
САҢҒЫЛ. КӨТЕНШІНІҢ ҮШІНШІ БАЛАСЫ — СОПЫ. ОДАН — МҮЛКІМАН, МҮЛКІМАННАН — САҢҒЫЛ, МАҢҒЫТАЙ.Саңғылдан — Ағысай, Нұрсай, Самай, Қошқар, Қаратілес, Тиес. Ертеде Саңғылдар Сырдария губерниясының Түркістан уезінде, Қаратаудың теріскейі мен күңгейінде, Қозмалдақ, Сызған, Күмісті, Бақырлы, Үштөбе, Жартытөбе, Мыңшұқыр, Шылбыр, Көкіш деген жерлерді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Түркістан, Қызылқұм аудандары) мекендеген. Ноғайқора, Көкшеқұм болыстарын құраған. Рулық ұраны — Мүлкіман, таңбасы жалпы Қоңыратқа ортақ — босаға [13].
