Қәдірін білген Шашты Әзизден бата алатын
Ел аузында ақ бесік,Теріскей деп аталатын
Тарихта Хан шатырын құрған дала
Бастау алар талай ұлыс, қағанатың
Мына біз Созақтанбыз
Тұлпардың ер тоқымы алынбаған
Ешкімді де пір тұтып табынбаған
Жетпіс жыл жаншығанмен жақсылары
Кеңескеде кешегі бағынбаған
Мына біз сол жақтанбыз
Шайқалмаған шаңырақ, керегесі
Көгерген бата менен көсегесі
Силағанның белгісі әруақты
Бой көтерген Қарабура,
Саңғыл би кесенесі
Мына біз Созақтанбыз
Сол киелі мекенде сән құрғанбыз
Шертпе күй тыңдағанды таң қылғанбыз
Қара бастың қамымен жүрмегенбіз,
Қазақ десе шетінен жан құрбанбыз
Иә біз шыныменде Созақтанбыз
Көп емеспіз, көпке тұрар аз-ақ жанбыз
Сөзге берік, уәдеге адалдармыз
Өйткені біз сол жақтанбыз
Ия біздер теріскейміз
Белден басам дегенге келіспейміз
Көпке жаға бермейміз, өйткені біз
Ақты ақ, оңды оң, терісті теріс дейміз
Құлманов Қалижан Серікұлы
Алматы, 2008 жыл
Ағайын, мұнда біреу бар ма?
LikeLike
https://www.facebook.com/groups/1762287963929362/
LikeLike