, таңбаң – сүргі болсын», – депті. Қоңырат Саңғыл биге: «ұраның – қоңырат, құсың – қыран, ағашың – алма ағаш, таңбаң – ай болсын», – депті». Ал 2000 жылдың 7 желтоқсанында «Астана ақшамы» газетінде жарияланған «Рухани түлеуіміздің көкжиегі» атты мақаласында: «Қаратауда ұлтымыз қалыптасар тұстың ұлы тұлғаларының бірі, атақты Майқы бидің замандасы Саңғыл би мен Сарыарқада ХVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық күресінің көсемдерінің бірі, даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың кесенелерінің көтерілуі тарихи санамызды тереңдетіп, отаншыл санамызды биіктеткен оқиғалар болды», – деп түйіндейді.Жалпы алғанда, Саңғыл бидің есімі орыс және қазақ тілдеріндегі бірсыпыра зерттеу еңбектерде аталады. Бұл орайда Н.А.Аристовтың «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности» (СПБ, 1897) деген еңбегін айтуға болады. Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресінде» Саңғыл бидің аты Сеңгеле деп берілген. Аса көрнекті ғұлама, қазақ тарихының білгірі А.Машановтың әл-Фарабиге арнаған зерттеулерінде бұл есім анығырақ – «Саңғыл» деп жазылған. Ал жазушы Қ.Салғариннің зерттеуінде «Саңғұлы би» делінген. Дерек көздерінде аты аздап бұрмаланып айтылуына қарамастан, мұның бәрі нақты бір адам – Саңғыл би екені шүбәсіз.Соңғы жиырма шақты жыл ішінде бұл тарихи тұлға туралы зерттеу аясы кеңейе түсті. Ол жөніндегі мәліметті Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген «Қазақстан» энциклопедиясынан да табуға болады. Академик Салық Зимановтың жетекшілігімен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары» атты 10 томдық жинақтың ІІІ томында «Саңғыл би» атты зерттеу мақала жарияланды. Кейінгі кезде би жөнінде қалам тербеушілер қатары молайып, баспасөз бетінде зерттеу мақалалар жарық көре бастады. Тарихта із қалдырған осындай тұлғаларды неғұрлым кеңірек насихаттау, олардың үлгі-өнегесін жастарды отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеуге пайдалану, ең бастысы – елді ынтымаққа, бірлікке шақыру құралына айналдыру – ас берудің негізгі мақсаты болса керек.Міне, осындай мақсатпен жыл сайын берілетін астың биылғысы бұрынғылардан өзгешелеу, аясы кеңдеу болғанын аңғардық. Біздің ойымызша бұған ҚазақстанРеспубликасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған құнды пікірлер игі ықпалын тигізген.Онда ел аумағындағы қасиетті орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру тапсырылған еді.Осыған орай «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы дүниеге келді. Осы мекеменің директоры, белгілі қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат Берік Әбдіғалиұлы басқарған ұжым Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылып, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері топтастырылған сарапшылар тобымен бірлесе жұмыс істей отырып, үлкен шаруалар тындырғанын атап көрсетуіміз керек. Соның бірі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның аясында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты қос томдықтың жарық көруі дер едік.Республикамыздың барлық өңірлеріндегі тарихи ескерткіштерді қамтыған көлемді де салмақты еңбекке Саңғыл би кесенесінің де енгізіліп, тарихының баяндалуы биылғы асқа жиналған ағайынның мәртебесін бір көтеріп тастады. Әсіресе, үлкен жиынға сонау Астанадан әдейі ат басын бұрып, сарапшылар тобының мүшесі, танымал академик, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есім мен «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Анар Екімбаеваның келуі, жұртшылық алдында сөз сөйлеп, рухани жаңғыруға байланысты Елбасының алға қойған межелерін түсіндіруі халықтың серпілісін туғызды. Академик Ғарифолла Есім тарихтың тереңінен әңгіме қозғап, қазақ деген елдің өткені мен бүгіні жөнінде тебіренді. Ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, қалың тарихымыздың оқулығы Кеңес үкіметінің кезінде жұп-жұқа болғанын, қазір Құдайға шүкір, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгенін, ХІІІ ғасырда өмір сүрген үлкен тұлға Саңғыл би есімінің жаңғырып, кесенесінің көтерілуі соның айқын айғағы екенін, ендігі жерде биге қатысты зерттеу жұмыстарын бұдан да тереңдетіп, бүгінгі заман технологиясының күшімен деректерді байыта түсу керектігін жеткізді. Мұнан кейін сөз алған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Анар Екімбаева өзі қызмет ететін орталықтың компьютрлік базасында Қазақстанның киелі жерлері, оның ішінде Саңғыл би жөнінде де деректер қоры жинақталу үстінде екенін, тарихымызға қатысты материалдарды байыта түсу мақсатында орталық қызметкерлерінің Қазақстанның жер-жерлеріндегі өлкетанушылармен үнемі байланысып тұратынын айта келіп, жергілікті өлкетанушыларды Саңғыл би туралы деректерді молықтыра түсуге атсалысуға шақырды. Сөзінің соңында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты қос томдықты кесенеге байғазы ретінде сыйға тартты.Жиын соңы Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің мүшесі, танымал ақын, «Мырзашөл» журналының Бас редакторы, Мылтықбай Ерімбетовтың Саңғыл биге арнап өлең оқуымен, осы журналдың Саңғыл биге арналған нөмірінің 500 данасын жұртшылыққа тегін таратуымен, би жөнінде деректі фильмді, жергілікті көркемөнерпаздардың би өмірінен дайындаған қойылымын, концертін тамашалаумен, түрлі спорттық шаралармен, ас беріліп, Саңғыл би рухына Құран бағыштаумен одан әрі жалғасты.Орынбек ЖОЛДЫБАЙ, филология ғылымыныңкандидаты, мәдениет қайраткері